Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

Кесте 1.1 - Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі

Белгілеу мазмұны

Белгілеудегі белгілер саны

Құжат индексі

ҰС

Қазақстан Республикасының қысқартылған атауы

ҚР

Жалпы жіктеуіш бойынша (МКЖЖ! Мекеменің коды немесе кәсіпорының (СТН,8 цифр)

ХХХХХХХ

Мекеменің меншік түрі (ЖСШ, АҚ, 2 немесе 5 цифр)

ХХ немесе ХХХХХ

Реттік тіркеу нөмірі (3 цифр)

ХХХ

Стандарттың бекітілген нөмірі (4 цифр)

ХХХХ

Ұйымдық стандарттардың белгіленуі:

Мысалы:

ҚР ҰС 20098024 ЖШС-011-2004

Кәсіпорын стандарттарын (КСТ) кәсіпорын және бірлестіктер (одақтар, қауымдастықтар, концерндер, акционерлік қоғамдар), салааралық, аймақтық т.с.с. мекемелер өздері жасайтын (өндіретін) немесе өздері ғана қолданатын өнім, процесс, қызмет түрлеріне арнап әзірлеп, шығарады.

Сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы нормалар, технологиялық нормалар мен талаптар, үлгілік технологиялық процесстер, кәсіпорын ішінде көрсетілетін қызмет, жабдықтау жұмыстары мен құрал саймандарға т.б. арналып шығарылады. Кәсіпорын стандартын әзірлеу жұмысы сол кәсіпорынның кейбір ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік және салалық стандартты шектеу қажеттілігінен туындауы да мүмкін. Бірақта бұл жағдай мемлекеттік және салалық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері мен талаптарды бұзып, төмендетпеуі тиіс.

Егер халықаралық, аймақтық, және басқа елдердің ұлттық стандарттарының талаптары халық шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ететін болса немесе олардың негізінде әзірленген мемлекеттік және салалық стандарттар жоқ болса, онда оларды халықаралық келісім шарт, немесе тиісті аймақтық, ұлттық ұйымдардың рұхсаты бойынша кәсіпорын (ұйым) стандарты ретінде қолдануға болады. Кәсіпорын стандартын әзірлеу, бекіту жұмыстары (тәртібі) ҚР СТ 1.14- бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын стандартын мекеме жетекшісі бекітеді (мысалы кәсіпорын, бірлестіктің бас инженері). Бекіткеннен кейін стандартқа мына белгілер қойылады: КСТ-ның индексі, кәсіпорын, цех, бөлімше, және стандарттау объектісінің коды және бекіткен немесе қайта қараған жылдың соңғы екі цифрі (мысалы, КСТ 003-17-425-32-98) КСТ-н бекіткенде күшінде болу мерзімі көрсетілмейді, мемлекеттік тіркеуге алынбайды.

Қоғамдық ұйымдардың ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар мен басқа бірлестіктердің стандарттары (ҚҰСТ) өнім, қызмет, процесстердің жаңа түрлеріне, бақылау, өлшеу, сынау, талдаудыңозық әдістеріне, сондай-ақ өндірісті басқарудың соны технология, принциптеріне әзірленеді. Осы мәселемен айналысатын қоғамдық ұйым, бірлестіктердің мақсаты өз стандарттары арқылы әлемдік ғылыми-техниалық, іргелі және қолданбалы зерттеулердің озық нәтижелерін тарату болып табылады. Бұл санаттың стандарт- тары өндіруге, шаруашылық субъектілеріне ғылым, білімнің әрқилы саласындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қарқын- ды түрде пайдалану мүмкіндігін береді, жәнеде алдыңғы қатарлы жетістіктер туралы ақпараттың маңызды бастауы (қайнар көзі) болып табылады. Салалық және кәсіпорын стандартын әзірлеуде бұл стандарттар кәсіпорын, мекеменің өз шешімі бойынша ерікті түрде қолданылады.

Салалық және кәсіпорын стандартары сияқты ҚҰСТ ҚР-ның заңдарына қайшы келмеуі тиіс. Егер олардың мазмұны қауіпсіздікке байланысты болса онда бұл стандартардың жобасын мемлекеттік ұйымдармен келісу қажет.

Халықарылық стандарттары (ИСО) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлеп шығарады, оларға ұлттық стандарттар негізделуі тиіс, олар сондай-ақ халықаралық экономикалық қарым қатынаста пайдаланады. КСО-ның негізгі мақсаты - дүние жүзі бойынша стандарттардың дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл тауар алмасуды жеңілдетіп, интеллектуальдық, ғылыми-техникалық және экономикалық қызмет саласында жасалатын өзара ынтымақтастықты дамытады.

Бекітілгеннен кейін халықаралық стандартқа атауы, индексі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылы жазылады (мысалы ИСО 9001)

Қазақстан Республикасында халықаралық стандарты қосымшасыз, өзгеріссіз қолдану немесе осы елдің өз ерекшелігіне сәйкес тиісті толықтырулар енгізу арқылы қолдану ұйғарылған.

Салааралық стандарттау

Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарты

Бұл бағыттың стандарттарын төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  1. Өндірісті техникалық дайындау стандарты;

  2. Пайдалану кезеңіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарты;

  3. Сапа жүйелерінің стандарттары;

  4. Өнімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтаушы стандарттар;

  5. Сертификаттау жүйесінің стандарттары;

  6. Аккредитациялау жүйесінің стандарттары.

Өндірісті техникалық дайындау стандарттарының жүйесі.

Машина жасау, құрал-сайман бұйымдары өндірісін техникалық дайындаудың негізі-конструкторлық және технология- лық дайындық болып табылады. Осы кезден бастап өнім сапасы қалыптасады. Сондай-ақ, осы кезеңде тапсырыс беруші мен әзірлеуші, дайындаушы (өндіруші) мен тұтынушының мүдделері оңтайлы ұштасуы тиіс.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты жаңа техниканы әзірлеу және меңгеру үрдістерін қысқартумен қатар олардың еңбек сиым- дылығын азайта отырып жоғарғы техникалық деңгейдегі бұйым жасау болып табылады.

Жоғарғы тиімділік өнімдерін жасауға ең әуелі мемлекетаралық стандарттар бағытталған.

Бұлар: Өнімді өндіруге әзірлеп өндіріске жіберу жүйесі; Біріккен конструкторлық құжат жүйесі (БКҚЖ); Біріккен технологиялық құжат жүйесі (БТҚЖ); Автоматтандырылған жоба- лау жүйесі (АЖЖ).

Бұл жерде техникалық құжаттарды стандарттаудың орны үлкен. Басқа мекеме, ұйымдарға табыстаған кезде құжатты қайта рәсімдеу шығынының болмауы, мәтіндік құжаттар мен графикалық бейнелеуді оңайлату, осыған байланысты құжаттарды дайындау және қолдану шығындарының азаюы, технологиялық процестерді жобалау, әзірлеу кезіндегі сәйкестіктің кеңеюі тағы басқалар стандарттау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде қолданылытын есептеуіш техникалық құралдарының талаптарын ескері; техникалық құжатта қамтылғын жұмыстардың сапасының жоғарылығы стандарттаудың экономика- лық тиімділігін арттырады.

Өндірісті техникалық дайындау жүйесін дамытудың маңызды бағыты - автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) болып табылады. Бұл жүйе жаңа моделдерді жасаудың уақытын жедел түрде қысқартады.

Өнімді жобалау кезінде және өндірудің алғашқы кезеңінде өнім сапасын қалыптастыруда өнімді өндіруге әзірлеу, өндіріске жіберу жүйесінің (ӨӘӨЖЖ) маңызы (рөлі) жоғары. Өнім сапсын қамтамасыз етудегі жобалаудың ролін сапа жөніндегі Еуропа ұйымының мәліметтерінен көруге болады: Тартыну себептерін анықтауда «70-20-10» ережесі қолданылады. Бұл ереже бойынша тартынудың 70%-ы жобалаудың кемшілігінен, 20%-ы сапасыз дайындаудан (жасаудан), 10%-ы пайдалану ережесін дайындаудан болады. ӨӘӨЖЖ стандарттарында техникалық дайындықтың екі сатысындағы жұмыс тәртібі келтірілген:

1 Өнімді өндіруге әзірлеу кезіндегі, яғни өндірістік мекеме үшін қажетті үлгілерді жасау және техникалық құжаттарды әзірлеу кезіндегі;

  1. Өнімді өндіріске жіберу кезіндегі, яғни өндірістік барлық ұйымдастыру іс- шараларын жүргізу кезіндегі жұмыс тәртібі.

