Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

4.1 Аккредиттеудің даму тарихы мен халық-аралық тәжірибесі

Аккредиттеу барынша ерте пайда болды (Австрияда) және зертханалар қызметінің тәжірибесімен байланысты дамыды, соңғы он жыл ішінде оның ролі күрт өсті. Сәйкестікті бағалаудың барлық түрлері – сапа менеджменті жүйесін сертификаттау, кәсіпорындарды экологиялық стандарттарға сәйкестікке сертификаттау, қызметкерлерді сертификаттау, өнімді сертификаттау, калибрлеу, сынау және бақылау – аккредиттеуден өткен ұйым көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аккредиттеу мемлекеттік және ерікті секторда кеңінен пайдаланылады.

Аккредиттеу – ішкі нарықтың қызмет етуінің маңызды элементі. Көп нәрсеге қол жеткізілді және барлық секторларда аккредиттеу жүйесін кеңейту бойынша жаңа күштер салынып жатыр. Сонда да қолданыстағы аккредиттеу жүйесі шешімі өңірлік қана емес халықаралық көлемде де сенімді қалыптастыруға көмектесетін бірқатар проблемалармен соқтығысып отыр.

Аккредиттеуді жетілдіру жолында екі негізгі проблема бар. Біріншісі, оның тәуелсіздігі мен объективтілігін қолдап күшейту керек. Екіншіден, аккредиттеу өзінің пайдалылығын дәлелдеуі керек. Өкінішке орай тәуелсіздік пен объективтілік мәселесі бүкіл әлемде толық деңгейде сезініле қойған жоқ. Мүдделер дауын болдырмау үшін сәйкес «кедергілер» қою керек деп есептеледі, олар аккредиттеу жөніндегі орган объективтілігін бұзар еді. Бұдан басқа мүдделер дауын болдырмай ғана аккредиттеу роліне қатысты шатасуды да болдырмау маңызды. Кейде мүдделі тұлғаларға нарықта өзге аккредиттеу жөніндегі органмен бәсекеге түсіп отырған өзге аккредиттеу жөніндегі орган белгіленген ережелерден тәуелсіз объективтілікті қалай сақтап қалатындығын түсіне алмайды.

Бірқатар жерде бірнеше аудиттер, инспекциялық тексерулер барысында түрлі талаптар қойылады, түрлі түсініктер беріліп, сәйкестікті бағалау туралы есеп берудің жалпы қабылданған нысандары болмай қалған кездері болды. Оның себебі – сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар құзыреттілігіне сенімнің жоқтығы. Аккредиттеудің міндеті – бұл сенімді оған бақылау қызметтерін енгізу жолымен қамтамасыз ету.

Көптеген елдерде тек бір ғана аккредиттеу жөніндегі орган құрылып жұмыс істейді. Кейбір өңірлерде, мысалы Африкада барынша оңтайлы нұсқа – бір органды бірнеше елдерге бекіту.

Өз міндеттерін тиісті үлгіде шешу үшін аккредиттеу жөніндегі органды басқарып отырғандар (ал бұл бақылаудың соңғы деңгейі) аккредиттеумен байланысты емес іс-әрекет кезінде қауіпке душар болмауы керек. Жоғарыда айтылып өткендей мүдделі тараптар, егер аккредиттеу және сәйкестікті бағалау бір–бірін жабатын болса, сенімді жоғалтатын болады. Аккредиттеу сенімнің соңғы кепілі болғандықтан, оны жүргізу коммерциялық мүдделермен немесе бәселестікпен байланысты болуы керек. Егер қандай да болсын тарап аккредиттеу тетігін бәсекелестік жағдайына қалаған болса, онда бір-бірімен бәсекелес органдарды қадағалау үшін аккредиттеудің өзге деңгейі талап етілген болар еді. Қашып болмайтын бюрократизмді есепке алып бұндай тәсіл ұтымды болмас еді. Аккредиттеу нарық дамуын есепке алуы керек, бірақ ол оның бөлігі болмауға тырысуы керек. Оны қоғам үшін техникалық қызмет ретінде қарастырып және мемлекеттік және ерікті секторда аккредиттеу арасында айырмашылықты болдырмау. Өйткені, айырмашылық бірін-бірі қайталауға және ұтымдылықтың төмендеуіне әкелер еді.

Елдер арасында сауданы жеңілдету жүйесі, егер аккредиттеу жөніндегі органдар мен сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар бүкіл әлемдік көлемде мақұлданған түрлі бағалы критерийлер негізінде жұмыс істейтін жағдайда ғана жемісті әсер ететін болады. Ол үшін берік негізді ИСО/МЭК 17011 «Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар» құрайды. Бұдан басқа сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар үшін ИСО 17000 сериялы өзге де стандарттарды әзірлейді, олар бұрынғы жетекшіліктерді алмастырады. Бұл құзыреттілікті тану туралы өтінімге негіз құрайды.

Ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдар халықаралық сауданы жеңілдету жағдайында емес. Сондықтан тепе-теңдік бағалау тетігі өңірлік және халықаралық деңгейде құралды. Осының салдарынан аккредиттеу жөніндегі органдар келісіп жұмыс істейтіндігіне сенім бар және егер олар бұндай бағалаудан өткен болса, онда өзара тану туралы бірнеше тараптық келісім (МLA) мүшелері бола алады. Тепе- тең бағалау тетігі қайталау бағалауларын жиі жүргізіп тұруды болжайды.

