Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.6.3 Сынау зертханаларын аккредиттеу тәртібі және кезеңдері

Сынау зертханаларын аккредиттеу ережесін ҚР Үкіметі 2005-жылғы тамыз айының 1-жұлдызында №800 қаулысымен бекіткен.

Аккредиттеуге ниет танытқан, өзінің салалық қатынасы мен меңшік формасына қарамастан ҚР МТРЖ-сіндегі аккредиттеу саласының және аталмыш ереженің талаптарына жауап бере алатын кез келген өтінуші аккредиттелуіне құқылы.

Аккредиттелуге ниет танытқан өтінім беруші Мемстандартқа келесі құжаттарды (әрі қарай – аккредиттеу материалдары) ұсынады:

  1. Аккредиттеуге өткізуге өтінім;

  2. Аккредиттеу аясы;

  3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынау зертхана туралы ереже;

  4. Зертхана паспорты (тек зертхана үшін);

  5. Сапа жөніндегі басшылық;

  6. Сауалнама анкета (тек зертхана үшін);

  7. Техникалық құзыреттілікті сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша қорытынды (еркін формада)

  8. Өтінім берушінің заңды мәртебесін белгілейтін құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері (құрылтай құжаттары, тіркелу туралы куәлік, статистикалық карточка).

Өтінім берілген аяға байланысты өтінім беруші сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы нормативтік – құқықтық актілердің және стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес аккредиттеу үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынады.

Өтінім берушінің техникалық құзыреттілігіне сараптамалық бағалауды штаттық кестесінде аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудиторлары бар аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін органдар жүргізеді және ол келесі кезеңдерді қамтуы тиіс:

  1. Өтінім беруші ұсынған құжаттарға сараптама жасау;

  2. Орналасқан жеріне барып зерттеулер өткізу;

  3. Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны рәсімдеу.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеу келесі кезендерден тұрады:

  1. Комиссияның аккредиттеу материалдарын қарау;

  2. Мемстандарттың өтінім берушіні аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімін қабылдауы;

  3. Аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу аясын бекіту;

  4. Аккредиттеу аттестатын беру және аккредиттелген субъектілерді мемлекеттік тізілімге тіркеу.

Аккредиттеу Мемстандарт аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Өтінім берушіге шешім қабылданған сәттен бастап бес күн ішінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын тіркеу тәртібі

Осы стандарт өтінушілерге тіркеу жүргізудің бірегей тәртібін бекіту мақсатында әзірленген .

Тіркеу, ұйымы-өтінушінің анықталған салада жұмыстарды жүзеге асыра алуын Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет өкілетті мемлекеттік органымен – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетімен (бұдан әрі - Мемстандарт) ресми тану болып табылады.

Тіркелуге ниет танытқан, өзінің салалық қатынасы және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының тіркеу саласының (бұдан әрі – ҚР АС) және осы стандарттың талаптарына жауап бере алатын қандай да болсын өтінуші тіркеле алады.

Өтінушінің филиалдары ҚР АС бекітілген тәртіпте тіркеле алады.

Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және қызмет істейтін халықаралық және шетелдік өтінушілер және олардын филиалдары, егер басқа жағдайлар Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттармен бекітілмесе, Қазақстан Республикасының ұйымдары сияқты сондай жағдайда, сондай тәртіпте тіркелуге жатады.

Тіркеу жүргізудің тәртібі

Өтінушіні тіркеу өзіне:

  • өтіну құжаттарын қабылдау, қарастыруды;

  • ұйым-өтінушіні аттестациялық зерттеуді;

  • тіркеу туралы шешімді қарастыруды және қабылдауды;

  • Мемлекеттік тізілімге тіркеуді;

  • тіркеу Куәлігін рәсімдеу және беруді қосады.

Әрбір кейінгі кезең алдыңғы кезеңнің оң нәтижесі жағдайында орындалады.

Өтінуші Мемстандартқа ерікті нысандағы сараптамашылық бағалау актісін қосатын құжаттардың екі кешенін тіркелуге өтініш бағыттайды.

Мемстандарт, өтініш құжаттарын тіркегеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде құжаттар кешенінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бекіту мақсатында қарастырады. Қажет болған жағдайда Мемстандарт ұйым-өтінуші туралы қосымша мәліметтер сұрастыра алады. Бұндай жағдайда құжаттар кешенін қарастыру мерзімі 15 күнге дейін ұзартыла алады.

