Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

15 Дәріс. Ұталық-қалыптау машиналарын және қалыптарды жөндеу. Жөндеудің мақсаты мен міндеті. Машиналар мен қалыптарды жөндеудің технологиялық үрдісінің жалпы сұлбасы.

Ұсталық-қалыптау жабдықтары (ҰҚЖ) мен әбзелдерін жөндеуді жоспарлы-алдын алу жүйесі – бұл жұмысқа қолдануды техникалық бақылау бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларын уақыт бойынша, ҰҚЖ мен технологиялық әбзелді баптау мен жөндеуді кешенді жоспарлау. ҰҚЖ мен әбзелдерін жөндеу деп ақауларды дұрыстау және олардың еңбек қабілеттілігін сипаттайтын, жоғалтқан бастапқы сапаны біршама орынына келтіру түсініледі.

Ж мен Ә ЖАЖ кезінде кіші, орташа және толық жөндеулерді жүргізеді. Жөндеуді орындаудың бірізділігі мен периодтылығын ҰҚЖ мен қалыптарды жөндеу қиындықтарының категориясына байланысты тағайындайды. Сәйкесінше жоспарлы шамаларын анықтайды: жөндеуаралық период (екі жоспарлы жөндеу арасындағы күнтізбелік мерзім) және жөндеу циклы (екі толық жөндеу немесе жасау мен бірінші толық жөндеу арасындағы күнтізбелік мерзім).

ҰҚЖ мен қалыптар үшін жөндеу қиындықтарының категориясы, оларды жасаудың еңбексиымдылыгын анықтайтын нақты факторларға байланысты тағайындалады; сондай ақ типтік белгілеріне байланысты жөндеу қиындықтарының категориясын тағайындайтын анықтама нормативтер қолданылуы мүмкін: ҰҚЖ түрлері, қалыптар, олардың атқаратын қызметі, тетіктер сапасы, қиындықтар мен габариттер және т.с.с.

Жөндеудің нақты еңбексиымдылығы, жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын жөндеу технологиясы және типтік уақыт нормаларымен жасалған ақаулық ведомосттармен анықталуы тиіс.

Жөндеу периодтылығы және жөндеу де тұру нормасы. Типтік жағдай мынаны тағайындайды:

жөндеу аралығы, кезекті екі жоспарланған жөндеулер арасындағы жабдықтың жұмыс жасау уақытын қамтиды;

жөндеу циклы – агрегатты кезекті екі толық жөндеулер арасындағы период.

Жөндеу циклы мен жөндеу аралығының ұзақтығын жабдықтың өңдеу сағат санымен санайды.

Өңдеу сағаты саналмайтын агрегаттар үшін жөндеу циклы мен жөндеу аралығының ұзақтығын, агрегатты қолдану коэффициентін ескере отырып оларды пайдаланудың күнтізбелік уақыты бойынша тағайындайды.

Жұмыстық циклдар туралы айтқанда, олардың құрылымын білдіреді. Жөндеу циклының құрылымы деп жоспарлы жөндеу мен технологиялық жабдықты тексерудің қайталану реті қабылданады. 15.1 суретте, ұсталық-баспалау жабдығы үшін жұмыстық циклының ұсынылған құрылымы берілген.

15.1 Кесте – Ұсталық-баспалау жабдығы үшін жұмыстық циклдың құрылымы

Жабдықтар

Жөндеу операцияларының қайталануы

Жөндеу операцияларының саны

Орташа жөндеу

аз

жөндеу

тексеру

Соғу машиналары, ұсталық-баспалау автоматтары, тоқпақтар

К – О – О - Т1 – О – О - Т2 – О – О - С1 – О – О - Т3 – О – О - Т4 – О – О - К

1

4

12

Біліктерд іжөндеу. Қолдану кезінде біліктерде қондыру мойындары, кілтек ойықтары мен оймакілтектер тозады, бұранда зақымданады, білік иіледі.

Тозған білік мойындарын (сызаттар, сызықіздер және 0,12 дейінгі цилиндрлік еместік) – ажарлаумен жөндейді. Біршама тозу кезінде жөндеу өлшеміне жонады және ажарлайды. Мойын диаметірін 5...10% төмендетуге болады. Егер мойынның бастапқы өлшемін қалпына келтіру қажет болған жағдайда – оларды діріл доғамен, металдандырумен, хромдаумен және т.б., өсіреді (наращивают), содан кейін жонады, ажарлайды, термиялық өңдейді.

