Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

2.7 Өлшеу кұралдарының біркелкілігі және өлшеу құралдарын сынау

Қазақстан Республикасының аумағына партиямен әкелінетін немесе сериялы өндіріске арналған өлшеу кұралдары және олар мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын болса, онда олар сыналады да, әрі қарай олардын типтері бекітіледі.

Типін бекіту максатындағы сынауды өткізуге мүдделі занды және жеке тұлғалар, өлшеу құралын жасаушылар стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілдік органға белгілі формадағы сұраныс береді, оған келесілер қосылуы керек:

- сынау бағдарламасының жобасы;

- техникалық тапсырма;

- республикада шығарылатын өлшеу құралдарына арналған техникалық шарттары;

- пайдалану құжаттары;

- тексеру бойынша нормативті құжаттың жобасы;

- типтің жазба жобасы;

- сенімділікке сынау әдісімен бағдарламасы;

- алдын ала сынау бағдарламасы;

- ҚР оларды пайдалану үрдісінде өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мағылұмат;

- ұсынылған тексеру аралықтың негізділігін растайтын құжаттар.

Барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде беріледі.

Сынау орталығын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілдік органдар анықтайды.

Өлшеу құралдарын сынауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүйе және басқа да стандартгау, метрология және сертификаттау органдарының уәкілдерімен аккредиттаудан өткен заңды тұлғалар жүргізеді.

Өлшеу құралдарының типін сынақтан өткізу және бекіту

Тексеру, бірлік мөлшерін эталоннан жұмысшы өлшеу құралына беру процесс звеноларының біреуіне жатады.

Өлшеудің бірліктілігін қамтамасыз етудің керекті шарты, ол -эталонмен байланыс. Бұл байланыс саты бойынша іске асырылады, егер ол саты жұмысшы өлшеу кұралдарына бағытталса, онда бір сатыдан екінші сатыға ауысқанда дәлдігі төмендейді.

Эталонды, эталонның қателiгі жұмысшы өлшеу құралының шекті қателігінен қанша рет аз болуын шешу қажет. Таңдаған кезде эталон кателігі тексерілетін өлшеу кұралдар қателігіне 10 есе аз болуы керек. Көп жағдайда1:10 қатынасын қолдану тиімді емес.

Кейбір нормативті құжаттарда өлшеу құралдарына 1:3, 1:4, 1:5 қатынастар қолданылады. Бұл қатынастардың төменгісі 1:3 деп саналады.

Тексерудің келесі тәсілдері қолданылады:

а) тікелей салыстыру;

б) компарирлеу;

в) эталонды өлшем бойынша тексеру;

г) жаңғырған өлшем шамасын тексерілетін өлшеу құралымен өлшеу. Күрделі өлшеу құралдарына құрастырма және элементті тексеру қолданылады.

Тікелей салыстыру - тексеру эталоны көрсеткішін тексерілетін өлшеу құралының көрсеткішімен салыстыру жолымен іске асырылады. Бұл тәсілмен ұзындықтың штрихты өлшемдері, сыйымдылық өлшемдері, термометрлер және басқалар тексеріледі.

Компарирлеу - өлшемдерді салыстырмалы приборлар көмегімен тексеруде компаратор құрылым көмегімен өлшемді эталонмен салыстыру.

Компаратор - ол бір тектес шамалардың өлшемдерін салыстыруға арналған салыстыру құралы.

Тексеру дәлдігі салыстыру приборларының метрологиялық сипаттамасына байланысты былайша бөлінеді:

- әртүрлі разрядты салмақ эталондары (гираны тексеру);

- тұракты және айнымалы токтар дәнекерлері (кедергі,сыйымдылық, индуктивтік өлшемдерін салыстыру);

- потенциометрлерді (кедергіөлшемдерін салыстыру қалыпты әлементтер ӘҚК) және т.б.

Салыстыру приборларының негізгі метрологиялық сипаттамаларының біреуі - ол олардың сезгіштігі.

Эталонды өлшем бойынша өлшеу кұралдарын тексеруде эталон өлшемімен жаңғыртылған, өлшенетін шаманы тексерілетін құралымен өлшеуде жатыр (эталонды гирамен санды таразыны тексеру).

Жоғарыда айтылған тексерулердің барлығы жинаққа жатады, яғни өлшеу құралдардың барлық құраушы бірліктері толығымен тексеріледі. Кейбір жағдайда тексерудің элементтері бойынша іске асырылуы тиімді.

Әлементті тексеру өлшеу кұралының әр бөліктерінің қателіктері бойынша, оның қателігін анықтайды. Ол элементі болған жағдайда қолданылады.

Өлшеу құралдарын тексеру нәтижесін хаттамалау көп жағдайда тексеру үрдісінде хаттама жазылады, оның формасы тексеруге арналған нормативті кұжаттарда көрсетілген.