Өзара тану, көмектесу және бір бірінің сәйкестігіне аккредиттелген бағалауларды қабылдау жолымен МLA мүшелері «бір рет және қорытынды» қағидаты бойынша процесті жүзеге асыруды жеңілдетеді. Бұл сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органға экономикалық тұрғыдан маңызды болатын бір салада аккредиттелудің қажеттілігінің жоқтығын түсіндіретіндігін білдіреді.

Бастапқыда МLA өңірлік негізде, мысалы Еуропада немесе Азия-тынық мұхиттық өңірде құрала бастады. ILAC және Халықаралық аккредиттеу жөніндегі форум (IAF) күш салуына орай бұндай келісімдер халықаралық сипатқа ие болды.

Алайда МLA, егер IAF пен ИЛАК МLA-мен қамтылған аккредиттеу жөніндегі органдар бұрын қабылданған талаптарды қанағаттандыратындығына кепілдік берсе ғана олар бүкіләлемдік сауданы жеңілдете алады.

Ұқсас тәсілді елдер арасында екі жақты келісімдерді бекіту мүмкіндігі қашанда мүмкін болады. Бұл жағдайда сауданы жеңілдету тек осы екі елге ғана қатысты болады. Қазақстанға бүкіләлемдік сауда кеңістігінде операцияларды жасау үшін көптеген екі жақты келісімдер бекітуіне болады. Бұл артқа кеткен адым болады және шығындарды арттыра түседі.

Қазақстанда қолданыстағы аккредиттеу жүйесін талдау ол халықаралық жүйелерге сәйкесетіндігін көрсетеді. Жүйені реформалау және жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін бағдарлама әзірленді, ол шетелдік консультанттар ұсыныстарын ескереді. Ұсынылатын бағдарламаға сәйкес:

1 аккредиттеудің нормативтік құқықтық базасын әзірлеу;

2 Қазақстан Республикасының сәйкес аккредиттеу жүйесін реформалау;

3 ұлттық аккредиттеу жөніндегі органды құру;

4 сарапшы-аудиторларды оқытуды ұйымдастыру;

5 халықаралық салыстырмалы сынауларға қатысу;

6 шетелдік сарапшылармен аккредиттелген зертханалар мен сәйкестікті растау жөніндегі органдар желісін құру;

7 халықаралық аккредиттеу жөніндегі ұйымдарға кіру;

8 аккредиттеу саласында бірнеше тарапты ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол қою қажет.

Көрсетілген міндеттерді шешу:

- Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға;

- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі үшін жағдай жасауға;

- аккредиттеу жүргізу кезінде бірыңғай критерийлер мен процедураларды қолдануға;

- аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде ведомстволық айырмашылықты жоюға;

- өтінім берушінің аккредиттеу жүргізуге негізделмеген шығындарын төмендетуге;

- қазақстандық тауарлардың рынокқа шығуына жағдайлар қалыптастыруға көмектесетін болады.

Халықаралық сауда қатынасын дамыту мемлекеттің тауарды шарасыз кідірістерсіз және артық шығындарсыз жеткізу барысында шекарадан өткізу үшін техникалық кедергілерді жеңу жолдарын қарастыруда ынталандырады. Саудада техникалық кедергілерді жоюдың бірден бір жолы олардың аккредиттелуінде расталатын, сәйкестікті бағалауды растайтын, ұйымдардың құзыреттілігі және тәуелсіздігі, процестер және белгіленген талаптарда көрсетілетін қызметтер, өнім сәйкестігін бағалауды өзара тану болып табылады.

Аккредиттеу дүниежүзілік іс тәжірибеде аккредиттелген ұйымдардың құзыреттілігін бағалауда салыстырмалы және бірлік кепілдігіне жататын талаптарды орындауды нормативтік құжаттармен сәйкес келетін регламент белгілейтін дербес қызмет түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласын аккредиттеуді Мемстандарт жүзеге асырады.

Аккредиттеу белгіленген критерийлерге сәйкес белгілі бір қызмет саласында өзінің техникалық құзыреттілігінің бағалануына ерікті тілек білдірген (кәсіпорындар, ұйымдар, және олардың құрылымдық бөлімшелері) субъектілер қатынасында жүргізіледі. Осы ерікті таңдаумен ұйым өзінің жұмыста кәсібилігін және айқындығын, қосымша ауырлық көрсеткішін алуға ниетін білдіреді.

Әдетте, дамыған шет елдерде аккредиттеу негізі 70 жылдардың ортасынан бастап қалана бастаған бірыңғай ұлттық аккредиттеу жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің жеке түрі ретінде халықаралық жүйелерде аккредиттеу саласындағы жұмыстарды үкіметпен уәкілеттік берілген меншіктің түрлі нысанындағы арнайы ұйымдар орындайды.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды (СРО) және сынақ зертханаларын (СЗ) аккредиттеу ұлттық деңгейде әлемдік практикада қабылданған процедуралар мен критерийлер бойынша жүргізіледі және әдетте халықаралық және өңірлік (оның ішінде еуропалық) нормативтік құжаттарда берілген принциптерге негізделеді. Бұндай қағидаттар: аккредиттеудегі еріктілік пен оған міндеттеудің жоқтығы; кәсіби құзыреттілік; қандай да болсын айрықша мүдделердің басымдылық мүмкіндіктерінен тәуелсіздік; кемсітушілік пен аккредиттеу кезінде мәселелерді алалап шешім қабылдау мүмкіндіктерін болдырмау; мөлдірлік (анықтық) пен жалпыға қол жетімділік; құпиялылық; жүйе қызметіне қоғамдық бақылау; аккредиттеудің бірыңғай ережелері болып табылады.

