Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3.4 Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі

Тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің (әрі қарай - тағам өнімдері) сәйкестігін растау тәртібі ҚР СТ 3.4 және ҚР СТ 3.27 стандарттына сай жүргізіледі.

Сертификаттау жүргізу тәртібі:

  • сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш білдіру;

  • өтінім берушіге өтінім бойынша қабылданған шешімді жолдау;

  • өтінім беруші сәйкестікті растау жөніндегі орган арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу жайында келісім шарт жасасу;

  • өтінілген өнімнен сынама іріктеу, бірдейлендіру және оны сынау зертханасына жеткізу;

  • өтінілген өнімнің сынамаларын сертификаттау мақсатында сынау жұмыстарын жүргізу және сәйкестікті растау тәсіміне сәйкес басқа да жұмыстарды атқару;

  • өндірістін жағдайын немесе СМЖ талдау (егер бұл сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса);

  • сертификат беру, сертификатты ҚР МТРЖ – нің мемлекеттік тізіліміне тіркеу және өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгімен таңбалуға құқық беру;

  • инспекциялық тексеру жүргізу (егер бұл сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса);

  • түзетуші шараларын жүргізу (өнім көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда);

  • өнімді сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру.

Сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру

Өнімді сертификаттау өтінім берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға жолдаған өтінімі негізінде жүргізіледі. Лицензиялық қызмет үшін лицензиясының көшірмесі өтінімге ілестіріле жіберіледі.

Өтінімнің жалпы формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Б қосымшасында келтірілген.

Өтінім беруші өз қалауы бойынша өнімді 9 немесе 10 сұлбаларына сай сертификаттау үшін, сәйкестікті растау жөніндегі органға ҚР СТ 3.4 стандартының В қосымшасында келтірілген өтінім формасын рәсімдеп жолдайды. Өтінім беруші сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесе отырып сәйкестікті растау тәсімін таңдайды. Сәйкестікті растау тәсімін таңдау туралы ұсыныс ҚР СТ 3.4 стандартының Г қосымшасында келтірілген.

Өтінім берушіде тұрғылықты мекені бойынша тиісті (аккредиттеу аясына сай келетін) сәйкестікті растау жөніндегі орган жайында ақпарат болмаған жағдайда, ол ақпаратты Мемстандарттан немесе оның аумақтық басқармасынан алады.

Егер өтінілген өнімнің сәйкестігін растайтын бірнеше орган болса, онда өтінім беруші өз өтінішін олардың кез келгеніне жіберіледі. Ал егер де өтінілген өнімнің сәйкестігін растайтын бірде бір орган болмаса, онда өтініш бірден Мемстандартқа жолданады.

Өтінім берушіге өтінім бойынша қабылданған шешімді жолдау

Сәйкестікті растау жөніндегі орган, өтінім алынған және тіркелген күннен бастап екі апта ішінде, өтінім берушіге өтінішті қарау негізінде қабылданған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшарттың екі данасын жібереді. Келісімшарттың формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Д қосымшасында келтірілген.

Шағын шаруашылық субъектілері үшін бұл жұмыс 1 аптаның ішінде жүргізілуі тиіс.

Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары: ұсынылған сәйкестікті растау тәсімі, сынау зертханасы, сертификатталған өнімге жүргізілетін инспекциялық тексеру жүргізу шаралары көрсетіледі.

Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесі өнімді сертификаттауға тікелей қатысушыларға жіберіледі. Өтініш бойынша қабылданған шешімнің формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Е қосымшасына сай болуы тиіс.

Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш бойынша қабылданған шешіммен бірге нақты, негізделген бас тартумен бірге шаруашылық субъектілерімен барлық (нормативтік құжаттарды, сапа жүйесіне немесе өндіріске берілген сәйкестік сертификатын көшірмесін, өтінішті қарау жұмыстарының ақысын төлеу туралы төлем қағаздарының көшірмесін) құжаттарын қайтарып береді.

Үлгіні іріктеу тәсілі

Өтінілген өнімнің нұсқаларын таңдап алуды сертификаттау мекемесі немесе оның тапсыруымен Қазақстан Респуликасы Техникалық комитеттің аймақтық мекемесі шаруашылық келісім шарт бойынша жүргізіледі. Нұсқаларды таңдауды сертификаттау мекемесі өтінушінің өзіне тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда нұсқаларды ау құрамы аз дегенде үш адамнан мүдделі емес мекемелердің өкілдерінен тұратын құзіретті комиссияға жүктеледі.

