Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

2.9 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау, бақылау және өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу

Метрологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау іске асырады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - бұл тауарларды шығару, сату және импорттаудағы қолданылатын өлшеу құралдарының жағдайы, өлшеу әдістерін қолдану, метрологиялык ережелер мен нормалардың орындалуы бойынша мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттері.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілеріне келесілер жатады (ҚР СТ2.15-00):

- бірлік шамалар эталоны;

- өлшеу құралдары;

- өлшеудіорындау әдістемесі;

- өлшеу бірлігін қамтамасыз етудегі жеке және зақды тұлғалардың іс-әрекеттері.

Бірлік шамалар эталондары бастапқы немесе жұмысшы ретінде бекітілуі қажет. Бастапқы эталондар МӨЖ реестріне енгізілуге тиіс.

Өлшеу кұралдары сынаудан өткізіліп бекітілуі қажет және МӨЖ реестріне енгізілуі керек, сонымен қатар тексеруден өткізіліп, өткені туралы жарамдылығын растайтын құжаты болуы керек.

Өлшеуді орындау әдістемесі аттестаттаудан өтіп МӨЖ реестріне енгізілуі қажет.

Метрологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын жеке және занды тұлғалар:

- өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеуi іске асыратын занды тұлғалар, бекітілген тәртіп бойынша аккредиттеуден өтуі керек;

- өлшеу кұралдарын жасау мен жөңдеуде жеке және заңды тұлғалардың бұл іс-әрекеттер түрлеріне лицензиясы болуы қажет;

- өлшеуді өткізу әдістемесін аттестаттау негізінде занды тұлғалар бекітілген тәртіп бойынша аккредиттелінуі қажет.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы өлшеуге бағытталынады, олардың нәтижесі келесілерде қолданылады:

- азаматтардың өмірімен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

- өнім сапасын сынау және бақылау;

- қоршаған ортаның жағдайын бақылау;

- қозғалыс қауіпсіздігін бақылау;

- еңбек қауіпсіздігін бақылау және т.б. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:

1 өлшеу құралдарының өндірілуі, жағдайы мен пайдалануын бақылау;

2 сауда операцияларын жасауда тауар санын қадағалау;

3 орамадағы оралған тауарлардың санын қадағалау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудағы тексеруді мемлекеттік инспекторлар іске асырады.

Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

Жеке және заңды тұлғалар ережелерді бұзғаны үшін келесі шаралар қолданылады:

- лицензия жұмысын тоқтата тұру;

- аттестатты 6 айға қайтару;

- әкімшілік сөгіс;

- материалды құқық органдарына беру. Метрологиялық бақылау

Метрологиялық бақылау бойынша тексеруді мемлекеттік басқару органдары немесе заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерінің мамандары іске асырады.

Метрологиялық бақылау объектілеріне келесілер жатады:

- бірлік шамалар эталоны;

- өлшеу кұралдары;

- өлшеуді жүргізу әдістемесі;

- өлшеу кұралдарын тексеру, калибрлеу, өндіру.

Эталондарға метрологиялық бақылау негізінде мемлекеттік метрологиялык кадағалау талаптарының орындалуынан басқа, осы эталондарды тексеруді жүргізу келісімдері, сақтау мен пайдалану жағдайы қарастырылады.

Өлшеу құралдарының жағдайын метрологиялык бақылауда бақылауға арналған өлшеу құралдарының дұрыс таңдалынуы, олардың уақытылы бақыланылуы, оларды тексеру және калибрлеу процедурасына сәйкесті жүргізіуі.

Егер өлшем құралдары жаңадан жасалса немесе жекелей данамен әкелсе олар Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың қарауына түссе , онда метрологиялық аттестауға жатады.

Метрологиялық аттестаттау - осы өлшем құралдарын заңдастырылған деп есептеу негізі, олардың қасиеттерін зерттеуде қолдау үшін, әрі бұл метрологиялық қызмет көрсетудің мойындауы.

Метрологиялық аттестацияға жататындар:

1 ӨҚ, бір ғана тапсырма берушіге арналған және қайта әкелуге (шет елдерден) немесе өндіріске;

2 ӨҚ қайсыларының жаңадан жасалуы, сұранысқа байланысты және сериялық өндіріске жатпайтын;

3 ӨҚ сериялық шығарудағы жекелеген даналары, қайсыларына олардың нормаланған метрологиялық сипаттамалары, режимі және жағдайларынан ерекшеленеді, өздерінің қолданып жүрген ережелер мен жағдайларына;

4 Өлшем құралы сериялық шығарылып жүрген жекеленген даналары қайсыларының конструкциясына өзгерістер енгізілген, метрологиялық сипаттамаларына ықпал ететін;

5 Өлшем құралы сериялық шығарылып жүрген жекеленген даналары,мерологиялық сипаттаманың тұрақтылығы олардың метрологиялық сипаттамалары олар үшін жекеленген метрологиялық сипаттама белгілейді.

Метрологиялық аттестацияны Мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесі жүргізеді және метрологиялық қызметтің осы топтағы өлшем құралын салыстырып тексеруге құқықтығы барлары.

Метрологиялық аттестаттау қарастырады :

1 Техникалық құжаттарды қарастырып таңдауға;

2 Өлшем құралын эксперементальді зерттеуді;

3 Өлшем құралын салыстырып тексерудің әдістемелерін апробациялау;

4 ӨҚ метрологиялық аттестаттау нәтижиелерін рәсімдеу.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін келесідей құжаттар керек:

1 өлшем құралдарға қойылатын талаптар мазмұны;

2 пайдалану құжаттары;

3 метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексерудің жобасы.

Метрологиялық аттестаттаудың бағдарламасын және ӨҚ салыстырып тексеру әдістемесін өтініш беруші және де орындаушылар әзірлеуі мүмкін.

Бағдарламаны орындаушымен бекітіледі, және де ӨҚ метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстар тізімін және оларды жүргізу әдістемелерін қарастыруы керек.

Бағдарламаның «Әксперименталді зерттеулер» тарауында ӨҚ арнайы талаптар көрсетілуі керек, эксперименталді зерттеуді жүргізгенде, және ӨҚ әксперименталді зерттеулерінің әдістемелерін жүргізгенде.

ӨҚ метрологиялық аттестаттау нәтижиелері оң болғанда, оған сертификат рәсімделеді, қайсыларын мерзім қызметті өткенше сақталуы қажет. Сертификат заңы болып, атестатталған ӨҚ Мемлекеттік реестр жүйесінде тіркелгесін ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз ету үшін.

ӨҚ эксперименталді зерттеу Хаттамасы салыстырып тексеру аралық мерзімі өткенше орындаушыда сақталуы керек.