Цилиндрлерді жөндеу кезінде, жөндеу өлшемдері бойынша жөндеу қабылданған. Цилиндрлердің жөндеу өлшемдерін өндіруші зауыт тағайындайды.

Сырғақтарды жөндеу (тоқпақ бабасы). Ен көп тозуға бағыттаушылар ұшырайды. Жөндеу кезінде беттердің түзусызықтығын және олардың өзара параллелдігін қалпына келтіріледі. Жөндеуді тексеру сызғышы бойынша қырумен, аса үлкен тозуды – ажарлау немесе жоңғылаумен жүргізуге болады.

Тұғырды жөндеу. Баспақтардың және тоқпақтардың тұғырларының бағыттаушы беттері ең көп тозуға ұшырайды. Бұл беттерде көп жағдайда қажамалар байқалады. Үстел бетін жөндеу кезінде бағыттаушылардың түзу сызықтығын және перпендикулярлығын қалыптастырады. Бағыттаушыларды жөндеуді әртүрлі әдістермен жүзеге асырады: қырумен, ажарлаумен және болаттан, текстолиттен, жезден және акрилопласттан жасалған компенсациялы жасамаларды орнықтырумен.

Тұғырлар тозған бағыттаушылармен (қалыпқа келтірілмеген) 5...6 мм диаметрлі және 4...5 мм тереңдікті тесіктерді теседі. Әрбір 2500...3000 мм²-қа бір-бірден бұл тесіктерді барлық бет бойынша бір қалыпты орналастырады. Тұғыр бағыттаушыларының беттерін майсыздандырады және сырғақтың түйісу беттеріне бөлгіш сабын қабатын жағады. Сырғақ+тұғырды жинақтайды. Бағыттаушылардың арасындағы саңылауға акрилопласттар (мысалы, бутакрил) құйылады. Содан кейін майлау үшін бунақтарды орындайды. Пластика қабатының қалыңдығы 1...10 мм (ең көбі 3...4 мм). Бутакрил – тозуға тұрақты, шойынмен, болатпен, қоламен жұпта жақсы жұмыс жасайды. Қолданудың ең жоғары температурасы 800С.

Әбзелді жоспарлы-ескертулі жөндеу жүйесі (ӘЖЕЖ) аз, орташа және капиталды жөндеуден тұрады.

Кішігірім жөндеу – кішігірім ақауларды жою (ажарлау, әрлеу, серіппені, тіреуіштерді, орнықтырғышты, кіші диаметрлі сотанды ауыстыру. Қалыптың бір бөлігін шашу жүргізіледі).

Орташа жөндеу – тақта (жоғарғы және төменгі) мен бағыттаушылардан басқа жұмыстық тетіктердің 25...30%, көмекші тетіктердің 10% кішігірім + ауыстыру немесе қалпына келтірі.

Толық жөндеу – тақтадан басқа жұмыстық тетіктердің 50...75%, көмекші тетіктердің 50% ауыстыру немесе қалпына келтіру, бағыттаушы элементтерді ауыстыру.

Пайдалану үрдісінде жоспарлы жөндеуден басқа қолдану күтімінен тұратың техникалық жөндеу аралық күтім жүргізіледі: сыртқы тексеру, қолдану үрдісінде ақаулылықты анықтау, тазартуды; кішігірім ақауларды дұрыстау, бекіту және қысу тетіктері мен құрылғыларын тарту, қолдануды техникалық бақылау мен баптау және әбзелді сақтау; қоймалар мен жұмыстық орындарда әбзелді сақтау сапасы мен күйін, айлабұйымды міндеті бойынша қолдануды, дұрыс орнатылуын күнделікті бақылау; жоғарғы тозу себебін анықтау және оларды болдырмауға шаралар қолдану.

Қалыптарды жөндеу мен қалпына келту. Ыссы көлемді қалыптау қалыптарының тозуының негізгі себептері болып: пластикалық деформация, жарықтар, қажалу, қирау болып табылады.

Жарықтар – қызыл мыспен безеулеу.

Қалыптарды қалпына келтірудің ен тиімді тәсілі электр доғасымен балқытып қаптастыру. Қалыптың нақышын, қол электр доғасымен балқытып қаптастырумен толық қалпына келтірудің орташа құны жаңа нақыш жасау құнының 25...35% құрайды.

