Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

7. Қадалы iргетастарды құрылымдау

7.1. Қадалы іргетастарды жоспардағы қада­лар­дың орналасуына байланысты төменде берілген­дегідей етіп жобалау керек:

а) жеке қадаларды — жеке тұрған тіректердің астына;

б) қадалар таспасын — іргетасқа ұзындығының бойына таратылған жүктемелер берілген кезде, ғима­раттар мен имараттардың қабырғаларының астына қадаларды бір, екі және одан да көп қатар етіп орналастырады;

в) қадалар шоғырын — ұстынның астына қада­ларды, жоспардағы бөлікте шаршы, төртбұрыш, тра­пеция және басқа да нысандар түрінде орналас­тырады;

г) тұтас қадалар алаңын — қадалары имарат­тың бүкіл астында біркелкі орналасқан және табаны топыраққа тірелетін тұтас ростверкпен біріктірілген, ауыр имараттардың астына.

7.2. Қадалы іргетастардың жобасын жасау кезін­де келесі мәліметтерді: жобаланатын ғима­рат­тар мен имараттардың құрылымдық сұлбасын; көтеруші құрылымдардың өлшемдері мен олардың жобаланатын материалын; жерге тереңдетілген бөлмелер болған жағдайда, олардың ғимараттардың немесе имараттардың құрылыс осьтеріне және олардың іргетастарына жақындау габариттерін; едендердің құрылымдарын және оларға түсетін технологиялық жүктемелерді; құрылыс құрылым­да­ры­нан іргетасқа түсетін жүктемелерді; техноло­гия­лық жабдықтарды орналастыруды, олардан құрылыс құрылымдарына берілетін жүктемелерді, және де құрылыс құрылымдары мен жабдықтардың астын­дағы іргетастардың шекті шөгуін және қисаюын реттейтін талаптарды ескеру керек.

7.3. Iргетастағы қадалардың санын, қадаларға рұқсат етілетін есептік жүктемеде олардың материа­лының беріктік қасиеттерін толық пайдалану жағда­йын, сонымен қатар 3.10 тармақтың талаптарына сәйкес іргетастағы шеткі қадаларға рұқсат етілетін артық жүктемені ескере отырып тағайындау керек.

Қадалардың құрылымы мен өлшемдері — іргетасқа әсер ететін жүктемелердің (соның ішінде технологиялық жүктемелердің де) бағыттары және мәндерін, сонымен қатар ғимараттар мен имарат­тардың құрылыс технологиясын ескере оты­рып таңдалынуы тиіс.

7.4. Ростверктің қадалармен түйіндесуін бос немесе қатты тірелген етіп қарастыруға рұқсат еті­леді.

Ростверктің қадаларға бос тірелуі, есеп­теу­лер­де шартты түрдегі топсалы түйіндесу ретінде еске­рілуі керек және тұтас құймалы ростверктерде қада­лардың бастары ростверктің ішіне 5—10 см бекіту арқылы орындалуы тиіс.

Ростверктің қадалармен қатты түйіндесуін тө­мендегі жағдайларда қарастыру керек:

а) қада оқпандары әлсіз топырақтарда (бор­пылдақ құмдарда, аққыш консистенциялы шаңды-балшықты топырақтарда, ұйықтарда, шымтезек­тер­де және т. б.) орналасса;

б) түйіндескен жердегі қадаға берілетін сығу­шы жүктеме, оған қима ядросының сыртына шығып кететін эксцентриситетпен түсірілген болса;

д) қадалар жұлушы жүктемелерге жұмыс істегенде.

7.5. Темірбетон қадалардың тұтасқұймалы темірбетон ростверкпен қатты түйіндестіргенде, қадалардың бастарын ростверктің ішіне арматураны анкерлеу ұзындығына сәйкес келетін тереңдікке бекітеді немесе ростверктің ішіне қаданың басында шығып тұрған арматураларды ҚНжЕ 2.03.01-84* талаптарына сәйкес олардың анкерлеу ұзындығына бекіту керек. Соңғы жағдайда алдын ала кернелген қадалардың басында, одан ары анкерлі арматура ретінде қолданылатын кернелмейтін арматуралық қаңқа қарастырылуы тиіс.

Талап етілетін беріктік қамтамасыз етілген жағдайда, қатты тірелуді болаттан жасалынған сал­малы элементтерді дәнекерлеп жүзеге асыруға рұқ­сат етіледі.

в) бос тірелген қадаға түсірілген көлденең бағыт­талған жүктемелердің әсерінен қаданың ығы­суы­ның мәні (ұсынылған 1-қосымшаның талап­тарына сәйкес есептеулермен анықталған), жобала­натын ғимараттар немесе имараттар үшін неғұрлым шекті болып табылса;

г) іргетаста көлбеу немесе құрамалы тік қадалар болғанда ;

Ескерту:

1. Жұлушы күштерге (7.4, д тармағын қара) жұмыс істейтін қадаларды ростверкке анкерлегенде, қадалардың арматураларын ростверкке, жұлуға есептеулер арқылы анықталған тереңдікке бекіту қарастырылуы тиіс.