Жүйенің құрамында азық-түлік емес, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы тауарларға арналған стандарттар ГОСТ 15.009 бар. Бұл стандарттардың міндетті талаптарына сәйкес өнімнің сынықтық үлгілеріне тұтынушылық қасиеті тұрғысынан баға беріп, қабылдау сынағы жүргізіліп ең әуелі қауіпсіздігі тексеріледі. Тауарды әзірлеуші сапаға қойылатын талаптарды анық- тайтын стандарт, техникалық шарт, техникалық түсініктеме (ТТ) сияқты құжаттарды әзірлеуі тиіс. Стандарттқа қосымша ретінде үлгі-эталондарға қойылатын талаптар беріледі. Үлгі-эталон жаппай (үздіксіз) өндірілетін өнімді, ең әуелі оның көркемдік-эстетикалық көрсеткіштерін салыстыруға арналады.

Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарты

Бұл топқа пайдалану құжаттарының стандарттары- пайдалану ережелері, паспорт, этикеткалар кіреді. Қарапайым тұтынушыға олар тауардың ілеспе құжаттары ретінде белгілі. Мұндағы негізін қалаушы стандарт ГОСТ 2.601 «КҚБЖ. Пайдалану құжаттары». Бұл стандартта күрделі техника бұйымдарының пайдалану құжаттарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар анықталған. ұл стандарт әсіресе өнімді жасаушыларды пайдалану құжатына «Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар» деген бөлім енгізуді міндеттейді.

Бұл бөлімде пайдалану ережесін орындау кезінде тұтынушыларды сақтандыру мақсатында «Тиым салынады!», «Есіңізде болсын!» деген сияқты ескертулер жазылуы тиіс.

Пайдалану құжаты қаншалықты анық жазылса тұтынушы тауар сапасын басқаруға соншалықты белсенді қатысады. Өйткені тұрмыстық техниканың мерзімінен бұрын істемей қалу себептерінің 20%-ы пайдалану ережесінің бұзылуына байланысты екені анықталған.

Бұл стандарт өндірістік мақсаттағы өнімге де, халықтық тұтыну тауарларына да арналған.

Сапа жүйесінің стандарттары.Сапа жүйесіне қойылатын талаптар ең алғаш 1987 жылы ИСО 9000-9004 стандарттар тобында белгіленген. 1994 жылы өзгертулер енгізгенннен кейін стандарттардың екінші нұсқасы пайда болды. 2000 жылы үшінші нұсқа бекітілді. Бұлар:

ИСО 9000:2000 «Сапа менеджментінің жүйелері». Негізгі ережелер және сөздік;

ИСО 9000:2000 «Сапа менеджментінің жүйелері». Талаптар.

ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйелері». Іс қимылды жақсату жөніндегі нұсқаулар.

ИСО 9001 мен 9004 негізін қалаушы стандарттар болып табылады. Үшінші нұсқасында бұл екі стандарттар құрылымы мен мазмұны жағынан өзара толықтай үйлестірілген. Бірақта бұл стандарттардың арналуы әрқилы. ИСО 9001 сапа менеджментінің жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді және сертификаттау мақсатында пайдаланылады. МСО 9004 мекеменің іс қимылын түгелдей жақсарту үшін сапа менеджментінің жүйесіне әдістемелік көмек көрсетеді.

ИСО 9001, 9004 стандарттары басқа жүйелердің стандарт- тарымен (әсіресе қоршаған ортаны қорғау жүйесінің ИСО 14001, 14004 стандарттары) сиысымды түрде жоспарланған.

ИСО 9001-де жазылған талаптар шығаратын өнім немесе көрсететін қызмет түріне қарамай барлық мекемелер үшін ортақ. Егер қандай бір мекеменің өз ерекешелігіне байланысты ИСО 9001 – дің қандай бір талабын қолдану мүмкін емес болса онда ол талапты қалдыруға (алып тастауға) болады. Бірақ бұл жағдай мекеменің тұтынушы талабына сай өнім шығару мүмкіндігіне кері әсер етпеуі тиіс.

Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі. Басқару мен ақпарат бір-бірімен тығыз байланысты. Дер кезінде толық ақпарат – дұрыс шешім қабылдаудың негізігі шарты болып табылады. Бұл бағыттағы стандарттардың негізгі мақсаты-басқару және ақпараттық технология құжаттарын сәйкестендіру.

Басқару құжаттары жөніндегі стандарттар. Үкіметтік жоғарғы мекемелерден бастап кішігірім сауда ұйымдарына дейінгі ке-келген басшылық апараттарына басқарма шешімін бекіту қажет- тілігі туындайды. Басқару іс қызметін жүргізу барысында басқару құжаттарының жиынтығы құрылады.

Халық шаруашылығы мен қоғамдық өмірдің өркендеуіне байланысты ақпарат көлемінің ұлғаюы басқару құжаттарының молая түсуіне ықпал етуде. Сонымен қатар құжаттарды құрас- тырып, өндеуге жұмсалатын шығында өсе түсуде. Батыстық фирма- лардың мәліметтеріне қарағанда іс-қағаздарын жасаудағы ұқыпсыз- дықтан, компаниялар апта сайын миллиондаған доллардың зиянын шегеді екен.

Басқару құжаттарының шығынын азайту жолдарының бірі ақпарат артықшылығын қысқарту арқылы оларды сәйкестендіру стандарттау, құжатты құрудың ортақ үлгісін жасау, біріккен терменологияны қолдану, мәтінжі типтендіру болып табылады. Осы бағытта 1970-1980 жылдары жүргізілген жұмыстар құжаттаудың сәйкестендірілген жүйесін (ҚСЖ) жасаумен аяқталады.

Басқару құжаттарына ұйымдастыру-жарлықтық, сырқы сауда, есепті статистикалық, бухгалтерлік қаржылық, есептік-ақшалық және басқа құжат түрлері жатады.

Мысалы үшін ұйымдастыру-жарлықтық және сыртқы сауда құжаттарын алып қарайық:

Сыртқы сауда құжаттары отандық және халықаралық стандарттар оъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп, халықаралық сауданы қарқындандыру үшін сырқы сауда құжаттарының отандық стандарттарын ИСО стандарттарымен үйлестірудің маңызы өте зор.

Сыртқы сауда қызметінің тиімділігін арттыруда басқару, сауда және көлік саласындағы мәліметтерді алмасудың халықаралық электрондық жүйесінің құжаттарын сәйкестендіру (EDIUFACT – ағылшынша Electronic Data Interchange For Administration Commerce and Transport) үлкен міндет атқарады.

Бұл жүйені енгізу қажеттілігі халықаралық сауда келісімін ресімдеу, өндіруші (сатушы) мен сатып алушы арасында тауар тасымалдау кезінде пайдалынатын көптеген мәліметтерді алмасу, қабылдау, өңдеу, тіркеу жұмыстарының аса ауқымдылығынан туындап отыр. Сыртқы сауда келісімін ресімдеуге жұмсалатын шығын көлемі тауар айналымының 15%-ға дейінгі бөлігін иеленеді. Сонымен қатар сыртқы сауда ақпараттар ағыны құрылымының күрделілігі мен бұл прцеске қатысатын тым көптігі мәләмет берудің шапшандығын бәсеңдетіп, мәліметтің нақтылық дәрежесін төмендетеді.

Экономикалық тұрғыда дамыған көптеген елдердің сауда қызметін недәуір оңтайландыра білуі ақпарат алмасудың қағассыз технологиясын пайдалану нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мәселен мәліметтерді электрондық өндеу және алмасу іс қимылдары есептеу техникасы мен байланыс құралдарын кеңінен енгізу арқылы мүмкін болып отыр.

EDIFACT стандарттары байланыс құралдары мен электронды есептеуіш машинасының тұрпаты, қолданбалы жүйенің (сауда, көлік, басқару т.б.) ерекшелігіне қарамай мәлімет алмасуда әмбебап тіл қызметін атқарады. ИСО 9735-тің негізінде ГОСТ 6.20.1-ді тікелей қолдану әдісі әзірленген. Бұл стандарт алмасуға арналған мәліметтерді дайындау және жалғастыру (беру) ережелерін анықтайды. Тағы бір маңызды стандарт ГОСТ 6.20.2 болып табылады. Бұл стандарт ИСО 7372-ге сәйкес келеді және де «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыртқы сауда мәліметтерінің элементтер анықтамасы» қолдану үшін енгізіледі.

