Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Негіз деформацияларын тӨмендету шаралары жӘне олардың имаратқа тигізетін Әсері

2.67. Негіздің шектік күйі бойынша есебінің та­лаптарын орындау үшін жоспардағы іргетас өлшем­дерін немесе оларды орналастыру тереңдігін (қана­ғаттандырмайтын құрамды топырақтарды кесіп алу­ды қосқандағы), өзгерту мүмкіндігінен және дұрысты­ғынан, іргетастардың орын ауыстыруын шектейтін қосымша байланыстарды енгізуінен, басқа типті іргетастарды қолдануынан, негізге түсетін жүктеме­лерді өзгертуінен және т.б. бөлек төмендегілерді қолдану қажеттілігін қарастыру қажет:

а) негіз топырақтарының құрамы төмендеуінен сақтандыратын шаралар (2.68 т.);

б) топырақтардың құрылыстық құрамдарын орнатуына бағытталған шаралар (2.69 т.);

в) негіз деформацияларына имараттың сезгішті­гін төмендететін құрылымдық шаралар (2.70 т.).

Жобалау кезінде, сондай-ақ имарат құрылым­дарында олардың негізімен өзара әсерлесуі (2.71 т.) кезінде пайда болатын күштерді реттеу мүмкіндігін ескеру қажет.

Шаралардың кешенін немесе біреуін таңдау 1.1 және 2.1 т.т. талаптары ескеріле отырып орындалуы қажет.

2.68. Негіз топырақтарының құрылыстық құрам­дарының төмендеуінен сақтандыру шараларына мы­налар жатады:

а) ылғалдылығының өзгеруіне сезгіш топырақ­тардан тұратын алаңшаларды судан қорғау шарала­ры (бас жоспарлардың сәйкес үйлестіруі, аумақтың вертикаль жайғастыру жоспары, жерүсті суларын ағызып жіберуімен, дренаждарды орнатуымен, сүзгілетпейтін шымылдықтармен және қалқандар­мен, арнайы каналдардан суқұбырларын жүргізумен немесе оларды имараттан қауіпсіз қашықтыққа орналастыруымен, болуы мүмкін су кетуін бақылауы­мен және т.с.с. қамтамасыз ететін аумақтың вертикаль жайғастыру жоспары);

б) негіз топырақтарын шөгуіне, ісінуіне, карстты-суффозиялы құбылыстардың оянуына, жерасты су­ларының көтерілуіне және т.с.с. алып келе алатын химиялық белсенді сұйықтардан қорғау;

в) сыртқы әсер көздерін (мысалы, дірілден) шектеу;

г) имаратты тұрғызу барысында орындалатын сақтандыру шаралары (топырақтардың табиғи құры­лымын және ылғалдылығын сақтау, жобада қабыл­данған негізге жүктемелерді жіберу жылдамдығы мен сұлбасының өзгеруін болдырмайтын, әсіресе негізде жайлап нығаятын топырақтардың бар болғанында негіздердің, іргетастардың, жерасты және жерүсті құрылымдарының құрылу технологиясын сақтау және т.с.с.).

2.69. Негіз топырақтарының құрылыстық құрам­дарын орнату (жасанды негіздер құру) төмендегілер арқылы орындалады:

а) топырақтарды тығыздау (ауыр нығыздағыш­тармен нығыздау, топырақ қадаларын орнату, топы­рақтарды алдын-ала сулау, жарылыс энергиясын пайдалану, терең гидродірілдетумен тығыздау, діріл­деткіш машиналары, тегістегіштер және т.с.с. арқылы іргетастар астындағы қазаншұңқырларды нығыздау);

б) құмнан, малтатастардан, қиыршықтастардан және т.с.с. тұратын төсемдердің қанағаттандырмай­тын құрамдары бар негіздегі (жоспардағы және тереңдігі бойынша) топырақтарды толық немесе жартылай ауыстыру;

в) үйінділерді орнату (гидрошайғыштармен немесе салып алу арқылы);

г) топырақтарды бекіту (химиялық, электрохи­миялық, бұрғылай араластыратын, термиялық және басқа әдістермен);

д) топыраққа арнайы қоспаларды енгізу (мыса­лы, топырақтың ісінетін қасиеттерін жою үшін оны тұздау немесе оған мұнай өнімдерін сіңдіру);

е) топырақты арматуралау (арнайы қабыршық­тарды, торларды және т.с.с. енгізу).

2.70. Негіз деформацияларына имарат сезгішті­гін төмендететін құрылымдық шараларға мыналар кіреді:

а) имаратты жоспарда және биіктігі бойынша ұтымды пайдалану;

б) имараттың негізімен өзара әсерлесулері есе­бінің нәтижелеріне сәйкес құрылымдарды, әсіресе, іргетасты-үйасты қабаттылы бөлігінің құрылымдарын күшейту арқылы жететін имараттың беріктігін және кеңістіктік қатаңдығын жоғарылату (қаңқалы құры­лымдарға қосымша байланыстарды енгізу, темірбе­тон немесе армотасты белдеулерді орнату, имарат­ты бөліктерге бөлу және т.с.с.);

в) иілгіш немесе кесілген құрылымдарды қолда­ну арқылы имараттың икемділігін арттыру (егер оған технологиялық талаптар рұқсатын берсе);

г) имарат құрылымдарын түзетуге және техно­логиялық жабдықтарды түзетуге арналған құрал жабдықтарды орнату.

Ескерту. Құрылыс құрылымдарына жылжымалы тех­нологиялық жабдықтардың (көпірлі крандардың, лифтілер­дің және т.с.с.) жақындасуының сыртқы өлшемдері болуы мүмкін негіз деформацияларын ескергендегі оларды дұрыс пайдалануымен қамтамасыз етілуі қажет.

2.71. Имараттың негізімен өзара әсерлесуі ке­зіндегі оның құрылымдарындағы күштерді төмендете алатын шараларға мыналар жатады:

құрылыс ауданына оның инженерлік-геология­лық құрылысын және зиянды әсерлер көздерінің (әлсіз топырақтар линзаларының, ескі тау қазбала­рының, карст қабаттарының, сыртқы суқұбырлары­ның және т.с.с.) болу мүмкіндігін ескере отырып имаратты орналастыру;

іргетастың сәйкес келетін құрылымдарын (мы­салы, қазылып жатқан аумақтарда және негізде ісінетін топырақтар бар болғанда кіші бүйір бетті іргетастар) қолдану;

ілінісуі мен үйкелуі аз болатын материалдардан іргетастар астына төсемдер орнату және қойындар­ды көму, арнайы антифрикциялы жабындыларын қолдану, негіздің горизонталь деформацияларынан түсетін күштеулерді төмендетуге арналған уақытша өтеуші орлар қазу (мысалы, тау қазбалары бар аудандарда);

құрастырмалы-тұтас құйылған және құрастыр­малы құрылымдар түйістерін тұтас құю уақытын реттеу;

имараттың жеке бөліктерін тұрғызылуының негізделген жылдамдығы мен реті.