Қарастырудың теріс нәтижесі жағдайында құжаттар кешені өтінушіге толықтыру үшін қайтарылады.

Оң нәтижелер жағдайында әрі қарайғы жұмыстарды қабылдау туралы шешім қабылданады, ол туралы өтінушіге хабарланады.

Өтінуші құжаттарының кешенінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіпте республикада қолдану үшін қабылданған халықаралық нормативтік құжаттар (бұдан әрі - НҚ) талаптарына сәйкестігін бекіту мақсатында аттестациялық зерттеуді Мемстандарт ұйымдастырады.

Өтінушіге аттестациялық зерттеуді Мемстандарт бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің сарапшы – аудиторлары, өтінуші енгізілген тіркелу саласының өнімдерін сынау саласының мамандары, сондай-ақ тәуелсіз ұйымдардың және өкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері енгізіле алады.

Аттестациялық зерттеудің нәтижелері Мемстандартпен бекітілген нысан бойынша актпен ресімделеді.

Егер өтінушінің құжаттар кешенінің Қазақстан Республикасының заңнамасының және осы стандарттың талаптардың сәйкессіздігі бекітілсе, құжаттар кешенімен қоса өтініш, сәйкессіздіктерді жою үшін өтінушіге қайтарылады.

Аттестациялық зерттеудің оң нәтижесі жағдайында өтінуші, тәуелсіз сараптамалық бағалаудың және аттестациялық зерттеудің жүргізілгені туралы мәліметі бар, өтінуші басшысының қолы қойылған түсіндірме жазбасымен қос тіркеу жөніндегі Мемстандарттың комиссиясына (бұдан әрі– тіркеу жөніндегі комиссия) құжаттардың екі кешенін ұсынады.

Тіркеу жөніндегі комиссия материалдардың түскенінен 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырады және өтінушіні тіркеу (немесе тіркемеу) туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы өтінушіге хабарлайды.

Тіркеу жөніндегі комиссияның оң шешімі жағдайында:

  • өтінушінің тіркелу саласы бекітіледі;

  • өтінушінің тіркелу саласы бекітіледі;

  • өтінушінің Мемлекеттік тізілімге тіркелуі жүзеге асырылады;

  • бекітілген үлгідегі тіркелу Куәлігі ресімделеді (тіркелген күнінен бастап үш жылға дейінгі мерзімге);

  • тіркелу Куәлігі және өтінушінің тіркелу құжаттарының бір кешені беріледі.

Тіркеу жөніндегі комиссияның қарастыруының теріс нәтижесі жағдайында Мемстандарт өтінушіге құжаттар кешенімен қоса негізделген бас тартуды бағыттайды.

Жаңа мерзімге тіркеу

Тіркелу Куәлігінің әрекет ету мерзімінің аяқталғанынан кейін өтінуші өкілеттілігін ұзарту үшін өтінушіні жаңа мерзімге тіркеуді жүргізу керек. Бұл жағдайда өтінуші тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімінің аяқталғанына дейін үш ай қалғанда Мемстандартқа хат-өтініш және осы стандарттың талаптарына сәйкес көкейкесті етілген құжаттар кешенін жіберуі керек.

Өтінуші тіркелуге уақтылы өтініш жіберген, ал тіркеу процедурасын жүргізу кезінде тіркеу Куәлігінің әрекет ету мерзімі аяқталып қалған жағдайда, ол үш айдан артық емес мерзімге бір реттік тәртіпте алады. Бұл жағдайда өтінуші тіркелу куәлігінің әрекет ету мерзімін ұзарту қажеттігін негізге алып ерікті нысандағы хат-өтінішті Мемстандартқа жіберу керек.

Мемстандарт хат-өтініштің негізділігін қарастырады және тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін ұзарту (немесе ұзартпау) туралы шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда тіркеу Куәлігінің түпнұсқасына мөрмен және Мемстандарт басшысының қолымен расталатын ұзартылу мерзімі қойылады.

Тіркеу куәлігін қайта ресімдеу

Өтінуші, өзінің ұйымдастырулық – құқықтық нысанын (қайта құрылған), орналасқан жерін, атауын өзгерткен жағдайда, тіркелу саласына сәйкес жүргізетін әрекетін тоқтатуға және бір айдан кем емес мерзім ішінде Мемстандартқа тіркеу жөніндегі құжаттар кешеніне өзгерістерді ұсынуы керек.