Нұсқалар алу актісіне комиссия мүшелерінің жұмыс ақысын өтінуші төлейді. Қажетті жағдайда сертификаттау мекемесі үлгілерді таңдап алуды акредиттелген сынақ зертханасына тапсыруы мүмкін. Алынатын нұсқалардың саны оларды таңдау тәсілі, ұқсастыру және сақтау өтінілген өнімге тапсырылған нормативтік құжаттарда баяндалған талаптарға сай болуы керек.

Егер бұл құжаттарда нұсқаларды іріктеу тәртібі мен тәсіліне қойылатын талаптар болмаған жағдайда онда нұсқаларды таңдап алу сертификаттау мекемесінде қабылданған тәсілдер бойынша не басқа құжаттарға сай жүргізіледі. Таңдап алынатын нұсқалардың конструкциясы құрамы және дайындау технологиясы тұтынушыға жеткізілетін өтінілген өніммен бірдей болуы керек. Нұсқаларды таңдап алу актілінеді. Актіге үлгілерді таңдап алғандар және өтінуші кәсіпорынның өкілі қол қояды. Өтінуші қажетті деңгейде ұқсастырылған буып түйілген нұсқаларды таңдап алушының көзінше бекітілген нұсқаларды таңдап алу актімен және құрамы мен мазмұнын сертификаттау мекемесі белгіленген олардың ескерілген техникалық құжаттарымен бірге сынақ зертханасына жібереді.

Өндірілген өнімге сынақ жүргізу

Өнімнің сапасын сынау мынадай көрсеткіштермен бағаланды:

  • Тағамдық және биологиялық;

  • Оргонолептикалық;

  • Физикалық-химиялық;

  • Қауіпсіздігі;

Өнім сапасы зертханада жоғарыда аталған тиісті көрсеткіштер бойынша сынақ (ҚРСТ 3.4 талабы бойынша) жүргізіледі. Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасында толтырылып келтіріледі.

Өнімге сынау жүргізу алдында өнімді бірдейлендіреді.

Өнімді бірдейлендіру – белгілі бір өнімді ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім.

Өнімді бірдейлендіруді ҚР СТ 3.34, ҚР СТ 1014 стандарттарына, нақты өнімнің нормативті құжаттарына және сынау әдістемелеріне сәйкес жүргізеді.

Нақты тағам өнімі бойынша ақпарат толық сипатталмаған жағдайда немесе оның атауына (сипаттамасына) сай болуын растау қажеттігі туындаған жағдайларда бірдейлендіру жүргізіледі.

Тағам өнімдерін бірдейлендіруді сәйкестікті растау жөніндегі орган тиісті нормативті құжаттарда белгіленген негізгі тұтынушылық қасиеттерін, органолептикалық көрсеткіштерін, таңбалауға қойылатын талаптарын бағалау негізінде жүргізеді.

Бірдейлендіру өнімнің белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жүргізіледі.

Тағам өнімдерін бірдейлендірудің негізгі мақсаты:

- өнімнің бірегей топтарының негізгі бірдейлендіру критерилерін анықтау;

- өнімді бірдейлендіру әдістерін анықтау;

- бірдейлендіруді жүргізу тәртібін анықтау;

- сәйкестікті растау мақсатында сынау көрсеткіштерін анықтау.

Бірдейлендіру міндетіне қарай екі түрге бөлінеді:

- ассортименті (түрлілік);

- сапалы (квалиметриялық).

Тағам өнімдерін бірдейлендіру барысында көрнекті және органолептикалық бағалау үшін мына әдістер қолданылады:

- көрнекті әдіс – көру, сырт көрінісі және түсі, ішкі құрылымы және де басқа көрсеткіштері бойынша анықтау;

- дәм әдісі - тіл мен таңдайдағы дәм нүктелері арқылы анықтау;

- иіскеу әдісі - өнімді иіскеу арқылы (аромат, хош иіс) анықтау;

- сезім әдісі - өнімнің консистенциясын көріп, сезу арқылы анықтау.

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынау жұмыстары техникалық аспаптар көмегімен жүргізеді.