Аккредиттеудің үлкен объективтілігі үшін аккредиттелетін ұйымдарды бағалау және аккредиттеу бойынша шешім қабылдау жөніндегі іс-әрекет бөлінуі керек. Аккредиттеу жөніндегі орган ішкі құжатталып рәсімделген сапа жүйесіне ие болуы керек.

Санамаланған қағидаттарды сақтау сенімділік қалпын құру және аккредиттеу жүйесін ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде өзара тану үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттер әдетте ұлттық аккредиттеу жүйесінің қызметін ұйымдастыруға белсенді ат салысады. Бірқатар елдерде аккредиттеу жөніндегі қызмет негіздері заңнамалық негізге ие болды (Австрия, Вена, Португалия және т.б.).

Оған мысал ретінде:

Францияда сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу жүйесі 1978 жылдан бастап дами бастады. 1994 жылы сынақ зертханаларын аккредиттеу жүйесі мен ұлттық метрология бюросы негізінде Француз сынақ және салыстырып тексеру зертханаларды, қадағалау жөніндегі органдарды, өнімді, көрсетілетін қызмет және сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі комитеті құрылды. 1995 жылға жүйеде 606 сынақ және 270 калибрлеу зертханалары болды.

Германияда түрлі бағыттар бойынша 14 аккредиттеу жүйесінен тұратын ДАР неміс аккредиттеу жөніндегі кеңес қызмет етеді. Жүйе 1991 жылы құрылды және құрамында 1996 жылы онда 692 сынақ зертханалары мен 161 калибрлеу зертханасы, 67 сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі органдар, 45 өнімді сертификаттау жөніндегі органдар мен 12 қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі орган болды.

Италияда екі жүйе құрылған: 1988 жылы құрылған СИНАЛ зертханаларды аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйе, 116 сынақ зертханасынан тұрады, СИНСЕРТ Италия органдарды аккредиттеу жөніндегі жүйе 1991 жылы құрылды. Жүйеге 21 сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі орган, 6 өнімді сертификаттау жөніндегі орган мен 3 қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі орган кірді.

Финляндияда аккредиттеу жүйесі - ФИНАС 1978 жылдан бастап дами бастады. 1991 жылы метрология және аккредиттеу жөніндегі орталық құрылды. 1996 жылы жүйеге 54 сынақ, 31 салыстырып тексеру зертханалары, 6 сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі орган кірді.

Барлық жоғарыда аталған жүйелер жұмыс қағидаты ЕЭС директиваларына, сондай-ақ ЕН 45000 сериялы стандарттарға негізделген әр элементі нақты бағытта жұмыс жүргізетін тарамды құрылымға ие.

Ресей Федерациясында заңнамалық реттелетін салада іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді Ресей Мемстандарты мен РФ заңнамалық актілеріне сәйкес атқарушы биліктің өзге де федералдық органдары (яғни аккредиттеуші органдар) жүргізеді.

Ресей аккредиттеу жүйесінің қатысушылары: РФ аккредиттеу жөніндегі кеңес, аккредиттеуші органдар мен қызмет түрлері бойынша техникалық орталықтар, аккредиттеу нысандары мен аккредиттелген ұйымдар, аккредиттеу жөніндегі сарапшылар болып табылады.

2003 жылғы 20.03 жағдай бойынша Ресей Федерациясында тек ГОСТ Р жүйесінде 2369 сынақ зертханасы мен 1222 жоғары сертификаттау жөніндегі орган аккредиттелді.

Белоруссияда бірыңғай салыстырып тексеру мен сынақ зертханаларын аккредиттеу жүйесі қызмет етеді. Аккредиттеуші орган Мемстандарт болып табылады. Аккредиттеу жүйесі: аккредиттеу жүйесінің кеңесінен, даярлық және сарапшыларды аттестаттау бойынша комиссиядан, зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдар, салыстырып тексеру, калибрлеу түрлері бойынша техникалық комитеттер, салыстырып тексеру, өлшеу және сынақ зертханаларынан, шағымдар беру мен қадағалау жөніндегі комиссиядан және т.б. тұрады. Зертханаларды аттестаттау жөніндегі жұмыстарды сарапшы ретінде біліктілігі жоғары ғылым мен өнеркәсіп мамандарын қатыстырып, 120-дан артық аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

Барлық жүйелерде аккредиттеу процедуралары ұқсас және мына кезеңдерден тұрады:

-өтінім берушінің аккредиттеуге арналған өтінімді беру;

-аккредиттеу жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізу және ақпарат жинақтау;

-кәсіпорын-өтінім берушіге орнында зерттеу жүргізу;

-барлық материалдарды талдау және аккредиттеу туралы шешім қабылдау;

-аккредиттеу туралы құжат беру;

Аккредиттеу аттестатының қолданысының барлық мерзімі ішінде аккредиттелген ұйымға кезеңді бақылау жүргізу.

Аккредиттеу жөніндегі жұмыс жүргізуге шығындарды өтінім беруші төлейді.

Шет елдерде аккредиттеу талаптарын орындау аккредиттелген ұйымның құзыреттілігін бағалау бірлігі мен салыстырмалығының кепілдігі болатын сәйкес нормативтік құжаттармен регламенттелетін қызметтің жеке түрі болып табылады.

