Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т.,Захан С.

Стандарттау, метрология және сертификаттау

НЕГІЗДЕРІ

оқулық

Астана 2009

ӘОЖ 006:389:083.74

ББЖ 30Ц Я7

Қ 16

«Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері» оқулығы

жоғары оқу орындары мен кәсіптік колледждерге арналған

Қ 16 Құрастырғандар: Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Захан С.

Сын-пікір бергендер: Қанаев А.Т. – техникалық ғылымдардың

докторы, профессор, Л.Н. Гумилев

атындағы ЕҰУ-нің стандарттау және

сертификаттау кафедрасының меңгерушісі;

Есхожин Д.З. - техникалық ғылымдардың

докторы, «Техникалық механика»

кафедрасының профессоры.

ББЖ ЗОЦ Я7

ISBN 9965-829-66-7

«Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері» оқулығы аграрлық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері мен кәсіптік колледждердің оқушыларына пәннің типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған. Оқулық 4 саланы қамтыйды: стандарттау; метрология; сертификаттау және аккредиттеу.

K

2030000000

00 (05) - 09

ISBN 9965-829-66-7 ©С. Сейфуллин атындағы Қазақ

агротехникалықуниверситеті

Астана 2009 жыл

Алғы сөз

Қазіргі таңда өндірілетін өнімнің сапасын жақсартып, белгілен- ген стандарт талаптары мен ережелерін орындау, сапасын растай - тын сәйкестік сертификатын алу және өндіріс орнын қажетті соңғы метрологиялық құрал-жабдықтармен, олардың өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету сыртқы сауда бәсекелестігіндегі тауар өнімділігінің бірден-бір кепілі болып табылады.

Осыған орай, оқу орындарында болашақ сапалы мамандар дайындау барысында, олардың технологиялық білімдерін шындап қана қоймай, келешекте өндіріс орындарында алған білімін оң пайдаланып, дұрыс шешім қабылдай білуі, қазіргі нарық заманының негізгі талаптарының бірі болып отыр.

Соңғы жылдары бірқатар оқу орындарында «Стандарттау, мет-рология және сертификаттау негіздері» пәні оқу бағдарламасында-ғы міндетті оқылатын пәндердің қатарына еніп отыр. Мәселен, бұл курстар Ресейдің көптеген жоғарғы оқу орындарында «Стандарттау және сертификаттау», «Метрология» және «метрологиялық қамта-масыз ету», «Сапаны басқару» сияқты мамандықтарында тереңдетіп оқытылады. Осы мәселелерге арналған басылымдар көбіне арнайы журналдар мен ғылыми еңбектерде ғана жарық көруде және олар-дың басым көпшілігі Ресей авторлары, олардың ішінде Г.Д. Кры-лов, А.Г. Сергеев, И.Ф. Шишкин т.с.с. болып отырғаны жасырын емес. Оқулықта аталмыш авторлардың бірер тақырыптары қазақ тіліне аударылып, техникалық және ауыл шаруашылығы саласының технологиялық стандарт талаптарына сәйкес үйлестіріліп жазылған. Осыған орай республикамызда стандарттау, метрология және сер-тификаттау бағытындағы арнайы типтік бағдарламаға сай жазылған оқулықтың, әсіресе мемлекеттік тілде жарық көруінің маңызы ора-сан зор.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» курсының мақсаты студенттердің өнім мен үрдістерге (қызметке) бағытталған стандарттау жүйесі мен техникалық реттеу талаптарының негіздерін, олардың нормативтік құжаттарын, өндірістегі метрологиялық құрал-жабдықтармен, өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету мен оның қызмет жүйелерін, өнім сапасын растайтын сәйкестік сертификатын алу тәртібі мен талаптарын теориялық пайдалануына жол ашу.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәнінің типтік бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес құрастырылған бұл оқулық белгіленген сұрақтарды қамти келе 050732- «Стандарттау, метрология және сертификаттау», 050806 – «Агроинженерия», 050201 – «Ветеринария», 050802 – «Зоотехния» тағыда бірқатар аграрлық мамандықтардағы студенттер мен агротехникалық колледждер оқушыларына арналып дайындалған.

