Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.6 Аккредиттеу субъектілері

4.6.1 Аккредиттеу жөніндегі орган

Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол уәкілетті органның жанынан құрылады.

Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1 аккредиттеу мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

2 аккредиттеу аттестатын үш жыл мерзімге береді;

3 аккредиттеу аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұрады.

Аккредиттеу аттестатының қолданылуының тоқтата тұруына негіз болған себептер жойылған кезде немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған кезде аккредиттеу органының өтініші бойынша аккредиттеу аттестатының күші сот шешімімен жойылады;

4 инспекциялық тексеруді жүзеге асырады.

Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және зертханаларды аккредиттеу техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеу рәсімдерін халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру – Қазақстандағы өнім мен қызмет көрсету нарығының дамуына, сертификаттауға жұмсалатын шығындардың төмендеуіне, сарапшы аудиторлардың біліктілігіне қойылатын талаптардың шындалуына, өнім өндірушілердің, жеткізушілердің және сатушылардың жауапкершіліктердің артуына, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың іс-әрекеттеріне сенім қалыптасуына себепкер болады.

Аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін органға Мемстандарт келесі жұмыс түрлерін орындауға құқықтық өкілет беруі мүмкін.

  • аккредиттеуге өтінілген құжаттарды сараптау;

  • аккредиттеу мәселелері бойынша ақпараттық қызмет көрсету;

  • өінім берушіні алдын–ала және аттстаттаулық тексеру;

  • өінім берушінің іс-әрекетіне аудит жүргізу;

  • консалтингтік қызмет көрсету;

  • өінім берушінің аттестаттаулық тексерілуіне қатысу.

Аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін орган:

  • аккредиттеу субъектілеріне қойылатын талаптарды реттейтін,

белгіленген тәртіпте аккредиттеу саласының нормативті құжаттарын, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін, аккредиттеу саласы қызметіне қажетті басқа да ережелерді әзірлейді;

● аккредиттеу саласындағы нормативтік-әдістемелік, техникалық және анықтамалық құжаттардың меншікті қорын қалыптастырып, оны дүркін-дүркін жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

● аккредиттеу аясына орай саланың нормативті құжаттарына сәйкес жұмыс атқарады;

  • аккредиттелген ұйымдарды есепке алады;

  • өзінің құзіреттілігі шегінде шағым-арыздарды қарастырады;

● Мемстандарттың тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеуге дайындау барысында жұмыстардың құны ҚР СТ 7.9 стандарты бойынша есептелінеді.

Аккредиттелген ұйымдар аккредиттеу аясына сәйкес жұмыстарды нақты орындауға міндетті. Аккредиттелген ұйымдар өз іс-әрекеті барысында Мемстандартпен және басқа да аккредиттеуге қатысушылармен қарым-қатынаста болып, аккредиттеу критериясына қатысты барлық өзгерістер жиындағы ақпараттармен бөліседі.

Аккредиттеу жүйесіндегі барлық жұмыстарды аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторлар жүргізеді. Олар аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды сараптайды, өтінім берушілерді атестаттап, аккредиттеу атестатын беру жөніндегі шешімді дайындайды, бұған қоса, аккредиттелген ұйымдарға инспекциялық тексеру жүргізеді. Ұйымды аккредиттеуге дайындаған сарапшы-аудитор, ол ұйымды аккредиттеу жұмыстарына қатыстырылмайды

Аккредиттеуге дайындау жөнінде қызмет көрсететін орган ретінде құзіретілігін аккредиттеу барысында расталған ұйымдар жұмыс істейді.

Осындай ұйымдардың бірі «Ұлттық аккредиттеу орталығы». Бұл ұйым стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы біліктілігін арттыру институты республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және «Казсертико» «Мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қайта ұйымдастыру жолымен №1227- 2000 жылдың тамыздың 9-нан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ААҚ-ы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-не өзгертілді.

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» стандарттау, метрология және сертификаттау облысында нарықта 10 жылдан астам жұмыс атқарады.

«Ұлттық аккредиттеу орталығыда» ИСО 9001-2000 талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесі сертификатталған және енгізілген. 2005. 06.09-ғы № 04100 RW TUV сертификаты.

2000 жылдан бастап «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ILAC (Сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша халықаралық кооперациясы) мүшесі болып табылады.

«Ұлттық аккредиттеу орталығының» тапсырмасы сынақ зертханалары мен сәйкестігін растау жөніндегі органдарына аккредиттеу обылысында қызмет көрсету.

