Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3.5 Сәйкестікті растаудың маңызды салалары

3.5.1 Өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау

Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімдерін сертификаттауға көп көңіл бөлінеді. Өнімдерді сертификаттау арқылы, ішкі және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді.

Еуропияның экономикалық комиссиясының (ЕЭК) анықтамасы бойынша, сертификаттау деп “Өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттарға және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды айтады, басқаша айтқанда, сертификаттау - өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілдігі.

Халықаралық тәжірибеде сертификаттаудың екі түрі қабылданған:

1 сертификаттау (немесе “өндірушінің мәліметі”);

2 үшінші жақ тарапынан сертификаттау.

Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп тараған, мұнда өндіруші өнімін өзі сынап, өнімнің нормативтік құжат талаптарына сай екендігі туралы сәйкестік сертификатын толтырып немесе сәйкестік белгісін қойып мәлімдейді. Бұл жағдайда өнім қандай жағдайда сынақтардан өткізілгені туралы ақпараттар тұтынушыларға беріледі.

Үшінші жақ тарапынан сертификаттау сәйкестікті растаудың көбірек тараған түрі. Мұнда өнімді сынақтан өткізуді және сәйкестігін растауды өндірушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді. Әдетте мұндай органдар сынақтың ресми орталықтары (зертханалар, институттар) немесе Ұлттық сараптау және сертификаттау ұйымдары болады.

Сәйкестікті растау жүйесі халықаралық, ұлттық, ұйым стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарға негізделеді. Өнеркәсібі дамыған елдердің сертификаттау жүйесіне мүдделгі арқасында сертификаттау жұмысының кеңеюі туралы ЭЕК, ООН, ИСО және МЭК сияқты халықаралық ұйымдарда халықаралық келісімдер жасалынған.

Еуропада сертификаттаудың 200-ден астам халықаралық келісімдері бар, оларға сертификаттауға жауапты ұлттық ұйымдардың арасындағы келісімдер. Сонымен бірге электротехникалық жабдықтарды сертификаттау туралы Халықаралық комиссияның (СЕЕ) және сертификаттаудың Халықаралық жүйесінің (МЭК) аумағында және басқа да салаларда көп келісімдер жасалынды.

Өндірістің сәйкестігін растау

Өндірістің сәйкестігін растау өнімнің сәйкестігін растау сұлбасы сияқты, не дербес процедура, не сапа менеджменті жүйесінің сәікестігін растадың құрамды бөлігі депте есептеуге болады.

Өндірістің сәйкестігін бағалаудың жалпыланған критерийі дайын өнімге қойылатын талаптарды айқындайтын, нормативтік құжатқа сәйкестігін тұрақты қамтамасыз ету қабілеті болып табылады.

Өндірістің сәйкестігін растау кезінде объектілердің төрт түрі бағаланады:

  • дайын өнім (өткізу және тұтыну саласында оның сапасын бағалау және байқалған ақаулардың себептерін талдау);

  • технологиялық жүйе (технологиялық процестер, тиеу-түсіру жұмыстарының жағдайы, сақтау);

  • техникалық бақылау және сынау жүйесі.

Сапаны басқару саласындағы стандарттау сапа жүйелерінің сәйкестігін растау, өндіру және өндіріс шарттарын талдау кезінде сарапшылармен бағаланатын, тексеру объектілерін айқын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Тексерілетін объектілердің жиынтығы оған сәйкестікті сертификаттау жүргізілетін стандартқа, сондай-ақ сертификаттау сұлбасына тәуелді болады.