І тарау. СТАНДАРТТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Нормативтік сілтемелер

Осы оқулықтың стандарттау бөлімі бойынша келесі норматив- ті құжаттарға сілтеме жасалынған:

ҚР СТ 1.0-2006 Негізгі ережелер.

ҚР СТ 1.1-2003 ҚР МСЖ.Стандарттау және аралас іс-әрекет түр- лері. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды құрастыру тәртібі.

ҚР СТ 1.3-2000 ҚР МСЖ. Техникалық шарттарды мемлекеттік тір- кеу және бекіту, келісу және құрастыру тәртібі.

ҚР СТ 1.14-2005 ҚР МСЖ. Ұйым стандарты. Құрастыру тәртібі.

ҚР СТ 1.4-2004 стандарты ауыстыра алады.

ҚР СТ 1.5-2004 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуы- на, ресімделуіне және мазмұнына жалпы талаптар»

ҚР СТ 1.6-2004 ҚР МСЖ. Нақты стандарттарды қалпына келтіру тәртібі.

ҚР СТ 1.7-2003 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жос- парлау тәртібі.

ҚР СТ 1.9 - 2003 Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.

ҚР СТ 1.10-2003 ҚР МСЖ. Өнімді калалогтау. Негізгі ережелері.

ҚР СТ 1.26-2001 ҚР МСЖ. Стандарттау, сертификаттау және ак- кредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар. Дайындау және аттестаттау тәртібі.

Терминдер мен анықтамалар

Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесінде келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Стандарт – уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипатталарды белгілейтін құжат;

Стандарттау - „Стандарттау” деген термин ұзақ эволюция- лық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму салаларымен байланысты. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі экономикалық байланыстардың кеңеюуімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты тер- миндер анықталынды. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) 1952 жылы Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комите-тін (СТАКО) құрды. Бұл комитеттің алдына стандарттау термин- дерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.

Сөйтіп, стандарттау, стандарт, үйлестіру (унификация), сим- плификаттау сияқты маңызды терминдердің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мем- лекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.

ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынадай анықтама берілді: „Стандарттау” – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әрекет. Жалпы алғанда бұл әрекет стандарттарды жасау, жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.

Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;

Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалын көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Халықаралық стандарттау – барлық елдердің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;

Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Стандарттау саласы – стандарттаудың өзара байланысты объектілерінің жиынтығы;

Аймақтық стандарт – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Мемлекеттік стандарт – уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;

Техникалық шарт – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;

Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, міндетті және ұсынылатын талаптардан тұратын және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі - өз құзіреттері шегінде стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік бақару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

Өзара алмасымдылық – бір бұйымның, процестің, көрсетілетін қызметтің дәл сондай бір талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, жұмыстың қызметтің орнына пайдалануға жарамдылығы;

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган – заңдарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруға және сертификаттау жөніндегі халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілі болуға уәкілеттік берілген мемлекеттік басқару органы;

Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау;

Мемлекеттік басқару органы - өнімнің сипаттамаларын немесе онымен байланысты сақталуы міндетті болып табылатын өндіріс процестері мен әдістерін өз құзіретінің шегінде белгілейтін орган;

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стан- дарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрыла- тын кеңесші орган;

Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, жұмысқа және қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

    1. СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту жағдайында стандарттаудың басты мақсаты халықаралық талаптармен үндесетін мемлекеттік стандарттар түріндегі техникалық регламенттерге дәлелдеуші базаларды қалыптастыыру болып табылады.

«Стандарт» сөзі латынша «Standard» эталон, яғни үлгі, қалып деген мағынаны білдіреді. Адамдар ерте кезден-ақ күнделікі өмірде өздеріне қажетті қандай да бір бұйымды белгілі үлгі бойынша жасайтын болған. Сонымен қатар әрбір халық өзіндік өлшем бірліктерін сауда саттықта қолданып келген. Мысалы етікші етік жасауда әр түрлі мөлшердегі қалыптарды пайдаланса, адым құлаш, қарыс, елі сияқты өлшемдерді ұзындық өлшемі ретінде қолданған. Осылайша белгілі бір үлгіге (қалыпқа) сай тауар өндіріп, белгілі үлгі бойынша өлшем жұмыстарын жүргізген.