Аккредиттеудің басты мақсаттары - ұйымдардың құзыреттілігін растау жолымен оған сенімді қамтамасыз ету, бір салада түрлі ұйымдардың іс-әрекет нәтижелерін өзара тану үшін жағдай туғызу.

Осы мақсатта 1978 жылы бірінші рет халықаралық сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі конференция – ИЛАК, кейіннен, 1991 жылы халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум (ИАФ) құрылды.

ИЛАК әрекетінің саласы – сынақ және калибрлеу зертханалары мен қадағалау органдарын аккредиттеу (ИЛАК ұйымдастыру схемасы А қосымшасында берілді).

ИЛАК басты міндеті ретінде аккредиттелген зертханаларда орындалған өлшеулер мен сынау нәтижелерін тану жолымен саудаға көмектесу үшін халықаралық кооперацияны дамыту деп қойды. 1996 жылы ИЛАК аккредиттеу жөніндегі органдар арасында олардың қызмет нәтижелерін өзара тану туралы келісім жүйесін құру құқығына ие кооперацияның ресми мәтребесін алды. ИЛАК келісім 22 жыл бойына созылған қарқынды жұмыстың шыңы.

2000 жылы қараша айында 28 түрліөңірлер аумағында әрекет ететін ИЛАК мүшелері – 36 зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдар Вашингтонда ИЛАК келісіміне қол қойды. Осы келісім мақсаты - өлшеу нәтижелері мен экспортқа шығарылатын техникалық сынақтар нәтижелерін өзара тануға қол жеткізу. Осы бірнеше тарапты келісімге қол қою рәсімі ИЛАК Бас ассамблея шегінде өтті.

ИЛАК келісімінің мақсаты – сынау мен өлшеулердің нақты және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз ете алатын аккредиттелген сынақ және өлшеу зертханаларының барынша үлкен желісін құру. 2001 жылғы 31 қаңтарда қолданысқа енгізілген ИЛАК келісімі кез келген елде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақ пен өлшеулер нәтижелерін танумен шекараның түрлі елдері бойынша сауда операцияларына қатысушылардың өзара сенімін нығайтуға көмектесіп, халықаралық саудада техникалық кедергілерді жояды. Осы уақытқа дейін зертханаларды аккредиттеу саласында өзара тану туралы келісім болған емес. Бұл халықаралық саудада кедергі қызметін атқарды, оның ішінде елге енгізген кезде импорттаушы қайта міндетті сынаулар немесе өлшеулерге түсуі керек өнімдермен сауда кезінде қиындықтар тудырды. ИЛАК келісімі осындай текті кедергіні жоюға негізделген. Жүйелер – ИЛАК шегінде келісімше қатысушылар арасында сенімді нығайту үшін қажетті болатын негізгі шарттар төменде берілген. Осы шарттар өзінің негізінде – орындалуы ИЛАК мүшелері мен олар аккредиттеген зертханалардың техникалық құзыреттілігіне өзара сенімді белгілеу және қолдау үшін қажетті сол талаптар. Осы талаптарға:

- ИЛАК мүшелері қабылдаған аккредиттеу схемаларын әзірлеу және қолданысы туралы ақпаратпен алмасу;

- Басассамблея мен ИЛАК комитеттерінің жұмысына, сондай-ақ осы мекемелердің түрлі шешімдерді қабылдануына қатысу;

- халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, кәсіби сынақтар бағдарламалары мен кәсіби тестілеу бағдарламаларына қатысу;

- техниканың түрлі саласында сынаулар мен өлшеулер жүргізумен байланысты мәселелерді талқылайтын ИЛАК сарапшылар тобы мен проблемалық топтар жұмысына қатысу;

- келісімге қатысқысы келетін ұйымдарды инспекциялық тексеру және ИЛАК келісіміне қатысушы-ұйымдарға жоспарлы қайталау инспекцияларын жүргізу;

- келісімге қатысушы аккредиттеу жөніндегі орган беретін өлшем бірліктерін метрологиялық қамтамасыз етудің сапасын растауды аккредиттелетін зертханаларға беру. Аккредиттелетін зертханаларды ВІРМ немесе өңірлік метрологиялық ұйымдар жүргізетін халықаралық салыстырмалы сынақтарға қатысуға тарту.

Әр аккредиттеу жөніндегі органды келісімге қатысушылар қатарына қабылдау туралы шешім үміткерлердің қызметін егжей-тегжей бағалау нәтижелері негізінде қабылданады. Бағалау ИЛАК жарияланымдарында сипатталған ережелер мен процедуларға сәйкес жүргізіледі.

Келісімге қол қоятын әрбір аккредиттеу жөніндегі орган келісімнің барлық шарттарын және ИЛАК оның қызметін бағалау процедурасы бойынша талаптарды сақтау міндеттемелерін алады. Бұл мынаны білдіреді:

- ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт, сәйкес ИЛАК құжаттарының талаптарын және кейбір қосымша талаптарын сақтау;

- Осы аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген барлық зертханалардың ИСО/МЭК 17025 (сондай-ақ, осы стандарттың келешек нұсқаларын) халықаралық стандарт талаптары мен ИЛАК сәйкес жетекші құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Келісімге қатысуға үміткер әр аккредиттеу жөніндегі орган сараптамалық тексеруден өтуі және ИЛАК критерийлеріне сәйкес өзінің құзыреттілігіне дәлел табуы керек.

