Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать
    1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы – аудитор

Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізудің бас қатысушысысарапшы – аудитор.

Қазақстанда сарапшы – аудиторларды аттестаттау іс-әрекеттің келесі бағыттары бойынша жүргізіледі:

  • Стандарттау;

  • өнімнің, процестердің, қызмет көрсету және менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау;

  • сәйкестігін растау жөніндегі органдарды және сынау зертханаларын аккредиттеу.

Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - Мемстндарт белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың негізгі біліктік талаптарын және оларды дайындау және аттестаттау тәртібін Мемстандарт төрағасының 2005 жылдың 22-сәуіріндегі № 118 Бұйрығы (Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесін бекіту туралы) және ҚР СТ 1.26-2001 «ҚР МСЖ. Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар. Дайындау және аттестаттау тәртібі» стандарты белгілейді.

Қазіргі кезде (2007-жыл) ҚР МТРЖ-де аттестатталған сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі 1500-ден астам сарапшы-аудитор қызмет көрсетеді. Олардың мыңнан астамы тағам өнімдерінің сәйкестігін растау саласында қызмет атқарады.

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында немесе онымен жасалған келісім-шарт негізінде өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.

Егер сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор өтінім берушінің мүддесін білдірсе немесе онымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда болса, онда сарапшы-аудитордың өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарға қатысуға құқығы жоқ.

Сарапшы-аудиторлар құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар

Сарапшы-аудиторларлыққа үміткер аттестат алу үшін келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • үміткердің жоғары білімі және өтінілген сала бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі немесе орта кәсіби білімі және өтінілген сала бойынша алты жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы тиіс;

  • үміткер өтінілген сала бойынша теориялық оқу курсынан өтуі тиіс. Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды кәсіптік дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыруды Мемстандарт жүзеге асырады.

  • Үміткер өтінілген сала бойынша тәжірибелік дайындықтан (машықтанудан) өтуі тиіс.

  • Үміткердің білімі, теориялық дайындығы және машықтану бағыты өтінілген салаға сәйкес болуы шарт. Маманның меңгерген теориялық курсына, біліктігін жоғарылату және тәжірибе жинақтауына байланысты сарапшы-аудитор іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағыттары бойынша аттестаттала алады.

Теориялық дайындықты жақсы аяқтаған жағдайда үміткерге белгіленген формадағы куәлік беріледі.

Теориялық оқу курсынан өткеннен кейін білімді бағалау жазбаша немесе ауызша емтихан тапсыру, әңгімелесу, тестілеу жолымен немесе басқа да тәсілдермен іске асырылады.

Куәлік алған маман іс-әрекеттің таңдалған бағыты бойынша машықтанудан өтеді.

Машықтану теориялық оқу курсын аяқтағаннан кейін аккредиттеу, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлыққа үміткерлер үшін 2 жылдың ішінде, басқа бағыттар бойынша – 1 жыл ішінде жүргізілуі тиіс.

Машықтану саны:

  • Сапа менеджменті жүйесі бағытын таңдаған үміткер үшін – 4-тен кем емес (машықтанудың жалпы ұзақтығы 20 жұмыс күнінен кем емес);

  • өнімнің сәйкестігін растау бағытын таңдаған үміткер үшін – 4-тен кем емес (әр түрлі сәйкестігін растауды тәсілдері бойынша);

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынау зертханаларын аккредиттеу бағытын таңдаған үміткер үшін – 4 рет (аккредиттеу субъектілерін аттестаттық зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысу).

Машықтанудың басшысы ретінде ҚР Сарапшы-аудитор атағына ие маман тағайындалады.

Әрбір машықтану нәтижесі бойынша машықтану жазбаша есеп береді, ал машықтанудың басшысы машықтанушының теориялық дайындығына, практикалық тәжірибесі мен жеке қасиеттеріне баға беретін пікір-сипаттама береді (ҚР СТ 1.26 стандартының Б қосымшасы).

Сарапшы-аудитордың өз қызметін орындау үшін қажетті құзіреттілігі, білім деңгейі, ұстамдылығы, логикалық ойы, аналитикалық ақылы, жағдайды бағалау қабілеті болуы тиіс, бұған қоса, ол басты басымдылық көзқарасынан күрделі процестерді түсінуі, іскерлік этикет ережелерін білуі керек.

Сарапшы-аудитор өз ойын жазбаша және ауызша жеткізе алу тиіс.