Қолөнер мен сауда - саттық ілгерілей дамып, өнеркәсіптену дәуірі басталған кезден стандарттың маңызы арта түсті. Себебі өнеркәсіптен шыққан өнім ең әуелі тұтынушының қажеттілігін сапалық тұрғыда толығымен қанағаттандыра алғанда ғана өтімді болмақ. Сонымен қатар өнім өндіру жұмысы белгілі бір технологиялық режим, тәртіп, нормаланған үрдіс бойынша жүргізілгенде ғана өндіріс тиімділігі артып, экономикалық көрсеткіштер жоғарылайтыны белгілі болады. Сондықтан өнеркәсіп саласы қарқынды дами бастаған кезден (XVIII-XIX ғасыр) Еуропа елдерінде стандарттау жұмысы кеңінен өріс алды.

1926 жылы Кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды.

Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Халық комиссарлар Кеңесінен халық- аралық өлшем және таразылар жүйесін енгізу туралы 1918 жылғы қыркүйектің 14-інде шағарған шешімінен (заңынан) басталған стандарттау жұмысы Кеңес үкіметі жылдарында едәуір жоғары деңгейге көтерілді.

Қазақстанда метрологияның даму кезеңі алғаш 1923 жылдан басталды. Сол жылы Томскінің Салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. Бұл бөлімше 1925 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы, 1931 жылы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. 1966 жылы Алматы мемлекеттік бақылау зертханасы негізінде Қазақ Республикалық стандарттау және өлшеу техникаларын мемлекеттік қадағалау зертханасы құрылды. 1971 жылы КСРО

Мемстандартының Қазақ Республикалық басқармасы құрыл- ды. Қазіргі кезде Қазақстан көлемінде стандарттау жөніндегі саясат ты жүргізу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік техникалық реттеу және метрология Комитеттің құрамында 14 бөлімше (облыстық, қалалық стандарттау, метрология және стан- дарттау орталықтары) және әр түрлі мекеме, кәсіпорындардың 300 ден астам қызмет орындары жұмыс істейді.

Қазіргі кезеңде өндірістік үрдістің аса қарқынды дамуы мен халықаралық саудадағы бәсекелестіктің барған сайын күшейе түсуі стандарттау жұмысының маңызының одан әрі арттыруда.

Дүдиежүзінің көптеген елдерінде стандарттау жұмысы экономика саласындағы басқару үрдісінің тиімді құралы ретінде қолданып, үкіметтік деңгейде жүзеге асырылуда. Стандарттаудың көмегімен өнім санасын жоғарылату, оның нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыруға болатыны қазіргі кезде ешкімге де күмән туғызбайды.

Сонымен «Стандарт» және «Стандарттау» терминдеріне берілген анықтамаға келетін болсақ (ҚР СТ 1.1 бойынша):

Стандарт дегеніміз әр түрлі іс қызмет немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелер, жалпы қағыйдалар мен сипат- тамаларды жаппай және көп мәрте пайдалану үшін мүдделі тараптардың келісімі негізінде әзірленіп, техникалық реттеу және метрология құзырлы ұйымы бекіткен стандарт, техникалық шарт, нұсқаулар болып табылады.

Стандарттау деп ғылым, тхника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағы ең шекті деңгейіне дейін тәртіп- телген жүйені айтамыз. Ол нарықты экономиканы басқаруды жетілдіруге, техникалық деңгейін және өнімнің сапасын көтеруге, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырып жетілдіруге, өнім номен- клатурасының тиімділігін қалыптастыруға, ресурстарды үнемді және тиімді пайдалануға бағытталады.

Бұл анықтама стандарттау жөнінен ауқымды тәжірибе жинақтаған дүниежүзі көптегн елдері мамандарының талқылауы нәтижесінде жасалған. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабына сай келеді.

Техниканың дамуы машиналар мен құрал саймандар жүйесінің, кең мағынасындағы заттар мен материалдардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге асатынын жақсы білеміз. Олай болса, біз стандартқа соқпай тұра алмаймыз. Бұдан шығатын қорытынды: стандарттау өнімнің ғылыми негізделуі, жобалануы, жасалуы мен пайдаланылуы кезіндегі басты бағдарлама өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін басқару жүйесінің негізгі буыны болып табылады.

