Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.8 Қазақстан республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібі

Негізінен тізілім жүргізу тәртібін Техникалық реттеу және метрология комитеті бойынша уәкілетті мемлекет мүшесі (сосын уәкілетті мемлекет мүшесі) орындайды.

Объектілер тізімін тіркеу оларды түгендеуін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының өлшем құралдарын қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің ақпараттық деректерін бір ортаға топталған қорын құру және объектілер тізімін ақпараттарын жүйелі күту үшін орындалады.

Объектілер бойынша тізім мынадай бөлімдерден тұрады:

1 бөлім – шама бірлігінің эталоны;

2 бөлім - өлшем құралдарының бекітілген түрі;

3 бөлім – заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісінің бекітілген түрі;

4 бөлім - өлшем құралдарының бекітілген түрлерін немесе метрологиялық аттестациясын өткен өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

5 бөлім - өлшем құралдарын, сонымен қатар заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісін (сосын өлшем құралдар) өндіруге, салыстырып тексеруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттар;

6 бөлім – калибрлеуге, салыстырып тексеруге, өлшем әдістемесін метрологиялық аттестаттауға немесе басқа түрлі метрологиялық жұмыстарға құқысы бар аккредиттелген мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе заңды тұлғалы метрологиялық қызмет бөлімшелері;

7 бөлім өлшемдерді орындау әдістемелері;

8 бөлім метрологиялық аттестация өткен өлшем құралдары;

9 бөлім экспорт – аудиторлар;

10 бөлім - өлшем құралдар түрін бекітуге арналған сынау бағдарламасы.

Жаңа объектілер пайда болғанда тізімге тиісті бөлімдер қосылады.

Тізім жүргізу тәртібі ескереді:

- объектілерді тіркеу;

- тізілім істерін жинақтау және сақтау;

- ақпараттық күту.

Уәкілетті мемлекет мүшелерінің шешімі бойынша тізілімге өзгерістер енгізілгенде және тізілімнен объектілер шығарылғанда тізілім ісіне тиісті құжаттармен толықтырылады.

Шешім қабылдаған күннен бастап бес күннің ішінде объектіні тізімге енгізу туралы объектілер тізімін тіркеу уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімдерінің негізімен орындалады.

Келесі құрамы бар, әр объектінің тізіміне тіркелу кезінде тіркелу нөмері тағайындалады:

KZ. XX. XX. XXXXX – XXXX

5) Жыл цифры

4) Реттік нөмір

3) Тізім бөлімшесінің коды

2) Тізім бөлімінің коды

1) Қазақстан Республикасының коды

1) KZ – Қазақстан Республикасының коды.

2) Тізім бөлімінің коды екі мәнді саннан тұрады және тізім бөлімінің нөмірі болып көрсетіледі.

3) Тізім бөлімшесінің коды екі мәнді саннан тұрады және тізім бөлімшесінің нөмірі болып көрсетіледі.

4) Әр тізілімнің бөлімі бойынша реттік нөмір 00001-ден 99999-ін көрсетіледі.

5) Жыл цифры – объектіні тізімге енгізу туралы уәкілеттік мемлекет мүшесінің шешім қабылдаған жыл цифры.

Мысалы:

KZ. 01. 01. 00002-2000 – шама бірлігінің мемлекеттік эталонының тіркеу нөмірі;

KZ. 01. 02. 00004-2000 – шама бірлігінің бастапқы эталонының тіркеу нөмірі;

KZ. 02. 00. 00025-2001 - өлшем құралының бекітілген түрінің тіркеу нөмірі.

Шетелде өткізілген халықаралық келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасында ратифицирленген метрологиялық жұмыс нәтижелерін мойындау процедурасы кезінде, тізім объектілеріне Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізімінің тіркеу нөмірі және бөлшек сызық арқылы жазылған, шетелдік метрология бойынша ұлттық мүшенің мемлекеттік тізілім нөмірі бар, тіркеу нөмірлері тағайындалады.

Тізілімнен шығарылған объектілердің тіркеу нөмірлері жаңадан тіркелетін объектілерге тағайындалмайды.

Тізілім тағайындалған форма бойынша журнал түрінде, олардың парақтары нөмірленіп, тігіліп өкілетті мемлекет мүшесінің мөрімен анықталған қағаз жүзінде және электрондық тасмалдағышта (ұсынылған электрондық тасмалдағыштағы тізімі) жүргізіледі. Тізілім жүргізуге және тізілім істерін сақтауға жауаптылар уәкілетті мемлекет мүшелері бұйрығымен тағайындалады. Тізілім істері стандартына сәйкес сақталынады.