ИЛАК келісімі бар немесе әзірленетін өңірлік келісімдер негізінде құрылады. Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар ИЛАК жаңа келісіміне қосылған аккредиттеу жөніндегі органдарға оларға қатысты олардың өңірінде сенімге ие болғаны керек. ИЛАК тануын алу үшін әр өңірлік кооперация ИЛАК құжаттарымен белгіленген процедуралар арқылы өтуі керек. Өңірлік келісімге тану туралы мәртебемен кіру мүмкіндігі жоқ аккредиттеу жөніндегі органдар ИЛАК-қа тікелей өздерінің қызметтеріне бағалау және құзыреттілікті тану туралы сұрау сала алады.

Келісімге қатысу үшін олардың біліктілігінің жеткіліктілігін анықтау мақсатында аккредиттеу жөніндегі органдарды бағалауды сарапшылар тобы жүргізеді. Сарапшылар әдетте танылған беделге ие аккредиттеу жөніндегі органдардың жоғары қызметкерлерін береді. Бағалау жүргізу сарапшылар тобының келісімге қатысқысы келетін үміткер аккредиттеу жөніндегі органның бас кеңсесіне келуді қосады. Келу мақсаты – орында үміткер органның ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін белгілеу. Осы орган қызметкерлері сарапшылардың қатысуымен сарапшылар құзыреттілік тереңдігі мен аудит тереңдігін бағалай алатындай ИСО/МЭК 17025 стандарт талаптарына сәйкестікке қандай да болсын зертхананы нақты аккредиттеуді жүргізуі керек.

Сараптық тексеру процедурасы. ИЛАК – халықаралық зертханаларды аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықпен танылған әр өңірлік кооперация өзара тану туралы келісімге (МРА) қатысуға үміткер аккредиттеу жөніндегі орган өтуі керек процедуралар кешенінен тұратын өз жүйесіне ие. Бұл процедуралар үміткердің өтінімді беру тәртібін, үміткерді қойылған талаптарға сәйкестігіне сараптамалық тексеру процедураларын және тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдау процедураларын анықтайды.

Өтінім беру. Аккредиттеу жөніндегі орган онымен өзара тану туралы Келісімге қол қойғысы келетін өңірлік кооперация хатшылығына бірқатар құжаттарды тапсыруы керек. Бұл үміткер құжаттарды жүргізу барысында ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт талаптарына сйкес толтыруы керек. Егер ұсынылған құжаттар немесе үміткердің сараптамалық тексеру жүргізуге дайындық деңгейі қандай да болсын күмән тудырса, өңірлік кооперация алдын ала инспекциялық тексеру тағайындай алады.

Сараптамалық топ. Келісімге қатысуға үміткер – аккредиттеу жөніндегі орган барлық қажетті құжаттар жиынтығы толығымен ұсынылғаннан кейін осы өңірлік кооперацияның бекітілген сараптамашылар тізімінен таңдалатын сараптамалық топ басшысы тағайындалады. Бекітілген сарапшылар тізімінің негізгі бөлігін аккредиттеу жөніндегі органның – осы өңірлік кооперация мүшелерінің жоғарғы қызметкерлер санынан алынатын мамандар құрайды. Бұдан басқа тізімге тәжірибесі кейбір айрықша жағдайларда, мысалы калибрлеу зертханаларын аккредиттеу жөніндегі органдарға сараптамалық тексеру жүргізгеннен кейін қажет болатын ұлттық метрологиялық институттар мамандары енгізіле алады.

Сараптамалық топ басшысының мәртебесін алардан бұрын сарапшы кем дегенде екі инспекциялық іс-шараларда сараптамалық топ мүшесі ретінде қатысуы керек. Сарапшылар мен сарапшы тобының басшылары ИЛАК халықаралық және өңірлік деңгейлерде ұйымдастыратын курстарда біліктілігін кезеңді түрде арттырып тұруы керек.

Сараптамалық топ басшысының орнына тағайындалған сарапшы топ мүшелерін олардың кәсіби-техникалық дайындығы бойынша таңдайды. Егер үміткер аккредиттелген зертханалар тізіліміне калибрлеу зертханалары кіретін болса, онда сараптамалық топ мүшелерінің қатарына міндетті түрде калибрлеу жөніндегі маман енгізілуі керек.

Алдын ала инспекциялық тексеру. Егер үміткерге алдын ала инспекциялық тексеру жүргізу қажеттігі танылған жағдайда инспекторлар ролін басшы мен сарапшылар тобының мүшелерінің бірі орындайды. Алдын ала инспекциялық тексерудің мақсаты – үміткердің ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт талаптарын мүмкін дөрекі бұзуын анықтау. Үміткер алдын ала инспекциялық тексеру барысында анықталған барлық бұзуларды жан-жақты сараптамалық тексеру басталғанға дейін жоюға міндетті.

Жан-жақты сараптамалық тексеру. Жан-жақты сараптамалық тексеруді бастар алдында сараптамалық топ басшысы үміткердің құжаттамаларына толық тексеру жүргізеді. Осы процедураның бөлігі сараптамалық топ мүшелеріне жүктеле алады. Үміткердің ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін және осы стандартты оның қызметінде қолдану тиімділігін барынша бағалау үшін сарапшылар үміткердің жұмысшы ғимараттарында тікелей жұмыстар жүргізеді. Бұл жағдайда жұмысшы жазбалар тексеріледі және сараптамалық топ мүшелері қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне объективті дәлелдер ала алатындай әңгімелесу жүргізеді.