Халақаралық ақпараттық технология жөніндегі стандарттар. Ақпараттық технология дегеніміз қоғамды қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдіс, құралдардың жиынтығы.

ЮНЕСКО- ның мәліметі бойынша ірі дамыған елдердің халқының тең жарымынан астамы ақпаратты өндіру, тарату процестеріне тура қатынасады екен. Кейбір елдерде ұлттық өнімнің жартысына дейінгі бөлігі ақпараттық іс-қызметпен байланысты көрінеді. Сондықтан ақпаратотық технология кеңістігі – халықаралық және ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың болашақ бағыттарының бірі болып отыр.

Осы заманғы ақпараттық технология бұл бір жағынан есептеу техника құралдарымен ақпараттық және комуникациялық жүйе, екінші жағынан ақпаратты өндеу, жалғастыру, сақтау және пайдалану әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі кезде ақпараттық технология жөніндегі стандарттар жеке стандарттар кешені ретінде қалыптасу кезеңі үстінде.

Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі 1970-80 жылдары жасалған стандарттар (ЕСП) яғни бағдарламалық тіл стандарттары қазіргі кезде моральдық жағынан ескіреді.

1991 жылы бекітілген Ақпараттық технологияны кешенді стандарттау програмасы осы заманғы үйлесімді стандарттар кешенін қалыптастыруға бағытталған. Кешенді бағдарлама 18 бағыт бойынша стандарттар әзірлеуді көздейді. Олардың ішінде: 1 Ашық жүйелердің өзара байланысы (әсіресе шектеулі есептеу желісі); 2 Бағдарламалық тіл және жүйе; 3 Техникалық құрал; 4 Мәліметтер элементі және ақпаратты кодтау; 5 Ақпаратты тасымалдау; 6 Ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары; 7 Микропроцессорлық жүйе (персоналды ЭЕМ мен бірге).

Ақпаратты технологияны әрқилы салаларда қолдану жөніндегі стандарттар бағдарламада маңызды орын алады. Мысалы мекеме жұмысында, өнеркәсіпте, банк және баспа ісінде, ғылыми-техникалық ақпарат саласында, көлікте, саудада және басқаруда (EDIFACT жүйесін қамти отырып).

Ақпараттық технология стандарттарына ақпараттық библиографиялық құжаттар жүйесі (АБҚЖ) жатады. Оның мақсаты- ғылыми техникалық аөпарат саласындағы ұйымдастыру, басқару іс қимылдарын жетілдіру; тиімді технология, алдыңғы қатардағы норма, талаптарды қолдану нәтижесінде ақпарат қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру; әртүрлі деңгейдегі ақпараттық ұйымдардың өзара қарым-қатнасына оңтайлы жағдай жасау болып табылады. АБҚЖ үш қосымша (төменгі) жүйені қамтиды: ғылыми- техникалық ақпарат; кітапхана ісі және библиография; баспа – редакция жұмысы.

АБҚЖ бірқатар стандарттары жоғары оқу орындарында пайдаланылады. Ақпарат беру және құжаттар жөніндегі стандарттарда реферат, аннотациялар (ГОСТ 7.9), өндірістік каталоктарда (ГОСТ 7.22), ақпараттық басылымдарда (ГОСТ 7.23), және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды есептерін (ГОСТ 7.32), ресімдеу талаптары, олардың мазмұнымен құрылымына қойылатын талаптар берілген. Соңғы стандарт студенттердің жазба жұмыстарын (бақылау жұмысы, реферат, курс, диплом жұмыстарын) орындау барысында пайдаланылады. Мысалы жазба жұмыстарды ресімдеу, әсіресе пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау, беттерді нөмірлеу, кестелерді орналастыру, көркемдеу сияқты жұмыстарды атқаруда негіз болдырады.

Әлеуметтік стандарттар жүйесі.Әлеуметтік стандарттар жүйесі қауіпсіздік ережелерін қамтиды және үш топқа бөлінеді:

  1. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік

  2. «Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің» стандарттар кешені (ГОСТ 12)

  3. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттар ткешені (ГОСТ 17).

«Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік» стандарттар кешені 1992-1995 жылдары қалыптаса бастады. XX-шы ғасырдың соңғы он жылдықтарында болған табиғат және техногендік ақпараттың салдарын жою тәжірибесі көрсеткендей тұрғындар мен басқару ұйымдарының төтенше жағдайға дайывндығының төмендігі, тиісті нормативтік құжаттың нашарлығы (шикілігі) немесе жоқтығы жағдайды ауырлата түседі. Тек қана Чернобыль апатының салдарын жою үшін жыл сайын Белоруссия бюджетінің 20%-дайы, Украина бюджетнің 12%-ы, Ресей бюджетінің 1%-ға жуығы жұмсалады. Мұндай жағдай басқа елдерде де байқалады. Мысалы АҚШ-та төтенше жағдайлар салдарынан жалпы ұлттық өнімнің 5%-7%-ы зиянға ұшырайды. Осындай себептерге байланысты тьөтенше жағдай кезінде тұрғындар мен өндірістік және әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік стандарттар кешенін құру қажеттілігі туындады.

«Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің» стандарттар кешенінің нысанына «адам-машина-орта (өндірістік және тұрмыстық орта)» жүйесі жатады. Бұл жүйе өндіріс пен тұрмыста адамдардың денсаулығын қорғау мақсатымен апаттық, оқыс жағдайдың алдын-алу жөніндегі әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Бұл стандарт кешені 350-ден астам ГОСТ–ды қамтиды. Яғни салааралық стандарттар жүйесінің ішінде ең үлкен фондты құрайды.

Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінде негізін қалаушы стандарт ГОСТ 12.0.001.

Бұл, стандарт жүйесінің мақсаты мен құрылымы және мазмұнын анықтай отырып, өндіріс құралдарына, өндірістік процестерге, жұмысшыларды қорғау құралдарына, құрылыс ғимараттарға қойылатын талаптарды белгілейді. Сондай-ақ қауіпті де зиянды өндіріс әсерлерінің нормалары көрсетілген.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары өндіріс нысандарын міндетті сертификаттауда үлкен роль атқаруда. Сонымен қатар көптеген өнім түрлерін міндетті сертификаттауда негізгі нормативтік база міндетін атқарады. Сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қауіпсіздік ең алды мен сол кәсіпорындағы қызмет аясының қауіпсіздігімен анықталады. Сондықтан да мысалы бөлшек сауда қызметін міндетті сертификаттау кезінде бұл жүйенің 40-астам мемлекеттік стандарттарын (ГОСТ) ескеруге тура келеді.

Табиғатты қорғау және табиғат қорларын пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар кешені 80-нен астам Мемлекеттік стандартты (ГОСТ) қамтьиды. Бұл стандарттар кешені өндірістің барлық салаларын қмтиды және табиғаттың бір қорын пайдаланудан болып басқасына нұқсан келетін жағдайды болдырмауға, сонымен қатар халық шаруашылығының барлық салаларындағы кәсіпорындардың іс қызметінің жағымсыз салдарынан алдын алуға бағытталған.

Табиғатты қорғауды стандарттау жұмысын кешенді түрде жүргізудің негізгі ережелері ГОСТ 17.0.0.01. «Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту саласының стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»-де баяндалған. Негізін қалаушы осы стандарт бойынша бұл жүйенің төмендегі кешенді стандарттарын қолдану қарастырылға: «Табиғат қорғау. Топырақ»; «Табиғат қорғау. Жер»; «Табиғат қорғау. Өсімдік әлемі»; «Табиғат қорғау. Жануарлар әлемі»; «Табиғат қорғау. Жер қойнауы», сондай-ақ ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар кешені. Әрбір кешендегі стандарттар терминдер мен анықтамаларды белгілейді, кешендік нысандарды жіктейді.

Атмосфера әсіресе автокөлік және барлық техникалық құралдар ластауда. Олардың зияндылығын азайту үшін Ресейде мемлекеттік стандарттар ретінде БҰҰБЭК №24, 49, 83 ережелері енгізілген. Бұл ережелер ластаушы заттардың қалдықтарына қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл іс-шаралар жүк машиналары мен автобустардың дизель қозғауыштарынан шығатын қалдықты (түтінді) 2-2,8 есе, жеңіл машина қозғауышынан шығатын зиянды заттарды (пайдаланылған газды бейтараптандырғыштар және этилденбеген бензинді қолдану жағдайында) шамамен 10 рет азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту үшін отын стандартына қорғасын мен марганец құрамы жөніндегі талаптар недәуір қатайтылады.