Мемстандарт (бір айдан артық емес мерзім ішінде) тіркелу Куәлігін қайта ресімдеу (қайта ресімдеуге рұқсат берілмейтініне) немесе кезектен тыс тіркеу процесін жүгізу туралы шешім қабылдайды. Қайтадан ресімделген тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы тіркеу куәлігін бергенде анықталған мерзімінен ауыспауы керек.

Тармақта мазмұндалған талаптарды орындамаған жағдайда өтінушінің тіркелу Куәлігінің әрекеті Мемстандарт шешімімен тоқтатыла тұрады.

Қосымша салада тіркеу жүргізу тәртібі

Тіркеу Куәлігінің әрекет ету кезеңінде тіркеу саласын кеңейтуге тырысатын өтінуші, қосымша салада тіркелуге ерікті нысандағы өтініш, тіркелудің қосымша саласы туралы мәліметтерді бағыттайды. Қажет болған жағдайда Мемстандарт қосымша материалдарды сұрастыра алады.

Қосымша салада тіркеу процедурасы Мемстандартпен бекітіледі. Қосымша салада тіркеу жөнінен жұмыстардың оң нәтижесі жағдайында тіркеу Куәлігін қайта ресімдеумен тіркеу Куәлігіне қосымша ресімделеді.

Тіркелген сертификаттау жөніндегі органдардың, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) әрекетіне мемлекеттік бақылау және қадағалау

Тіркелген өтінушілердің әрекетіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Мемстандарт және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері жүзеге асырылады.

Жоспарлы мемлекеттік бақылау және қадағалау, өтінушінің тіркелуінің барлық мерзімінің ішінде, дүркінділігі жылына бір реттен кем емес рет жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда жоспардан тыс мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Жоспардан тыс мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін негіз:

- сынау және өлшеу нәтижелерінің объективтіксіздігі немесе дұрыс еместігі туралы ақпарат, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, өтінушімен мемлекеттік сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерінің және Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінің нормативтік құжаттарының талаптарын қадағаламауы бола алады.

Мемлекеттік бақылау нәтижелері Мемстандартпен бекітілген нысан бойынша актімен ресімделеді.

Сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) тіркеу куәліктерінің әрекеттерін тоқтата тұру, орнына келтіру және жою

Мемлекеттік сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерінің және Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінің ережелері мен процедураларының бұзылғаны анықталған жағдайда Мемстандарт тіркеу Куәлігінің әрекетін тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Тіркеу куәлігінің әрекетін тоқтата тұру туралы шешім негізінде Мемстандарт бұйрығы жарыққа шығады, бұйрықтың көшірмесі тіркелген өтінушіге бағытталады. Тіркелген өтінуші хабарлама алған күннен бастап жұмыстарды орындауды тоқтатуы және сәйкессіздіктерді жоюы тиіс.

Анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін өтінуші-ұйым, тіркеу Куәлігін орнына келтіруге шешім қабылдау үшін Мемстандартқа сәйкессіздіктердің жойылған туралы мәлімет бағыттайды.

Тіркеу куәлігінің әрекеті тоқтатылған себептерді жоймаған жағдайда немесе тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі ішінде мемлекеттік сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерінің және Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінің нормативтік құжаттарының талаптарының бұзылуы қайтадан анықталған жағдайда, тіркеу куәлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемстандарттың немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшесінің ұсынуы бойынша сотпен жойыла алады.

Тіркеу куәлігін жою туралы шешім оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Тіркеу куәлігі Куәліктің жойылуы туралы шешімді алғаннан кейінгі келесі жұмысшы күннен бастап Мемстандартқа қайтарылуы тиіс.

Ұйым-өтінуші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте және мерзімде қабылданған шешімге наразылық білдіре алады.

Апелляция

Ұйым-өтінуші тіркеу жөніндегі комиссиямен қабылданған шешім бойынша шағымдана алады. Бұл үшін ол қабылданған шешім туралы хабарлама алғаннан кейінгі бір айдан кем емес мерзім ішінде Мемстандарттың апелляциялық комиссиясына жазбаша түрде апелляция беру керек. Апелляцияны беру себептерін түсінікті түрде жазуы керек.