Тексеру біткеннен кейін және хаттаманы талдаудан кейін өлшеу құралының жарамдылығы туралы қорытынды шығарылады, ол хаттамаға жазылады.

Хаттама тексерудің заңды мәні бар негізгі құжатына жатады, сондықтан оны жүргізуге үлкен мән берілуі қажет. Тексерілген өлшеу құралына тексеру куәлігі беріледі және тексеру белгісі (клеймо) қойылады.

Өлшеу кұралына, егер өлшеу құралын тексеру оң нәтиже берсе, онда оған белгіленген нұсқа бойынша тексеру сертификаты беріледі. Егер тексеріс нәтижесі теріс болған жағдайда, тексеруші құралдың жарамсыз екендігіне анықтама береді.

Тексеруге жататын өлшеу кұралдары калибрленеді.

Өлшеу құралдарына тексерудің келесі түрлері қолданылады: алғашқы, ауқымды, кезексіз, инспекциялы, әкспертті.

Алғашқы тексеруге өндіріспен жөндеуден алынған және импорттан түскен өлшеу құралдары өтеді.

Алғашқы тексеруді келесі жерде өткізеді:

- өлшеу құралын жасайтын жерде;

- өлшеу құралын жөндейтін жерде;

- өлшеу құралының қолданылатын жерде.

Ауқымды тексеруді пайдалану кезінде есептеп белгіленген тексеріс аралықтарда іске асырады.

Кезексіз тексеру ауқымды тексерудің мерзімі келмей тұрғанда, келесі жағдайларда жүргізіледі:

- тексеріс аралықты түзеткенде;

- тексеріс аралықты дәлелдеу керек болғанда;

- тексеру қүжаты жоғалғанда немесе пломба бұзылғанда ;

- өлшеу қүралын колданушыға жібергенде.

Инспекциялык тексеруде мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылаушылармен аспаптың дұрыс өлшейтіндігін, олардың сынықсыз екендігін анықтау, тексеру нәтижелерінің дұрыстығын, тексеру аралығының дұрыс тағайындалғанын және пайдалану дұрыс іске асырылып жатқанын тексереді.

Экспертті тексеру өлшеу кұралының метрологиялық сипаттамасы бойынша құралы бұзылған және оларды колдануға болатын жағдайда, жанжалды сұрақтар пайда болғанда, сонымен қатар соттың, прокуратураның, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша талаптары бойынша іске асырылады. Экспертті тексеру нәтижесінде шешім шығарылып, ол арызданушыға жіберіледі. Бұл тексеруді бекітілген тәртіп бойынша өлшеу құралдарын тексеруші ретінде арнайы дайындықтан және аттестаттаудан өткен жеке тұлғалар іске асырады.

Өлшеу құралдарын тексеруді тек қана бекiтілген тәртіп бойынша аккредиттаудан өткен мемлекеттік метрологиялық қызметтері және заңды түлғалар метрологиялық қызметтерінің бөлімшелері жүргізіледі.

Тексеру зертханалары тексеру нәтижесін тізімге алу, оны қарастыру және өтініш бойынша жауап беруі керек.

Өлшеу құралдарын калибрлеу

Тексеруге жатпайтын өлшеу кұралдары өндірісте шығарылғанда, жөнделгенде, импорт бойынша әкелінгенде калибрленеді.

Қазақстан Республикасында өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі өлшеу бірліктігін камтамасыз ету Мемлекеттік жүйесінің құрама бөлігіне жатады.

Калибрлеу жүйесі - койылған талаптар бойынша өлшеу бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған калибрлеу жұмыстары мен iс әрекеттер субъектілерінің жинағы (кешенi).

Өлшеу құралдарын калибрлеу - бұл мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшеу кұралдарының жарамдылығы мен нағыз метрологиялык сипаттамасын қою мақсатымен, эталон көмегімен анықталған сәйкестілі шама мәнімен кұралымен алынған өлшеу арасындағы катынасты қоятын операциялар жинағы (кешені).

Өлшеу құралдарын калибрлеуді тек қана бекітілген тәртіп бойынша аккредиттеуден өткен және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің бөлімшелері жүргізуге құқысы бар.

Аккредиттеу өз еркі негізінде іске асырылады. Калибрлеу зертханасында өлшеу кұралын калибрлеуді кәсіптік дайындықтан өткен, колында тиісті курстарды бітiргенi туралы құжаты бар жеке тұлғалар жүргізеді.

Калибрлеу метрологиялық қызметті зерттеп құрастырған әдістеме бойынша жүргізіледі. Калибрлеу аралығын зертхана бекетеді. Калибрлеу нәтижесі бойынша хаттама жазылады.

Калибрлеу нәтижесі дұрыс болған жағдайда, оған калибрлеу белгісі немесе калибрлеу сертификаты жазылады.

Ал егер өлшеу құралы қолдануға жарамды болмаса, онда калибрлеу хаттамасы жазылады да, оған орындаушы мен зертхана меңгерушісі қол қояды.