Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

10.1 Сурет – Құрастырудың ұйымдастыру түрлері

Машина немесе машина топтары құрастырудың әрбір нақты технологиялары спецефические ерекшеліктері бар. Ұсталық-баспалау жабдықтарын өндіретін зауыттарда, 10.2 суретте көрсетілген құрастыру тәсілдерін көп қолданады.

Габариттері мен массасы оларды құрастыру цехында құрастыруға мүмкіндік беретін машиналар, және зерттеулер мен сынаулар жүргізілетін тәжірибелік үлгілер толық жиналады. Егер құрастырылған күйінде тасымалдау мүмкін болса машиналарды тұтынушыға құрастырылған қалпында, немесе түзілімдерге бөліп бөліктермен тасымалдайды. Соңғы жағдайда оларды құрастыру технологиясын орнату орынында жасайды, сонымен қоса көп жағдайларда оларды қосымша сынау мен арнайы бағдарлама бойынша тексеру қарастырылады.

Түзілімдік құрастыруды, жасаушы-зауытта толығымен құрастыру мақсатты емес машиналар үшін қолданады. Түзілімдік құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалаған кезде машинаның құрастырылуын тұтұнушыда қамтамасыз ету керек. Бұлүшін әрбір түзілімді тиянақты бақылайды және сынайды, ал орынында құрастыруды кезеулеткіш немесе құймаүлгі арқылы жүргізеді. Құрастырудың мұндай тәсілдерінің бірнеше түрлері бар.

10.2 Сурет – Құрастырудың ұйымдастыру түрлері

Жасаушы-зауытта бір машинаны бақылаулы толық құрастырумен түзілімдік құрастыру. Бақылаулы құрастыру нәтижесінде машинаны тұтынушыда құрастырудың барлық ерекшеліктері қарастырылады.

Макеттерді қолданумен түзілімдік құрастыру. Макет, жанасатын түзілімдердің беттерін және негізгі өлшемдерді көрсететін арнайы айлабұйым болып табылады. Нақты машинаның тетіктері мен түзілімдеріне қарағанда массасы көптеген есе аз макеттер машинаны толық құрастыру үрдісін тексеруге және соңғы жетілдіруге мүмкіндік береді.

Өлшеу карталарын қолдана отырып түзілімдік құрастыру тетіктер мен түзілімдерді жасау кезінде оларды өлшеуді ескере отырып жүргізеді. Бұл тәсіл аса ауыр және үлкенгабаритті машиналарды құрастырған кезде пайдалы.

Тізбекті құрастыруды ұзындығы біршама және тетіктері (түзілімдері) бірізділікпен қосылған машиналарды жасау кезінде қолданылады. Тізберті құрастырудың маңызы мынада, алдымен құрастыру басталатын бір тетікке екінші бір тетікті қосады.. Содан кейін бірінші тетікті бөлектеп (демонтируют) алады, ал екіншісімен үшінші тетікті құрастырады және т.с.с. Бұл тәсіл құрастыру үшін өндірістік аудандардың бос болуын қамтамасыз етеді.

Құрастыру үрдісінің технологиялық құжаттамасы бұйымның және оның құрама бөліктерінің құрастыру сызбаларынан, бұйымның техникалық талаптары және құрылымдық сипаттамсы, жалпы құрастырудың және жеке құрастыру бірлігінің сұлбаларынан тұрады. Құрастыру маршруттық картада операцияның жалпы жоспары және құрастыру үрдісін жүргізу үшін мәліметтер келтірілген. Операциялық карталарда өтулерге бөлінген операцияның сипаттамасы келтіріледі, құрастыру режимдері мен уақыт нормалары көрсетіліп.

Бақылау сұрақтары:

  1. Машинаны жасау кезінде құрастыру жұмыстарының еңбексиымдылығы оларды жасаудағы жалпы еңбексиымдылықтан мөлшері қандай?

2. Машина құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау үшін бастапқы берілгендер?

3. Машина құрастыру сұлбасы?

4. Құрастырудың ұйымдастырушылық түрі?

5. Жасауы зауыттарда ҰҚЖ құрастырудың қандай тәсілдерін қолданады?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1 [437-490], нег.2 [144-181], қос.4 [212-226].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]