Мемстандарттың апелляциялық комиссиясымен қабылданған шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шағымдана алады.

Сынау зертханаларын (орталықтарын) тіркеу кезінде қолданылатын құжаттардың негізгі нысандары

Сынау зертханаларын (СЗ) тіркеу құзыреттілікке қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін стандарттар талаптарына (ҚР СТ 7.2, ҚР СТ 7.3, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025) сәйкестігіне жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде Тіркеу жүйесінде сынау зертханаларын тіркеу кезінде қолданылатын құжаттарды ГОСТ 9327 бойынша А-4 форматында ақ қағаз парақтарында ресімдейді.

Баяндау және ресімдеу кезінде ҚР СТ 1.5 талаптарын басшылыққа алу ұсынылады.

Сынау зертханаларын (СЗ) тіркеу кезінде келесі нысандар қолданылады:

  • сынау зертханаларын тіркеу жүргізуге өтінім нысаны;

  • сынау зертханаларының төлқұжат нысаны;

  • сынау зертханаларының құрамы туралы деректермен сауал-сұрақ нысаны;

  • сынау зертханаларының тіркеу нысаны;

  • техникалық құзыреттілігіне және тәуелсіздігіне тіркеу аттестатының нысаны;

  • техникалық құзыреттігіне сынау зертханаларының тіркеу аттестатының нысаны .

Тексеретін мекеменің аудиті нәтижесі бойынша тұжырым нысаны сәйкес баяндалады.

Тіркеу аттестатының күшін қалпына келтіруге өтінім нысаны сәйкес баяндайды.

Сынау зертханасының аккредиттеу қызметтеріне бақылау жүргізу әдістемесі

Сынау зертханаларына (СЗ) негізгі қызметтеріне жалпы талаптары мемлекеттік бақылау аккредиттелген бойынша талаптарына сәйкес белгілеу мақсатымен, сонымен қатар техникалық реттеу саласында нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер талаптарына сақтауды тексеру мақсатымен белгіленетін, Техникалық реттеу уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен және оның аумақтық басқармаларымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау аккредиттеу аттестаты күшінің барлық мерзімі ішінде жүзеге асырылады және жоспарлы мен жоспардан тыс болады.

Жоспарлы бақылау жылына бір рет жүргізіледі.

Жоспардан тыс бақылау сынау зертханаларының қызметтері туралы жағымсыз мәліметтер алынған жағдайларда жүргізіледі.

Белгіленген талаптары сәйкессіздік факттарды табу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте тоқталатын немесе аккредиттеу аттестатының күш жойылатын болады.

Мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру

Сынау зертханаларының (СЗ) қызметтеріне мемлекеттік бақылау:

Сынау зертханаларының (СЗ) қызметтері үшін ақпараттың жүйелік талдау

Сынау зертханалары тікелей тіркеуді қосады.

Сынау зертханасының қызметтері туралы жиын және талдауды сараптау жолымен техникалық реттеу уәкілетті органның аумақтық басқармалары жүзеге асырады:

- сынау зертханаларын құрастырған, тиісті сауалнама;

- заңды мен жеке тұлғалар, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдастықтар мен белгіленген тәртіпте тіркелгендерден аумақтық басқармаларға әкеліген, анонимсіз сипаттамалар мәліметтері;

- мемлекеттік бақылау жолы бойынша өткізілетін, тексеру нәтижелері.

Сауал–сұрақ арнайы форма бойынша толтырылады, аккредиттелген сынау зертханасының басшысымен қол қойылады және жөнелтпе хатпен тоқсанда бір реттен сирек емес өзінің орналасу жері бойынша Техникалық реттеу уәкілетті органның аумақтық басқармасына ұсынылады.

Жоспарлы тексерулер Техникалық реттеу уәкілетті органның басшысымен бекітілген, тоқсан сайынғы кестеге сәйкес жүргізіледі. Тексерулердің кезекті кестеге нақты сынау зертханасының (СЗ) қосу бойынша ұсыныстарды аумақтық басқармалар, жоспарланған тоқсанның басталуына дейін бір ай бұрын Техникалық реттеу уәкілетті органға жібереді.

Тексерудің бекітілген кестесі жоспарлы тоқсанның басталуына дейін 5 күнге қарағанда кешікпей, аумақтық басқаруларға дейін жеткізіледі.