Шама бірлігінің эталоны

Тіркеуге жататындар:

- шама бірлігінің мемлекеттік эталоны;

- мемлекеттік метрологиялық қызметінің бөлімшелеріне немесе мемлекет мүшелерінің басқаруындағы, жеке және заңды тұлғалы метрологиялық қызметтеріне қарасты шама бірлігінің алғашқы эталоны.

Шама бірлігінің эталонын тіркеу кезінде В қосымшасының формасы нпайдаланады.

«Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны» және 2 бөлімшенің «Мемлекеттік метрологиялық қызметінің бөлімшелеріне немесе мемлекет мүшелерінің басқаруындағы, жеке және заңды тұлғалы метрологиялық қызметтеріне қарасты шама бірлігінің алғашқы эталоны» тізім істеріне ҚР СТ 2.3 талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттары және уәкілетті мемлекет мүшесі бекіткен шама бірлігі эталонының көшірмесі қосылады.

Өкілетті мемлекет мүшесінің шешімі бойынша шама бірлігінің мемлекеттік эталонын салыстыру нәтижесі бойынша және шама бірлігі мемлекеттік эталоны мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына және төлқұжатына сәйкес келмеген жағдайда тізілімнен шама бірлігі мемлекеттік эталоны шығарылады.

Мемлекеттік метрологиялық қызметінің бөлімшелеріне немесе мемлекет мүшелерінің басқаруындағы, жеке және заңды тұлғалы метрологиялық қызметтеріне қарасты шама бірлігінің алғашқы эталоны тізілімнен өкілетті мемлекет мүшесінің шешімі бойынша салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижесінің немесе эталондары салыстыру нәтижесінің, салыстырып тексеруге немесе калибрлеуге құқықтығын кезекті аккредиттеуі, сонымен қатар мемлекеттік метрология қадағалауының теріс нәтижесі бойынша шығарады.

Өлшем құралдар түрін бекіту

Тіркелуге жататындар:

- республикамызда өндірілген және шетелден әкелінген бекітілген өлшем құралдар түрі;

- арнаулы тәртіп бойынша сынақ және бекіу түрі нәтижелерін мойындау процедурасынан өткен бекітілген өлшем құралдар түрі.

Бекітілген өлшем құралдар түрін тіркеу кезінде пайдаланады.

Тізілім ісіне ҚР СТ 2.21 немесе ПМГ 06 талабына сәйкес рәсімделген және ұсынылған, уәкілетті мемлекет мүшесінің өлшем құралдары түрлерін бекіту туралы шешімі немесе сынақ және өлшем құрал түрін бекіту нәтижесін мойындау көшірмесі және өлшем құрал түрін бекіту туралы немесе бекітілген өлшем құрал түрін мойындау туралы көшірмесі құжаттары кіреді.

Бекіту түріне сәйкес сынақтан өткен өлшем құралдар түрлерін тізімге енгенде өлшем құралын түрлерін бекіту кезінде тағайындалған тіркеу нөмірінің сызықшамен бөлініп тұрған сынақ өткізілген жыл цифры өзгертіледі.

Бекітілген өлшем құралдар түрі түрлерді бекіту туралы сертификатын жойған жағдайда, өлшем құралының бекітілген түрлеріне сәйкестігінің сынау нәтижесінің теріс болғанда тізімнен шығарылады.

«Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісінің бекітілген түлері»

Заттар мен материалдың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісінің бекітілген түрлерін тіркеу кезінде пайдаланады.

Тізім ісіне ГОСТ 8.315 талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған, уәкілетті мемлекет мүшесінің заттар мен материалдың қасиеті және құрамының стандарттық үлгі түрлерін бекіту туралы шешімінің немесе заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісінің шетелдік өнімін пайдалану рұқсаттамасы (түрлерді бекітуін мойындай) көшірмесі және түрлерді бекіту туралы сертификат немесе заттар мен материалдың қасиеті және құрамының стандарттық үлгі түрлерін бекітуін мойындау көшірмесі құжаттары кіреді.

Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісінің бекітілген түрлері түрлерді бекіту туралы сертификаттың немесе заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгі түрлерін бекітуін тағайындалған тәртіппен мойындауының істеу мерзімі біткенде тізімнен шығарылады.

«Өлшем құралы бекітілген түрлерін немесе метрологиялық аттестациясынан өткен өлшем құралын салыстырып тексеру тәсілі»

Тіркеуге жатады:

  • Қазақстан Республикасында дамытылған салыстырып тексеру тәсілдері;

  • Қазақстан Республикасында ратификацияланған және Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға мүмкіндік берілген халықаралық келісім- шарт бойынша мүшелес елдерінің метрологиялық қызметтерімен дамытылған салыстырып тексеру тәсілдері;

  • Шетел кәсіпорындары дамытқан және өлшем құралдарын түрлерін бекіту үшін арналған сынақ жүргізу кезінде тексерілген салыстырып тексеру тәсілдері;

  • Метрологиялық аттестациясынан өткен өлшем құралдарын салыстырып тексеру тәсілдері.