Бұл әдістер қолданылатын өлшеуіш аспаптарына байланысты келесі топтарға бөлінеді:

- физикалық әдістер – салмақ, көлем өлшеу аспаптары және қондырғылар көмегімен тағам өнімдерінің физикалық көрсеткіштерін анықтауға арналған;

- химиялық әдістер – стандартты үлгілер, өлшеу аспаптары және қондырғылары көмегімен тағам өнімдерінің химиялық көрсеткіштерін анықтауға арналған.

Бірдейлендіру әдістерінің салыстырмалық талдауы 3-кестеде көрсетілген.

Физикалық және химиялық әдістердің қосалқы түрлері: микроскопия, фотометрия, фотоэлектроколориметрия, хромотография, спектрография, ионометрия, флюоресценция пайдалануы мүмкін.

Кесте 3.2 - Бірдейлендіру әдістерін салыстыра талдау

Әдістер тобы

Әдістің басымдылығы

Әдістің кемшіліктері

ілеспе құжаттар бойынша

ашықтығы

арзандығы

нәтижесінің салыстырмалығы

білікті мамандардың қажеттігі тексерілетін нәтижелердің болмауы

нәтиженің сипатталу мінездемесі

көрнекті және органолептикалық әдістер

қарапайымдылығы

ашықтығы

жылдамдығы

арзандығы

бағаның субъективтілігі

салыстырылатын нәтижелердің болмауы

нәтиженің сипатталу мінездемесі

өлшеу әдістері

объективтілігі

қайталанымы

нәтиженің салыстыр малығы және тексерілімі нәтиженің жалпы қабыл данған өлшем бірлік- терінде берілуі

өлшеуге жұмсалған материалды және уақыт шығындардың жоғарлы ғы (техникалық өлшеу құралдарын қолдану қажеттігі және сынау мерзімінің ұзақтығы)

білікті мамандарға және сынау базасына деген қажеттілік

Егер өнімді бірдейлендіру оң нәтиже берсе, онда өтінім бойынша шешім қабылданып, өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келісім-шарт рәсімделеді.

Егер өнімді бірдейлендіру теріс нәтиже берсе, онда сертификаттау рәсімі тоқтатылып, бұдан ары, ол өнім қауіпсіздік талаптары бойынша сертификаттауға жатпайды.

Егер тағам өнімдерін бірдейлендіруді кестеде берілген әдістердің бірі бойынша жеткілікті, нақты жүргізу мүмкін болмаса, онда бірдейлендіру осы берілген әдістерді үйлесімді қолдана отыра, кешенді түрде жүргізіледі.

Өнімге сәйкестік сертификатын толтыру тәртібі

Өтінілген өнімге белгіленген сертификаттау үлгісімен жасалған жұмыстардың нәтижесі оңды болған жағдайда сертификаттау мекемесі сертификат дайындайды. Сәйкестік сертификатын белгіленген үлгідегі бланкіге қазақ және орыс тілдерінде өнімді сертификаттаудан өткізген, сертификаттау мекемесі толтырады.

Текстіні сызуға, түзетуге, тазартуға болмайды. Сертификаттың тарауда төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

  1. Сертификат берген мекеменің атауы, мекен-жайы, тіркеу куәлігінде көрсетілген атау мен бірдей болу қажет.

  2. Бланкіні шығарған кезде қойылған сертификат бланкісінің есептік нөмірі.

  3. Сәйкестік сертификаты тізілімінде тіркелген уақыты, күні екі

араб цифрімен, айы жазбаша жылы араб цифрімен белгіленеді.

  1. Сертификаттың тіркелу нөмірі ҚРСТ 3.15 сай сертификаттау мекемесі құрайды.

  2. Сертификаттың күшінің жүру мерзімін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген ережесі бойынша сертификаттау мекемесі анықтайды.

  3. ОКП сілтемесі бойынша өнімнің коды.

  4. Өнімнің сыртқы экономикалық әрекеті мен тауарлық қатар жіктелуі бойынша коды.

  5. Өнімге байланысты нормативтік құжатқа сәйкес түрі, атауы, маркасы.

  6. Сертификатталатын өнімді дайындаушы кәсіпорынның елдің толық атауы, қай жерде және қайда тіркелгендігі.

  7. Сәйкестікке сертификаттау жүргізілген нормативтік құжаттың және олардың тармақтарының белгісі.

