Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4 Тарау. Аккредиттеу негіздері

Аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сілтеме

ҚР СТ 7.9-2003

ҚР МСЖ. ҚР АЖ. СО және СЗ (СО) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды орындауға жұмсалатын уақыт нормалары

ҚР СТ 7.11-2004

ҚР МСЖ. Аккредиттеу жүйесі. СО және СЗ (СО) аккредиттеу кезінде қолданатын құжаттардың негізгі нысаны

ҚР СТ ИСО /МЭК 62-2001

Сапа жүйесін бағалауды және сертификаттауды тіркеуді жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар

ҚР СТ ИСО /МЭК 65-2001

ЖШСді сертификаттау жөніндегі органдарға

қойылатын жалпы талаптар

ҚР СТ ИСО /МЭК 66-2002

Экологиялық менеджмент жүйесін бағалауды және сертификаттауды экологиялық менеджмент жүйесін тіркеуді жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар

ҚР СТ 1349-2005 (ИСО/МЭК 17024:2003, МОД )

Еңбек ресурстарын басқару. Қызметкерлер сәйкестіктін растау жөніндегі орган. Талаптар.

МА 08-94

Сынақ, өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеуді жүзеге асыратын зертханаларды аккредиттеудің өзара тану тәртібі

МА 20-97

Бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика зертханасының сапа бойынша басшылығын әзірлеу жөніндегі ұсыныстар

МА 38-2001

Темір жол транс жөніндегі сертификаттау жүйесі. Темір жол ЖШС-інің СО қойылатын талаптар және олардың аккредиттеу тәртібі

МА 39-2001

Темір жол транс жөніндегі сертификаттау жүйесі. СО (зертханаларына) қойылатын талаптар және олардың аккредиттеу тәртібі

МА 68-2004

Сәйкестікті растау саласында қызметкерлер құзыреттілігін сертификаттаудың тану тәртібі

Аккредиттеу саласында қолданылатын негізігі ұғымдар және аккредиттеу принциптері

«Аккредиттеу» сөзі латын тілінен (Accreditivus) аударғанда сенім білдіру, мойындау деген мағынаны білдіреді.

Аккредиттеу саласында келесідей негізгі ұғымдар қолданылады:

аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;

аккредиттеу аттестаты – аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;

аккредиттеу белгісі – аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;

аккредиттеу жөніндегі орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

аккредиттеу жүйесі – өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

аккредиттеу критерийлері – өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;

аккредиттеу материалдарын жаңарту – аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;

аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;

аккредиттеу саласын кеңейту – аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;

аккредиттеу саласын қысқарту – аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;

аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мамандар;

аккредиттеу субъектілерінің тізілімі – аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;

аккредиттеу субъектісі – осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

инспекциялық тексеру – аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу критерийлерін сақтауын аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын тексеру;

калибрлеу зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар – өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;

өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру – өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;

өтініш беруші – аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;

салыстырма сынақтары – бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;

салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестікті растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргізу арқылы дәлелдеу;

сәйкестікті бағалау объектілері – сәйкестікті растауға, зерттеуге, сынауға, өлшемге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға жататын өнім, процестер, көрсетілетін қызметтер, менеджмент жүйелері, персонал, өлшем құралдары, сынақ жабдығы, өлшемдерді орындау әдістемелері;

сәйкестікті растау жөніндегі органдар – өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

сынақ зертханасы (орталығы) – зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

техникалық сарапшы – сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

уәкілетті орган – техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:

1 өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

2 отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3 сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;

4 саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5 отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.

Аккредиттеу принциптері:

1 еріктілік;

2 аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

3 сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

4 кемсітушілікке жол бермеу;

5 құзыреттілік;

6 аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

7 тәуелсіздік;

8 аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

9 аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.

Еріктілік, яғни сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеу рәсімінен өтуді міндеттеуге жол берілмейді, аккредиттеу тек заңды тұлғалардың өтінімі бойынша ғана жүргізіледі.

Құзыреттілік, яғни сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларының өтінілген аясы бойынша өнімнің сәйкестігін растауда техникалық құзыретті: тиісті аспаптары мен жабдықтары, қажетті қаржы мен құжатталған рәсімдері, арнайы оқытылған қызметкерлері мен білікті мамандары, нормативті құжаттар қоры, инспекциялық бақылау жүргізу мүмкіндігі болуы тиіс;

Кемсітпеушілік, Қазақстан аумағында сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларының меншік формасы мемлекеттік немесе жеке меншік, отандық немесе шетелдік болуы мүмкін. ҚР аккредиттеу саласының талаптарына сай аккредиттелген ұйымдарын меншік формасы немесе шығу тегі бойынша кемсітуге жол берілмейді;

Құпиялылық, кез-келген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларының коммерциялық стратегиялық жоспарлары немесе басқа да құпиялары болуы мүмкін. Егер құпиялардың өнім қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама қатысы болса, онда аккредиттеу жөніндегі органның ол құпияларды жариялауға құқығы жоқ.

Мүдделі және ерікті қызмет саласында жұмыс істейтін ұйымдарға бірыңғай талаптар, яғни сәйкестікті міндетті растау және сәйкестікті ерікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларына іспеттес талаптар қойылады.

Бақылау сұрақтары:

1 Аккредиттеу дегеніміз не?

2 Аккредиттеу саласы дегеніміз не?

3 Аккредиттеу аясы дегеніміз не?

4 Аккредиттеу принциптері.