Ұлттық аккредиттеу орталығының негізгі мақсаттары:

- қазақстандық техникалық сараптамасы, оның тәуелсіздігі мен кәсіпқор құзыреттілігінің абыройын бекіту, сыртқы және ішкі нарықта өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату;

- халықаралық және аймақтық жүйелерінде ұлттық аккредиттеу жүйесін мойындау;

- аккредиттелген кәсіпорындарда баға сәйкетігі жөнінен қызмет нәтижелеріне тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету.

Аккредиттеу жөнінен халықаралық ұйымдарға кіру мақсатында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» мемлекет есебінде қабылданған, халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеуге отандық сынақ зертханаларын (СЗ) даярлау бойынша жұмыстар атқарады.

Өз қызметінде орталық серіктестері:

- «Қазақстандық метрология институты» РМК

- «Қазақстандық стандарттау институты»РМК

- RW TUV

- Сәйкестігін растау жөніндегі органдары мен және сынақ зертханалары

- ТМД және т.б.мемлекеттерінің аккредиттеу жөнінен органдарымен.

Соңғы жылдары (2003-жылдан бастап) әр түрлі себептерге байланысты аккредиттеуге дайындау төңірінде бәсекелестік жағыдай туындап, «ҰАО» ЖШС-ның білікті мамандар өз беттерінше жеке меншік аккредиттеуге дайындау жөнінде орган құрып, техникалық реттеу жүйесінің басқа да салаларына ауысып, серіктестік жұмысының тиімділігі төмендеп кетті.

Әлемдік практикада аккредиттеу жүйесі жеке жүйе болып жұмыс істейтіндігін ескеріп, ҚР Мемлекеттік техникалық жүйесіндегі негіз болатын стандарттарына айтарлықтай өзгерістер еңгізудің уақыты туды. Көп үміт арқан ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы аккредиттеуді жүйе ретінде емес, тек мемлекеттік техникалық жүйесінің бір саласы ретінде ғана қарастырады. Аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдардың берген сертификатына және сынау зертханаларының берген сынау хаттамасын халықаралық деңгейде сенім қалыптастыру үшін әлемдік деңгейде мойындалатын ҚР Аккредитеу жүйесін қалыптастыру-заман талабы.

Аталмыш жүйенің болмауы отандық өнімдерді, соның ішінде, астықты және одан өндірілген өнімді шетелге сату кезінде үлкен экономикалық шығындар және техникалық кедергілер туғызды.

Қазірғі кезде аккредиттеу саласын жетілдіу бағытында уақыт күттірмей шешім мәселелері бар. Олар: аккредиттеу саласында номативтік-құқықтық базаның болмауы; халықаралық деңгейде таңылған сарапшы-аудитордың жоқтығы; аккредиттеу саласы бойынша халықаралық қатынастардың нашар дамуы; саланың мемлекеттік бюджет тарапынан жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Жоғарыда келтірілген мәселелерді шешудің жолдары: ең басты – ұйымдардың тәуелсіз сараптудың және техникалық құзіреттілігін бағалаудың көлемін ұлғайту, әрі олардың сапасын жақсарту. Бұған қоса, «ҰАО» ЖШС-ін ҚР МТРЖде аккредиттеу және «ҰАО» ЖШС мамандарын халықаралық аккредиттеу деңгейінде сарапшы-аудиторлар дайындау мақсатында шетелдерде оқыту.

«ҰАО» ЖШС-ті соңғы 5-7 жылдың көлемінде жекешелендіруге жатпайтын кәсіпорындардың тізіміне енгізу керек. Бұл Қазақстанда аккредиттеу жүйесінің қалыптасуына алғы шарттардың негізгісі болар еді.

«ҰАО» ЖШС құзіреті шеңберінде халықаралық қатынастарды кеңейту және дамыту қажет. Бұл үшін ҚР Үкіметі мен Мемстандарт, «ҰАО» ЖШС бірлесе отырып, ҚР-да 2006-2010 жылдар аралығында аккредиттеу жүйесін қалыптастыру, дамыту бағдарламасын дайындаулары тиіс. Аталған мәселелер оң шешім тапқан жағдайда, біздің аккредиттеу және сертефикаттау нәтижелері халықаралық деңгейде мойындалады, қазақстандық өнімдердің сапасы жақсарып, олардың ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігі артады, еліміздің экономикалық әулеті жоғарылайды.

Субъектiлердi аккредиттеу уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен заңды тұлғалардың өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.