  8. Сертификаттың кімге берілгендігіне байланысты тиісті сөздің асты сызылады. Дайындаушы немесе сатушы. Өтінушінің атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Сондай-ақ өтінушінің өнімді сәйкестік нышаны мен таңбалау немесе өнімнің жеке топтарын не онаң бір данасын белгіленген үлгідегі бланкідегі сертификат көшірмесі мен жіберу құқығы.

  9. Тіркелген зертхананың атауы мен тіркеу нөмірі. Егер зертхана Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелмеген болса, онда қай жүйеде аккредиттелгенін көрсетеді. Тіркеу нөмірі, уақыты бұл құжатты берген мекеме.

  10. Инспекциялық бақылауды іске асыратын мекеме туралы мәліметтер және сертификаттау мекемесі енгізу қажет деп тапқан мәліметтер.

14. Сертификат берген сертификаттау мекемесінің жетекшісінің және сертификаттау жүргізген сарапшы аудитордың аты-жөні мекеменің мөрі.

Сәйкестік сертификаттарын мемлекеттік тізілімге енгізу ҚР СТ 3.11 стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Горизонтальный свиток 6

Сурет 3.2 – Сәйкестік сертификатын беру тәртібі

Сертификаттың әрекетті мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі орган келесі жайттарды ескере отыра үш жылдан аспайтын мерзімге бекітеді: өнімді сертификаттау тәсімі; өнімнің нормативті құжаттарда бекітілген жарамды мерзімі және сапа менеджменті жүйесінің сертификатталған мерзім.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің жарамдылық мерзімі аясында сертификаттың әрекетін ұзарта алады. Бірақ, бұл жағдайда сертификаттың әрекетті мерзімі берілген күннен бастап есептегенде үш жылдан аспауы тиіс.

Сертификаттың әрекетті мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша келесі әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

  • сертификаттың " ____ дейін" деген бағанасының сол жағына "әрекетті мерзімі ________ дейін ұзартылған" деген жазу жазылады және ол жауапты адамның қолымен әрі сәйкестікті растау жөніндегі орган мөрінің түпнұсқасымен расталады;

  • ұзартылған сертификаттың нөмірін сақтай отырып, жаңа сертификат рәсімделеді.

Егер сериялы өндірілген өнімге берілген сертификаттың әрекетті мерзімі аяқталған болса, ал өнім сатушының қолында жарамды әрі дұрыс сақталған болса, онда сертификаттың әрекетті мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Сертификаттау барысында дәлелденген көрсеткіштерге ықпал ететін өнімнің құрамына немесе өндіріс технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда сертификат ұстаушы дереу сәйкестікті растау жөніндегі органға хабар береді, ал ол сертификаттың әрекетін жою немесе оның әрекетін толық немесе ішінара сынау жүргізу немесе ол өнімнің өндіріс жағдайын бағалауға дейін сертификаттың әрекетін тоқтата тұруға шешім қабылдайды. Бұл жағдайда сертификат ұстаушы сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімін күтпей жаңартылған өнімді сертификатталған өнім ретінде сата алмайды.

Егер өнімді сертифаттау кезіндегі нормативті құжаттарда бекітілген нормалар бұрынғысынан қатаң болып өзгерсе, онда сертификаттың әрекеті сол өзгеріс енгізілген күннен бастап жойылады.

Өнімді сертификаттауға қатысты жоғарыда жазылған жайттар тек ҚР МТРЖ-сіне ғана тән. Ал егер өнім халықаралық жүйеде немесе келісім-шарт бойынша сертификатталған болса, онда сертификаттың түрі, оны беру тәртібі және сәйкестік белгісі мен оның жарамды мерзімі сол жүйенің немесе келісім-шарттың ережелері бойынша анықталады.

Сырттан әкелінетін тағам өнімдері ҚР СТ 3.9 немесе ПМГ 36 нормативті құжаттарына сәйкес сертификаттау нәтижелерін мойындау жөніндегі тиісті келісімдер болған жағдайда шетелдік сертификаттар мен сәйкестік белгілерін мойындау арқылы жүргізіледі.

