Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

1 Сатып алушылар үшін артықшылықтар

Бірнеше тараптық тану өнім мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушыларға Келісімге қол қойған шетелдік аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген сертификаттау жөніндегі орган берген сертификаттарға сеніуге кепілдік береді. Сатып алушылар сертификаттар тепе-тең және олардың өз елдерінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар берген сертификаттар сияқты сондай критерийлерге негізделгеніне сенімді бола алады.

2 Өндірушілер мен жеткізушілерге арналған артықшылықтар

Бірнеше тараптық келісім Келісім мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген органдар берген сертификаттар мен сынақ хаттамаларына ие өндірушілер мен экспортқа шығарушылар шығындарын төмендетеді.

Өзара тану туралы келісімнің кемшіліктері:

Талаптарға сәйкестікті қолдайтын процестерді бақылайтын басқарушы және үйлестіруші құрылымды құру қажеттігі.

Құрылымды жұмысшы жағдайда ұстау үшін осы құрылым мүшелерінің ақшалар жарналары қажет.

Тану жүйесінің жұмысы үшін келісу мен бекітуге уақыт пен қаражаттың үлкен шығынын талап ететін жұмыс, процедура, басшылық ережелерін әзірлеу қажеттігі (Келісімнің осы тобының (топтарының барлық қатысушылары үшін).

Қорытынды Келісім өнімді қайта бағалау қажеттігін болдырмайды, сондай-ақ тауарлардың елдердің кедендік шекараларынан өту процедураларын жеңілдетіп жылдамдатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың өз құнының төмендеуі есебінен олардың бәсекелестік қабілетін арттыруға, олардың сапасының артуына, Келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мемлекет-қатысушылар арасында сауда дамытуға көмектесетін болады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қазақстанда аккредиттеудің проблемалары

2 Ұлттық аккредиттеу жүйесін құру бойынша негізгі бағыттары

3 Аккредиттеу жөніндегі органдар, оларда қалай және қандай жағдайларда осы келісімге қосылуға болатындай MLA бекітеді.

Кесте 4.1 -ҚР аймақтарында тіркеуден өткен СРО және СЗ тізімі

Аймақ атауы

СРО

СЗ

1

Ақмола облысы

4

20

2

Ақтөбе облысы

7

32

3

Алматы облысы

4

18

4

Атырау облысы

6

29

5

Шығыс Қазақстан облысы

11

44

6

Жамбыл облысы

5

11

7

БҚО

4

26

8

Қарағанды облысы

16

40

9

Қостанай облысы

10

22

11

Қызылорда облысы

5

11

12

Маңғыстау облысы

5

18

13

Павлодар облысы

7

27

14

СҚО

6

18

15

ОҚО

10

26

16

Алматы қаласы

62

86

17

Астана қаласы

22

49

барлығы

184

477

Cурет 4.2 – Қазақстан Республикасында СРО мен СЗ аккредит- телген желісіндегі даму динамикасы

4.3 Аккредиттеу саласына қатысушылар

ҚР Аккредиттеу саласына қатысушылар: аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия, Мемстандарт (аккредиттеу жөніндегі орган ретінде), аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін орган, аккредиттеу субъектілері, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар.

Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) - өз қызметін қоғамдық негізде атқаратын тұрақты орган. Комиссия шешімдері ұсынбалы, ерікті сипатта болады. Комиссия өз қызметінде ҚР Аккредиттеу саласының нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Комиссияның негізгі міндеті мен функциялары.

Комиссияның негізгі міндеті ҚР Аккредиттеу саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

Комиссияның функциялары:

  • Мемстандартқа аккредиттеу саласының нормативтік-

құқықтық актілері, аккредиттеу жөніндегі нормативтік және ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар бойынша ұсыныстар енгізу;

  • аккредиттеу мәселелері жөнінде ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүргізуге, дөңгелек үстел басындағы кездесулерге қатысу.