Бүгінгі нарықты экономика жағдайында стандарттауда басқа салалар секілді жаңа сипатқа ие болып отыр. Бұған дейін жалпы одақ көлемінде ортақ стандарттау жүйесі болды. Ал енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стандарттық жүйе мүлдем ыдырап, жойылды, әр республиканың өзіндік стандарттау жүйесі болады десек онымыз шындыққа жанаспас еді. Жаңа жағдайға байланысты бұрын жергілікті жерде, әр республикада жете дамыған стандарттау жүйесі бүгінгі өмір талабына орай халықаралық стандарттау деңгейіне көтеріліп, ол бұрынғысынан да байып, толыға түсті, жаңарды және нақты шешімдермен толықтырылды.

Стандарттау өнімнің техникалық деңгейін тұрақты түрде көтеруге, өнімнің орамы мен безендірілуін жақсартуға, жаңа өнімдерді шығару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, еңбекті көп қажет ететін жұмысты жеңілдетуге, тағыда сол сияқты іс шараларға өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл іс шаралар қолданылатын нормативтік құжаттарды жаңартып отыруға және халықаралық стандарттау бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құжаттардың негізгілері стандарттар мен техникалық шарттар болып табылады.

Стандарттар отандық және шетелдік ғылым мен технология, техника мен озық әдістер негізінде құрастырылады. Мұнда ғылыми-зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және жобалау жұмыстары негізі ретінде қолданылады.

Мемлекеттік стандарт тауардың сапалы дайындалуына, сол сияқты қолданылуына бірден кепілдеме беретін сенімді буын болып саналады. Стандарттау біріңғай өлшемдер, терминдер мен белгілер, шикі заттар, өндірістік процесстер, сынау және өлшеу әдістері, сол тәрізді адамдардың қауіпсіздігін қорғау мен материалдық бағалы нәрселерді сақтаудың бір ізге келтірілген жүйесі қолданылады. Стандарт сатып алушының экономикалық мүддесін қорғайды. Өйткені стандарт бойынша шығарылған өнімді пайдалану мезгіліне белгілі бір уақытқа кепілдеме қойылады. Егер осы уақыт ішінде сол өнім немесе бұйым ақауланып, жұмысқа жарамай қалса, ол осы бұйымды шығарған кәсіпорынның, яғни дайындаушының есебінен қалпына келтіріліп, тұтынушының шығыны қайтарылады. Яғни белгілі зат өзінің кепілдеме көрсетілген уақытына жетпей істен шықса, ол зат жаңасымен ауыстырылады, не тұтынушының өтінішіне орай оның құны қайтарылады.

Бұл шикі заттарды, материалдар мен еңбек ресурстарын үнемді пайдалануға, еңбек пен сауда мәдениетінің тиімділігін арттыруға, тауардың дұрыс сақталуын, тасымалдау кезінде оның бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз етіп, өнеркәсіп пен сауда қызмет- керлерінің өз жұмысының түпкі нәтижесіне деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан да өнім шығарушылар тауардың сапасына, олардың ұзақ пайдалануға жарамды болуына, техникалық және безендірілу мен оралуы жағынан талапқа сай болуына, адам организімінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы күнгі сынға толық жауап беретіндей болып шығуына баса көңіл бөледі.

Бір сөзбен айтқанда өнімді жасауды жобалаудан бастап, оның тұтынушы қолына жетуін, одан әрі пайдалану кезіне дейін ортақ стандарт болуы керек.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары:

Стандарттау жүйесі өзінің жұмысын жүзеге асыру үшін келесідей мақсаттарды орындауы қажет:

  • өнімге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

  • өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;

  • саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

  • өнімнің техникалық және ақпараттық сыйсымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

  • өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

  • ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

  • елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

  • табиғи және техногендік аппаттармен басқада төтенше жағдайлардың туындау қауіпін ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

Осы жоғарыда аталған стандарттау мақсаттарына жету үшін мемлекеттік стандарттау жүйесінде келесі негізгімәселелер шешілуі тиіс:

  • тұтынушы мен мемлекет мүдделігіндегі өнімнің номенклатурасы мен сапасына оңтайлы талаптарды белілеу;

  • сыйсымдылық (электр, электрмагниттік, ақпараттық, бағдарла- малық және т.б.) және өнімнің өзара алмасушылығы жөніндегі талаптарды белгілеу;

  • дайын өнім, оның элементтері жинақтайтын бұйымдар, шикізаттар мен материалдар көрсеткіштері және сипаттамаларды келісу мен үйлестіру;

  • параметрлік және тұрпатты өлшемді қатарларды, базалық конструкцияларды, бұйымдардың сәйкестендірілген блокты үлгіше құрамдық бөлігін қолдану және белгілеу;

  • метрологиялық нормалар, ережелер және талаптарды белгілеу;

  • өнімді өндіру, бақылау, сынау, талдау, сертификаттау арқылы өнім сапасын бағалауды қамтамасыз ету;

  • техникалық-экономикалық ақпаратты жинақтау және кодтау, каталогтау жүйесін және өнімнің сызықшалы кодын жүргізу;

  • мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, ғылыми техникалық бағдарламаларды, инфроқұрылымдық кешен- дерді (көлік, байланыс, автомобиль жолдары, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, бақылау), Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімдерді нормативтік қамтамасыз ету;

  • нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің заңдылықтарымен үйлестірілген техникалық заңдылықтарды жетіл- діру;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорының ақпараттық жүйесін ДСҰ (ВТО) мен өзара қатынас орталығын жетілдіру;

  • стандарттарды әзірлеу, қабылдау және қолданудың халықаралық тәжірибесіне өту;

  • нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын және міндетті ережелерін сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.

Стандарттау объектілері:

- нақты өнім (шикізат, материал, отын, жинақтаушы бөліктер, дайын бұйымдар);

- жұмыс немесе үрдіс;

- қызмет;

- терминдер мен анықтамалар

- физикалық шама бірліктері;

- өлшеу және бақылау әдістері;

- құжаттау жүйесі;

- өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру әдістемелік және жалпы техикалық сипаттағы объектілер. Сондай-ақ стандарттау кез келген объектінің белгілі бір бөлігімен (жағымен) шектелуі де мүмкін. Мысалы аяқ киімнің мөлшері (размер) мен беріктігі өз ал- дына жеке стандартталуы мүмкін.

Стандарттаудың принциптері

Стандарттаудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:

1 Жариялылық

Стандарттау жұмысы ашық жүргізілуі тиіс, яғни құпия болмауы керек (мемлекеттік қорғаныс, қауіпсіздік саласынан басқа жағдайда). Стандарт жобасын талқылау, баспаға жариялау, пікір қайшылығын болдырмау жұмыстары түрде жүзеге асуы тиіс.

2 Барлық мүдделі жақтардың қатысуы.

Нормалау жұмысына әркімнің де қатыса алатын мүмкіндігі болу. Өндіріс, сауда орындары, ғылыми және мемлекеттік мекеме- лер мен тұтынушы қауым стандарттаудың енгізілуіне жәрдем етуі тиіс.

3 Қайшылықсыз болу

Жобаны талдау арқылы қайшылықтарды анықтап, оны жою шараларын қолдануға күш салатын тәуелсіз бақылау мекемесі құрылуы тиіс.

4 Келісімділік

Стандарттар техникалық тәжірибенің нақты болмысы мен даму деңгейін айқын көрсетуі тиіс. Стандарт мазмұны өзара түсіністік тұрғысында, ортақ көзқарас, ортақ келісім жолымен анықталуы тиіс.

5 Техниканың даму деңгейіне бағытталу

Стандарт мазмұнының табиғи білім шеңберіне сәйкесу, техникалық мүмкіндігін пайдалану.

6 Экономикалық тиімділікке бағытталу

Стандарт жобасы бүкіл қоғам үшін экономикалық тиімділікке бағытталуы тиіс.

7 Ортақ пайдаға бағытталу

Стандартты қабылдаудың негізгі мақсаты ортақ пайдаға жету. Ортақ пайда жеке кәсіпорын, жеке тұлғаның мүддесінен жоғары тұруы тиіс.

