Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

6.4 Сурет – Тоқпақ тіреуін белгілеу нобайы

Екінші операцияда 1-1 жазықтықты және бағыттауыштарды сүргілейді, 6.5 сурет. Тетікті үстелге бүйір жағымен үш тіреуге А,Б,В, орнатады, олардың Б мен В реттеледі. Тетікті дұрыстағаннан кейін бекітеді де беттерді өңдейді (тұтас қалын сызықтар). Тоқпақтың тіреулерін өңдеген кезде жауапты операциялардың бірі болып тіректін жоғарғы және төменгі жазықтықтарын өңдеу болып табылады, 6.6 сурет.

6.5 Сурет – Бағыттаушылардың және технологиялық ауданның

орнықтық жазықтықтарын жоңғылау

Орнықтандыру мен өңдеуді тағайындау тәсілдері мынаны қамтамасыз етуі қажет:

а) оңжақ және солжақ тіреулердің биіктік өлшемдерінің бірдейлігін;

б) төменгі және жоғарғы жазықтықтардың параллельеместігн, әрбір тіректе 0,2мм 1500мм ұзындыққа, ал кебір жкғдайларда 0,1мм 1000мм ұзындыққа;

в) төменгі және жоғарғы жазықтықтардың бағыттаушыларға параллельеместігін, әрбір тіректе 0,2мм 1000мм ұзындыққа, ал кебір жағдайларда 0,1мм 1000мм ұзындыққа.

6.6 Сурет – Тіректердің жоғарғы және төменгі жазықтықтарын жонғылау

Көрсетілген талаптар тіректін параллел жазықтықтарын стендте өңдеу кезінде сақталуы мүмкін, 6.7 сурет.

6.7 Сурет – Тіректің параллель жазықтықтарын стендте өңдеу

Өңдеудің соңғы кезеңі, тетікті бірнеше орналастырумен, белгілеу және салмалы кезеулеткіш бойынша радиалды – бұрғылау білдектерінде бекіту тесіктерін бұрғылау мен бұрандама салу болып табылады. Өңделген беттердің барлық жауапты өлшемдері мен сипаттамаларына бақылау жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҰБЖ тұрқылы тетіктері үшін қандай материалдар қолданылады?

2. ҰБЖ тұғырлары үшін дайындама алудың қандай әдістері қолданылады?

3. Тоқрпқ тұғырларының қандай құрылымдық ерекшеліктері қолданылады?

4. Соғу және қалыптау тоқпақ тұғырларының ерекшелігі неде?

5. ҰБЖ тұрқылық тетіктерін стендте өңдеу кезіндегі жетістіктері қандай?

6. Соғу тоқпағының тұғырын өңдеген кезде реттелетін тіреулер не үшін керек?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег. 2 [99-104]; қос. 4 [320-346].

7 Дәріс. Тоқпақ цилиндрін, сотаның және поршынын жасау технологиясы.

Соғу және қалыптау тоқпақтарының цилиндрлерінің айырмашылығы өте аз, 6.1 және 6.2 сурет.

Отандық құрылымы бар соғу және қалыптау тоқпақтарын бір типті 35Л болаттан құйылған жұмыстық цилиндрлерді қолданады, олардың түбінде біршама диаметрлі өтпелі тесігі бар, бұл ішкі бетті механикалық өңдеуді жеңілдетеді.

Цилиндрлер ішкі СЧ 20, СЧ 30 шойын төлкелермен қамтылған, қалыңдығы 0,05D120мм (D1 — цилиндрдың ішкі диаметрі). Төлкелер поршын сақиналарының жұмысын жақсартады, оларды жөндеу кезінде ауыстыруға болады.

Қатандықты арттыру үшін цилиндрлердің қабырға қалыңдықтары есептікке қарама қарсы арттырылған әдетте 0,1 D1 > 30 мм дейін; цилиндрлердің сыртқы беттері қабырғалармен қамтамасыз етілген.

Соташықты асбесті матадан жасалған көмкермемен тығыздау ұсынылады. Қалыптау және соғу тоқпақтарының бу-ауалы сақтандырғыштары ұқсас 7.1 сурет.

Циліндрдың ішкі жұмыстық беті қарқынды үйкеледі. Көбінесе цилиндрдің ортаңғы бөлігі тозады (А - 7.1 суретте).

Цилиндрды механикалық өңдеудің маршыруты келесі операциялардан тұрады:

  1. Дайындаманы белгілеу;

  2. Орнық бетерді өңдеу (төменгі бүйірі, егер түбі алынатын болса, немесе цилиндр түбі, түбімен бірге құйылған болса);

  3. Цилиндр тесігі, түптегі соташыққа арналған тесік кеулейжоңылады (қаралтым жону, таза жону).

  4. Төлкені цилиндрге баспалау (төлкені қондыру, цилиндрды пармен қыздыру немесе төлкені сұйық азотта суыту арқылы жүргізеді).

  5. Баспаланған төлкелерді кеулейжону.

  6. Орындалған операцияларды бақылау.

Бу-ауалы тоқпақтың соташығы беріліс механизімінің тетігі болып табылады. Бу немесе сығылған ауаның энергиясы сотан көмегімен тоқпақтың жұмыстық механизіміне соғу массасына, оған кілтек немесе сынаның көмегімен бекітілген тоқпақтама немесе қалыппен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]