Өлшем құралы бекітілген түрлерін немесе метрологиялық аттестациясынан өткен өлшем құралын салыстырып тексеру тәсілін тіркеу кезінде пайдаланады.

Сынақ нәтижелерін мойындауы және түрлерді бекіту немесе метрологиялық аттестация бойынша тізімге енгізілген өлшем құралдарының салыстырып тексеру тәсілі тіркеуге жатады.

Өлшем құралдарын өндіруге, салыстырып тексеруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттар

Өлшем құралдарын өндіруге, салыстырып тексеруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттарды тіркеу кезінде пайдаланады.

Тізім ісіне ҚР СТ 2.9 сәйкес ресімделген және ұсынылған, уәкілетті мемлекет мүшесінің лицензия беру туралы шешімінің көшірмесі және лицензия көшірмесі құжаттары кіреді.

Уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімімен лицензияны қайтаруы бойынша немесе сәйкес лицензиаттар тізімінен шығарылуы мүмкін.

Мемлекеттік метрология қызметінің бөлімшелері немесе калибрлеуге, салыстырып тексеруге, өлшем жүргізу тәсілінің метрологиялық аттестациясы немесе тағы да басқа түрлі метрологиялық жұмысқа құқығы бар аккредиттелінген метрологиялық қызметінің заңды тұлғалары

Осы бөлім 6 бөлім бөлімшелерден тұрады:

  • 1 бөлімше – мемлекеттік метрология қызметінің бөлімшелері немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар аккредиттелінген метрологиялық қызметінің заңды тұлғалары;

  • 2 бөлімше – мемлекеттік метрология қызметінің бөлімшелері немесе өлшем құралдарын калибрлеуге құқығы бар аккредиттелінген метрологиялық қызметінің заңды тұлғалары;

  • 3 бөлімше – мемлекеттік метрология қызметінің бөлімшелері немесе өлшем жүргізу тәсілінің метрологиялық аттестациясы құқығы бар аккредиттелінген метрологиялық қызметінің заңды тұлғалары.

Жаңа аккредитация объектілері пайда болғанда 7 бөлімге сәйкес бөлімшелер кіргізіледі.

Мемлекеттік метрология қызметінің бөлімшелері немесе калибрлеуге, салыстырып тексеруге, өлшем жүргізу тәсілінің метрологиялық аттестация құқығы бар өкілетті мемлекет мүшесі аккредитеген метрологиялық қызметінің заңды тұлғаларының, сонымен қатар тағы да басқа түрлі метрологиялық жұмыс жүргізуге құқығы бар аккредиттелген метрологиялық қызметінің заңды тұлғаларының лабораториясы (орталықтар) тіркеуге жатады.

Объектілерді аккредиттеуін тіркеу кезінде барлық бөлімшелерге бірдей пайдаланылады.

Тізім ісіне ҚР СТ 7.4, ҚР СТ 7.6 және басқа да лайықты нормативті құжаттарының талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған құжаттары, калибрлеуге, салыстырып тексеруге, өлшем әдістемелігін метрологиялық аттестаттауға немесе басқа метрологиялық жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар аккредиттелген аттестат берілу туралы уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімінің көшірмесі және аккредиттелген аттестатының көшірмесі кіреді.

Аккредиттеу объектілері тізімінен аккредиттелген аттестатының жарамдылық мерзімі біткенде немесе уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімі бойынша аккредителген аттестатын жойған жағдайда шығарылады.

Сынау зертханалары және метрологиялық қызметінің халықаралық стандарттарға өтуін төмендегі (4-ші сұлбадан) көруге болады.

Тіркеуден өтетін сынақ зертханаларындағы сынау жабдықтарына қойылатын талаптар

Зертханада өтінілген тіркеу саласына, қолданылатын сынау әдістерінің нормативтік құжаттарына сәйкес тіркеу жабдықтармен, өлшеу құралдарымен, соның ішінде стандарттық үлгілері және шығыс материалдарымен жабдықталуы тиіс.

Зертхана күші бар заңдарға сәйкес, басқа мекемелердің куәліктермен жабдықтарын және салыстырып тексерілген өлшеу құралдарын жалдау шарттарында пайдалануға құқығы бар.

Сынау жабдықтары мен өлшеу құралдарын ұстау жағдайы мен тәртібі оларға құжаттар талаптарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары талаптарына сәйкес болуы тиіс. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету құжаттамаларына қызметкерлердің қолы жететіндей болу керек.

