Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

12.1 Сурет – Пішінді сотанды өңдеу сұлбасы

Пішінді тетіктерді өңдеудің жетілдірілген әдісі бағдарламалық басқарылатын білдектерде сургілу болып табылады.

Болат Р6М5 кескішпен өңдеу режимі: беріліс 0,3…1,0 мм/дв. жүріс, қию терендігі 1…8 мм болғанда қию жылдамдығы 0,25…0,67 м/с. Режимдер құрылымдық болаттарға келтірілген, аспаптық көміртекті және легірленген болаттарды сүргілеген кезде токарлық өңдеуге ұқсас төмендетіледі.

Жонғылауды қалыптың жұмыстық пен қосалқы тетіктерінің жазық және пішінді беттерін өңдеу кезінде кең қолданады және де әмбебап білдектерде орындайды: тік-жонғылау, консольді бойлық-жоңғылау, үлкенәмбебап тезкесетін қатты қорытпалармен жабдықталған саусақты, цилиндрлі, түпбетті және дискілі жонғыштармен.

Қалып ұяқалыптарда, сотанұстағыштарда, ажыратқыштарда және басқада тетіктерде жабық ішкі және сыртқы пішінді контурларын өңдеген кезде таза жонғылау қолданылады. Таза жонғылаумен өлшемдер дәлдігі 7-ші квалитет бойынша және беттін кедір-бұдырлығы Ra= 1,25 мкм дейін алынады. Таза жонғылау пішінді беттерді өңдеу кезінде өте қолайлы.

Әмбебаптан басқа арнаулы және арнайыландырылған жоңғылау білдектері қолданылады. Қалыптарды өндіруге қолданылатын арнаулы білдектерге нақыштайтын (гра­вировальные) және егеулейтін (опиловочные) жатады. Нақыштайтын білдектер сотандар мен ұяқалыптардағы және т.с.с. жазулар мен оюларды нақыштауға арналған. Білдектін жұмыс жасау принципі үлгінің үлкейтілген контурын пантографтын көмегімен нақты өлшемдерге дейін кішірейтумен көшіруге негізделген. Цифрлар мен жазуларды нақыштауды шрифтердін тұрақты үлгілер жиыны бойынша арнаулы жонғылармен орындайды. Егеулеу білдектері ұяқалып, сотанұстағыш, ажыратқыш және ұқсас тетіктердің ойықтарын механикалық егеуге арналған.

Екі көшірме бойынша көшіру әдісімен сотанды жонғылау сұлбасы, бір көшірме және тетік ілгерлемелі ал екінші көшірме айналмалы қозғалатын сұлбаны қолданып,12.2 сурет. Бірінші көшірме 10, контурыкүрделі беттерді өңдеу үшін жұдырықша түрінде, беріліс механизімімен 9 айналысқа келтіріледі. Екінші көшірме 1 осы беріліс механизімінен аунақша 11 арқылы ілгерлемелі қозғалыс алады. Көшірме 1 аунақша 2 арқылы сырғаққа 7 ілгерлемелі-кейінді қозғалыс береді. Үстел өңделетін тетікпен 3 тұғыр бойымен қозғалады, және тетік жоңғышпен 6 өңделеді. Беріліс сомыны бар бұрама 8 арқылы беріледі. Сырғақтар 4 пен7 тіреуіштер 5 бойымен қозғалады. Аунақша 11 мен көшірменің 10 тұрақты түйісуін теңсалмақ немесе серіппе көмегімен атқарады.

12.2 Сурет – Июге арналған қалыптың сотанын жоңғылау сұлбасы

Көшірумен жұмыс жасайтын білдектерді қолдану әрбір типтегі тетіктер үшін көшірме жасауды талап етеді, ол көп уақытты алады. Қалып ұяқалыптарының пішінді ойымдарын өңдеу үшін бағдарламалық басқарылатың жону білдектерін, онда күрделі бедер көшірусіз өңделеді, қолдану тиімді болып табылады.

Қалыптарды жасау кезінде бұрандалы беттерді өңдеу екі жағдайда жүргізіледі: бекіту бұйымдарын жасау және сәйкесінше бекітетін бұйымдармен жанасатын тетіктерде бұранда салу.

Бекіту тетіктеріне бұранда салу бұрандаойғыш және бұрандакескіштердің көмегімен жүргізіледі. Сондай ақ бекіту тетіктерімен жанасатын тетіктерге де бұранда салынады.

Координатты жону. Координатты жону әдісі мынаған негізделеді, үстелге бекітілген тетік, білдектін айналдырығына бекітілген жұмыстық құралдың осіне перпендикуляр жазықтығында қозғалады; тетіктін қозғалысы тікбұрышты координаттар әдісімен жүргізіледі.

Ажарлау. Ажарлау – қалыптарды жасау кезіндегі тетіктерді өңдеудің маңызды әдістерінің бірі. Беттін қажетті кедір-бұдырлығы мен дәл өлшемдерді алуға ажарлаудың бірнеше түрлерімен жетуге болады.

Ажарлатқыш шарықтас ажарлатудың негізгі құралы болып табылады. Қалыптарды өндіру кезінде жазық, ішкі дөңгелекті, сыртқы дөңгелекті және пішінді ажарлау қолданылады.

Қалыптарды өндіруде қолданылатын ажарлау білдектерін жалпы қолданысты (аспаптық және басқада өндірістерде қолданылатың) және арнайы қолданылатын (аспаптық өндірісте көп қолданылатың) деп юөледі. Арнайы білдектердін қатары қалып және баспақ-пішін тетіктерін өңдеуге арналған.

Жалпы қолданылатың білдектерге жазықажарлау және шеңберажарлау жатады. Соңғылары сыртқы және ішкі немесе әмббап ажарлауға, және де центірсіз-ажарлауға арналған болады.

Қалып және баспақ-пішін өндірісінде қолданылатын арнайы ажарлау білдектеріне пішінажарлау және координатты-ажарлау жатады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Айналу денелері типтес тетіктерді өңдеу тәсілдері, қолданылатын жабдықтар?

2. Сүргілеуді қолдану аймағы?

3. Жону кезінде алынатын өлшем дәлдігі мен беттін кедір-бұдырлығы?

4. Көшірумен жұмыс жасайтын білдектердің артықшылықтары мен кемшіліктері?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [28-95]; қос.4 [196-206].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]