Табиғат қорғау іс-қызметін қамтамасыз етуде ҚР СТ ГОСТР ИСО 14001-2000 стандарты қомақты үлес иеленеді.

Мамандардың пікірі бойынша табиғат қорғауды үйлестіру құралы ретінде стандарттаудың тиімділігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың даму деңгейімен анықталады. ҚР-нда бұл деңгей біршама төмен деп айтуға болады.

Еуропалық одақ, АҚШ, Канада елдерінің табиғат қорғау заңнамасына едәуір дамыған. Еуропада табиғат қорғау заңнамасына ең дамыған ел Германия. Бұл елдегі қоршаған ортаны қорғау саласының заң актілерінің саны 2000-ға жетеді. Бұлар осы саладағы барлық сұрақтарға байланысты анықтау, бақылау ережелері мен көптеген экологиялық нормаларды қамтиды. Осындай кен көлемде дамыған заңнама негізінде әзірленген экологиялық стандарттар қоршаған ортаның жағдайын бақылау әдістері, әр түрлі заттардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, ластануды бағалау және алдын алу құрал жабдықтарының техникалық сипаттамасына арналады.

Стандарттың түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшклігіне байланысты стандарттар төмендегідей түрге бөлінеді (Сурет 1.1):

- негізге алатын стандарттар

- өнім стандарттары (техникалық және жалпы техникалық талап- тар, параметрлер және размерлер, маркалар және техникалық шарттар түрлерінің өнім стандарттары)

- қызмет және жұмыс стандарттары

- бақылау әдістерінің стандарттары (сынаулар, өлшеу, талдау)

Негізін қалаушы стандарттар. Стандарттың бұл түрі ғылым мен өндірістегі ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастыру принциптері мен ереже, норма, талаптарды белгілейді. Бұл стандарттар өнім немесе қызметті дайындау, құру, пайдалану негізінде қоршаған ортаны қорғау, өнім немесе процесстің адам өмірі мен денсаулығына және мүлкіне қауіпсіздігі, сондай-ақ қорларды үнемдеу, мемлекеттік стандарттарда көрсетілген жалпы техникалық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда негізін қалаушы стандарттар кешенді болуы тиіс, яғни ортақ бағыттағы стандарттарды біріктіріп, өзара байланысты объектілерге қойылатын ұйғарымды талаптарды белгілейді.

Бұл стандарттар шын мәнінде әдістемелік сипаттағы, өзара байланысты нормативті құжаттардың бірлігі болғандықтан, әртүрлі басқару деңгейінде қолданылатын стандарттарды бір-біріне және заңдарға қайшы болдырмау, ортақ мақсатқа жету, және де өнім, процесс, қызметке қойылатын міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді қамтиды. Негізін қалаушы стандарттарға мысалы, ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру жөніндегі нормативтік құжаттар, біріккен конструкторлық құжат жүйесі (БКҚЖ), біріккен техникалық құжат жүйесі (БТҚЖ) т.б. жатады.

Өнім (қызмет) стандарттары біртекті өнім (қызмет) тобына немесе нақтылы өнім (қызмет) тобына қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім (қызмет) стандартарына, мысалы, жалпы техникалық талаптар стандарты, көрсеткіштер мен мөлшерлер стандартты, конструкциялық үлгі, мөлшер, таңбалар, сорттар, қабылдау ережесі т.б. жатады.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары біртекті өнім тобы үшін ортақ нормалар мен сапаның тиімділік деңгейін қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді. Бұл сапалық деңгей топтағы өнімнің нақтылы түрлерін жобалау, дайындау кезінде анықталуы тиіс.

Өнімнің түрлері мен мақсаттың арналуына байланысты оның физикалық-механикалық қасиеттеріне (беріктігі, қаттылығы, жұмсақтығы, төзімділігі т.б.), сенімділігіне, ұзақ мерзімге пайдалануына, техникалық эстетикасына (бояуына, пайдалану қолайлығына, өңделуіне т.б.), осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылған алғашқы материал, шикізат, жартылай өңделген өнімге т.б. қойылатын талаптар белгіленеді.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары негізінен төмендегі бөлімдерді қамтиды:

  • Жіктеулер, негізгі параметрлер немесе мөлшерлер;

  • Сапа параметрлеріне қойылатын, тек қана міндетті болып табылатын және бақылауға жататын жалпы талаптар.

  • Буып-түю, таңбалау және қауіпсіздік талаптары;

  • Қоршаған ортаны қорғау талаптары;

  • Өнімді қабылдау ережелері;

  • Тасымалдау және сақтау ережелері;

  • Пайдалану, жөндеу, қайта өңдеу немесе жою ережелері;

Стандарт мазмұнында қайсыбір бөлімдердің болу болмауы стандарттау объектісінің ерекшелігі мен оған қойылатын талаптардың сипатына байланысты.

Параметр және (немесе) мөлшерлер стандарттары негізгі тұтыну (пайдалану) сипаты бойынша өнімнің параметрлік немесе мөлшерлік қатарларын белгілейді. Осыларға негізделе отырып өнімнің нақтылы үлгі, модель, марканың жобалары жасалуы тиіс.

Бұл стандарттар өнеркәсіп тиімділігін арттыру, техникалық прогресске ықпал ету, өнімдердің даму болашағын ескеруі тиіс. Мұндай стандарттарға, мысалы, «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатарлары » ГОСТ 8032-84 «Негізгі өзара алмасымдылық нормалары. Қалыпты сызықтық мөлшерлер» ГОСТ 6636 жатады.

Құрылымдық (конструкциялық) және мөлшерлік үлгі стандарттары нақтылы үлгілік мөлшерлер мен модель т.б. әзірлеу кезінде детальдарды сәйкестендіру, өзара алмасуды қамтамасыз ету үшін бұйым топтарының құрылымдық атқарылуы мен негізгі мөлшерлерін анықтайды. Құрылымдық үлгі және мөлшерлер ст-ның талаптарын жүзеге асыру техникалық-экономикалық үлкен тиімділікке жеткізеді. Себебі сәйкестендіру және өзара алмаламдылығы қамтамасыз ету нәтижесінде бұйымды жобалау, жасау және игеру шығынын азайтатын мүмкіндік туады.

Маркалар стандартары материалдар (шикізат) түрлері мен олардың химиялық құрамын, кейбір жағдайда - негізгі тұтынушының сипаттарын белгілейді.

Сортамент стандарттары өнімнің геометриялық формалары мен мөлшерлерін белгілейді. Стандарттың мұндай түрлері әсіресе металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Қабылдау ережелерінің стандарттары өнімді сапасы мен саны бойынша қабылдау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді және белгілі өнім тобын немесе түрін қабылдау тәртібін реттейді.

Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары өнімнің негізгі сипаттамасы туралы тұтынушыға ақпарат беру мақсатында, және буып-түюдің техникалық эстетикасын ескеру үшін және өнімді тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Пайдалану, жөндеу және жою еределерінің стандарттары бұйымның жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін және оның пайдалануына кепілдік беретін жалпы ережелерді белгілейді.

Процесс стандарттары өнімді жобалау, өндіру, тұтыну (пайдалану), сақтау, тасымалдау, жөндеу, қайта өңдеу сияқты әрқилы сатылырында атқарылатын нақтылы процесстерге қойылатын талаптарды белгілейді, және де төмендегі нормативтерді қамтиды:

  • Өнім құрылымын жобалау әдістеріне қойылатын талаптар;

  • Өнімді дайындаудың технологиялық схемасы;

  • Технологиялық режим, әсер етуші факторлар мен нормаларға қойылатын талаптар;

  • Тұтыну (пайдалану) ережесі;

  • Сақтау, тасымалдау, жөндеу және жоюға қойылатын жалпы талаптар;

  • Технологиялық процесстерді атқару кезіндегі адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптары. Бұлар белгілі құрал, сайман, жабдықтар мен көмекші материал т.б. ларды пайдалану барысында бақыланады.