Бұзылған және сынаулардың күдікті нәтижелерін беретін жабдықтар мен өлшеу құралдары айналымнан алынуы және жарамсыздығы көрселетіп, тиісті түрде затты таңбалану керек. Ондай жабдықтар мен өлшеу құралдары арнайы берілген орында сақталуы тиіс немесе арнайы қолдану мүмкіндігін жою тәсілімен мөрленуі керек.

Жабдықты және оның техникалық күйін есепке алу мақсатымен арнайы журналда келесі мәліметтер тіркелуі тиіс:

- атауы, түрі, тұрпаты (маркасы);

- дайындаушы кәсіпорын (фирма), зауыт және инвентарлық нөмірі;

- пайдалануға алынған және іске қосылған күні;

- алынған сәттегі күйі (жаңа, пайдалануда болған, жөндегеннен кейін және т.б.);

- тұрған жері (қажет болса);

- жөндеу, техникалық қызмет көрсету және тексеру туралы мәліметтер.

Мөлшерлеген дәлдікпен әсер ететін факторларды қалпына келтіретін сынау жабдықтары мен өлшеу құралдарының әр бірлігінде салыстырып тексеру (таңба) немесе метрологиялық куәліктеу туралы күші бар сертификаты болуы тиіс. Жабдықта соңғы салыстырып тексерілген күні және болжалған салыстырып тексеру күні көрсетіліп заттаңба жабыстырылуы тиіс.

Өлшем әдістемелігі

Тіркеуге жатады:

- Қазақстан Республикасында дамытылған және мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласына жататын өлшем әдістемелігі;

- Шетелдік кәсіпорындарда дамытылған, Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға мойындалып рұқсатталған және мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласына жататын өлшем әдістемелігі.

Тізім ісіне ҚР СТ 2.30 талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған құжаттары және өлшем әдістемелігі метрологиялық куәлігінің көшірмесі кіреді.

Өлшем әдістемелігі тізімінен метрологиялық аттестатының куәлігі істеу мерзімі біткенде немесе өкілетті мемлекет мүшесінің шешімі бойынша шығарылады.

Метрологиялық аттестаттан өткен, өлшем құралдары. Метрологиялық аттестаттан өткен, өлшем құралдарын тіркеу кезінде пайдаланады.

Тізім ісіне ҚР СТ 2.5 талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған құжаттары, өлшем құралын тәжірибелі зерттеу хаттамасы және өлшем құралдар метрологиялық аттестат туралы сертификатының көшірмесі кіреді.

Сынаушы – аудиторлар

Тіркеуге жатады:

  • Уәкілетті мемлекет мүшесі аттестатталған сынаушы – аудиторлар;

  • Аттестат нәтижесі Қазақстан Республикасында ратификацияланған, халықаралық келісім-шартына сәйкес шетелдерде өткізілген мойындау процедурасынан өткен, сынаушы – аудиторлар.

Тізім ісіне ҚР СТ 2.30 талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған құжаттары, сынақшы-аудитор сертификатын беру туралы уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімінің көшірмесі және сынақшы – аудитор сертификаты көшірмесі кіреді.

Сынақшы–аудитор тізімінен сынақшы-аудитордың сертификаты- ның істеу мерзімі біткен кезде немесе уәкілетті мемлекет мүшесінің сынақшы – аудитор сертификатын жойылу туралы шешімі бойынша шығарылады.

Өлшем құралдар түрін бекітуге арналған сынақ бағдарламасы.

Өлшем құралдар түрін бекітуге арналған сынақ бағдарламасын тіркеу кезінде пайдаланады.

Тізім ісіне ҚР СТ 2.6 талабына сәйкес ресімделген және ұсынылған құжаттары және уәкілетті мемлекет мүшесінің бағдарламасын бекіту туралы шешімінің көшірмесі кіреді.

Өлшем құралдар түрін бекітуге арналған сынақ бағдарламасы тізімінен істеу мерзімі біткен кезде немесе уәкілетті мемлекет мүшесінің шешімі бойынша шығарылады.

Тізім деректері бойынша ақпараттық қызмет көрсету.

Тізім ресми ақпарат негізі. Тізім құрамындағы мәліметтер бойынша мүдделі мемлекет мүшелер басқармаларына, жеке және заңды тұлғаларына, сонымен қатар шетелдерге ақпаратты қызмет көрсетеді.

Тізім деректері бойынша ақпарат өкілеті мемлекет мүшелерінің мерзімді басылымында және арнайы ақпараттық жинақтарында жарияланады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы құрамына кіретін аймақтық және халықаралық мекемелердің сұрауы бойынша бағытталады.