Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.9 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттеудің талаптары және тәртібі

Тәуелсіз сараптама бағалау метрология саласында қызметті, соның ішінде өлшем құралдары және стандартты үлгілерді өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау және басқа жұмыстарды іске асыру құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу және лицензиялау алдында іске асырылады.

Бағалауды метрология саласында тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар іске асырады.

Метрология саласында тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттеу заңды тұлғаның тәуелсіз сараптама бағалауды іске асыруының заңдылығын «Техникалық реттеу және метрология» жөніндегі уәкілетті органның (әрі қарай уәкілетті орган) ресми тануы мақсатында жүргізіледі.

Аккредиттеудің оң нәтижелері кезінде өтінім берушіге үш жылға дейінгі мерзімде нысаны бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі.

Өтінім беруші өз қызметін аккредиттеу аттестатына қоса берілетін, нысаны бойынша аккредиттеу саласына сәйкес іске асырады.

Тәуелсіз сараптама бағалау: Қызметтің осы түріне аккредиттелген және тәуелсіз тұлғамен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды орындау құқығына лицензиялау және аккредиттеу кезінде қойылатын талаптарға жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестігіне жүргізілетін бағалау.

Тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттеу кезінде қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы заңнамалығының талаптарына жауап беретін өлшем құралдарын өндіруді, жөндеуді, салыстырып тексеруді, калибрлеуді іске асыратын заңды тұлғадан тәуелсіз заңды тұлға өтінім беруші бола алады.

Өтінім берушіде қызмет және орындалатын жұмыстардың көлемі есебімен дайындалған сапа менеджментінің жүйесі болуы қажет.

Сапа менеджменті жүйесінің құжаттары ҚР СТ ИСО 10013, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 және ҚР СТ ИСО 9001 талаптарының есебімен сапа бойынша Басшылық түрінде ресімделеді.

Сапа бойынша Басшылыққа мыналар кіреді:

- сапа саласындағы саясат және мақсаттар;

- өтінім берушінің қызмет саласы;

- қызметкерлердің бағыныштылығын суреттейтін өтінім берушінің ұйымдастырушылық құрылымы;

- басқарушы қызметкерлердің және қызметкерлердің қызметін суреттеу, лауазымдық нұсқауларға сәйкес олардың функционалдық міндеттерін бөлу, оларда, соның ішінде штатты басшылардың жоқ болуында оларға жүктелетін міндеттердің және жауапкершілік дәрежесінің шеңбері белгіленеді;

- тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу кезінде жұмыстарды орындаудың сапасын қамтамасыз ету процедурасы;

- нормативті құжаттардың қоры туралы мәліметтер, қорды жүргізу процедурасы және оны актуалдау тәртібі;

- құжаттарды есептеудің және сақтаудың тәртібі;

- аккредиттеу аттестатының қолдану мерзімі тоқталу, жойылу, аяқталу жағдайында қызметті тоқтату процедуралары;

- ішкі бақылаудың сұлбасы;

- өтінім беруші қызметін ішкі бақылау процедуралары;

- наразылықтар мен рекламацияларды қарау процедуралары;

- өзгерістерді тіркеу парағы және сапа жүйесінің құжаттарына өзгерістерді енгізу және тіркеу тәртібі.

Сапа бойынша басшылық мерзімді түрде жүргізілетін түзетуші әрекеттердің үнемі тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында актуалданып отырады. Сапа менеджментінің жүйесін ішкі тексеру және түзетуші әрекеттер тіркеледі және қызметкерлерге жеткізіледі.

Өтінім берушіде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында үш сарапшы-аудитордан кем емес және метрология саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі және біліктілігі бар мамандарды қосатын қызметкерлер болуы қажет.

Қызметкерлердің әрбір санатына міндеттерді, құқықтарды және жауапкершілікті, сондай-ақ біліміне, дайындығына және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды белгілейтін лауазымдық нұсқау дайындалған болуы қажет.

Өтінім берушіде қызметкерлердің біліктілігін бағалау процедурасы болуы, қызметкерлерді оқумен және біліктілігін жоғарылатумен қамтамасыз етуі қажет.

Өтінім беруші өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативті құжаттарды басшылыққа алуы, тәуелсіз сараптама бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған қолданыстағы нормативті құжаттардың қажетті қорына ие болуы қажет. Нормативті құжаттардың қоры үнемі актуалданып отыруы қажет.

Өтінім берушіде белгіленген талаптарға жауап беретін орындар (тиісті органдардың оң нәтижелері), қызметкерлерді орналастыру үшін жағдайлар болуы қажет.

Өтінім берушіде тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу нәтижелерін ресімдеу және тіркеу жүйесі болуы қажет, ол үшін оргтехника, мебель болуы қажет.

Аккредиттеуді жүргізу тәртібі. Тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына өтінім берушіні аккредиттеуді Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) жүргізеді.

Өтінім беруші уәкілетті органға еркін түрде аккредиттеуге екі данада құжаттар жиынтығын жібереді, оған мыналар кіреді:

  • ереже;

  • төлқұжат;

  • сапа бойынша басшылық;

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі.

Қажет жағдайда уәкілетті орган қосымша құжаттарды сұрай алады.

Аккредиттеу өзіне мына жұмыстарды қамтиды:

  • материалдарды сараптау;

  • аттестаттық зерттеу;

  • шешім қабылдау;

  • өтінім берушіні Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізілімінде (әрі қарай ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу.

Уәкілетті орган өтінім беруші ұсынған материалдарды оларды берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Өтінім берушіні аттестаттық зерттеуді уәкілетті орган тағайындаған комиссия жүргізеді, оның құрамына өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы – аудиторлар, уәкілетті органның мамандары, сондай-ақ басқа да мекемелердің өкілдері кіреді.

Аттестаттық зерттеудің нәтижелері нысаны бойынша актпен ресімделеді.

Материалдар уәкілетті органның метрология бойынша ҒТК қарауына ұсынылады.

Уәкілетті органның оң нәтижесінде:

- аккредиттеу аттестаты, аккредиттеу саласы ресімделеді және беріледі;

- өтінім берушіні ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу іске асырылады;

- өзіне өтінім берушінің ережесін, төлқұжатын, сапа бойынша басшылықты қосатын тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттелген материалдардың бір данасы беріледі.

Аккредиттеуден бас тарту жағдайында жазбаша түрде дәлелденген жауап беріледі.

Аккредиттеуден бас тартудың негіздемесі келесілер бола алады:

  • осы өтінім берушіге заңнамалық актілермен қызметтің осы түрін іске асыруға тыйым салынған болса;

  • метрология саласында тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығын алуға қажетті барлық құжаттар ұсынылмаған болса;

  • өтінім беруші осы стандарттың талаптарына сәйкес келмесе;

  • заңнамалықпен қарастырылған басқа да жағдайлар.

Ұйымдастырушылық құрылымда, кадрлық құрамда және т.б. өзгерістер болған кезде аккредиттеу аттестатының қолдану мерзімі ішінде өтінім беруші уәкілетті органға өзгерістер енгізілгеннен кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарастырылған құжаттардың актуалданған жиынтығын ұсынады.

Заңды тұлғаны қайта тіркеу (қызметті іске асыру шарттары өзгерусіз) кезінде аккредиттеу аттестатын жаңа заңды тұлғаға қайта ресімдеу іске асырылады, ол үшін уәкілетті органға 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей келесі құжаттар ұсынылады:

  • еркін түрде қайта ресімдеудің себептерін көрсету арқылы аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге өтінім;

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі;

  • жаңадан тіркелген заңды тұлғаның мираскерлігін растайтын және 5 бөлімде қарастырылған шарттар өзгеріссіз қалғанын куәландыратын құжаттар.

Аккредиттеу аттестатының қолданысын уақытша тоқтату

Өтінім берушінің аккредиттеу аттестатының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша алты айлық мерзімге дейін мына жағдайларда уақытша тоқтатыла алады:

  • оның қызметінде 5 және 6 бөлімдердің талаптарына сәйкессіздік байқалған болса;

  • мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың теріс нәтижелерінде;

  • заңнамалықпен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Аккредиттеу аттестаты өз қолданысын мына жағдайларда тоқтатады:

  • аккредиттеу аттестаты қайта шақырылып алынған болса;

  • заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе жойылған болса;

  • заңды тұлғаның қызметі тоқталған болса;

  • аккредиттеу аттестатының қолдану мерзімі аяқталған болса;

  • заңнамалықпен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Аккредиттеу аттестатын қайта шақырып алу заңнамалықтың және осы стандарт талаптарын орындамаған жағдайда сот шешімі бойынша іске асырыла алады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалығын, Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарын, мемлекетаралық нормативті құжаттарды және осы Ережені басшылыққа алады.

Өтінім берушінің штаты өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлармен, метрология саласында тиісті білімі, кәсіби дайындығы және жұмыс тәжірибесі бар мамандармен жинақталған. Олардың қызметтері, құқықтары және жауапкершілігі лауазымдық нұсқауларда белгіленеді.

Қызметтер. Аккредиттеу саласына сәйкес тәуелсіз сараптама бағалауды іске асыру. Тәуелсіз сараптама бағалау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне талдау жүргізу.

Жұмыс кезінде қолданылатын нормативті құжаттардың деңгейіне және олардың қолданысын жою туралы ұсыныстарды дайындауға, қолдану мерзімін шектеуге немесе қайта қарауға талдау жүргізу.

Қызметкерлердің еңбегін қорғау, техника қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қорғау бойынша іс шараларды іске асыру.

Міндеттері мен құқықтары. Осы Ережеге сәйкес жүктелген міндеттер мен қызметтерді толық көлемде орындау.

Қолданыстағы заңнамалықты және нормативті құжаттар талаптарын сақтау.

Қойылатын талаптарға сәйкестік.

Іске асырылатын тәуелсіз сараптама бағалаудың сапасын қамтамасыз ету.

Уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысу.

Жүктелген міндеттерді орындау кезінде аккредиттеу саласына сәйкес метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттеуге кәсіпорынның дайындығын анықтауға, байқалған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар беруге құқылы.

Жауапкершілік

Өтінім беруші:

  • метрология саласында заңды тұлғаларды аккредиттеу және лицензиялау кезінде оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны үшін;

  • тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізудің жасалынатын келісімдермен белгіленген мерзімдерін орындамағаны үшін;

  • жүргізілетін жұмыстардың нәтижелері туралы ақиқат емес деректерді ұсынғаны үшін;

  • сараптама бағалаудың сапасыз жүргізілгені үшін жауапты.