Сонымен қатар экологиялық талаптар ерекше орын алады. Технологиялық операцияларды жүргізу кезінде технологияның табиғатқа әрқилы әсерінің ұйғарымды мөлшерін стандартпен нормалайды. Бұл әсерлер химиялық (зиянды химикаттарды табиғатқа тастау), физикалық (радиациялық сәуле),биологиялық (микроорганизмдермен зарардану) және механикалық (бүліну) сипатында және экологиялық тұрғыда қауіпті болуы мүмкін.

Экологиялық талаптар төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін:

  • Қоршаған орта үшін аса зиянды материал, шикізаттарды қолдану жағдайына;

  • Тазарту жабдықтарының жұмыс тиімділігінің параметрлеріне;

  • Апаттың жағдайлардың салдарын жою, ластау заттарының ұйғарымды мөлшерлік нормасына;

Сурет 1.1- Стандарт түрлері

Баылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары сынақ үлгісін алу тәртбін, сапа көрсеткіштерін бағалаудың бірлігін қамтамасыз ету мақсатымен өнімнің белгілі бір тобының тұтыну (пайдалану) сипатын сынау (бақылау, талдау, өлшеу) әдістерін белгілейді. Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің негізгі шынайылық өлшемі-нәтижелердің жаңғырығу (қайталану) және салыстырылу қасиеті болып табылады. Бақылаудың (сынау,өлшеу, талдаудың) тек қана стандартталған тәсілдерін қолдану қажет. Себебі олар халықаралық тәжірибелер мен озық жетістіктерге негізделген. Бақылаудың нақты объектісіне байланысты әрбір ідістің өз ерекшеліктері бар. Әйтсе де стандарттауға болатын ортақ ережелерді де анықтауға болады. Олар төмендегідей:

- бақылау құралдары және көмекші жабдықтар;

- бақылауды дайындау және жүргізу тәртібі;

- нәтижелерді өңдеу жіне ресімдеу ережесі;

- әдістің ұйғарымды қателігі;

Стандарт әдетте өнім сапасының бір көрсеткішіне қолдануға болатын бақылаудың (сынау, өлшеу, талдаудың) бірнеше әдісін ұсынады. Себебі бұл әдістердің қайсы бірі қажетті жағдайда арбитраждық мақсатта таңдалып алынуы мүмкін. Шындығында әдістемелер ылғый да бір-бірін толықтай алмастыра бермейді. Осындай жағдайлар үшін стандарт қандай бір әдісті таңдау шарты жөнінен нақтылы ұсыныс келтіреді, немесе олардың айырмашылық сипаты жөнінен мәлімет береді.

Сынау әдістері өнім түріне қарай таңдалады. Стандартта сынаудың әрқилы түрлері қарастырылған: Мысалы, шығарылған өнімнің сапасын күнделікті бақылап отыру үшін жүргізілетін сынақ әдістері, жаңа бұйымдар өндірісін игеру кезінде қамтамасыз етуші кәсіпорын жүргізетін үлгілік сынақ әдісі шығарылған өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін дүркін дүркін жүргізілетін сынақтар т.б. болуы мүмкін.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1 Стандарттаудың маңызы мен мақсаты

2 Стандарт түрлері

3 Стандарттау объектілері

4 Стандарттауда қолданылатын нормативтік құжат санаттары

5 Cтандарттау принциптері.

    1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертифи- каттау туралы» заңда белгіленген болатын. Содан 1999 жылы қайта қаралып ҚР-ның «Стандарттау туралы» жаңа заңы қабылданды. Бұл заңға 2003 жылдың 10 маусымында өзгерістер, толықтырулар енгізілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы нарық реформасына байланысты 9 қарашада № 603-11 мен «Техникалық реттеу туралы» заңы қабылданды.

Бұл заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіріп, МСЖ-нің құқықтық негіздерін анықтады. Сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, қолдану арқылы өнім, үрдіс және қызмет сапалы мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылар мүддесін қорғау шараларын жүзеге асырады.

Заңның негізгі мақсаты өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет- тік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Заң 8 тараудан 48 баптан тұрады.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы:

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негіз- деледі және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

“Техникалық реттеу туралы” заңының қолданылу саласы.

Осы Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік цикілінің процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Өнім, көрсетілетін қызмет, поцестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

Мемлекеттік органдар сондай-ақ Қазақстанның аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

Қазіргі кезде техникалық комитеттер Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы қызметтің барлық дерлік басым бағыттарын қамтиды. Стандарттау бойынша 49 техникалық комитет тіркелген (ТК), соның ішінде 2006-2007 жылдары мұнай-газ, тау-кен№ агроөнеркәсіп, көлік жолы, табиғатты қорғау, мақта өсіру сияқты басым секторларда 8 ТК құрылды.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері:

Өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын-алу;

Саудадағы техникалық кедергілерді жою;

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Техникалық реттеу және техникалық регламент негіздері.

Техникалық реттеу дегеніміз өндірілетін өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтап, тиісті нормативтік құжаттар арқылы белгілеу (заңды ету), белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестігін растауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік тұрғыда жөнге (ретке) келтіру болып табылады.

Зерттеулерге қарағанда кейбір дамыған шет елдерде техникалық реттеуді жолға қою арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін тарифтік реттеумен салыстырғанда екі есеге дейін өсіру мүмкіндігіне қол жеткізілген. Мысалы, Германияда техникалық реттеу іс- шараларының нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің жылдық өсімі бір пайызға дейін, яғни 16 миллиард евро мөлшеріне көтеріледі екен. Басқаша айтқанда, технологияны жаңарту, дамыту қарқыны жеделдеген сайын өндіріс тиімділігі артып, экономикалық пайда жоғарылайтынын осыдан көруге болады.

Қазіргі кезде әлемде экономикалық дамудың формальды өлшемі ретінде бір жылда қабылданып, жүзеге асырылған жаңашылдық патенттер саны мен бекітілген стандарттар саны алынады. Мысалы, Жапонияда стандарттардың жаңартылу мерзімі 3-4 жыл. Себебі осы уақыт аралығында технология жаңаруы тиіс деп санайды.

Техникалық реттеу жалпы мемлекеттік тіпті дүниежүзілік көлемде маңызы бар (мысалы, адамдардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау т.б.) мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін міндетті норма, талаптарды белгілеп қана қоймайды, сонымен қатар экономиканың және тұтастай қоғамның дамуына оң ықпал ететін, бірақ та ұсынымдық сипаттағы ережелерді (мысалы өнім және қызметтің сапасын қамтамасыз ету ережелері) де қамтиды.

Жоспарлы экономика, әміршіл- әкімшілдік жүйе жылдарында қалыптасқан техникалық ретеу іс- шаралары экономикалық бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз ете алмады. Себебі ол кезде техникалық реттеу орталықтандырылған қағидаға негізделді және де тек мемлекеттік меншік үстемдік құрып, өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ жаңашылдық иегерлерінің ынта, қызығушылығын тудыратын механизм тым әлсіз болды. Осыған байланысты технологияны жаңарту үрдісі баяу жүрілді. Өнімнің тұтынушылық қасиеті мен қауіпсіздігіне байланысты кез-келген талапты үкімет белгіледі, сонда да міндетті және ұсынымдық талаптар ажыратылмады, ал талаптардың орындалуы көбінесе әміршілдік, әкімшілдік тәсілге негізделді.

Елімізде нарықтық экономика жүйесі қалыптаса бастағаннан бері техникалық реттеу бәсекелестік қабілетті арттырудың негізгі тетігіне айналуда. Ал экономикалық ілгерілеудің негізгі қозғаушы күші-нарықтық экономика заңдылығына негізделген өнім өндірушілердің (немесе қызмет көрсетушілердің) өзара бәсекелес- тігі болып отыр. Осы кезде үкімет тарапынан ұстанатын басым бағыт, көзделетін негізгі нысана- адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қауіпсіздігі болып табылады. Ал өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі бәсекелестік яғни, сапаны жоғарылату нарық заңына негізделеді. Бұл жерде «бәсекелестік» сөзінің мәні мен мағынасы тек қана отандық шеңберді емес, әлемдік немесе халықаралық көлемді қамтиды. Сондықтан да ҚР-ның мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің іс- қимылы халықаралық техникалық реттеу жүйесінің қызметімен толықтай үйлесуі қажет. Мұндай үйлесімділік ҚР ДСҰ-на енуінің бір алғышарты болуымен қатар еліміздің бәсекелестікке қабілетті алдыңғы 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында атқарылатын негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

Халықаралық техникалық реттеу жүйесі техникалық нормаларды белгілеумен қатар олардың сәйкестігін бағалау, растау үрдістерін де қамтыды. Мұндағы негізгі мақсат- ұлттық қауіпсіздік, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыны алдау, жаңылыстыруға бағытталған іс- әрекеттердің алдын алу. Мысалға Еуропалық Одақты алайық. Ондағы техникалық регламенттер заң, нұсқаулар түрінде қабылданады. Оларды Еуропа Парламенті немесе ЕО Кеңесі бекітеді.