8 Интернационалдық принцип

Стандарт саудадағы техникалық кедергілері жоюға, халықаралық ынтымақтастыққа бағытталуы тиіс.

    1. СТАНДАРТТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Стандарттуда қайталанып отыратын мәселелерді шешудің оңтайлы нұқасын тағайындап (таңдап), оны үлгі, норма немесе ереже ретінде заңдастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер мен іс-әрекеттер кешені деп түсінуге болады. Стандарттау жұмысы сол жұмыстың нәтижесіне мүдделі тараптардың (мысалы өнім өндіру- ші, өткізуші немесе сатушы, тұтынушының) өзара ынтымақ бірлігі- не негізделуі тиіс. Яғни стандартты әзірлеу кезінде оған мүдделі әр- бір тараптың міндетті түрде қатысуы, ұсыныс пікірлерінің мүмкін- дігінше ескерілуі тиіс. Сондай-ақ халықаралық, аймақтық, басқа ел- дердің ұлттық стандарттарының талаптары ескерілуі қажет.

Сонымен стандарттау әдістемесі – бұл стандарттаудың мақ- сатына жету үшін қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.

Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістемелерге негіз- деледі. Стандарттау жұмысына төмендегі әдістемелер кеңінен қолданылады:

1 Стандарттау объектісін реттеу

  1. Параметрлік стандарттау

  2. Өнімді сәйкестендіру (унификация)

  3. Агрегаттау

  4. Кешенді стандарттау

  5. Озық стандарттау.

Стандарттау объектісін реттеу - өнімді, процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу – көп түрлілікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты. Реттеу жұмысының нәтижесіне мысалы, соңғы дайын өнімді жабдықтаушы бұйымдардың шектеулі тізімі, бұйымдардың үлгілік конструкциялық альбомдары, басқару және басқа құжаттардың үлгілік түрлері жатады.Реттеу әмбебап әдіс ретінде жүйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, тиімдеу қатарлы жекелеген әдістерден тұрады.

Стандарттау объектісін жүйелеу дегеніміз стандарттаудың нақты жиынтығын ғылыми негізде жіктеу, ажырату болып табылады.

Стандарттау объектісін сұрыптау (селекциялау) – әріқарай өндіруге және қоғамдық өндіріске пайдалануға ыңғайлы деп танылған нақты объектілерді сұрыптауға бағытталған іс қимыл.

Жою (симпликация) - арықарай өндіруге және қоғамдық өндіріске ыңғайлы емес деп танылған нақты объектілерді анықтауға бағытталған іс қимыл.

Сұрыптау және жою іс қимылдары қатар жүріледі. Бұлардан бұрын оюъектілерді жіктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттілікке сәйкестігіне арнайы талдау жасау жұмыстары жүргізіледі.

Стандарттау объектілерін типтеу – конструкция, технологиялық ережелер, құжат түрлерін қатарлы үлгілік объектілерді құру жөніндегі іс қимыл. Сұрыпталған объектілер сапасы мен әмбебаптығын жоғарлатуға бағытталған қандай бір техникалық өзгертуге жіберіледі.

Стандарттау объектісін тиімді болдыру (оптимизация) - негізгі тиімді өлшемдерді (параметрлерді) анықтап, сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мәнін табуға бағытталған іс қимыл.

Стандарттау объектісін тиімді ету жұмысы арнайы экономикалық – математикалық әдістер мен тиімді ету моделі арқылы жүргізіледі. Тиімді етудің мақсаты – реттеудің тиімді дәрежесі мен жоғарғы тиімділікке қол жеткізу болып табылады.

Параметрлік стандарттау - өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең негізгі параметрлер олар өнімнің мақсаттық орналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:

- Мөлшерлік параметрлер (киім мен етіктің мөлшері, ыдыстың сиымдылығы).

- Салмақ параметрлері (спорттық құралдардың жеке түрлерінің салмағы)

- Машина, құралдардың өнімділігін сипаттайтын параметрлер (сеператордың өнімділігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы)

- Энергетикалық параметрлер (двигательдің қуаты т.б.)