Сондай-ақ, үміткер мен аккредиттелген зертханалар зертханааралық салыстырмалы сынақтарда қаншалықты тиімді қатысатындығына бағалау жүргізіледі. Бұл сараптамалық топ мүшелеріне аккредиттелген зертханалардың ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкестігіне және сынау немесе калибрлеу орындау кезінде олардың құзыреттілігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі. Келісімге қатысуға үміткер аккредиттеу жөніндегі орган осы орган аккредиттеу жүргізетін сынау мен калибрлеудің түрлері бойынша зертханааралық салыстырмалы сынақтардың ұлттық және халықаралық бағдарламаларын қабылдауға және оларға тікелей қатысуға міндетті.

Үміткермен аккредиттелген зертханалар алған зертханааралық салыстырмалы сынақтарға қатысудың қанағаттанарлық нәтижелері осы зертханалардың құзыреттілігін қосымша растау ретінде қарастырылады. Үміткердің өзінің қатысуы үшін міндетті зертханааралық салыстырмалы сынақтар саны олар бойынша үміткер аккредиттеуді жүзеге асыратын сынау мен калибрлеу түрлерінің санына байланысты болады.

Олар аккредиттеген зертханалардың құзыреттілігін бағалау үшін үміткер пайдаланатын аккредиттеу бағдарламасының жеткілікті тиімділігіне көз жеткізу үшін сараптамалық топ мүшелері бақылаушы ретінде бірнеше рет үміткер өткізетін бастапқы және қайталау аккредиттеулер мен инспекциялық тексеру процедураларына қатысуы керек. Сараптамалық топ мүшелерінің негізгі міндеті бұл жағдайда аккредиттелетін зертхананың ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарт талаптарына, сондай-ақ, үміткер аккредиттеу кезінде пайдаланатын қандай да болсын арнайы техникалық немесе өзге де бағдарламалар талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты алудан тұрады. Екінші міндет – аккредиттеу жүргізетін мамандар іс-әрекетін бағалау. Сарапшылар олардың техникалық даярлық деңгейін, аккредиттеу бағдарлама- сына кіретін процедуралардың түсінілуі мен дұрыс орындалуын, олардың осы зертхананың аккредиттеу саласына кіретін әдістер бойынша сынақ жүргізу дұрыстығын тексеру қасиетін, сондай-ақ ИСО/МЭК 17025 стандартымен белгіленген барлық талаптардың сақтап аккредиттеу жүргізе алуларын бағалауы керек.

Сарапшылар тобы, сондай-ақ, аккредиттеу жөніндегі орган (үміткер) мен ұлттық немесе өңірлік өлшеу жүйесін білдіретін ұйым арасында өлшем бірлігін белгілеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін келісімнің болуын тексеруі керек.

Егер үміткермен келісімшарттық қатынастармен байланысқан ұлттық немесе өңірлік өлшеу жүйесін білдіретін ұйым жеткілікті түрде әйгілікке ие болмаса, онда осы ұйымның жауаптылық саласы мен практикалық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжей мәліметтерді ұлттық метрология институтынан алу керек. Осындай мәліметтер қатарына осы ұйымның өзге ұлттық метрологиялық институттар немесе Халықаралық өлшемдер мен таразылар бюросы (МБМВ) өткізетін зертханааралық салыстырмалы сынақ бағдарламаларда осы ұйымның қатысуы туралы ақпарат жатады. Сондай-ақ, ұлттық метрологиялық институт аккредиттеу жөніндегі органдарға, сынақ және калибрлеу зертханаларына өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қажетті қолдау көрсете алатындығына көз жеткізу керек.

Сараптамалық топ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін белгілеу бойынша талаптарды орындауына ерекше көңіл бөлу керек. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша талаптар орындалатындығын, ал өлшеу нәтижелері белгілі (нақты) белгісіздікпен сипатталатындығына көз жеткізу керек. Өлшем бірлігі мемлекеттік деңгейлі (ұлттық) стандартты үлгілермен немесе ИЛАК Келісіміне қатысушы аккредиттеу жөніндегі органдармен аккредиттелген калибрлеу зертханаларымен тікелей байланысты стандартты үлгілерді пайдаланып қамтамасыз етілгендігін растай алады деп есептеу қабылданған.

Аккредиттеу жөніндегі органдар және сынақ зертханалары үшін елеулі жаңалық ретінде зертханалар ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес болу, өлшеу нәтижесінің белгісіздігін бағалаудың құжатталған процедурасына ие болу деп біледі. Тек калибрлеу зертханалары үшін бұл талап жаңалық болып табылмайды. Зертханалардың практикалық іс-әрекетіне ИСО/МЭК 17025 стандарт талаптарына сәйкес өлшеу нәтижелерінің белгісіз- дігін бағалау процедурасын енгізу үшін зертхана қызметкерлерін оқыту және нәтижелері белгісіздікті бағалауды қажет ететін сынақ әдістемелерінің тізілімін құрастыру керек. Аккредиттеу жөніндегі органдар қызметкерлері сондай-ақ өлшеу нәтижелерінің белгісізді- гін бағалау процедурасын түсіну және тиісті үлгіде қолдана алатындай сәйкес дайындықтан өтуге міндетті.

