Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

1.8 Қызметті стандарттау

Қызметті стандарттаудағы негізгі қағидалары

Қызметті стандарттау аумағындағы негізгі терминдер:

Қызмет- орындаушы сатып алушыға көрсететін ұйым немесе кәсіпкер;

Тұтынушы- жеткізуші ұсынатын қызметті тұтынушы;

Қызметті ұсыну- қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті орындаушы қызметі;

Қызмет көрсету- қызметті тұтынатын тұтынушымен орындаушының арасындағы байланыс;

Қызмет көрсету жағдайы- қызмет көрсету үрдісі кезінде қызметті тұтынуға әсер ететін факторлар жиынтығы;

Қызмет көрсету уақыты- тұтынушы мен орындаушы араласатын уақыт;

Қызмет көрсету аумағы- қызмет көрсетеін кәсіпорын, ұйым жеке тұлғалар жиынтығы;

Қызмет көөрсету объектісі- тұтынушының белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған орындаушының қызмет объектісі;

Қызметті орындаудағы технологиялық үрдіс- қызмет көрсету объектісінің жағдайы өзгеруіне байланысты ұсынылатын үрдістің негізгі бөлігі.

Белгілеуіне сәйкес келуі- бекітілген жағдайда белгілі бір қызметті атқара білу қабілеті;

Біртектес қызметтер тобы - жалпы мақсатты немесе функ- ционалды міндет атқаратын қызметтер жүйесі( жиынтығы);

Біртектес қызметтер топшасы - жалпы функционалды міндеттер атқаратын және белгілі бір тұтыну қасиеттерімен ерекшеленетін біртектес қызметтер тобының бөлігі;

Қызметтер тобы - жалпы конструктивтік, технологиялық шешімдер және басқа да көрсеткіштерімен ерекшеленетін біртектес топшасының бөлігі;

Қызметтерді сертификаттау - көрсетілген қызметтердің қабылданған стандарттарда ережелерге сәйкестігін бекіту жөніндегі қызметтер;

Қызмет көрсету сапасын бақылау - өлшеулер, сынақ жүргізу, қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше сипаттамасын бағалау және нәтижелерді белгілеген шарттармен салыстыруды қамтитын.

Қызметті стандарттаудың мақсаты:

1 қызметі стандарттау аумағындағы бірдей техникалық саясатты тарату,

2 тұтынушылардың мүдделерін және құқықтарын қорғау;

3 қызметтің тұтынушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсізідігін қамтамасыз ету;

  1. адамдар мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану;

  2. қызмет пен қызмет көрсетудің бәсекеге сай болуын қамтамасыз ету;

  3. ғылым мен техниканың дамуына, тұтынушылардың қажеттілігіне байланысты қызметтің сапасын жоғарлату;

  4. қызмет пен қызмет көрсетудің сертификаттауға қажетті нормативтік базасын құру.

Қызметті стандарттаудың негізгі мәселелері:

  • қызметті нормативтік қамтамасыздандыру;

  • біртекті қызметтердің топтары мен топшалар қызмет түрлері, жекелеген қызмет пен қызмет көрсету үрдістерін және олардың құрастырушы, яғни адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптарды бекіту;

  • қызмет көрсету аумағындағы ұйымдарға, технологиялық үрдістерге мен басқаруға қойылатын талаптарды бекіту;

  • қызмет көрсету сапасымен бақылау әдістеріне қойылатын талаптарды тиімді бекіту;

  • қызмет көрсету аумағындағы терминдер мен анықтамалар;

  • қызметті жіктеу және кодтау жүйесін құру және енгізу;

Қызметті стандарттаудың негізгі принциптері мен объектілері:

  • нормативтік құжат талаптарының рационалды қарама қайшы келмейтін негізделген болуын қамтамасыз ету және оларды тексеру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен барлық дәрежелер мен категорияларды бір-бірі мен байланыстығы мен үйлесімдігі;

  • қызметті орындаушы мен тұтынушы арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

  • қызметтің қоршаған ортаға, адам өміріне, денсаулығына, мүлігіне қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • қызмет көрсету кезінде қазіргі өндірістік және ақпараттық технологияны қолдану халықаралық қызмет көрсету дәрежелерінің меңгеру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды үнемі жетілдіру және жаңарту, халықаралық аумақтық қажетболған жағдайда басқа елдердің ұлттық нормативтік құжаттармен үйлестіру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың оларды сертификаттауда қажеттілігі.

Қызмет аумағындағы стандарттау объектілер. Қызмет аумағындағы стандарттау объектілері:

  1. қызметтің түрлері белгілі бір қызмет түрлері бар текті қызметтің топтары мен топшалары;

  2. қызметке қойылатын талаптар;

  3. қызмет көрсету объектілер;

  4. қызмет көрсету өндірістік үрдісі;

  5. қызмет көрсету жағдайындағы көрсетілетін талаптар;

  6. инфрақұрылыды құрастырушы элементтер;

  7. ұйымдық әдістемелік және жалпы техникалық объектілер /стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қызметті басқаруды ұйымдастыру үрдістер/.

Қызметтің жіктелуі

Қызметті жіктеуге арналған негізгі белгілер:

- қызмет көрсету аумағы;

- белгіленуі;

- қызмет көрсету түрі;

- қызмет көрсету объектісі;

- қызмет көрсету субъектісі.

Қызмет көрсету аумағына байланысты қызметтер былай бөлінеді:

- өндірістік-экономикалық инфрақұрылымдық қызметтер;

- нарықтық инфрақұрылымдық қызметтер;

- әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымдық қызметтер яғни денсаулық, мәдениетті қорғау жөніндегі және т.б.

Жалпы жағдайда қызмет белгіленуі бойынша былай бөлінеді:

- ғылыми-техникалық;

- өндірістік;

- қаржы – экономикалық;

- білім;

- ақпараттық;

- консультативтік;

- тұрмыстық;

- байланыс қызметі;

- медициналық қызмет;

- ойын-ауық;

- коммуналдық және т.б.