Белгілі мақсаттағы яғни белгілі типтік өнім бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мәндік жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың тағы бір түрі мөлшерлік қатар болып табылады. Мысалы маталарда мөлшарлік қатар мата енінің жекелеген мәндерінен, ыдыс-аяқта сиымдылықтың жекелеген мәндерінен тұрады. Бір типтік бұйымның (немесе материалдың) әрбір мөшері типтік мөлшер деп аталады. Мысалы қазіргі кезде ерлер киімінің 105, әйелдер киімінің 120 типтік мөлшері белгіленген.

Параметрлік стандарттау дегеніміз параметрлердің ыңғайлы номеклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.

Бұл мәселе метеметикалық тәсілмен шешіледі. Мысалы киім мен етіктің мөлшерлік қатарын жасау үшін әртүрлі елді мекендерде (аудандарда) тұратын, әртүлі жастағы көптеген ер, әйел адамдардың антропометрлік өлшемдері жүргізіледі. Алынған мәліметтер матаматикалық статистика әдісімен өңделеді.

Машина, құралдардың параметрлік қатары ыңғайлы сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия боиынша өзгеріп отыратын сандар жиынтығы негізінде құрылады. Бұл жүйенің ерекшелігі кез келген есептеулер нәтижесінде алынған немесе ерікті шешім негізінде қабылданған емес, тек қана қатаң белгіленген матеметикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнін таңдау болып табылады. Бұл саладағы негізгі стандарт ГОСТ 8032 « Ыңғайлы сандар және ыңғайлы сандар қатары». Осы стандарт негізінде ГОСТ 6636 «Қалыпты сызықтық мөлшерлер » стандарты жасалған. Бұл стандарт сызықтық мөлшерлерді таңдауға арналған сандар қатарын белгілейді. ГОСТ 8032 ыңғайлы сандардың 4 негізгі қатарын белгілейді:

1-ші қатар R5 - 1,00; 2,50; 4,00; 6;30; 10,00…прогрессия алымы

2-ші қатар R10 – 1.00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50...

3-ші қатар R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60...

4-ші қатар R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25...

Аралықтағы сандар 1-10: R5 қатары үшін R10-10, R20-20, R40-40.Техникалық негіздегі кейбір жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектекуге болады. Мысалы 1,06 санын 1,05; 1,12-ні - 1,1; 1,18-ді- 1,15 немесе 1,20-ға дейін дөңгелектеуге болады.

Қайсы бір қатарды таңдағанда өнімнің тұтынушысы ғана емес дайындаушының да мүддесін ескеру қажет. Параметрлік қатардың жиілігі тиімді болуы керек: Өте «нығыз» қатар тұтынушылардың кәсіпорындардың, жеке стып алушылардың қажеттілігін ең жоғары мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндіік береді, бірақта өнімнің номенклатурасы шектен тыс көбейеді, өндіріс процесі тым шашырап (ұсақтап) өндірістік шығынды көтеп молайтуға әкеп соғады. Сондықтан R5 қатары R10-ға қарағанда R10 R20-дан ыңғайылырақ болып саналады.

Ыңғайлы сандар жүйесін қолдану белгілі типтік өнімнің параметрін сәйкестендіріп қана қоймай әртүрлі өнімдерді (детальдар, бұйымдар, көлік және технологиялық құралдар) параметрлері бойынша өзара байланыстырады. Мысалы машина жасаудағы стандарттау практикасы көрсеткендей детальдар мен түйіндер қатары машаналар мен құрал жабдықтардың параметрлік қатарына негізделуі тиіс. Мұнда төмендегі ереже басшылыққа алынады: машиналардың параметрлер қатары R5 детальдар мөлшерінің қатары R10,R10-ға- R20 т.с.с. сәйкес келуі тиіс.

Консерві банкаларының қабы және оларды тасымалдауға көлік құралдарын тиімді пайдалану үшін теміржол вагондары мен автомашиналардың жүк көтеру қатары, контейнер мен жәшіктер, жеке консерві қапшықтарының мөлшерлік қатары сияқтылар R5 қатары бойынша алынуы ұсынылған.

Өнімді сәйкестендіру деп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегатттар санын оңтайлы қысқарту іс қимылын айтады. Бұл іс қимыл дайын өнімнің элементтерін жіктеу және қатарлау, сұрыптау және жою, типтеу және тиімдеуге негізделеді. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары төмендегідей:

  • Бұйым, машина, құрал жабдық, түйін, детальдардың параметрлік және типтік өлшерлер (типоразмерные) қатарын әзірлеу.

  • Біртекті өнімнің сәйкестендірілген топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды әзірлеу.

  • Сәйкестендірілген технологиялық үрдістерді әзірлеу.

  • Қолдануға рұқсатталған бұйым, материалдардың қолайлы да ең аз ат тізімін (номенклатурасын) жасау.

Сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері әртүрлі ресімделеді: Бұлар деталь, түйін, жинақ бірлігінің типтік сәйкестендірілген құрылымының (конструкциясының) альбомдары, сондай-ақ тип, параметр, мөлшер, конструкция, марка т.б. стандарттары болуы мүмкін.

Бұйымдарды сәйкетендіру оны жүргізу саласына байланысты сала аралық (екі немесе одан көп өнеркәсіп саласында дайындалған, бірдей немесе жуық мақсаттағы бұйымдар мен олардың элементтерін сәйкестендіру), салалық және зауыттық (бір кәсіпорында немесе бір өнеркәсіп саласында дайындалған бұйымдарды сәйкестендіру) болуы мүмкін.

Жүргізудің әдістемелік принциптеріне байланысты сәйкестендіру түр ішіндегі (бір типті бұйымдар тобының және түр аралық немесе жоба аралық әртүрлі типтік бұйымдардың түйін деталь, агрегаттарының) болуы мүмкін.

Сәйкестендіру дәрежесі өнімді сәйкетендіру деңгейімен яғни өнімнің сәйкестендірілген, соның ішінде стандартталған деталь, түйін жинақ бірлігімен толығуы арқылы сиптталады. Сәйкестендіру деңгейінің көрсеткіштерінің бірі ретінде қолданыс (cәйкестік) коэффиценті – Кn алынады.

Мұндағы детальдардың жалпы санына (түпнұсқадан басқа) стандартты сәйкестендірілген және сатып алған детальдар кіреді, сондай-ақ жалпымашина жасау, салааралық және салалық қолданыс детальдары кіреді.

Агрегаттау – бұл, машина құрал жабдықтары геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру мүмкіндігі бар, әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын, жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру әдісі болып табылады. Мысалы мебель өндірісінде 15 мөлшарлі (размерлі) шиттер мен мөлшерлі жәшіктерді қолдана (пайдалана) отырып әртүрлі комбинация жасау арқылы 52 түрлі мебель жасауға болады. Агрегаттау әдісі машина жасау, және радиоэлектроникада кеңінен қолданылады.

Кешенді стандартта– кешенді стандарттау кезінде өзара байланысты талаптар жүйесін мақсатты да жоспарлы түрде белгілеу жүзеге асырылады. Бұл талаптар кешенді стандарттау объектісінің өзіне тұтастай қатысты болуымен қатар нақты мәселелерді тиімді шешу үшін олардың негізгі элементтеріне де қойылуы мүмкін. Сонымен қатар дайын бұйым және оны өндіруге қажетті шикізат материалдардың сапасы мен оларды сақтау , пайдалануға қойылатын талаптар өзара байланысты болуы тиіс.

Кешенді стандарттаудың өзіндік бір түрі кешенді сертификаттау болып табылады.

Озық стандарттау әдісі. Бұл – стандарттау объектісіне бүгінгі практикада қойылып отырған талап, нормаларды қазіргі жетістіктерінен жоғары деңгейге көтеріп, келешекте тиімді болатындай етіп жобалауға мүмкіндік береді.

Стандартттар ғылым мен технеканың жеткен деңгейінен ғана шектелуі тиіс емес. Себебі олар көптеген өнімдердің моральдық ескіруінің жылдамдығына байланысты техникалық прогрессті тежеуі мүмкін. Сондықтан стандарттар спа көрсеткіштерінің болашақ деңгейін белгілеп, олардың өндіріске қолданылатын мерзімін көрсетуі тиіс. Оза стандартттау жұмысы өндірілуі әлі басталмаған немесе басталу сатысындағы болашақ өнімнің перспективалы түрлеріне жасалады.