Жоспардан тыс тексерудің ұйымдастырылуы үшін негіздеме болып:

- Техникалық реттеу уәкілетті органның немесе мемлекеттік басқару органдардың тапсырмасы;

- сертификаттар өнімді іске асыру кезеңдегі мемлекеттік бақылау кезінде техникалық реттеу саласында және стандарттау жөнінде нормативтік құжаттарына нормативтік құқықтық актілер талаптарына тиісті емес, күдікті сипаттама немесе өнімнің сертификаттар көшірмелерін табу;

- анонимсіз сипаттама тұтынушылар арызы (шағым);

- сынау зертханасының (СЗ) қызметтеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасының шектерінен түсірілген шағымдар болуы қызмет етеді.

Жоспарсыз тексеруді жүргізу туралы шешімді оларға қарасты (Техникалық реттеу уәкілетті роганның келісімі бойынша) Техникалық реттеу уәкілетті орган аумақтық басқарманың басшысы қабылдайды. Жоспарсыз тексеру кезінде жұмыстар көлемі алынған ақпарат және белгіленген бұзылу сипаттамаларының тексеру қажеттілігіне сүйеніп белгіленеді.

Тексеруді жүргізу үшін аумақтық басқарма кемінде 3 адамнан комиссия құрады, оның құрамын және тексеру мерзімін бекітеді.

Комиссия құрамына мемлекеттік бақылауды жүргізу объективтілігін қамтамасыз ету үшін, дағдыдағыдай, сондай-ақ басқа бақылау органдарының мамандарын және басқару органдар, ғылыми-зерттеу мен қоғамдастық ұйымдарын қосады.

Комиссия құрамына басқа сынау зертханасының (СЗ) өкілдері (олардың басшыларының келісімі бойынша) сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аттестатталған сарапшы-аудиторлар қосылуы мүмкін.

Комиссия басшылығын Техникалық реттеу уәкілеті органның немесе оның аумақтық басқарма өкілін тағайындайды.

Комиссия басшысы комиссия мүшелерін жұмыстың басталуына дейін 10 күн бұрын хабарлайды. Тексеруді жүргізуге 1 қалғанда комиссия басшысы сынау зертханасының басшысына тексерудің басталуы туралы хабар береді.

Тексеру қатысушыларының міндеттері

Тексерудің қатысушылары міндетті:

- Қазақстан Республикасының заңына және этикалық нормаларына сәйкес әрекеттену;

- объекттілігін көрсету;

- тексерілетін ұйымның басшысына және персоналына тексеру мақсаттарын түсіндіру;

- тексерілетін ұйым туралы тұжырымдарды құру үшін қажетті және жеткілікті мәліметтерді жинау мен талдау;

- тексеруге қатысты құжаттарды тәртіпте және сақтауда ұстау.

Комиссия басшысы тексерудің жүргізілуін бақылайды.

Сынау зертхананың қызметінің тексерілуін жүргізу

Сәйкес тексеруді белгілеу туралы актінің белгіленген тәртібінде тіркелген тексерілетін сынау зертханасына (СЗ) келгенде және сынау зертханасының басшысына бергенде комиссия тексеруді бастайды.

Комиссияға қажетті:

Тексеру мезетінде сынау зертханасының жұмысы туралы бар ақпаратты талдау:

- тоқсан сайынғы сауал–сұрақтар;

- тұтынушылар шағымы;

- бұрынғы тексерулер нәтижелері.

Сынау зертхана дәрежесінің, оның тәуелсіздігінің, ұйымдастырулық құрылысының, орналасу жерінің, әкімшілік бағынуының, сынау зертханасының штаттық персоналының сақталуын тексеру .

Аккредиттеу материалдарға және аккредиттелген органның олар туралы хабарламаларға өзгертулер енгізуінің уақытылығын белгілеу;

Қосалқы мердігермен сынау зертханасының (СЗ) жұмысын талдау (жұмыстарды жүргізуге шарттың болуы, қосалқы мердігердің құзыреттігін растайтын құжаттардың болуы, қосалқы мердігермен сынауларды жүргізетін көлемнің ара қатынасты).

Аккредиттелген зертханалар туралы ережеде белгіленген, талаптардың орындалуын тексеру, сертификаттау сынауларды жүргізу бөлігінде ерекше ережелерді сақтау.

