Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3 Тарау. Сертификаттау негізі

Сертификаттау бөлімінінде қолданылған нормативтік құжаттарға сілтемелар:

ҚР СТ 1.0-2006 Негізгі ережелер

ҚР СТ 3.1-2001 ҚР МСЖ. Сәйкестік белгі. Техникалық талаптар.

ҚР СТ 3.4-2003 ҚР МСЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар.

ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызмет көрсетуді сертификаттау. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 3.9-2004 ҚР МСЖ. Импортталған өнімді сертификаттау.

ҚР СТ 3.10-2004 ҚР МСЖ. Апелляцияларды қарастыру тәртібі.

ҚР СТ 3.11-2003 ҚР МСЖ. Жүйенің Мемлекеттік тізілімінің

құрлымы және оны жүргізу тәртібі.

ҚР СТ 3.15.2-98 ҚР МСЖ. Сапа жүйесін сертификаттауды жүргізу- дің тәртібі.

ҚР СТ 3.15.3-98 ҚР МСЖ. Өндірісті сертификаттауды жүргізудің тәртібі.

ҚР СТ 3.16-2004 ҚР МСЖ. Зертханааралық салыстырулар. Ұйым- дастыру және оларды жүргізу тәртібі.

ҚР СТ 3.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді және қызмет көрсетуді сәй- кестік белгімен таңбалаудың тәртібі.

ҚР СТ 3.27-2002 ҚР МСЖ. Тағам өнеркәсібі және ауыл шаруа- шылығы өндірісі өнімдерін сертификаттау тәртібі.

ҚР СТ 3.34-2003 ҚР МСЖ. Сәйкестікті растау кезінде тағам өнер- кәсібі және ауыл шаруашылығы өндіріс өнімдерін бірдейлендіру. Жалпы талаптар.

ҚР СТ 3.53-2004 СМЖ. Тәуекелдер мен сын бақылау нүктелерін талдау қағидалары негізінде сапа менеджменті жүйесін сертификат- тау тәртібі (НАССР).

ҚР СТ 3.58-2005 ҚР МТРЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу кезінде қолданылатын үлгілермен жұмыс істеу тәрібі.

ҚР СТ 3.60-2005 ҚР МТРЖ. Астықтың және оның өнімдерінің сапасына сайкестігін растауды жүргізу тәртібі.

ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 Өнімді сертификаттау жөніндегі орган- дарға қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СТ 1014-2000 Өнімді бірдейлендіру. Жалпы ережелер.

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен өз иелігінен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ, өтеулі және өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілген қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білім немесе тәжірибесі бар жеке тұлға.

Өтінім беруші – сәйкестікті растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға.

Сәйкестікті растау жөніндегі органсәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.

Сынау зертханасы - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін сынау жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдардың зертханалары.

Сәйкестікті растау сұлбасы – объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативті және техникалық құжаттаманы талдау және т.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.