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор жұмыстарды ұйымдастыру және сертификаттарды беру негізділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар:

  • сапа менеджменті және НАССР жүйелері (әрі қарай – сапа менеджменті жүйесі) мен экологиялық менеджмент жүйелерінің құжаттарын талдау, олардың стандарттар мен құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалауы және шешім қабылдауы;

  • сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелерінің қызметтерін тексеру бағдарламаларын құрастыруы;

  • кәсіпорында тексеруді ұйымдастыру жөніндегі қажетті рәсімдерді жүзеге асыруы, тексеру әдістерін қолдануы, сауалнама жүргізуі;

  • сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелерінің нақты жұмыс атқаруларын тексеруі;

  • сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелерінің стандарттары мен құжаттарының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізуі;

  • сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімге қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз ету мүмкіндігін талдауы және баға беруі;

  • тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауы және сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелеріне сертификат рәсімдеуі;

  • тексеру туралы есепті дайындауы;

  • сертификатталған сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент жүйелеріне инспекциялық тексеру ұйымдастыруы және жүргізуі, олардың нәтижелері бойынша шешім қабылдауы және құжаттарды рәсімдеуі;

  • түзетуші шаралардың орындалуын бағалауы тиіс.

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарын жұмыстарын ұйымдастыра білуі және сертификатты беру негізділігін қамтамасыз етуі, сонымен қатар:

  • өтінім беруші өнімнің сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарды талдауы және олар бойынша шешім қабылдауы, сәйкестікті растау тәсімін таңдауы;

  • өнімді бірдейлендіруі;

  • сынау үшін өнім сынамаларын іріктеуі;

  • сыенау нәтижелерін бағалауы;

  • өндіріс жағдайын талдауы және өндірілетін өнім сапасының тұрақтылығын бағалауы;

  • нақты өнім өндірісінің күйін талдаудың жұмыс бағдарламасы мен әдістемелерін әзірлеуі;

  • сертификат пен сәйкестік белгіні қолдануға рұқсатты рәсімдеуі;

  • сәйкестігі расталған өнімге инспекциялық тексеруді ұйымдастыруы және жүргізуі;

  • түзетуші шаралардың орындалуын бағалуы тиіс.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудитор өз саласындағы жұмыстарды ұйымдастыра білуі және сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеудің ережелері мен рәсімдерін сақталуын қамтамасыз етуі, сонымен қатар:

  • аккредиттеуге өтінілген құжаттарға сараптама жасауы, сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу аясының сынау жұмыстарын жүргізуге өзара келісімшарт жасасқан сынау зертханаларын аккредиттеу аясымен сәйкестігін бағалау, сараптамалық тұжырымдама жасауы;

  • нақты мамандану бойынша іскерлік ойындарын ұйымдастыруы және олардың (сәйкестікті растау жөніндегі орган қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің дұрыстылығын, әрі олар қабылдаған шешімнің негізділігін бағалауы;

  • нақты өнімге бақылау сынау жүргізуді ұйымдастыруы, сынау нәтижелерін өңдеуі және рәсімдеуі бойынша, сонымен қатар, сынау зертханаларының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сынау жұмыстарын жүргізу бойынша сынаушының біліктілігін бағалауы;

  • қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтардың техникалық және метрологиялық сипаттамалары тиісті талаптарға сәйкестігін бағалауы;

  • аккредиттелуге үміткер ұйымның жұмыстарында орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар беруі;

  • ұйымның сәйкестікті растау жөніндегі органға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауы, аттестаттау актісін рәсімдеуі, қажет болса, ерекше пікірді рәсімдеуі;

  • аккредиттеу құжаттарының жиынтығын, оның ішінде аккредиттеу аттестатын рәсімдеуі;

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларында (орталықтарында) инспекциялық тексеруді ұйымдастыруы және жүргізуі, инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауы және құжаттарды рәсімдеуі;

  • түзетуші шаралардың орындалуын бағалауы тиіс.

Сарапшы - аудиторлар аттестаттау, қайта аттестаттау және аттестаттардың күшін жою

Сарапшы аудиторлыққа үміткер комиссияға келесі құжаттарды: өтінішін, машықтанудан өткені туралы есебін және карточкасын тапсырады.

Машықтанудан өткені туралы есеп пен жеке карточканың формасы «Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесін бекіту туралы» Мемстандарт төрағасының 2005 жылдың 22 сәуіріндегі №118 Бұйрығының 2 және 3 – қосымшаларында келтірілген.

