Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

12. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiндегi бағандардың қадалы iргетастарын жобалаудың ерекшелiктерi

12.1. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiндегi баған­дардың (ЭБЖ) және қосалқы станцияның ашық бөлiп таратушы қондырғысының қадалы iргетастарын, олардың батырылу мүмкiндiгi және экономикалық мақсатқа сәйкестiлiгi қамтамасыз етiлген топырақтың барлық түрлерiнде қолдануға рұқсат етiледi.

12.2. Әуелiк электр берiлiсi желiлеріндегі баған­дардың қадалы iргетастарында түйреуiш тәрiз­дi, пирамидальды және ромбы тәрiздi қадалар­ды қол­дануға жол берiлмейдi.

12.3. Жұлушы немесе горизонталь жүктемелердi қабылдайтын қадалардың топыраққа батырылу тереңдiгi 4 м-ден, ал ағаш бағандардың iргетастары үшiн 3м-н кем болмауы тиiс.

12.4. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiндегi ағаш бағандардың iргетастарына арналған ағаш қада­ларды, жер асты суларының болуына және олардың деңгейiнiң жағдайына байланыссыз қолдануға рұқсат етiледi. Бұл жағдайда ауыспалы ылғалдылықтағы аймақта, ағаштарды шiруден қорғаудың күшейтiлген түрiн қарастыру керек.

12.5. Сығушы күштерге жұмыс iстейтiн аспалы қағылмалы және құйма қадалардың көтергiштiк қабілетін 12.7 және 12.8 тармақтарында келтiрiлген нұсқауларды ескере отырып (8) және (11) форму­лалар бойынша анықтау керек; бұл жағдайда (8) және (11) формулаларындағы жұмыс жағдайының коэффиицентiн:

қалыпты аралықтағы бағандар үшiн 1,2 тең;

қалған жағдайларда 1,0 тең етiп қабылдау керек.

12.6. Жұлуға жұмыс iстейтiн қағылмалы және құйма қадалардың көтергiштiк қабiлетiн 12.7—12.9 тармақтарындағы келтiрiлген қосымша нұсқауларды ескере отырып (10) және (14) формулалар бойынша анықтау керек; бұл жағдайда (10) және (14) фор­мулалардағы бағандарға арналған жұмыс жағдайы­ның коэффициентiн

қалыпты және аралықтағы бағандар үшiн 1,2 тең;

анкерлiк және бұрыштық 1,0-тең;

үлкен өтпелерде:

егер қаданы және ростверктi ұстап тұратын сал­мақ күшi есептiк жұлушы жүктемеге тең болса 1,0 тең; егер ұстап тұратын күш есептiк жұлушы жүк­теменiң 65 % және одан да аз бөлiгiн құрағанда 0,6 тең; қалған жағдайларда иентерполяция бойынша қабылдау керек.

12.7. Әуелiк электр берiлiсi желiлерiнiң баған­дарының iргетастарындағы қағылмалы қадалардың ұшынан төмен жатқан топырақтың есептiк кедер­гiлерi R және қағылмалы қвдалардың бүйiр жақ бет­терiндегi есептiк кедергiлерi fi, 1 және 2-кесте бойын­ша қабылданады, қалыпты бағандардың iргетас­тарындағы аққыштық көрсеткiшi IL ³ 0,3 тең шаңды-балшықты топырақтарға арналған fi есептiк мәндерiн 25 % ке көтеру керек.

12.8. 12.7 тармағының талаптарына сәйкес есеп­телiнген қағылмалы қаданың бүйiр жақ бетiндегi топырақтың есептiк кедергiсi fi, 19-кестеде келтiрiл­ген жұмыс жағдайының қосымша коэффициент­терiне көбейтiлуi тиiс.

19-кесте

Iргетастың түрлерi, топырақтың сипаттамасы және жүктемелерi

қаданың ұзындығындағы жұмыс жағдайының gс қосымша коэффициентерi

l ³ 25d

l < 25 d және қатынастары

£ 0,1

= 0,4

= 0,6

1. Қалыпты аралықтағы бағанның астындағы іргетас

а) жеке қаданы жұлушы жүктемелерге есептеу кезінде:

құмды топырақтарда және құмайттарда

0,9

0,9

0,8

0,55

IL 0,6 балшықтар мен саздақтарда

1,15

1,15

1,05

0,7

IL > 0,6 балшықтар мен саздақтарда

1,5

1,5

1,35

0,9

б) жеке қаданы сығушы жүктемеге және шоғыр құрамындағы қаданы жұлушы жүктемеге есептеу кезінде:

құмды топырақтарда және құмайттарда

0,9

0,9

0,9

0,9

IL 0,6 балшықтар мен саздақтарда

1,15

1,15

1,15

1,15

IL > 0,6 балшықтар мен саздақтарда

1,5

1,5

1,5

1,5

2. Үлкен өтпелердiң бағандарының, анкерлiк, бұрыштық соңғы бағандардың астындағы iргетас

а) Жеке қаданы жұлушы жүктемелерге есептеу кезiнде:

құмды топырақтарда және құмайттарда

0,8

0,8

0,7

0,6

балшықтар мен саздақтарда

1,0

1,0

0,9

0,6

б) шоғыр құрамындағы қаданы жұлушы жүктемеге есептеу кезiнде:

құмды топырақтарда және құмайттарда

0,8

0,8

0,8

0,8

балшықтар мен саздақтарда

1,0

1,0

1,0

1,0

в) барлық топырақтардағы сығушы жүктемелерге есептеу кезiнде

1,0

1,0

1,0

1,0

19- кестеде қабылданған белгiлер:

dдөңгелек қаданың диаметрi, шаршы түрiндегi қаданың бiр жағы, қимасы тiк бұрышты қаданың үлкен жағы;

Н есептiк жүктеменiң горизонталь құраушысы;

N есептiк жүктеменiң вертикаль құраушысы .

Ескерту: Жеке қадаларды бiр жағына көлбеу батыру кезiнде, жүктеменiң горизонталь құраушысының вертикаль­ға көлбеулік бұрышы 10°-тан үлкен болғанда, жұмыс жағ­дайының қосымша коэффициентiн шоғырдың құрамында жұмыс iстейтiн (1 б және 2 б ұстанымы бойынша) вертикаль қадалардағыдай етiп қабылдау керек.

12.9. 4 немесе одан да аз қадалардан тұратын қада шоғырындағы жұлушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қаданы есептеу кезінде, қаданың есептік көтергіштік қабiлетiн 20%-ке төмендету керек.

12.10. Жұлушы жүктемелердi қабылдайтын қадалар үшiн, олардың басты ұңғымаға батырылуын қарастыруға рұқсат етiледi, бұл жағдайда қаданың көлденең өлшемдерi мен басты ұңғыманың диаметрi арасындағы айырма 0,15 м-н кем болмауы тиiс.