Бұл заңдар мен нұсқауларда тұтынушылар мен қоршаған орта үшін айтарлықтай қауіп тудыратын нысандар мен себепкер факторларға үкімет тарапынан қойылатын міндетті талаптар көрсетіледі. Міндетті талаптар көптеген өнім топтарына, мысалы, тамақ өнімдері, медициналық техника, электр құралдарына таралады және химиялық, радиациялық, өрт т.б. қауіптерін болдырмауға бағытталады.

Сонымен қатар техникалық регламенттерде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау, өнімді нарық кеңістігіне орналастыру, мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі талаптар қамтылады.

Техникалық нормаларды қамтыған құжаттардың жоғары құқықтық деңгейі олардың орындалу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

Ал қызметке келетін болсақ, ол- қызметті көрсетуші мен қабылдаушы екеуінің арасындағы арақатынастық үрдіс болғандықтан міндетті регламенттеуге жатпайды және олардың сапасына қойылатын талаптар таңдалуы ерікті стандарттарда белгіленеді.

Талаптары заңды нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарттар үйлестірілген стандарттар деп аталады. Олардың тізімі нұсқауларды енгізумен қатар (бір мезгілде) жарияланады. Мысалы ЕО бойынша небары 23 заңды нұсқау аясында 2300 стандарт қолданылуда.

Техникалық реттеудің мұндай жүйесі нарық объектілері үшін тек қана заңмен реттелетін талаптарды жетекшілікке алуға мүмкіндік береді, ал стандарттар болса бизнеске заң талаптарын орындауына көмектеседі.

Қазақстан Республикасының халықаралық техникалық реттеу моделіне көшу қажеттілігі келесі себептерден туындайды.:

Біріншіден , Қазақстанның ДСҰ-на мүше боп кіруі әлемдік нарықта тең құқылы серіктестік болу үшін соның ережесіне сәйкес жұмыс істеу қажет.

Екіншіден, ҚР-ның негізгі сауда серіктестері болып табылатын ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің техникалық реттеу жүйелерін реформалау, өзара үйлестіру процестері жүрілуде.

Қазақстанда техникалық реттеу жүйесін қалыптастырып, жүзеге асырудың алғышарттары жасалған. Стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар базасы құрылып, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдар қабылданған.

Халықаралық техникалық реттеу жүйесіне көшудің алғашқы қадамы ретінде 1999 жылы қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдарын айтуға болады. «Стандарттау туралы» Заңға алғаш «техникалық регламент» түсінігі енгізіліп, «стандарт» түсінігі халықаралық анықтамамен үйлестірілді. Сондай-ақ ҚР-нда қолданылатын нормативтік құжаттар санатына халықаралық және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары қамтылып, оларды белгіленген тәртіп бойынша қолдану қарастырылады.

«Сертификаттау туралы» Заңға сәйкестікті растаудың декларациялық түрі енгізілді.

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау» РМК базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитет «Техникалық заңнама» құрылды. Осы ТК техникалық реттеу жүйесінің негізін қалаушы келесі құжаттарды даярлап шығарды:

  • ҚР СТ 1.0-2006 «Мемлекетік техникалық реттеу жүйесі. Негізгі ережелер»;

  • ҚР СТ 1.1 -2006 «Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Терминдер мен анықтамалар»

  • ҚР СТ 1.46-2004 «Техникалық реттеу саласындағы норматив- тік құқықтық актілер мен стандарттарды халықаралық стандарттармен және жаңа көзқарасты нұсқаулармен үйлестіру тәртібі»

  • Халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен техникалық- экономикалық ақпарат жіктеуіштері шет мемлекеттердің стандарттау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі ереже, ұсынымдарын ҚР аумағында тіркеу, қолдану ережесі;

  • Техникалық регламенттерді таңдау және әзірлеу жөніндегі ұсынымдар.

Алайда бұл заңдар техникалық реттеу жүйесіне қатысты мәселелерді түбегейлі шеше алмады. Осыған байланысты 2004 жылы қарашаның 9-ы күні ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңды қабылдау еліміздің техникалық реттеу жүйесін экономикалық дамыған елдердің сәйкес жүйелерімен жақындатудың алғашқы қадамы болды.

Реформалаудың негізгі мәні міндетті регламенттеу, ұсынымды ережелер, сәйкестікті растау, міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жұмыстары кешенді түрде, біртұтас жүйе шеңберінде шешілуі тиіс екендігінде.

Міндетті және ерікті талаптарды белгілеуге қатысты барлық мәселелер шеттетпеу қағидасына негізделуі тиіс. Яғни отандық және шеттен әкелінетін өнімдерге, қызметтерге қойылатын талаптар бірдей болуы тиіс. Бұл ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық саудада ұстана- тын негізгі қагида болып табылады.

Міндетті регламенттеу тек қана өнімге таралады. Үрдістерге қойылатын міндетті талаптар егер ол үрдістер өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болса ғана регламенттеледі.

Қызмет міндетті регламенттеуге жатпайды. Бірақта өнімді сақтау, өткізу, пайдалану т.б. кезіндегі қауіпсіздікке қатысты қызметтер сол өніммен бірге кешенді түрде регламенттелеуі тиіс. Бұған қатысы жоқ қызметтер еріктілік аясында қалады, яғни оларға қойылатын талаптар стандарттарда белгіленеді.

Сондай-ақ үкімет пен бизнестің өкілеттігі мен жауапкер- шілігін бөлу қарастырылған. Үкімет өнімнің қауіпсіздік талаптарын белгілейді. Ал бизнес болса өнімнің сапалық деңгейін нарықтық талапқа сай қамтамасыз етеді.

Техникалық регламентке жататын құжат талаптарының міндеттілігіне байланысты ондай құжаттар нормативтік құқықтық акт түрінде (заң немесе қаулы түрінде) қабылданады.

Үкімет нормативтік құқықтық актілерде адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнім туралы тұтынушыға ақпарат беруде алдау практикасын болдырмау үшін өнімге (қажетті жағдайда үрдіске де) қойылатын міндетті талаптардың толық тізімін белгілейді.

Осылайша республикада техникалық реттеудің екі деңгейлі жүйесі қалыптасады: Заңдық немесе үкімет қаулысы деңгейінде қабылданатын міндетті нормативтік құқықтық актілер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар мен басқадай нормативтік құжаттар.

Сондай-ақ халықаралық келісім шарттарда көрсетілген талаптар мемлекеттердің өзара қарым- қатынасы аясында міндетті болып табылады. Ол үшін сол келісім шарт ҚР заңында белгіленген тәртіп бойынша бекітілген болуы тиіс.

Құзыреттілігіне қауіпсіздік жөніндегі міндетті нормаларды әзірлеу, олардың сақталуын жүзеге асыру міндеттері кіретін мемлекеттік органдардың жанына техникалық регламент жобаларын әзірлеу үшін техникалық реттеу жөніндегі сарапшылар кеңесі құрылған. Оның құрамына нақтылы техникалық регламентті әзірлеуге қатысты мемлекеттік органдардың өкілдері, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, ҚР-ның ғылыми , қоғамдық бірлестіктері мен кәсіпорын, мекемелерінің өкілдері қамтылады.

Техникалық регламентті әзірлеу туралы ұсынысты, тіпті сол жобаның өзін даярлауды республиканың кез- келген азаматы жүзеге асыруына болады. Бірақта ол ұсыныс немесе жоба тиісті (осы техникалық регламент таралатын нысанға қатысты) мемлекеттік басқару органына немесе ҚР парламентіне жіберілуі тиіс. Себебі заңнамалық ұсыныс құқығын республикамызда мемлекеттік органдар немесе депутаттар иемдене алады.