Әрі қарай сынақ зертханаларының іс-әрекеті ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкестікке келтірілгеннен кейін, сараптамалық топ міндетіне үміткер пайдаланатын аккредиттеу бағдарламаларын бағалау кезінде, олардың аккредиттелген зертханалар практикасына осы жаңа талаптардың енгізілуіне қаншалықты белсенді түрде көмектесетін- дігіне растау кіретін болады. ИЛАК мүшелері – аккредиттеу жөніндегі барлық органдармен бірлесіп қабылданған қорытынды шешімде зертханаларды аккредиттеу кезінде ИСО/МЭК 17025 стандартының талаптарын толық қолдану стандартты жариялаған күннен бастап үш жылдан соң жүзеге асыру шешімі қабылданды. Сынақ зертханаларының стандарт талаптарына сәйкестігі әдеттегі жоспарлы инспекциялық тексерулер барысында бағаланатын болады.

Аккредиттеу жөніндегі органның ИЛАК Келісіміне қосылуы туралы шешім қабылдауы. Сараптамалық топ Келісімге қатысуға үміткер – аккредиттеу органын жан жақты тексеру нәтижелері туралы ресми жазбаша есеп құрады. Тексеру барысында барлық анықталған кемшіліктерді белгілейтін есеп сараптамалық топтың сәйкесқорытындыларынан тұрады және үміткерге беріледі. Үміткер есептегі бар барлық ескертпелерге жауап ретінде сараптамалық топ басшысына жазбаша түрде түзетуші әрекеттер жоспарын береді. Егер ұсынылған түзетуші әрекеттер баламалы болса, сараптамалық топ басшысы үміткерді Келісімге қосылуға ұсыныс беріп, ұсыным жобасын ИЛАК өңірлік кооперациясының шешім қабылдауы жөніндегі комитетке жібереді. Шешім қабылдауы бойынша комитет Келісім қатысушылары болып табылатын аккредиттеу жөніндегі органдардың өкілдерінен тұрады. Комитетке, сондай-ақ, сараптамалық топ есебі мен шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар беріледі. Комитет дауыстардың төрттен үші көпшілік дауыспен үміткер Келісімге қатысушылар санына қабылданатындығына немесе қабылданбайтындығы (немесе егер бұл қайталау тексеру болса, тексерілетін аккредиттеу жөніндегі орган келісім қатысушысы болып қалатындығы немесе қалмайтындығы) туралы шешім қабылдайды. Оң шешім, күшіне енгенге дейін қосымша инспекция қажеттігін немесе толық қайта тексеруді қарастыратын шарттармен ілестіріле алады. Жалпы ережеге сәйкес аккредиттеу жөніндегі органдар төрт жылда бір рет қайта толық тексеруден өтуі керек. Теріс шешімді үміткер халықаралық деңгейде жалпы қабылданған дауларды шешу процедураларын пайдаланып қабылдамауы мүмкін.

Келісімді қолдауы

Келісім маңыздылығын қолдау үшін оған қатысушылар бір біріне өздерінің мәртебесінде немесе әрекет ету саласында кез келген елеулі өзгерістер туралы хабарлап тұруы керек. Елеулі өзгерістер деп:

1 Ұйым атауының өзгеруі;

2 Оның құқықтық немесе ұжымдық мәртебесінің өзгеруі;

3 Өзге аккредиттеу жөніндегі органдармен жаңа келісімдер бекіту;

4 Өзге аккредиттеу жөніндегі органдармен қолданыстағы келісімдерді қайта қарау, ұзарту немесе тоқтату;

5 Жетекші құрамның ауысуы немесе ұйымдастыру құрылымның өзгеруі;

6 Әрекет ету саласының елеулі түрде өзгеруі есептеледі.

7 Келісімге қатысушы – аккредиттеу жөніндегі органдар арасында тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету үшін келісімге әр қатысушы өзінің штаттық құрамында өзге аккредиттеу жөніндегі органдармен ресми байланысқа жауап беретін қызметкері болуы керек.

2007 жылғы мамыр айына МРА келісіміне қол қойған ИЛАК мүшелері 48 елден 57 мүше (калибрлеу зертханалары бойынша келісімге 48 аккредиттеу жөніндегі орган, сынақ зертханалары бойынша – 52 қол қойды). Бұдан басқа қауымдастырылған мүшелер 16 елден 17. біріктірілген – 20 елден 12, 5 өңірлік достастық.

Келісім перспективалары

ИЛАК келісімі күшіне енгеннен кейін онымен байланысты барлық басымдылықтарды іске асыру үшін сәйкес адамдарды үкімет пен өнеркәсіп өкілдері қабылдауы керек.

Үкімет Келісімді әрі қарай даму мен сауда байланыстарын белсендіру үшін пайдалана алады. Аккредиттелген зертханаларда алынған нәтижелерді үкіметаралық деңгейде тану үшін алғышарттар құрылғаны туралы фактінің өзі барынша маңызды. АҚШ ты қоса бүкіл әлемде үкіметтік ұйымдар қандай да болсын қосымша тексерусіз ИЛАК келісіміне қатысушы – аккредиттеу жөніндегі органдармен аккредиттелген сынақ және калибрлеу зертханаларында (оның ішінде және шетелдік) алынған нәтижелерді қабылдай бастайды.