Бірақ ҚР Кеден кодексінің міндетті сертификаттауға жататын (әкеліетін) өнімдерге қойылатын талаптары айтарлықтай күшейтілді. Аталмыш кодекстің 383 бабына сәйкес, ҚР аумағына әкелінетін міндетті сертификаттауға жататын өнімге кедендік рәсімдеу кезінде қандай кедендік режим таңдалғанына қарамастан ҚР МТРЖ-нің сәйкестік сертификаты талап етіледі. Бұл талап негізінен ТМД арасындағы саудаға кедері болады деп күтілген еді. Ондай күмәннің болуы да негізсіз емес. Себебі ҚР Кеден кодексінің 383-бабы 1992 жылы Мәскеу қаласында қол жеткізілген "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде бірынғай саясат жүргізу" Келісіміне қайшы келді. ТМД арасында бұндай әрекетке барған тек Қазақстан ғана емес. Басқа да ТМД елдері өз экономиялық мүдделерін, азық-түліктік қауіпсіздігін қорғау мақсатында кәсіпкерлердің көңілінен шыға бермейтін шараларға баруларына тура келді.

Алғаш рет шетелден әкелінген өнімді сертификаттаудың міндетті шарттарының бірі – оның санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының (гигиеналық ұйғарымының) болуы.

Шетелден енгізілетін өнімді сынауға елімізде тиісті нормативті құжаттар болмаса, онда сынау жұмыстары өнімді жіберуші елдің (фирманың) ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Сертификат берілген өнім сәйкестік белгімен таңбаланады.

Сәйкестік белгі - өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

Өтінім беруші (тауар өндіруші, бұйым жасаушы, орындаушы, жеткізіп беруші, сатушы) сертификатталған өнімді ҚР СТ 3.0, ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.5 (қызметті), және ҚР СТ 3.25 стандарттарының талаптарына сәйкес таңбалайды.

Өнімді сәйкестік белгімен таңбалауға құқықты сәйкестікті растау жөніндегі орган береді. Сәйкестік белгімен таңбалаудың амалын және орнын өтінім берушімен бірлесіп, сәйкестікті растау жөніндегі орган белгілейді.

Сәйкестік белгінің формасы, көлемі және оған қойылатын техникалық талаптар ҚР СТ 3.1 стандартында белгіленген.

Сәйкестік белгімен таңбаланған өніммен сертификат көшірмесі ілесіп жүрудің қажеті жоқ, егер өнімнің сертификаттаудан өткені жайындағы ақпарат техникалық, пайдалану және тауармен ілесіп жүретін құжаттарда болса.

Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау

Инспекциялық бақылау бұл сертификаттау жөніндегі тіркелген органның тарапынан сертификатталатын өнімнің, процестің, жұмыстың қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау жасау. Инспекциялық бақылау сертификат іс-жүзіндегі әрекеті және өнімді сәйкестік нышаны мен таңбалау құқығы бар мерзімі бойынша әр кезде және жоспардан тыс тексеру ретінде жылына кем дегенде бір рет іске асырылады. Жоспардан тыс тексеру сертификатталған өнімнің сапасына шағым түскенде жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезектілігі көлемін жұмыс түрлерін іске асырылған сертификаттау үлгісін өнімнің сипатының тұрақтылығын, өнімнің қауіптілік дәрежесін, өнім шығару көлемін т.б. есептей отырып сертификаттау мекемесі анықтайды. Әдетте инспекциялық бақылауға төмендегідей жұмыс түрлері кіреді. Сертификатталған өнім туралы түскен мәліметтерді талдау, сапасы тұрақты өнімді шығаруға қажетті жағдайдың бұзылмауын тексеру. Өнімді сынақтан өткізу, талдау. Егер өндіріске немесе нақты өнімнің сапа жүйесіне сертификат болса және оларды инспекциялық бақылау оң нәтижелі болса тұрақты сапалы өнім шығару жағдайына талдау жасалмайды. Инспекциялық бақылау жүргізу үшін шағым түскен күннен бастап, үш күн аралығында сертификаттау ұйымына үш адамнан кем емес комиссия құрылады. Тексеру мерзімі бес күн. Инспекциялық бақылаудың нәтижесі бойынша акт жазылады. Онда үлгілерді сынау, сертификаттау нәтижесіне баға беру сертификатталатын өнімге қорытынды жасау және берілген сертификаттың күшінің сақталу мүмкіндігі көрсетеді. Акт даналары сертификат иесіне және инспекциялық бақылауға қатысқан мекемелерге жіберіледі. Акттың көшірмесі сертификаттау мекемесінде үш жылға дейін сақталады. Сертификатталатын өнімді инспекциялық бақылау нәтижесі туралы мәлімет Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына бағынышты аймақтық кәсіпорынға жіберіледі. Инспекциялық бақылаудың нәтижесі бойынша сертификаттау мекемесі сәйкестік сертификатының күшін тоқтата тұруға немесе жоюға тиісті жағдайда құқықты. Инспекциялық бақылау жүргізгенде өнімнің нормативтік құжаты зертханада қайтара сынақсыз растай алатын болса, сертификаттың немесе сәйкестік нышанының күшін тоқтата тұруға шешім алады. Егер мұны жасау мүмкін болмаса, сертификат жойылады. Қайта тексеру нәтижесін өтінуші қосымша бөлек төлеу тиіс. Сертификаты жойылған өнімді инспекциялық бақылау кезінде табылған бұрмалануды дұрысталған үйлестіру шараларын жүзеге асырылған соң ғана өтінуші сертификаттауды сұрауына болады. Мұндай жағдайда сертификаттау жұмыстары жаңа шаруашылық келісім шарты бойынша бұл өнімді бұрынғы сертификаттау нәтижелерін есептемей жүргізеді. Сертификат күші мына жағдайда тоқтатылады:

  • Егер бұйым шығару тоқтатылса;

  • Өтінуші сертификаттың күшін ұзартқысы келмесе;

Егер бұйымның анықталған сәйкессіздігіне келіспесе.

Инспекциялық бақылауды жүргізу

Инспекциялық бақылау – сертификатталған өнімнің техника- лық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгілен- ген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген орган- ның Мемстандарт белгілеген тәртіппен жүзеге асыратындығын тексеруі.

Өнімнің сертификатталған көрсеткіштерінің тұрақтылығына және сапа менеджменті жүйесінің жүзеге асуына (егер бұл сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса) инспекциялық бақылау жүргізіледі.

Инспекциялық бақылауды Мемстандартқа қарасты мекемелер- дің мамандарын жұмылдырып (қажет болған жағдайда), сертификат ты берген сәйкестікті растау жөніндегі орган жүргізеді.

Инспекциялық бақылаудың екі формасы бар. Бірі – кезеңдік, яғни жылына бір рет жүргізіледі, екіншісі – жоспардан тыс, яғни сертификатталған өнімге тұтынушылар тарапынан шағымдар мен арыздар келіп түскен кезде жүргізіледі.

Инспекциялық бақылау әдетте келесі жұмыстарды қамтиды:

- сертификатталған өнімге қатысты келіп түскен ақпараттарды талдау;

- өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;

- өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;

- бақылау нәтижелерін рәсімдеу және шешім қабылдау.

Нақты өнім өндірісінің немесе сапа менеджментінің сертификаты болған жағдайда, әрі инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса, өнімнің тұрақтылығы жағдайына талдау жүргізілмейді.

Испекциялық бақылау нәтижелері бойынша тексеру актісі рәсімделіп, онда сынамаларды сынау және де басқа да бақылаулардың нәтижесі бағаланады, сертификатталған өнімді өндіру жағдайы және берілген сертификаттың әрекетін сақтау мүмкіндігі туралы жалпы қорытынды беріледі.

Тексеру актісінің бір данасы тауар өндірушіге (немесе басқа да инспекциялық бақылау объектілеріне) жіберіліп, екінші данасы сәйкестікті растау жөніндегі органда үш жылдан кем емес уақыт сақталуы тиіс.

Инспекциялық бақылау нәтижесі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификаттың және сәйкестік белгінің әрекеттерін тоқтату немесе жою құқығына мына жағдайларда ие болады. Егер:

- инспекциялық бақылау барысында өнімді сынау теріс нәтиже берсе;

- сәйкестікті растау жөніндегі органға хабарламастан өндірілетін өнімнің нормативті құжаттарына немесе сынау әдістеріне өзгерістер енгізілсе;

- сәйкестікті растау жөніндегі органға хабарламастан өндірілетін өнімнің құрамбөлігіне және (немесе) өндіріс технологиясына өзгеріс енгізілсе;

- технология талаптары орындалмаса;

- сәйкестікті растау жөніндегі органмен келіспей бақылау, сынау, сапа менеджменті жүйесіне өзгеріс енгізілсе.

Егер сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тауар өндіруші арасында өзара келісімге қол жеткізілсе, онда түзетуші шаралар арқылы орын алған сәйкессіздіктер жойылып, қосымша сынаусыз-ақ өнімнің нормативті құжаттарға сәйкестігі дәлелденеді. Әрине, түзетуші шараларына қажетті уақыт белгіленеді. Бұл уақыт ішінде сертификаттың әрекеті тоқтатылады.