Комиссияның құрамына:

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынау зертханалар, аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін органдар;

  • өнім өндірушілер мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері;

  • тұтынушының құқықтарын қорғайтын қоғамдар;

  • министрліктер мен ведомстволар өкілдері кіреді.

Комиссия мүшелері:

  • аккредиттеу саласының дамытуға көмектесуге;

  • комиссия функциясын іске асыруға көмектесуге;

  • комиссия мәжілістерінде қатысып, оның жұмыстарына белсенді ат салысуға;

  • комиссия шешімдерін белгіленген мерзімде орындауға;

  • өтінім берушінің коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарды таратпауға міндетті.

Комиссяның:

  • Мемстандарт алқасында мәселелерді қарауға ынтагерлік білдіруге;

  • ҚР Аккредиттеу саласының нормативті құжаттарын әзірлеуге және оларға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарын Мемстандартқа жіберуге құқығы бар.

Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру.

Комиссияның ұйымдастыру жиналысын Мемстандарт өткізеді, комиссия құру туралы шешім Мемстандарт алқасы қаулысымен қабылданады. Комиссия мүдделі тұлғалардан, бір жылдық мерзімге еркіндік негізді қалыптасады.

Комиссияда сайланған төраға оны басқарады. Ол мәжілістерде төрағалық етіп, мәжілістердің кестесін бекітеді және комиссия қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы жоқ уақытта онның өкілеттілігін төраға орынбасары орындайды.

Комиссия сайлаған хатшы мәжілістің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, хаттамаларды рәсімдейді, әрі хат алмасуды жүргізеді.

Комиссия мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер мүдделі тараптардан келіп түсу ретімен қаралады. Мәселелердің бекітілген тізілімі комиссия мүшелеріне жіберіледі. Комиссия нәтижесі бойынша төраға мен хатшы қол қойған хаттама құрастырылады.

Комиссия қызыметі тоқтатылу оның өкілетті мерзімі ақталуына немесе қызыметтің нақты тоқтатылуына байланысты болуы мүмкін.

Комиссия қызметінің тоқтатылуы туралы шешім Мемстандарт алқасы қаулысымен қабылданады.

Мемстандарт (аккредиттеу жөніндегі орган ретінде)

Аккредиттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен субъектілерді аккредиттеу Мемстандартқа жүктелген.

Мемстандарт аккредиттеу жүйесінде:

  • Аккредиттеу саласының бірыңғай саясатын қалыптастырады;

  • Аккредиттеу саласының нормативі және әдістемелік құжаттарын бекітеді, оларды әзірлеуді, халықаралық талаптарға сай жаңғыртуды және үйлестіруді ұйымдастырады;

  • өнім берушінің құзіретілігі мен өтінілген аяда жұмыстарды орындау қабілеттілігін анықтау мақсатында аттестациялық зерттеулерді ұйымдастырады;

  • ұйымдастыруды аккредиттеу туралы шешім қабылдайды;

  • аккредиттеу аттестатын береді;

  • аккредиттелген ұйымдар іс-әрекетіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

  • аккредиттеу жөніндегі шағым-арыздарды қарастырады және олар бойынша шешім қабылдайды;

  • сарапшы-аудиторларды дайындау ұйымдастырады, және оларды аттестаттайды;

  • аккредиттелген ұйымдар мен сарапшы-аудиторлардың тізімін жүргізеді;

  • аккредиттеу саласында жұмыс істейтін халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасайды.

Аккредиттеу жүйесі (сурет 4.3)

Аккредиттеу жүйесіне:

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2 уәкілетті орган;

3 аккредиттеу жөніндегі орган;

4 аккредиттеу субъектілері;

5 аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.

Сурет 4.3 – Аккредиттеу жүйесінің құрылымы

Бақылау сұрақтары

1 ҚР Аккредиттеу саласына қатысушылар

2 Аккредиттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен субъектілерді аккредиттеу кімге жүктелген?

3 Комиссияның негізгі міндеті мен функциялары.