Техникалық регламентті әзірлеу аса күрделі жұмыс болып табылады. Себебі нормативтік құжаттардағы өзара сәйкеспейтін барлық талаптар тұтастай жиналып, оларға талдау жасалады, олардың ішінен техникалық реттеу мәселелерінің орындалуын қамтамасыз ететін талаптарды бөліп алып, жіктеп, логикалық тұрғыда бір құжатқа біріктіру қажет. Сосын бұл құжат тәуелсіз сараптаудан өтіп, пікір, мүдделердің, өзараұйғарылымын қамтама- сыз етуі тиіс. Тек қана осындай жағдайда техникалық регламент техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың толықтай тізімін қамтитын болады. барлық техникалық регламент жобалары мен олар туралы мәліметтер техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның ресми басылымында және жалпы ақпараттық жүйеде жариялануы тиіс.

«Техникалық реттеу туралы» Заң техникалық реттеу жүйесін қалыптастырудың негізгі ережелерін белгілейді. Сонымен қатар Қазақстанда «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң жұмыс істейді. Бұл заң Қазақстандық құқықтық жүйесінің негізгі ережелері, құжаттарының санаттары мен деңгейлерін белгілейді. Сондықтан техникалық реттеу саласына қатысты бұрындары қабылданған құжаттар техникалық реттеу жүйесі шеңберінде сақталуы тиіс.

Техникалық реттеу жүйесін қалыптастырудағы бірінші ерекшелік қауіпті объектілерге қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту мәселесі бойынша үкімет пен мемлекеттік органдардың міндеттерінің ара жігін айқындап, ҚР-ның тиісті барлық заңдарына енгізу, екіншіден адам өмірі мен денсаулығы немесе қоршаған ортаға зиян келтірілуі мүмкін объектілерге қойылатын ең төменгі қауіпсізідк талаптары ҚР-ның қолданыстағы заңдарына енгізіледі. Олар жалпы техникалық регламент болып саналады.

Осылайша жалпы техникалық регламенттер (заңдар) мен Үкімет қаулысы бойынша бекітілген арнайы техникалық регламенттерден тұратын техникалық заңнама қалыптасады. Жалпы регламент арнайы регламенттен бұрын қабылдануы тиіс. Керісінше болған жағдайда талаптардың қабаттасуы мен өзара қайшылықтары пайда болады. Нәтижесінде техникалық регламенттер нарықтағы бәсекелестік құралына айналуы мүмкін. Мысалы арнайы техникалық регламентте белгілі бір кәсіпорынның нарықтағы басымдық (үстемдік) жағдайын сақтау үшін өнімнің жекелеген көрсеткіштері сақтау үшін өнімнің жекелеген көрсеткіштері бойынша жоғарылатылған талаптар белгіленуі мүмкін.

Міндетті регламенттеудің негізгі бір мақсаты қауіпсіздік болып табылады. Қауіпсіздікті бір жағынан салыстырмалы санат (түсінік) тұрғысында қарауға болады, яғни қауіптілік белгілері қалай анықталады, олардың алдын алу немесе ең төменгі мөлшерде болдыруға қажетті қаржылық және техникалық мүмкіндік т.б. шарт жағдайлар ескерілуі тиіс.

Техникалық регламент дегеніміз тауардың сипаттамасы немесе соған байланысты өндіріс процестері мен әдістерін қоса алғанда сақталуы міндетті болып табылатын әкімшілік ережелерді белгілейтін құжат. Халықаралық тәжірибеге сәйкес техникалық регламентті қабылдау үкіметтің құзыреттілігіне кіреді. Техникалық регламенттің қабылдауынсыз орын алған мәселенің шешілуі мүмкін болмауы тиіс. Себебі өнімге немесе оның қауіпсіздігіне байланысты процестерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін регламентті қабылдай отырып мемлекет көптеген шаруашылық субъектілерінің (конструкторлар, өндірушілер, өткізушілер мен өнімді тұтынушылар) іс-қимылын шектейді.

Сондықтан техникалық регламентті әзірлеуді қолға алудан бұрын оны қабылдау қаншалықты қажет? орын алған мәселелерді шешудің басқадай жолдары жоқ па? осы техникалық регламентті енгізудің нарыққа берер нәтижесі қандай? деген сұрақтарға терең талдау жүргізілуі тиіс.

Техникалық регламенттер төмендегі мақсаттар үшін әзірленіп қабылдануы тиіс:

- адамның денсаулығын қорғау, жан-жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ұлттық қауіпсіздік;

- зиянды әрекеттерді болдырмау, мысалы тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігі мен арналымы туралы ақпараттандыру;

Егер орын алған мәселе аталмыш мақсаттарға қатыссыз болса, онда оны шешу жолдары міндетті регламенттеу аумағына жатпайды. Сондықтан техникалық регламентті әзірлеудің қажеттілігін айқындау үшін мынадай факторларды ескеру қажет:

- нарыққа әсері;

- бәсекелестіктің дамуы немесе шектелуі;

- өндірушілер мен тұтынушылардың шешілуі тиіс мәселелер жөнінен нақтылы хабардар болуы;

Техникалық регламентті әзірлеудің қажеттілігі туралы шешім қабылдамас бұрын мәселені шешудің басқадай жолдарын қарастыру керек. Мысалы жаңа стандарт әзірлеу немесе қолданыстағы (күшіндегі) стандартқа өзгертулер енгізу т.б.

Ұқсас нұсқаларды таңдау кезінде тиісті заңнамалар мен стандарт, бағдарлама, ережелерді неғұрлым өзгертпей немесе аздап қана өзгертулер енгізу арқылы пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар таңдалып алынатын нұсқаның мәселені шешудегі экономикалық тиімділігі (шығын және пайда көлемі) ескерілуі тиіс.

Шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарағанда техникалық регламенттер жалпылай немесе арнайы болуы мүмкін. Жалпы техникалық регламенттер өнімнің барлық немесе макроэкономикалық тобына қатысты жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналады. Мысалы жалпы техникалық регламенттерге «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Радиациялық қауіпсіздік туралы», «Тамақ өнімдерінің қаіпсіздігі туралы» регламенттер жатады.

Егер жекелеген өнім немесе қызметтер тобына қатысты қауіпсіздік ережелерін жалпы техникалық регламентке сыйғызу мүмкін емес болса, онда сол өнім тобы немесе қызмет үшін арнайы регламент әзірленеді. Мысалы «Балалар тамағының қауіпсіздіг туралы», «Бензин және дизель жанармай қауіпсіздігі туралы» т.б.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық регламентті бекіту үкіметтің құзыреттілігіне кіреді.

Бүгінгі күні техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры барынша толық және саны 55 мыңға жуық аталымға жетеді (Сутет 1.2), олардың ішінде 20 мыңнан астам мемлекетаралық стандарттар, 8 мыңнан астам халықаралық, 11 мың шет елдерінің ұлттық стандарттары және 1,83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары. 1,83 мыңнан астам Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының ішінде халықаралық нормалар мен талаптармен үндестігінің жалпы деңгейі 60,1 пайызды құрайды. Эконоиканың шынайы секторында үндескен стандарттар деңгейі 66 пайызды құрайды.

Бүгінде республикада мемлекеттік, мемлекетаралық деңгейінде қолданылатын 16 классификатор жұмыс істейді: 12-сі мемлекеттік мәртебеге ие, олардың 10-ы халықаралық классификациялармен үндеседі; 4-уі мемлекетаралық классифика- тор мәртебесіне ие.

Техникалық регламенттерді әзірлеу. Техникалық регламент- тердің жалпы құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚР СТ 1.46-2004 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды халықаралық стандарттармен және Еуропалық жаңа директивалармен үйлестіру» стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Техникалық регламент өнім сипаттамасы, өндірістік процесс, өнімді сақтау, пайдалану, тасымалдау, өткізу, қайта өңдеу үрдістеріне қойылатын талаптарды мазмұндауы тиіс.

Техникалық регламентте белгіленген техникалық талап нормативтері қауіпті факторлардың ең төменгі деңгейін көрсету тиіс. Объектіге қойылатын техникалық талаптың ең төменгі деңгейін анықтау үшін қолданыстағы (өз күшіндегі) нормативтік құжаттармен қатар шетелдердің ұқсас техникалық регламенттерін, сондай-ақ Қазақстан біріккен халықаралық және өңірлік келісімшарттарды пайдалану қажет.