Комиссия Мемстандарт төрағасы бекіткен «Сарапшы - аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы» ережеге сәйкес әрекет етеді. Комиссия құрамында 2/3 кем емес сарапшы – аудиторлар, ал бірінші рет енгізіліп отырған бағыттар бойынша – құзіретті тұлғалар болуы керек .

Сарапшы - аудиторларды аттестаттау үш кезеңнен тұрады:

1 – кезең. Берілген құжаттардың түгелдігін тексеру.

2 – кезең. Комиссияның берілген құжаттардың қарауы және шешім қабылдауы;

3 – кезең. Сарапшы - аудитор аттестатын рәсімдеу және оны ҚР МТРЖ – нің тиісті тізіліміне тіркеу.

Құжаттардың қаралу ұзақтығы Мемстандартқа келіп түскен күннен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.

Оң шешім қабылданса, сарапшы - аудиторлыққа үміткерге аттестат беріледі (ҚР СТ 1,26 стандартының Е қосымшасы сарапшы - аудитор аттестатының формасы берілген). Аттестатқа Мемстандарттың төрағасының немесе оның орынбасарының қолы қойылады.

Берілген аттестат тіркелген уақыттан бастап үш жыл бойы жарамды.

Теріс шешім қабылданса, комиссия сарапшы - аудиторлыққа үміткерге себептері көрсетілген бас тарту жіберіледі.

Аттестатының әрекеті мерзімнің аяқталуына дейінгі үш ай бұрын сарапшы - аудитор комиссияға қайта аттестаттау туралы өтініш жіберу керек.

Қайта аттестатталуға бел буған сарапшы - аудитор комиссияға ұсынуы тиіс:

  • біліктілігін арттырғаны туралы құжаттар (біліктілігін арттыру курстарынан өткені, арнайы орталық орталықтарында және оқыту мекемелерінде семинар, жиналыс, дөңгелек үстел өткізгені немесе олардың жұмысына қатысқаны туралы);

  • аяқталған немесе аяқталуға жақын жұмыстары туралы мәліметтері бар, алдынғы аттестаттаудан кейінгі кезеңде өзінің іс - әрекеті туралы есеп (мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды, бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, ҚР Президент мен Үкіметінің қаулылары мен өкімдердің, заңдар мен жарлықтарын, басқа да нормативтік – құқықтық құжаттарды және нормативтік актілерді әзірлеу және сараптау бойынша тексерулерге, комиссияларға, жұмыстарға қатысу, мамандарды даярлау мен біліктіліктерін арттыруға, семинарлар мен тағылымдамаларға қатысу).

Сарапшы – аудитор кәсіби біліктілігін арттыру курстарында үш жылда бір рет оқуы тиіс.

Қайта аттестаттау оң нәтиже берген жағдайда аттестаттың әрекеті мерзімі үш жылға ұзартылады. Бұл жағдайда сарапшы – аудиторғабұрынғы тіркеу нөмірі сақталған жаңа аттестат беріледі.

Комиссия тәртібі кәсіби және этикалық талаптарға жауап бермейтін сарапшы - аудитордың аттестатының әрекетін кез келген уақытта тоқтата алады.

Қайта аттестаттау теріс нәтиже берген жағдайда, қайта аттестаттауға құжаттрады ұсынбаған немесе қызметтік жағдайын пайда көру мақсатында пайдаланған жағдайда сарапшы – аудитор ҚР МТРЖ – нің тізіліміне шығарылады, ол туралы оған комиссия Мемстандарт шешім қабылдағаннан кейін үш күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

Сарапшы – аудиторлар құзіреттілігін қолдау

Сарапшы – аудитор өзінің құзіреттілігін келесі жолдармен қажетті деңгейде ұстап отыруы және:

  • сәйкестікті растау саласында білімнің қазіргі заман деңгейін қамтамасыз ету үшін өздігінен дайындалуы;

  • сәйкестікті растау жұмыстарына, оқу семинарларына, жиналыстарға, дөңгелек үстелдерге, біліктілігін арттыру курстарына, сәйкестікті растау жөніндегі конференцияларға қатысуы;

  • сәйкестігі расталған өнімге инспекциялық тексеру жүргізуге қатысуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1 Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау тәртібі

2 Өндірісті сертификаттау тәртібі

3 Экологиялық сертификаттау тәртібі

4 Қызметті сертификаттау тәртібі

5 Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор.