Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

Глоссарий

1. Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы технологиясы – бұл қажетті сападағы машиналарды жасау туралы ғылым, өндірістік бағдарлама мен көрсетілген мөлшерде, және де беілген мерзімде аз еңбек шығынымен, яғни төменгі өзіндік құнымен.

2. Бұйым – кәсіпорында жасалынатын өндірістің кез-келген заты.

3. Тетік – құрастыру операцияларын қолданбай, маркасы мен атауы біртекті материалдардан жасалған бұйым.

4. Құрастыру бірлігі – бұл құрама бөліктері құрастырылатын бұйым.

5. Өндірістік үрдіс – өзара байланысқан іс әрекеттердің жиынтығынан тұрады, олардың нәтижесінде бастапқы материалдар мен шалаөнімдер дайын бұйымға айналады.

6. Технологиялық үрдіс өндіріс затын өлшеу мен күйін анықтау әрекеттерінен тұратын өндірістік үрдістің бөлігін айтамыз.

7. Технологиялық операция деп бір жұмыстық орында орындалатын технологиялық үрдістің аяқталған бөлігін айтамыз.

8. Көмекші операциялар – (оларға тасымалдау, бақылау, таңбалау және басқада жұмыстар жатады) өлшемдері, пішіндерін, сыртқы түрін немесес өңделетңн бұйымның қасиетін өзгертпейтін, бірақ технологиялық үрдісті жүргізуге қажетті операция.

9. Жеке өндіріс – жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің көптігімен және бұйымды шығарудың аз көлемімен сипатталады.

10. Сериялы өндіріс – периодты қайталанатын партиялармен жасалатын немесе жөнделетін бұйымның шектелген атаутізімімен және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.

11. Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін бұйымның атаутізімінің аздығы және бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталады.

12. Тетіктің дәлдігі деп оның сызба талаптарына сәйкескелуін айтамыз: өлшемі, геометриялық пішіні, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуы және олардың кедір – бұдырлық дәрежесі.

13. Тетіктің (дайындаманың) бет сапасы деп – ретімен қолданылатын бір немесе бірнеше технологиялық әдістердің әсер ету нәтижесінде оның беткі қабатының күйін айтамыз.

14. Беттің кедір бұдырлығы деп орнық ұзындығындағы, салыстырмалы аз қадамды тегіс еместіктердің жиынтығын айтамыз.

15. Беттің толқындылығы деп жүйелі түрде қайталанатын салыстырмалы үлкен қадамды тегіс еместіктердің жиынтығы.

16. Орнықтандыру деп – таңдалған координаттар жүйесіне қатысты дайындама немесе бұйымға қатысты қажетті күйге келтіруді айтамыз.

17. Бірлік технологиялық үрдіс атауы, типтік өлшемі бір, орындалуы өндіріс түріне тәуелді емес бұйым жасау үрдісі.

18. Типтік технологиялық үрдіс – құрылымдық және технологиялық белгілері ортақ бұйымдар тобын жасаған кезде қолданылады.

19. Маршрутты технологиялық үрдіс – операция мазмұнында әрекеттер мен өңдеу режімін көрсетілмеген, құжаттамалармен орындалады.

20. Операциялық технологиялық үрдіс – операция мазмұнында әрекеттер мен өңдеу режімін көрсетілген, құжаттамалармен орындалады.

21. Маршруттық операциялық технологиялық үрдіс – операцияның бір бөлігіне әрекеттер мен өңдеу режіміне нұсқау беріліп, ал бір бөлігіне нұсқау берілмейтін құжаттамалармен орындалады.

22. Маршруттық карта – бұл технологиялық бірізділіктің барлық операциялары бойынша бұйым жасау мен бақылаудың технологиялық үрдісі жазылған құжат.

23. Операциялық карта – бұл әректтер бойынша жабдықтар, әбзелдер және өңдеу режімдері көрсетілген операциялардың жазбасы бар құжат.

24. Құрастыру – бұл дайындама немесе бұйымның құрамды бөлігінің ажырамалы немесе ажырамайтын қосылысының түзіліуі.

25.Тоқпақтар – соғылмаға соққымен және квази соққымен әсерететін ұсталық–қалыптау машиналары

26. Баспақтар – соғылмаға квазистатикалық әсер ететін ұсталық–қалыптау машиналары.

27. Орнату – өңделетін дайындамалар немесе құралатын құрастыру бірліктерін бекіту кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.

28. Қалып сотаны – қалыптау кезінде қалыпталатың материалмен қамтылатын және жылжымалы болып табылатын қалыптың жұмыстық элементі.

29. Қалып сотанының бөлігі – сотанның жұмыстық контуры.

30. Қалыптың сотан-ұяқалыбы –қалып сотаны мен ұяқалыбының белгілері бар, қалыптың жұмысшы элементі.

МАЗМҰНЫ

1. Пәннің оқу бағдарламасы –SYLLABUS ………......................……………………….…..3

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны ......…...........…………………………….....7

2.1 Курстың тақырыптық жоспары ………………………...........……………………….….7

2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары...........………………………………... .8

2.3 Студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары..63

2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары....……………………….64

2.5 Курс бойынша курстық жобалар тақырыбы .......…………............……………………65

2.6 Өзіндік бақылауға тест сұрақтары …...……………………............…………………...66

2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары.......……………………...........……………………71

Шығу туралы мәліметтер

Білдек жасау, материалтану және машина

жасау өндірісінің технологиясы кафедрасының

мәжілісінде мақұлданған

___________________2013 ж ___хаттамасы

Өнеркәсіптік инженерия институтының ҒМК

ұсынылған ___________ 2013 ж ___ хаттамасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]