Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3.7 Шетелдік өнімдерді сертификаттау ерекшелігі мен тәртібі

Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнімдерден басқа, шет елдік тауарларды да сертификаттайды. Шет елдік тауарлардың сәйкестігін растау тек қана тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, ішкі нарықта шетел тауарларының үлесі көбейіп, олардың кең пайдаланылуы мен таралу себебінен де болады.

Келген жүктің сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік деклорациясы қажетті органға тапсырылады, ол өз кезегінде рұқсат беретін маңызды құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының территориясына енгізілетін тауар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардың тізімін техникалық реттеу және метрология комитеті бекітеді. Кейбір шет елдік өнімге өзіне тән талаптар ҚР СТ 3.9 стандартына сай қойылады. Мәселен, гигиеналық, ветеринарлық т.б. тез бұзылатын жануар тектес (ет, ет өнімдері және сүт, сүт өнімдері) өнімдер шекарадан кезексіз құжаттары толтырылып, сәйкестігі расталады. Қазақстан Республикасына енген тауарлар кедендік бақылауға алынып, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Олардың ішінде:

- сәйкестік немесе сапа сертификатын тексеру;

- шет елдік сертификатын мойындау.

Шетел сертификатын аймақтық “Ұлттық сараптау және сертификаттау” органдарының мойындауға құқығы бар. Мойындауды талап ететін немесе мойындауды қажет етпейтін шет ел сертификаттары болуы мүмкін, себебі оны берген шет елдік сертификаттау органдарымен және олардың сертификаттау нәтижесін мойындау туралы келісімшарты болуы керек. Оған мыналар жатады:

- Еуропалық сертификаттау қоғамы – ДИН ГОСТТЮФ;

- Швейцариялық фирма;

- Венгерлік фирма “Мертсонтроль” т.б.

Импортты өнімдердің сәйкестігін растау ҚР СТ 3.9 талабы бойынша жүргізіледі. Республикадағы енгізілген тауарлардың сәйкестігін растау ережесі бойынша, олардың сәйкестігін растау біздің аумаққа жеткізілгенге дейін жүргізілуі тиіс. Егер сынақ шет ел зертханаларында жүргізілсе, оны берген сынақ хаттамасы тексеріледі. Сертификат алуға мына жағдайлар құқық береді:

- егер сынақ зертханасы техникалық реттеу және метрология комитетімен аккредиттелген ұлттық сәйкестікті растау жүйесінің реестріне тіркелген жағдайда;

- сынақ зертханасы аттестатталған немесе аккредиттелген болуы керек, ол үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

1 халықаралық сертификаттау жүйесіне тіркелген (қажетті құралдары мен көліктерді сертификаттау жүйесі; қолмен құрастырылатын қаруларды сертификаттау жүйесі; электронды техника бұйымдарын сертификаттау жүйесі МЭК т.с.с);

2 шетелдік ұлттық сертификаттау ұйымымен екі арада келісім болған жағдайда;

3 Ұлттық сертификаттау жүйесі (Мемлекеттік сертификаттау жүйесі Азия компаниясында, Сингапурда және Эстонияда тіркелген);

4 стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық келісімі бар мемлекеттерді сертификаттау жүйесінің мүшелігіне енсе ғана.

Импорт тауарларының қауіпсіздігін дәлелдейтін ілеспе құжаттары мен сапа сртификаты болмаса, кеденнен өткізілмейді және оларды ережелерге сай сақтауға да жіберілмейді. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің сертификаты болмаса, өнімді бақылаушы бекітілген уақыт аралығында сынауға өтініш беруге немесе шет ел сертификатын тану жұмыстарын жүргізуіне кіріседі. Егер сақтауға алынған тауардың сапасына сәйкестігін растауға жіберілмесе, бірнеше уақыт өткеннен кейін, ол сол мемлекет меншігіне беріледі.

Сәйкестігі расталмаған импортты тауарлар болса:

- шет ел өндірушісі тауарын қайта алып кетеді;

- тауар кеден талаптары бойынша, барлық тексеруден қайта өтеді.

Импортталған өнімдердің сәйкестігін растау ережелері

Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына импортталған өнім сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының МСЖ белгіленген тәртіпте тіркелген сертификаттау органмен (ары қарай СО) жүзеге асырылады. Оларға қауіпсіздік талаптары белгіленген міндеті сертификаттауға жататын импортталатын өнім сәйкестігін растау әкелінетін өнімнің ерекшелігін және Қазақстан Республикасы және экспортшы ел арасында сәйкестік нәтижелерін мойындау туралы тиісті келісім (шарттардың) барлығын ескеріп, республикадағы отандық өнім үшін белгіленген сол ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының МСЖ импортталатын өнім сәйкестігін растау мына жолмен жүзеге асырылады.

А) мойындау:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекет- тердің СО берілген сәйкестік сертификатының түпнұсқасы иесі;

- сәйкестік сертификаттарын берген СО расталған тәуелсіз мемлекеттер достастығының қатысушы-мемлекеттері немесе сәйкестік сертификатының нотариалдық берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;

- белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының МСЖ тіркелген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары болып табылмайтын Мемлекеттердің СО берілген жеке расталған шетелдік сәйкестік сертификаттары;

б) 7 немесе 9 сертификаттау сызбаларын қолданып ҚР СТ 3.4 белгіленген талаптарға сәйкес өнім топтамасын сертификаттау;

в) өтінішкердің сәйкестік мағлұмдамасын қабылдау;

Сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасы аумағында мойындалатын шетелдік сәйкестік сертификатының тізбесін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган (ары қарай-уәкілетті орган) анықтайды.

Сәйкестігін міндетті растауға жататын импортталатын өнім әкелу сәтіне өнім топтамасы ретінде қаралады, егер сериялық өндіріске сәйкестік сертификатымен қоса жіберсе. Ондайда топтама шамасы әкелінетін өнімге тауармен қоса жіберілетін құжаттамаға сәйкес анықталады.

Міндетті сертификаттауға жататын және кіргізілген бөлшек саудаға арналған импортталатын өнім мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратпен қоса жіберілуі тиіс. Ақпаратқа өнім атауы, дайындаушы кәсіпорын және ел, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану тәсілі, тамақ құндылығы (нақты өнім түріне нормативтік құжаттармен реттелінетін көрсетілген ақпараттың барлығы) кіруі керек. Аударманың түпнұсқалығына жауапкершілікті өтінішкер алады.

Мойындалған сәйкестік сертификатысыз республикаға кіргізілген өнім үшін үлгілерге сертификаттау сынауларын Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттарда немесе техникалық реттемелерде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігіне жүргізіледі.

Өтінілген өнімге немесе ұқсас өнімге талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар республикада жоқ болса, сынаулар өтінішкер ұсынған импортшы-ел (фирма) нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

Импортталатын өнім сәйкестігін растау жұмыстарын төлеу ҚР Ұ 50.3.01 ережелеріне сәйкес өтінішкерімен жасалады.

Өтінішкер және сертификаттау органы арасында келіспеушілік болса, шағымдар ҚР СТ 3.10 белгіленген тәртіпте қаралады.