Ерекше ережелер жоқ кезінде сертификаттау сынауларды жүргізу бойынша міндетті талаптар бөлігінде өнімге нормативтік талаптардың орындалуын тексеру.

Белгіленген талаптарға штаттық персоналдың біліктілік деңгейінің сәйкестігін, лауазымдық қызмет нұсқаулығы мамандарының болуы мен орындалуын, өнімге нормативтік құжаттардың білуін және оның сынау әдістерін, біліктілігін көтеру пайдаланатын пішіндерін, мамандарды аттестаттау жүргізу уақытылығын тексеру.

- Сынау хаттамаларға қол қою және сынаулар мен өзгертулер және олар бойынша есептерді жүргізу сенімділігіне бақылауды жүзеге асыруға құқығы берілген, қызметкер әкімшілігімен тағайындалғанын тексеру.

- Аккредиттеу саласында, оларды есептеу мен сақтау жағдайы, көкейтесті ету уақытылылығы көрсетілген, өнімге және сынау әдістерге нормативтік құжаттар қорының болуын тексеру.

-Үлгілерді қабылдау, оларды сәйкестендіру, сақтау, сынауларды жүргізу, сынаудан кейін үлгілердің қайта оралуы (жойылуы), сынау зертханасының ұйымы бойынша құжаттамаланған процедураларының бар болуын тексеру.

Қалыпты жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, шарттарды сақтау мен болуын тексеру (бөлмелердің жағдайы, қажетті реактивтердің, стандарттық үлгілердің бар болуы, аккредиттеудің өтінім берілген саласы сәйкестігіне сынауларды жүргізу үшін қажетті сынау жабдықтардың, адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігі бойынша күші бар нормалары сәйкестігіне оның орналасуының бар болуы, техқызмет көрсету бойынша нұсқаулықтардың бар болуы).

Сынау жабдықтардың жағдайын және өзгертулердің құралдарын тексеру (олардың есептеу жүйесі, тексеру әдістемелердің және жаңа құрылғыларды аттестаттаудың бар болуы, тексеру бағаналардың бар болуы, оларды сақтау, стандарттық үлгілерді және химия реактивтарды қолдану дұрыстығы).

Өнімнің үлгілерін (сынамаларын) тіркеу процедураларын сақтау мен бар болуын, өнімнің үлгілерін сынау және олардың нәтижелерін ресімдеу жүргізу дұрыстығын тексеру.

Сынаулар сапасының ішкі бақылау жағдайын және нәтижелерін және сынау зертхананың сапа менеджменті жүйесінің ішкі тексерулерін, осы тексерулердің нәтижелер тіркеуін, тексеру нәтижелері бойынша түзетілетін шаралар қабылдауын талдау.

Егер зертхана сәйкестікті растау органның (СРО) құрылыстық бөлімшесі болып табылмайтын болса, сәйкестікті растау органның (СРО) өкілдігіне шарттардың бар болуын тексеру.

Зертханалар жұмыстары (қажетті кезінде) үшін қажетті лицензиялар, рұқсат барілуінің бар болуын тексеру.

Жоғары атап айтылған тармақтардың тексерілуі ҚРСТ 3.4; ҚР СТ ИСО/МЭК17025-2001; ҚР СТ ИСО 19011-2002; және техникалық реттеу мен өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерінің басқа нормативтік құқықтық актілері мен стандарттары сәйкестігіне жүргізіледі.

Тармағы ерте орындалған жұмыстардың құжаттамалық талдау арқылы сияқты, сондай-ақ бақылау сынауларын жүргізу жолымен тексеріледі.

Бақылау сынаулары үшін арнайы дайындалған шифрленген сынамалар түрінде бақылау үлгілері (аттестатталған қоспалар) немесе ерте өткізілген сертификаттау сынаулардан кейін сынау зертханасын (СЗ) сақтауда бар бақылау үлгілері қолданылуы тиіс. Сол кезде олар сондай-ақ комиссия мүшелерімен алдын ала шифрленген болу тиіс.

Техникалық реттеу уәкілетті органның тапсырмасы бойынша сынау зертханасы (СЗ) үшін сынау зертханасының қызметін талдау үшін пайдаланатын нәтижелері, зертхана аралық салыстырмаларының жүргізілуі ұйымдастырылу мүмкін. Зертхана аралық салыстырмалар ҚР СТ ИСО/МЭК43.1 мен ҚР СТ ИСО/МЭК 43.2 сәйкес жүргізіледі.

Техникалық реттеу уәкілетті органның келісімі бойынша зертхана арқылы салыстырмаларын жүргізу сынау зертханасының қызметін тексеру жүргізуді толық бағдарма бойынша ауыстыруы мүмкін.

Тексеру материалдарын ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдерін қабылдау

Тексеру нәтижелері бойынша акт ресімделінеді, құрамында:

- бағдарламаның әр бір тармағы бойынша тексеру нәтижелері;

- белгіленген талаптарға сынау зертханасын (СЗ) сәйкестігін жалпы бағалау;

- сынау зертханасы үшін тексеру нәтижелері бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар болуы керек.

Белгіленген талаптарға сынау зертханасының (СЗ) сәйкестігін жалпы бағалау келесі түрде көрсетілу мүмкін:

- сынау зертханасы (СЗ) белгіленген талаптарға сәйкес;

-сынау зертханасы белгіленген талаптарға сәйкес емес (сақталмайтын талаптары нормативтік құжаттар тармақтарын көрсетіп, негізгі сәйкессіздіктерді атап шығу);

- сынау зертханасының (СЗ) белгіленген талаптарға сәйкес, бірақ бөлек кемшіліктер жіберілген (атап шығу).

Бөлек бұзуларға тексеру барысында жойылған немесе уақыттың (бір айдан кем емес) қысқа аралығында түзетілетін әрекеттер жолымен жойылу мүмкін мол бұзулар жату мүмкін.

Актте жетіспеушіліктерді белгілеу кезінде орындау мерзімдерін көрсетіп ескертпелерін жою үшін сынау зертханасын өткізу қажет, түзетілетін әрекеттердің түрлері көрсетілуі тиіс.

Тексерудің барлық қатысушыларымен қол қойылған, тексеру актінің бір данасы сынау зертханасының басшысына тексеру аяқталғаннан кейін бірден беріледі; аумақтық басқарулар жағынан күші бар заңына сәйкес қабылданған шараларының тізбесімен екінші дана:

- кемшіліктерді жою туралы нұсқамаларды беру;

- сәйкестік сертификаттардың күшін тоқтату туралы (күшін жою туралы) шешім немесе сәйкестік мағлұмдаманы тіркеу;

- өлшеулердің жарамсыз құралдарын қолданудан жою туралы нұсқамаларды беру;

- әкімшілік айыппұлдарды қолдану;

және тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешіміне ұсыныстармен тексеру актісіне қол қою мезетінен 10 күндік мерзімде уәкілетті органға жіберіледі;

актің көшірмесі тексеруді жүргізген мемқадағалау бойынша бөлімшілер ісінде сақталады.

Тексеру нәтижелері негізінде уәкілетті органмен шығарылған, тексеру бойынша шешім үшін келесі ұсыныстар берілу мүмкін:

- белгілі кезеңге, бірақ 6 айдан аспайтын, кемшіліктер жіберілген шектерде аккредиттеу аттестат күшін немесе оның аккредиттеу саласының бөлігін тоқтату;

- аккредиттеу аттестатын жою сұрағын шешу үшін сот органдарына тексеру материалдарын беру.

Тексеру нәтижелері бойынша сынау зертханасының түзетілетін әрекеттердің жоспарын құрастырады және оны мемқадағалау аумақтық органның мәліметіне дейін олардың орындалысы туралы ақпарат беріп жеткізеді.

Аумақтық басқарма ұсынылған ақпаратты талдайды, ал қажеттілік кезінде берілген нұсқамаларды орындау экспресс-тексеруді жүргізеді.

Экспресс-тексеру, орындалған шараларды тексеру туралы мәліметтер және белгіленген талаптарға сынау зертханасының (СЗ) сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы деректер көрсетілетін деталды пішіннің актісімен ресімделінеді.

Егер тексеру процесінде сәйкестікті растау органы (СРО) кез келген өтінішкерге сәйкестік сертификаттың негізделмеген беру фактілері белгіленген болса, онда техникалық реттеу уәкілетті органның аумақтық басқармасы осы өтінішкердің сертификатталған өнімге және міндетті сертификаттаудың ережелерін сақтау нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес тексеруді жоспарлайды және жүргізеді.