Жаңа қалып тетіктерінің шыдамдылығын арттыру және тозғандарын қалпына келтіру үшін тозуға төзімді балқыманы қолданады. Балқытылған қабаттын әртүрлі қасиеттері әртүрлі электрод маркаларын қолданумен алынуы мүмкін.

ЭН-60М, ОЗШ-1, ЭН-60, ЦИ-4 электродтары – 4000С температураға дейін сақталатың тозуға төзімділігі жоғарғы бетті алуға мүмкіндік береді, бұл қалыптау кезінде осы температураға дейін қызатын қалыптар үшін өте қымбат.

УОНИ-13/НЖ, ЭШГ, ЦИ-5, Ш-1 электродтары – 400…5000С дейін мартенситті қасиетін сақтап ауада суытқан кезде өздігінен шынығатын қасиетке ие балқытып қаптастыру қабатын алуға мүмкіндік береді.

Ыссы қалыптау қалыптары үшін ОЗИ-4, ОЗИ-5 электродтарын қолданады. ОЗИ-4 жұмыстық беті 700...8000С дейін қызатың қалып тетіктері үшін қолданылады. ОЗИ-5 – жұмыстық беті 800…8500С дейін қызатың қалып тетіктерін балқытып қаптастыру үшін қолданылады.

Ыссы көлемді қалыптау қалыптарының шыдамдылығының төмен болуы және олардың дайындамаларының біршама құнына байланысты, қалыптың толық құнынан 50...70% дейін, кішігірім жөндеу және қалыптау жылғаларын қалпына келтіру ұсталық-баспалау өндірісі экономикасына үлкен әсер етеді.

Көлемді қалыптауға арналған тұтас қалып шыдамдылығы әртүрлі элементтерден тұрады. Дайындау жылғалары, сағалар және шөгуге аландары қалыптаудың – ондаған мың соққысына шыдамды, алдын ала жылғалар біршама аз, ал соңғы қалыптау жылғалары оданда аз (дайындау жылғасынан 5...7 есе аз).

Жұмсалатың жабдықтарды толық пайдалану мақсатында құрастырылған қалыптарды қолданады. Әмбебап қалып-жиынтығын және қалыптандырылған ендірмелерді қолданумен құрама пішіні мен өлшемдері бойынша ұқсас соғылмаларды қалыптау мүмкіндігі пайда болады.

Тоқпақтардың ауыспалы ендірмелерін қолдану жоғары легірленген қалып болаттарын қолдану есебінде қалыптардың шыдамдылығы 1,5...3,5 есе артады.

Суықтай қаңылтыр қалыптау қалыптарының жұмыстық қабілетінің төмендеу сипаттамасы жұмыстық беттердің тозуы болып табылады. Тозу орындаушы өлшемдердің өзгеруі, беттердің сапасының төмендеуі, кесу қырларының мұқалуы, ұяқалыпта ақау қабаттарының пайда болуымен анықталады.

Қалыптың тозған тетіктері ажарлаумен, әрлеумен немесе балқытып қаптастыру одан әрі өңдеумен, гальваникалық қаптаумен қалпына келтіріледі.

Құйылған қатты қорытпаларды механикалық өңдеу шарықтастармен ажарлау, бабына жеткізу немесе әрлеумен - сәйкесінше ұнтақ немесе май ұнтақпен, жүргізіледі.

Құйылған қатты қорытпалармен балқытып қаптастырылған пішінөзгерту қалыптарының шыдамдылығы 10...15 есе, ал стеллитпен балқытып қаптастырылған ажырамалы қалыптар, асаптық болаттан жасалған қалыптардың шыдамдылығымен салыстырғанда 5...6 есе артады..

Бақылау сұрақтары:

1. Жөндеу циклы дегеніміз не?

2. Жоспарлы алдынала жөндеудің негізгі түрлері бар?

3. Жөндеуаралық техникалық күтім қандай негізгі операциялардан тұрады?

4. Тоқпақ цилиндрлерін жөндеу кезінде қалпына келтірудің қандай әдістері қолданылады?

5. Бас біліктердің тозу түрлері және оларды жөндеу әдістері?

6. Суықтай қаңылтыр қалыптау қалыптарының деформациялау тетіктерінің тозу түрлері?

7. Қалып тетіктерін жөндеу кезінде тозуға төзімділікті арттырудың қандай тәсілдері қолданылады?

8. Жөндеу кезінде пластмассалады қолдануға болама?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [184 - 190].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]