Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002

ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРI

Қадалы iргетастар свайные фундаменты Енгізілген күні - _____ 200_ ж.

Осы нормалар жаңадан салынатын және қайта қалпына келтірілетін ғимараттар мен имараттардың қадалы іргетастарын жобалауға қолданылады.

Осы нормалар динамикалық жүктемелермен жұмыс істейтін машиналардың, теңіздегі мұнай кәсіп­шілігінің тіреулерінің және континентальді шельфте 35 м-ден үлкен тереңдікте тұрғызылатын басқа да имараттардың қадалы іргетастарын жобалауға қолданылмайды.

Қауіпті геологиялық процесстердің (карст, жыл­жы­ма және басқа да) даму мүмкіндігі бар аудандарда салынатын ғимараттар мен имараттардың қадалы іргетастарын, жобалаушылардың ұсынуымен, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Уәкілетті органы бекіткен немесе олармен келісілген нормативтік құжаттардағы қосымша талаптарға сәйкес жобалау керек.

1. Жалпы ережелер

1.1. Iргетастың құрылымын (табиғи және жасан­ды негіздердегі қадалардың), сонымен қатар қада­лардың түрлерін және қадалы іргетастардың типтерін (мысалы, қадалар шоғыры, таспасы, алаңы) таңдау кезінде құрылыс алаңшасының инженерлік ізденістер материалдарында көрсетілген нақты жағдайын, топырақтың беріктік, деформациялық сипаттамаларын және іргетас материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін неғұрлым то­лық пайдалануды қамтамасыз етуге және негізгі құрылыс материалдарын үнемдеп жұмсауға бағыт­талған талаптарды сақтай отырып,мүмкін бола­тын жобалық шешімдерді техникалық-экономикалық са­лыстыру негізінде таңдап алынған іргетасқа әсер ететін есептік жүктемені ескеру керек.

1.2. Қадалы іргетастарды құрылыс алаңшасын­дағы инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геология­лық, инженерлік-гидрометеорологиялық ізденістердің нәтижелері негізінде, сонымен қатар жобаланатын ғимараттар мен имараттардың қызметін, құры­лым­дық және технологиялық ерекшеліктерін, олардың пайдаланылу жағдайын, іргетасқа әсер ететін жүкте­мелерді және жергілікті жердің құрылыс жағдайын ескере отырып жобалау керек.

Қадалы іргетастарды жеткілікті түрдегі инже­нер­лік-геологиялық негіздемесіз жобалауға рұқсат етіл­мейді.

1

Ресми басылым

.3. Инженерлік ізденістер нәтижелерінде, ірге­тас пен қадалы іргетастың типін таңдауға керекті, қадалардың түрлерін және құрылыс алаңшасын­да­ғы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағ­дай­лардың өзгеру мүмкіндігін (құрылыс және пайда­лану кезінде) алдын-ала болжау арқылы олардың габариттерін (қадалардың ұзындығының және көлде­нең қимасының өлшемдерін, қадалардағы есептік жүктемені) анықтауға арналған, сонымен қатар игерілетін инженерлік шаралардың түрлері және көлемі жөніндегі мәліметтер болуы тиіс.

Iзденістер материалдарында топырақты зертха­нада және даладағы зеттеулердің мәліметтері, ал кейбір жағдайда қадалы іргетастарды жобалау­шы мекеменің белгілеуі бойынша, қадаларда статикалық және динамикалық жүктемелермен жүргізілген сы­нақтардың нәтижелері келтірілуі тиіс.

Сонымен қатар топырақтар қабаты, олардың екі топтағы шекті күйлерді есептеуге пайдаланылатын физикалық-механикалық сипаттамаларының есептік мәндері, жерасты суларының болжамдағы және тұрақталған деңгейі, ал зондтау нәтижелері белгілі болған жағдайда,—зондтау кестесі көрсетілген геоло­гиялық қималар берілуі тиіс.

Ескерту: Құрылыс кезінде ҚНжЕ 3.02-01-2001 талап­тарына сәйкес қадаларға жүргізілген сынақтар, қадалы іргетастардың сапасын және жобаға сәйкестігін анықтауға арналған бақылау сынақтары болып есептелінеді.

1.4. Ғимараттар мен имараттарда және олардың іргетастарында жаңа немесе аз зерттелген құры­лымдар қолданылған жағдайда, жауапты ғимараттар мен имараттарды күрделі инженерлік-геологиялық жағдайда тұрғызғанда, сонымен қатар жобалауға берілген тапсырыста деформацияны өлшеу жөнінде арнайы шарттар болса, онда қадалы іргетастардың жобасында негіздің және іргетас­тардың деформа­ция­сына нақты түрде өлшеулер жүргізу қарас­ты­рылуы тиіс.

1.5. Жемірлі ортада пайдалануға арналған қа­далы іргетастарды ҚНжЕ 2.03.11-85 шарттарына сәйкес, ал қадалы іргетастардың ағаш құрылым­дарын сонымен қатар, шіруден, бүлінуден және ағаш құртымен зақымданудан сақтау жөніндегі талап-тарды ескере отырып жобалау керек.