Көптеген тұтынушылар, оның ішінде үкіметтік ұйымдар зертханаларды аккредиттеу үшін халықаралық деңгейде танылған стандарттарға негізделген бағдарламаларды пайдалану қажеттігін сезінуге келді. Бюджеттік шектеулер үкіметтік ұйымдарға өздерінің құқықтық қызметінде көп жағдайда «үшінші тараппен», яғни тәуелсіз зертханаларда алынған нәтижелерді негізге алуға бейімдей отырып, өздігінен барлық нәтижелерді жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бұндай жағдайда осы «үшінші тараппен» біліктілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін нақты және негізделген бағалау жүйесіне болу қажет. Аккредиттеу бағдарламалары осындай жүйені ұсынады, ал ИЛАК келісімі біліктілігі өз кезегінде олармен аккредиттелген зертханалар біліктілігіне кепілдік беретін аккредиттеу жөніндегі органдарды сәйкестендіру аспабы ретінде қызмет атқарады.

Сынақ және калибрлеу нәтижелерін пайдаланатын өнеркәсіп, сондай-ақ, ИЛАК келісімінен өз жүлдесін ала алады. Бәрінен бұрын сынау мен калибрлеу нәтижелерінің дұрыстығына сенімділік арта түседі, себебі аккредиттеу оларды орындаушылардың құзыреттілігіне кепілдік береді. Бұл әсіресе зертханаларды аккредиттеу саласын білетін тұтынушылар үшін барынша маңызды. Аккредиттеу өнімді өндірушілер үшін де маңызды: «үшінші тарапты», яғни сынақтарды орындаушы зертханаларды таңдау кезінде өз ойын ғана негізге алудың орнына өндіруші ИЛАК келісіміне қатысушы – құзыретті аккредиттеу жөніндегі орган берген бағаларды пайдалана алады.

ИЛАК келісімі аккредиттеу жөніндегі органдардың сынаулар немесе калибрлеу орындауда зертханалар құзыреттілігін анықтау қасиетіне аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара сенімін нығайтады. Егер сынау немесе калибрлеу нәтижелері аккредиттелген зертханада алынғаны көрсетілген болса, өзара сенім осы нәтижелерді халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік береді. Қорытындылай келгенде, халықаралық сауданы дамыту жолында кейбір техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

ИЛАК келісімі нақты жағдайда нақты іске асыру үшін негіз құрайды: өнімді бір рет сынау және сынау нәтижелерін кейін барлық жерде тану.

ИАФ әрекет ету саласы – сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу.

ИАФ қызметінің негізгі бағыты аккредителген зертханаларда және сәйкестікті бағалау жүргізетін органдарда екіжақты және бірнеше тарапты келісімдерді бекіту жолымен нәтижелерді тануға көмектесуге (ұйымдастыру сұлбасы Б қосымшасында берілген) бағытталған.

Нәтижелерді өзара тану үшін аккредиттеу критерийлері мен процедуларын үйлестіру қажет, осы бөлікте ИЛАК және ИАФ ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ және өзге де халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық етеді.

Аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптарға:

- аккредиттеу жөніндегі орган өзінің жұмысын кемсітпеушілік негізге құру керек; аккредиттеуге қол жеткізу кез келген өтінім берушілер үшін ашық болуы керек;

- аккредиттеу жөніндегі орган қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке ұйым ретінде тіркелген болуы керек.

Сыртқы сауда қатынастарының және ұлттық аккредиттеу жүйелерінің дамуымен өңірлік аккредиттеу ұйымдары туындай бастады және сынақ және калибрлеу зертханаларын және сертификаттау жөніндегі оргнадарды аккредиттеу жүйелерінің қосылу дәстүрі байқалып отыр.

Бұған мысал ретінде еуропалық ұйымдар бола алады. Тек 1994 жылы ВЕС калибрлеу зертханаларын және ВЕЛАС сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық кооперациялар негізінде ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйым құрылды.

Кейіннен 1991 жылы құрылған ЕАС сертификаттау жөніндегі оргнадарды аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйым мен ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйымдар 1997 жылғы қараша айында бірігіп ЕА Еуропалық аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықты құрды.

ЕА мүшелері бірнеше тараптық келісімдер негізінде әрекет ететін және ЕН 45000 сериялы стандарттарға сәйкесетін ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдар болып табылады.

Халықаралық аккредиттеу жүйесі

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде 2007 жылғы 1 желтоқсан бойынша 181 сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - СРО) және 459 сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі - СЗ) тіркелген. Мәліметтер бөлінген салалары бойынша 1 кестеде көрсетілген.

Алғаш рет ағымдағы өткен мерзімде 21 СРО және 70 СЗ аккредиттелген. 2008 жылғы 1 қаңтар бойынша барлығы Республикада халықаралық стандарттарға сәйкес:

-43сапа менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органы ҚР СТ ИСО/МЭК 62-2001 талаптарына сәйкес (оның ішінде 16 «ҰССО» АҚ СРО);

-7 СРО сапа жүйесі сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге НАССР саралау қауіптері және сындарлы нүктелері принциптері негізінде құқықты;

- 5 OHSAS 18001 қызметкерлер денсаулығы және қауіпсіздігін қорғау менеджмент жүйесі сәйкестігін растау жөніндегі СРО;

- 34 СРО ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 сәйкес аккредиттелген;

- 7 СРО ҚР СТ ИСО/МЭК 66-2002 сәйкес аккредиттелген.

Сурет 4.1 - ҚР халықаралық аккредиттеу жүйесіне өтуі