Ең төменгі деңгейдегі талаптардың құрамын анықтағанда бұрын болған қауіп-қатерлер туралы статистикалық мәліметтерді талдау, өнімнің конструкциясы, құрамы, қолдану жағдайы, қорғаныс шаралары, болашақ нұсқалары туралы ақпараттарды зерттеу қажет. Кейбір жағдайларда тұтынушылардың арнайы қажеттілігі мен жекелеген азамат санаттарын (балаларды, мүгедектерді, қарт адамдарды) қорғау мәселесін де ескеру қажет.

Ең төменгі деңгейдегі талаптарды белгілеу жөніндегі жұмыстар сол талаптарды мүмкін болатын тәуекелдік деңгейге сәйкестірумен өз мәресіне жетуі тиіс.

Тәуекелді талдау өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүрілуі тиіс. Сол талдаудың нәтижелері техникалық шешім қабылдаудың негізі болады.

Техникалық регламентте белгіленетін өнім қауіпсіздігінің деңгейі адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келетін зиянның ең төменгі деңгейімен сәйкесетіндей болуы тиіс.

Сондай-ақ техникалық регламенттер мен оларға үйлестірлген стандарттарда белгіленетін талаптар мемлекеттің экономикалық және ғылыми- техникалық даму деңгейіне сәйкес болуымен қатар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық, жобалау, патенттік зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, қауіпсіздік саласы бойынша отандық және шетелдік ғылым мен техника, технология жөніндегі ресми ақпараттарға негізделуі тиіс.

Жалпы техникалық регламенттерде белгіленетін ең төменгі қажетті талаптар құқықтық нормалар сияқты жалпылама түрде, сандық көрсеткіштерсіз келтіріледі. Мысалы «ауыр металл тұздарының болуы рұқсат етілмейді» деген сияқты.

Арнайы техникалық регламенттер өнім және оның қауіпсіздігіне қатысты міндетті талаптарды стандарттарға сілтеме жасау арқылы немесе нақтылы сандық мәндерді көрсету арқылы белгілейді.

Арнайы техникалық регламенттерде өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері мынадай жағдайларда белгіленуі мүмкін:

- егер техникалық сипаттамалардың сандық мәндері тұрақты шамада болса. Мысалы, «жоғары емес», «төмен емес», «болуы ұйғарылмайды» т.с.с.

- сәйкестікті дәлелдеу базасы болмаса. Яғни осы регламентпен үйлестірілген мемлекеттік стандарт жоқ болса немесе осы стандарттардың халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлесімдік дәрежесі жоғары болмаса.

Жалпы және арнайы техникалық регламенттерде халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлестірілген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сілтемелер жасалуы мүмкін. Үйлестірілген стандарттар жоқ болса өнімге негізгі техникалық талаптарды белгілейтін халықаралық, өңірлік стандарттарға сілтеме жасау керек. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіп бойынша қолданылатын өнімді қабылдау, бақылау, тасымалдау, сақтау ереже, әдістеріне сілтеме жасауға болады.

Стандартқа сілтеме жасағанда оның қабылданған жылын көрсетпей-ақ стандарттың нөмірін белгілеу жеткілікті. Бірақта ол стандарт күшінде болуы тиіс. Сонымен қатар қажет болған жағдайда санитарлық норма ережелеріндегі көрсеткіштерге сілтемелер жасауға болады.

Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін сандық көрсеткіштері мен оларды сынау әдістері стандарттарда белгіленеді. Мұндай стандарттар үйлестірілген деп аталады. Себебі ол стандарттарға техникалық регламентте сілтеме жасалынады.

Үйлестірілген стандарттардың тізімі техникалық регламентті қабылдаумен бірге бір мезгілде немесе белгіленген уақытта баспаға жарияланады.

ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісіміне сәйкес техникалық шешімдерді қабылдау кезінде техникалық регламент ретінде халықаралық немесе өңірлік стандарттарды пайдалану керек. Алайда халықаралық немесе өңірлік стандарттарды техникалық регламент үшін пайдалану туралы шешім қабылдамас бұрын оларды пайдаланудан түсетін пайданы есептеп, басқа да нұсқаларға талдау жасау қажет.

Бір елдің техникалық регламентін екінші елге автоматты түрде көшіру сол көшірген елге үлкен шығындар әкелуі мүмкін. Сондықтан техникалық регламенттегі ереже, талаптарды белгілегенде, сондай-ақ техникалық стандарттарды шетелдік стандарттармен үйлестіру кезінде ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелері, шетелдермен жасаған келісімшарт халықаралық құзырлы ұйымдардан алынған статистикалық мәліметтер мен ғылыми- техникалық ақпараттарды негізге алу керек.

Техникалық регламенттің халықаралық стандарттармен, сондай-ақ шетелдердің техникалық регламенттерімен үйлесімдік деңгейін анықтау үшін мыналарды айқындау қажет:

- техникалық регламент халықаралық стандарттармен үйлесе ме?

- егер үйлеспейтін болса техникалық регламентте белгіленген талап, ережелердің халықаралық ұқсас стандарттардағы ереже, талаптардан айырмашылығының негізділігі қандай (жеткілікті ме)?

-техникалық регламент мемлекеттің халықаралық міндеттемелерімен үйлесе ме?

- фирмалардың нарыққа кіруі мен нарықтан шығуына техникалық регламенттің әсері (рөлі) қандай?

Қазақстан Республикасында өнімді нарыққа шығарудың негізгі шарты сол өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкесуі болып табылады. Мұндай сәйкестік туралы ақпарат тұтынушыға леспе құжат, өнімге қойылатын таңбалар, сәйкестік сертификаты, пайдалану жөніндегі нұсқаулық т.б. құжаттар арқылы беріледі.

Сурет 1.2 – Қазақстан Республикасындағы техникалық регламеннтер мен ұлттық стандарттар қорыТтеехникалық реглатер мен стандарттардың мемлекеттік қоры

Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры:

1 Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.

2 Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленген және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетілген құжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.

3 Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығаруға және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен жүзеге асырылады.

4 Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәклетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді.

    1. СТАНДАРТТАУ АУМАҒЫНДА НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қазақсатн Республикасы аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өнімді әзірлеу, өндіріске қою, өнімді жасау, өткізу (жеткізу, сату), пайдалану (пайдаға асыру), сақтау тасымалдау мен кәдеге жарату сатысында, процестерді (жұмыстарды) атқару және қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қолдануы тиіс.

Ұсынымдық талаптары бар мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты қолдану, егер оған республикада қолданылатын техникалық сипаттағы талаптар, нормалар мен ережелер бар техникалық регламенттерге сілтеме болса, міндетті болып табылады.

Халықаралық стандарттау жүйесі ережелеріне сәйкес, техника- лық регламенттерге заңға сәйкес мемлекеттік басқару органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды жатқызу керек, олардың құзыретіне міндетті талаптарды белгілеу (құрылыс, санитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопиялық баптар, өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар, тау кен қадағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, жолдардағы және көліктің барлық түріндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелері және басқалары), міндетті талаптар бөлігінде мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар кіреді.

Нормативтік құжаттар туралы ақпарат. Әзірленетін және қабылданған мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, техникалық регламенттер, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары, міндетті нормалар мен талаптарды регламенттейтін стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ осы құжаттардың өзі пайдаланушылар үшін, оның ішінде шетелдік пайдаланушылар үшін олар мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрамайтын бөлігінде қол жетімді болуы тиіс.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәклетті мемлекеттік орган: мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар мен техникалық- экономикалық ақпараттың жіктегіштері, халықаралық, аймақтық стандарттар, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, басқа мемлекеттердің ұлттық стандарттары туралы ресми ақпаратты, сондай-ақ стандарттау, метрология және саласындағы халықаралық шарттар және оларды қолданудың ережелері, стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар мен жоспарлар туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жариялауды ұйымдастырады.

Талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде берілген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау (бұдан әрі мемлекеттік бақылау мен қадағалау) уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Уәклетті орган мен аумақтық бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнімге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәклетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

1 өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;

2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізудің жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік актінің күші қолданылатын.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері. Өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері болып табылады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. ҚР « Техникалық реттеу туралы» заңның негізгі мақсаты;

2. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері;

3. Техникалық ретеу негіздері;

4. техникалық регламент негіздері;

5. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер;

6. Стандарттаудың құқықтық негізіне не кіреді;

7. Стандарттау терминіне анықтама беріңіз;