2. Тұрған іргетастардың негізін бұрғы инъек­циялы қадалармен нығайту кезінде, қаданың іргетасқа бітелу ұзындығы ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес есептеулер бойынша қабылдануы керек немесе есептеусіз қаданың бес диаметріне тең етіп тағайындалады, ал бұл шарттардың орындалуы мүмкін болмаған жағдайда қада оқпанының ростверкпен жанасқан жерінде кеңейту жасауды қарастыру керек.

7.6. Қаданың құрама ростверкпен қатты бірік­тірілуі қоңырау тәріздес баулық арқылы қамтамасыз етілуі керек. Құрама ростверктерде қаданы, рост­верк­те арнайы қарастырылған тесікке құйып бекітуге рұқсат етіледі.

Ескерту: Болмашы жаншушы жүктемелерде [до 400 кН (40 тc)] ростверкті, қадалардың бастарының цемент ерітіндісімен тегістелген беттеріне бос тіреп қоюға рұқсат етіледі.

7.7. Шоғырдағы, орталықтан тыс жүктелген іргетастың қадаларын, іргетасқа әсер ететін тұрақты жүктемелердің тең әсерлі күші, қадалар жоспарын­дағы ауырлық центріне неғұрлым жақын өтетіндей етіп орналастыру керек.

7.8. Вертикаль жүктемелерді және момент­терді, сонымен қатар горизонталь жүктемелерді (олардың мәндеріне және бағыттарына байланысты) қабылдауға вертикаль, көлбеу және төрт тағанды қадаларды қолдануды қарастыруға рұқсат етіледі.

Қадалардың көлбеулігі 16-кестеде көрсетілген мәндерден аспауы керек.

16-кесте

Диаметрі 1,0 м-ден аз қағылмалы қадалардың көлбеулігі

Бұрғылы қадалардың және диаметрі төменде берілген қабыршақ қадалардың көлбеулігі

1,0-1,2 м

1,6 м

2,0 м

3,0 м

1:1

4:1

5:1

6:1

7:1

7.9. Кеңейтілмеген аспалы қағылмалы қада­лардың ұш жақтарында жатқан жазықтықтағы ось­тері­нің ара қашықтығы 3d-ден (мұндағы dқада оқпанының көлденең қимасы дөңгелек болғанда оның диаметрі, шаршы түрінде болғанда оның бір жағы, тік бұрышты болғанда оның үлкен жағы), ал тіреуіш қадалар үшін 1,5 d-ден аз болмауы тиіс.

Бұрғылы, құйма және қабыршақ қадалардың оқпандарының, сонымен қатар діңгек қадалардың ұңғымаларының ара қашықтықтары 1,0 м-ден, олар­ды қатты немесе жартылай қатты шаңды-балшықты топырақтарда орнатқанда кеңейтілген жерлерінің ара қашықтығы 0,5 м-ден, ал оларды басқа да тассыз топырақтарда орнатқанда кеңей­тілген жер­лерінің ара қашықтығы 1,0 м-ден кем болмауы тиіс. Ростверктің табанының деңгейіндегі көлбеу қадалар­дың немесе көлбеу және вертикаль қадалардың ара қашықтығын, іргетастың құры­лымдық ерекшеліктерін және олардың топыраққа сенімді түрде тереңдеті­луін, сонымен қатар ростверкті арматурлауды және бетондауды қамта­масыз ететін жағдайларды ескере отырып қабылдау керек.

7.10. Қадалардың ұзындықтарын таңдауды құрылыс алаңшасының топырақ жағдайына және ростверктің табанының орналасу деңгейіне бай­ла­нысты, сонымен қатар қолда бар жабдықтардың қадалы іргетастарды орнатуға мүмкіншілігін ескере отырып жүргізілуіу тиіс. Қаданың ұш жағы неғұрлым әлсіз топырақ қабаттарын тесіп өтіп, берік топырақ­тарға тереңдетілуі керек, бұл жерде қағылмалы қадалардың ұштары негіз ретінде қабылданған ірі сынықты, малтатасты, ірі және орташа іріліктегі құмды, аққыштық көрсеткіші IL0,1 шаңды-балшықты топырақтарға 0,5 м-ден кем емес, ал басқа да тассыз топырақтарға 1,0 м-ден кем емес тереңдікке бекітілуі керек.