Егер жоғарыда жазылған шараның іске асуы мүмкін болмаса, онда сертификаттың әрекеті сот шешімі арқылы жойылады.

Қайталанымды инспекциялық бақылау тауар өндіруші есебінен қаржыландырылады.

Сертификаттың әрекеті нақты өнім өндірілу тоқтаған жағдайда немесе басқа да себептерге байланысты сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тауар өндіруші арасында келіскенде тоқтатылады.

Сертификаттың әрекеті мен сәйкестік белгіні қолдануды жою келесі жағдайларда болуы мүмкін:

- егер де анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;

- егер өнім өндіруші өзінің сәйкестікті растау жөніндегі орган алдындағы қаржылық міндетін орындамаса;

- егер өнім өндіруші сертификат әрекеті уақытша тоқтатылған кезінде қажетті шараларды қолданбаса;

- егер өнім өндіруші сертификат әрекеті мерзімін ұзартқысы келмесе;

- егер өнім өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган нақты өнім сертификатының әрекетті мерзімі тоқтатылғаны немесе жойылғандығы және сәйкестік белгіні қолдануға тыйым салынғандығы туралы ақпаратты тауар өндірушіге, Мемстандартқа, тұтынушыларға және басқа да мүдделі тараптарға таратады.

Түзетуші шараларын жүргізу

Түзетуші шараларыорын алған сәйкессіздіктердің себеп-салдарын жою және олардың қайталануына жол бермеуге бағытталған шаралар.

Өнімнің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және сәйкестік белгі бұрыс қолданған жағдайларда түзетуші шаралары тағайындалады.

Бұл шараны тағайындайтын, оның мерзімін анықтайтын әрі оның дұрыс өтуін қадағалайтын - сәйкестікті растау жөніндегі орган. Бұндай жағдай орын алған тұста өнім өндіруші өзінің барлық тұтынушылары мен мүдделі ұйымдарды бұл жайында хабардар етуі міндетті. Себебі бұл кезде міндетті сертификаттаудың негізгі аспектісі – қауіпсіздік мәселесі қозғалынып отыр.

Егер түзетуші шаралары оң нәтиже берсе, онда сәйкестікті растау жөніндегі орган өнім өндірушіні өнімді басқаша таңбалауға міндеттейді.

Егер түзетуші шаралары көзделген мақсатқа жетпесе немесе тиімсіз болып табылса, онда сертификат әрекеті мен сәйкестік белгінің лицензиясы жойылады.

Сертификат тізіліміне тиісті жазу жазылған уақыттан бастап, сертификат жойылды деп саналады. Өнім өндіруші әрекеті жойылған сертификатты сәйкестікті растау жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.

Сертификаты жойылған өнімді инспекциялық бақылауда анықталған сәйкессіздіктер түзетілген соң, қайтадан сертификаттауға болады. Бұл жағдайда өнімді сертификаттау жаңа келісім-шарт бойынша, бұл өнімнің бұрынғы сертификаттаудан өткен нәтижесін есепке алмай жүргізіледі.

Өнімді сертификаттау (сәйкестігін растау) нәтижесі туралы ақпарат беру.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаттарының тізілімін, сәйкестік туралы декларацияларының тіркеуін жүргізеді және Мемстандартқа ҚР СТ 3.11 стандарты бекітілген мәліметтерді береді.

Мемстандарт тізілім мәліметтерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдардан және де ҚР Техникалық реттеу жүйесінің қатысушыларынан алынған мәліметтерді өзінің ақпараттық басылымдарында жариялайды.

Өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар мен материалдар сәйкестікті растау жөніндегі органда үш жыл ішінде сақталуы тиіс.

Өнімнің сәйкестігін растауға өтінім бойынша шешіммен, сертификат әрекетін тоқтату туралы шешіммен, оны жою және сәйкестік белгіні қолдану құқығын жою немесе айыру, сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту және сәйкестікті растау жөніндегі қызметке қатысты басқа мәселелер бойынша келіспеген жағдайда, өтінім беруші ҚР СТ 3.10 стандартының талаптарына сәйкес жазбаша түрде шағым-арызын сәйкестікті растау жөніндегі органның апелляциялық комиссиясына жіберуі тиіс.