4.7 ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН КАЛИБРЛЕУ ҚҰҚЫНА АККРЕДИТТЕУ

Өлшеу құралдарын калибрлеу өлшеу құралдарын калибрлеу құқына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі арқылы жасалып, ҚР СТ 7.4 мемлекеттік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеу қызмет құзыреттілігін ресми анықтау және оларға өлшеу құралдарын калибрлеу құқын беру мақсатында жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің құқықтық және құзыреттілігі заңды тұлғалармен ұсынылған құжат негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша өкілетті мемлекеттік органдармен бекітіледі (ары қарай өкілетті мемлекеттік орган).

Аккредиттеу ерікті жасалады және оны алу кез келген калибр- леу лабораториясының талаптарына сәйкес калибрлеуге жататын өлшеу құралын дайындаушы, тұтынушы және иелігіндегі заңды тұлғаға рұқсат етіледі.

Заңды тұлға өлшеу құралын калибрлеу құқына акрредиттеуден өту үшін өкілетті мемлекеттік органға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • -аккредиттеуге өтініш;

  • -аккредиттеу облысы 2 дана;

  • -метрологиялық қызмет туралы Ереже көшірмесі;

  • -сапа бойынша жетекшілік;

  • -аккредиттеуге дайындау кезінде көрсетілген қызмет бойынша құрылған заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің тәуелсіз эксперттік баға актісі;

  • -заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды заңдалған көшірмесі.

Өлшеу құралдарын калибрлеу құқына аккредиттеу ҚР СТ 7.5 мемлекеттік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өлшеу құралдарын түгендеу өлшеу құралдарын түгендеу құқына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі мен мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Түгендеу құқына аккредиттеу өкілетті мемлекеттік органмен жасалады. Түгендеу лабораториясы 3 жыл мерзімге аккредиттеу аттестатын береді.

ҚР СТ 7.5 мемлекеттік стандарты талаптар бекітеді:

- сапа менеджменті жүйесіне;

  • - персоналға;

  • - түгендеу құралына;

  • -ұйымды регламенттейтін және өлшеу құралдарын түгендеуді өткізу құжаттарына.

Сонымен қатар аккредиттеуге дайындау тәртібін, аккредиттеуді өткізу тәртібін, аккредиттеу аясын кеңейтуді, материалдарды негіздеу мен құжаттау тәртібін регламенттейді.

Аккредитация шарасынан өту үшін өтініш беруші өкілетті органға аккредиттеу туралы ерікті түрде өтініш, тәуелсіз эксперттік баға актісі екі данамен және екі дана құжаттар жиынтығын мыналармен қоса береді:

  • -паспорт;

  • -аккредиттеу аумағы;

  • -сапа жөніндегі жетекшілік;

  • -заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды заңдалған көшірмесі.

Қажет жағдайда өкілетті орган қосымша құжаттар сұрай алады.

Өлшеуді орындау әдісін метрологиялық аттестаттау құқына аккредиттеу ҚР СТ 7.6 мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілетті органның заңды тұлға құқын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша өлшеуді орындау әдісін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыруды ресми мойындауы мақсатында өткізіледі.

Жоғарыда көрсетілген стандарт талаптарына сәйкес өлшеу әдісін метрологиялық аттестаттау құқына аккредиттелген өтініш берушіге 3 жыл мерзімге аккредиттеу аттестаты беріледі.

ҚР СТ 7.6 мемлекеттік стандарт талаптары мыналарға тиісті:

  • -сапа менеджменті жүйесі;

  • -персонал;

  • -өлшеу құралы;

  • -ұйымды регламенттейтін және өлшеу әдісін метрологиялық --аттестаттауды өткізу құжаттары;

  • -қоршаған орта және кеңсе;

  • -метрологиялық аттестаттау нәтижелерін жасау және тіркеу.

Өлшеуді орындау әдісін метрологиялық аттестаттау құқына метрологиялық қызметті аккредиттеу үшін қызығушылық білдірген заңды тұлға өкілетті органға ерікті түрде аккредиттеуге өтініш, екі дана тәуелсіз эксперттік баға актісін және екі дана құжаттар жиынтығын өткізеді, құжаттармен бірге:

  • -өтініш берушінің талап есебінен құрылған ережесі;

  • -өтініш иесінің паспорты;

  • -сапа жөніндегі жетекшілік;

  • -заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

  • нотариалды заңдалған көшірмесі.