Ескерту: III дәрежелі1 ғимараттардың және има­рат­тардың іргетастарындағы қадалардың ұштарын құмды және құрамында органикалық зат­тар­дың салыстырмалы мөлшері Iom0,25 шаңды-балшықты топырақтарға тіреуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда қадалардың көтергіштік қабылеті, оларды статикалық жүктемемен сынаудың нәтижелері бойынша анықталуы тиіс. Егер көмілген шым­тезек қабаты болған жағдайда, қаданың ұшы, осы қабаттың табанынан төмен 2 м-ден кем емес тереңдікке бекітілуі тиіс.

7.11. Қада ростверкінің салыну тереңдігін ғима­раттардың немесе имараттардың жер асты бөлігінің құрылымдық шешімдеріне (техникалық жер­асты қабаттың, жертөленің болуы) және аумақты жайғастырудың (қырып немесе үстемелеп толтырып) жобасына, сонымен қатар есептеулермен анық­талатын ростверктің биіктігіне байланысты тағайын­дау керек. Жергілікті жердің ауа райының жағдайына және іргетастардың құрылымдарының ерекшелік­теріне байланысты, ағаш ағызудың және кеме жүруінің талаптарының орындалуына байланысты, қадаларды су түбіндегі көшпелі шөгінділердің ұн­тақтаушы әсерінен, ортаның белгісі ауыспалы темпе­­ратурасының, сең жүруінің және басқа да факторлардың қолайсыз әсерлерінен тиімді қорғау­дың жүзеге асырылатын шараларының сенім­ділігіне байланысты іргетастардың есептік көтергіштік қабы­леті және ұзақ уақыттық беріктігі қамтамасыз етілген жағдайда, көпірлердің іргетастары үшін ростверктің табанын акватория бетінен, оның түбі­нен немесе топы­рақтың бетінен жоғары немесе тө­мен орналас­тыру керек.

Iсінетін топырақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, топырақтың аяздағы ісіну күштерінің қаданың ростверкіне әсерін азайтудың немесе болдырмаудың шараларын қарастыру керек.

7.12. Неғұрлым суық бескүндіктегі ауаның ор­та­ша температурасы минус 40С-тан төмен аудан­дардағы көпірлердің іргетастары үшін, таңбасы ауыс­палы температуралар әсер ететін аймақта, қалың­дығы 5 см-ден кем емес (жұмыс арматурасының бе­тіне дейін) қорғаушы бетон қабаты бар тұтас қималы қадаларды және діңгек қадаларды қолдану керек. Егер қалыңдығы 3 см-ден кем емес қорғаушы бетон қабаты бар қуысты және қабыршақ қадаларда сызаттардың пайда болуын болдырмаудың шара­лары жүзеге асырылған жағдайда, оларды ауаның температурасы минус 40С-тан жоғары аудан­дардағы акваториядан сырт жақта қолдануға рұқсат етіледі. Тұрақты ағын судың тұрақсыз деңгейінің аймағында бұрғы толтырылмалы қадаларды және бетонмен толтырылған қабыршақ қадаларды қолда­нуға болмайды.

Көпірлердің іргетастарындағы бұрғы толты­рыл­малы қадалардың қорғаушы бетон қабатының қалыңдығы 10 см-ден кем болмауы тиіс.

_____________­­­­­­_____

1Мұнда және бұдан ары ғимараттардың және има­рат­тардың жауапкершілік дәрежесі ҚР сәулет, қала құры­лысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті органы бекіткен «Құрылымдарды жобалау кезінде ғимараттардың және имараттардың жауапкершілік дәрежесін есепке алу ережелеріне» сәйкес қабылданады.

Оң таңбалы температура әсер ететін аймақта (топырақтың науқандық қату деңгейінен немесе мұз қабатының табанынан 0,5 м-ге төмен), бетонның аязға төзімділігіне шек қойылмайтын қадалардың кез-келген түрін қолдануға болады.

7.13. Қадалы іргетастардың жобасын жасау барысында, қадаларды қағу кезінде төмендегі жағ­дайларда кездесетін топырақ бетінің көтерілу мүм­кіндігін есепке алу керек, егер:

а) құрылыс алаңшасы жұмсақ илемді және аққыш илемді консистенциялы шаңды-балшықты топырақтардан немесе сумен қаныққан шаңды және майда құмдардан құралса;

б) қаданы батыруды қазаншұңқырдың түбінен бастап жүргізгенде;

в) қадалы іргетастардың құрылымы шеткі қадалардың ара қашықтығы 9 м-ден аз, қада алаңы немесе қада шоғыры түрінде қабылданса.

Топырақ бетінің көтерілуінің орташа мәнін h, м, келесі формула бойынша анықтау керек:

(30)

мұндағы k топырақтың 0,9-1,0-ге тең ылғал­дылық дәрежесіне байланысты 0,5-0,7-ге тең етіп қабылданатын коэффициент;

VР топыраққа батырылған барлық қадалар­дың көлемі, м3;

Ae қадалардың қағылған ауданы немесе қазаншұңқырдың түбінің ауданы, м2.