Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

5.2 Сурет – Көпмақсатты білдектер

Үлкен сатылы центрлік тесіктерді өңдеу кезінде айналма үстелі бар білдектерді қолданған дұрыс, егер бір өстін бойындағы тесіктер бір бағытта диаметірлік өлшемдері бойынша өссе: тетіктін негізінен жоғарғы шетжағына қарай. Бірақта өнделетін тесіктің өсін айналма үстелді білдектің үстелінің айналыс өсімен сәйкестендіру дайындаманы орнату кезінде біршама уақыт шығынын қажет етеді.

Соңғы өңдеу ретінде жұқа кеулейжонуды көп қолданады. Қажет болған кезде: тесіктін бетжағын беріктендіру үшін оларды шарикті немесе аунақшалы кеңейтетін құралбілікпен жаю.

Шағын сериялы өндірісті автоматтандару, тетікті өңдеу кезінде бір типтік өлшемнен келесісіне автоматты түрде көшетін, жұмсақ технологиялық жүйелерді жасауды талап етеді. Бұл мәселелерді шешу кезінде негізгі болып СББ білдектер және көпмақсатты білдектер табылуы тиіс. Оларды автоматты транспортпен байланысқан бірлік технологиялық жүйеге біріктіру ЭЕМ басқарылатын жоғарыәсерлі жұмсақ өндірістік жүйелерді құруға мүмкіндік береді.

Дайындама мен кескіш құралды бағдарлама бойынша автоматты түрде ауыстыратын жоғары өнімділікті көпмақсатты білдектер, тұрқылы тетікті бір орнатуда төрт-бес жағынан толық өңдеуге мүмкіндік береді. Білдектерде көп құралды магазиндердің, кескіш құралдың үлкен жиынымен болуы бір немесе бірнеше жұмыстық позицияда дайындаманы бір орнатумен жазық және пішінді беттерді, бас және бекіту тесіктерін, бұранда салу мен қажетті ойықтар мен бунақтарды алу үшін әртүрлі технологиялық өтулерді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.

Білдек ЭЕМ берілетін бағдарлама бойынша басқарылады. Бағдарламаның ауысуы 1,5...4 мин. аралығында жүреді.

Тетіктерді әр жағынан өңдеу үшін көпмақсатты білдектерде бағдарлама бойынша тетікті қажетті бұрышқа бұратын айналма үстелді қоланады.

5.3 Сурет – Көпмақсатты білдектерде бір орнатуда тұрқылы тетіктерді жасау кезінде қолданылатын технологиялық өтулердің сұлбасы

Көпмақсатты білдектерде бір немесе бірнеше айналдырықтармен, көпмақсатты револьверлі басы және магазинімен, 30 дан 100 дейінгі әртүрлі кескіш құралдарынан тұратын, әртүрлі сәйкес орналастырулар бар, 5.2 сурет

Мұндай білдектің біреуін қолдану бірнеше әмбебап жоңғылау, бұрғылау және кеңейжону білдектерін ауыстыруға мүмкіндік береді.

Көпмақсатты білдектерде және автоматтандырылған бөлімшелерде технологиялық үрдістерді жасаудың басты ерекшеліктерінің бірі бағдарлама бойынша бірізділікпен орындалатын технологиялық өтулерді максималды шоғырландыру, орнықтардың бірлік принцптерін толығымен қолдану кезінде әртүрлі кескіш құралдарды пайдаланумен, 5.3 сурет.

Ірі тұрқылы тетікті жасаудың еңбексиымдылығын азайту мен циклды қысқартудың әсерлік жолы болып оларды текшелі өңдеуді ұйымдастыру табылады. Текше, бойлық дұрысталған үлкен ауданды тақтадан тұрады, оған дайындама мендетті түрде немесе айлабұйымға орнатылады. Тақта айналасында арнайы тұғыр-бағыттаушыларды әртүрлі білдектер орналасады. Білдектер тақта жазықтығына және оның ойықтарының бағытына қатысты дұрысталған. Олар тақтаның сәйкес бүйірлері бойымен қозғала алады, бұл дайындаманы бір орнатуда әр бүйіржақтарынан өңдеуге мүмкіндік береді.

Текшелерді қолдану дайындамаларды қайта орнатуға кететін уақытты жояды, және де біруақытта бірнеше білдекпен өңдеуді жүргізеді. Текшелер көбнекей жоңғылау-кеңейжону және радиалды бұрғылайтын білдектерден тұрады. Арнайы текшелерді ұйымдастырған кезде арнайы білдектер мен агрегатты бастиектерді қолдануға мүмкіндік туады. Соған байланысты текше жеткілікті үлкен технологиялық мүмкіншіліктері бар бірлік білдектік жүйені құрайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҰҚЖ тұрқылық тетіктерін өңдеу кезінде жабдықтардың қандай түрін көп қолданылады?

2. Көпмақсатты білдектердін артықшылығын атаңыз?

  1. Тұрқылы тетіктерді өңдеу үшін жабдықтарды тандауға, өндіріс түрі қалай әсер етеді?

  2. Тұрқылы тетіктерді айналма үстелді білдектерде және текшеде (стенде) өңдеудің айырмашылығы неде?

5.ҰҚЖ тұрқылы тетіктерін өңдеу кезінде метал кескіш жабдықтарды пайдаланудың қай сұлбасы қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[380-436]; нег. 2 [94-109]; қос. 4 [320-346].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]