Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

11. Сейсмикалық аудандардағы қадалы iргетастарды жобалаудың ерекшелiктерi

11.1. Сейсмикалық аудандарда қадалы iргетас­тарды жобалау кезiнде осы нормалардың талап­тарынан басқа ҚНжЕ II-7-81* талаптары да сақталуы керек; бұл жағдайда қадалы iргетастарды жобалау үшiн, инженерлiк iзденiстердiң материалдарына қо­сымша ретiнде құрылыс алаңшасының сейсмикалық микроаудандастыру деректерi пайдалануы тиiс.

11.2. Ғимараттар мен имараттардың қадалы iргетастары сейсмикалық әсерлердi ескере отырып, I топтағы шектi күйлерi бойынша жүктеменiң ерекше тiркесiне есептелуi тиiс. Бұл жағдайда:

а) 4-тараудың талаптарына сәйкес, қаданың сы­ғушы және жұлушы жүктемелерге көтергiштiк қабi­летiн анықтауды;

б) ұсынылған 1-қосымшаның талаптарына сәй­кес қаданың топыраққа бүйiр беттерiнен берiлетiн қысымына шек қою шарты бойынша, топырақтың орнықтылығын тексерудi;

в) мәндерi сейсмикалық жүктеменiң есептiк мән­дерiне байланысты 1-қосымшаның нұсқаулары бо­йынша анықталатын есептiк күштердiң (бойлық күш­тің июшi моменттiң және көлденең күштiң) бiрлескен әрекетiне қадаларды материалдарының берiктiгi бо­йы­нша есептеудi қарастыру қажет.

“а” — “в” тармақшаларында көрсетiлген есеп­теулерде, сонымен қатар 11.3 — 11.8. тармақтарында келтiрiлген талаптар орындалуы тиiс.

Ескертеу:

Ғимараттарға немесе имараттарға әсер ететiн сейс­микалық жүктемелердiң есептiк мәндерiн анықтау кезiнде, қаданың биiк роствергiн қаңқалы төменгi қабат ретiнде қарастыру керек.

11.3. Қаданың сығушы немесе жұлушы жүкте­мелерге көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезнде, R және fi мәндерiн 18-кестеде келтiрiлген топырақ негiздерi­нiң жұмыс жағдайының төмендету коэффициент­терiне geq1 және geq2 көбейту керек.

R мәндерiн ³3 кезiнде geq3 = 1 және < 3, кезiн­де g eq3 = 0,9 жұмыс жағдайының коэффициен­тiне geq3 көбейту керек, мұндағы ұсынылған 1-қо­сымшаның нұсқаулары бойынша анықталатын қада­ның келтiрiлген ұзындығы.

Бұдан басқа қаданың бүiр жақ бетiндегi топы­рақтың есептiк тереңдiкке дейiнгi hd (11.4 тармақты қра) кедергiсiн 0-ге тең етiп қабылдау керек.

11.4. Қаданың бүйiр жағындағы топырақтың кедергiсi ескерiлмейтiн жерге дейiнгi есептiк терең­дiгi hd 40-формула бойынша анықталады, бiрақ 3/ae -н үлкен емес етiп қабылданады:

(40)

мұндағы а1, a2, a3 өлшемсiз коэффициенттер, биiк ростверкте және жеке тұрған қадалар үшiн 1,5; 0,8 және 0,6 ал қадалардың төменгi ростверкте қатты бекiту кезiнде 1,2; 1,2 және 0 -ге тең.

H, M ‑ сейсмикалық әсерлерi ескерiлген жүкте­мелердiң ерекше тiркесi кезiнде, қадаға топырақ бетiнiң деңгейiнде түсiрiлген горизонталь күштiң және июшi моменттiң есептiк мәндерi кН (тс);

a ‑ ұсынылған 1-қосымша бойынша анықта­латын деформация коэффициентi, 1/м;

bp ‑ ұсынылған 1-қосымша бойынша анықта­латын қаданың шартты енi, м;

gI ‑ судың қалыңдық әсерiн есепке ала отырып, сумен қаныққан топырақтарда анықталатын топы­рақ­­тардың меншiктi салмағының есептiк мәнi кН/м3 (тс/м3);

jI, cI ‑ 3,5 және 11,5 тармақтарының нұсқау­ларына сәйкес қабылданатын топырақтың iшкi үй­келiс бұрышының және топырақтың меншiктi ұстау­суының есептiк мәндерi кН/м2 (тс/м2).

11.5. Сейсмикалық жүктемелердiң әсер ету кезiндегi есептiк тереңдiктi анықтауды, iшкi үйкелiс бұрышының есептiк мәндерiн есептiк сейсмикасы 7 балл үшiн - 2°-қа, ал 8 баллда — 4°-қа, 9 баллда — 7°-қа азайтып қабылдай отырып жүргiзу керек.

11.6. Көпiрдiң қадалы iргетастарын есептеу кезiндегi сейсмикалық әсерлердiң қаданың бекiту жағдайына ықпалын, сумен қаныққа шаңды құмдар­да, аққыштық көрсеткiшi IL>0,5 шаңды балшықты топырақтарда, ұсынылған 1-қосымшада келтiрiлген К пропорционалды коэффициенттерiнiң мәндерiн 30% төмендету жолымен ескеру керек. Горизонталь жүк­темелердiң әрекетi кезiндегi қадалардың көтергiштiк қабiлетiн есептеуде, сейсмикалық жүктемелердiң әсерiнiң қысқа мерзiмдi сипатын ұсынылған 1-қо­сымшаның 24-формуласындағвы h2 коэффициентiн өсiру жолымен ескеру керек. Бiр қатарлы iргетас­тарды қатарға перпендикуляр жазықтықта әсер ете­тiн жүктемелерге есептеу кезiнде h2 коэффициентiнiң мәндерi 10%-ке, ал қалған жағдайларда 30 %-ке көбейтiледi.

18-кесте

Ғимарат­тардың және имарат­тардың есептiк сейсмика­лылығы баллмен

Топырақтардағы R мәндерiн түзетуге арналған жұмыс жағдайының коэффициентi geq1

Топырақтардағы fi мәндерiн түзетуге арналған жұмыс жағдайының коэффициентi geq2

тығыз құмды

тығыздығы орташа құмды

шаңды-балшықты аққыштық көрсеткiшінде

тығыз және тығыздығы орташа құмды

шаңды балшықты аққыштық көрсеткiшiнде

ылғал және ылғалды­лығы аз

сумен қаныққан

ылғал және ылғалды­­лығы аз

сумен қаныққан

IL < 0

0 £IL£ 0,5

ылғал және ылғалды­лығы аз

сумен қаныққан

IL < 0

0 £IL£ 0,5

0,75£IL<1

7

8

9

-

Ескерту:

1. Сызықтың үстiнде көрсетiлген geq1 және geq2, мәндерi - қағылмалы қадаларға, ал сызықтың астындағы мәндер - бұрғылы қадаларға қатысты.

2. geq1 және geq2 коэффициенттерiнiң мәндерiн 0,85, 1,0 немесе қайталануы 1,2,3 аудандарда салынатын ғимараттар мен имараттар (транспорттық және гидротехникалық имараттардан басқа) үшiн 1,15 көбейту керек.

3. Тасты және iрi сынықты топырақтарға сүйенетiн қада тiреулердiң көтергiштiк қабiлетiн анықтау, geq1 және geq2 қосымша жұмыс жағдайы коэффициенттерiн енгiзбей жүргiзiледi.

11.7. Далалық сынақтың нәтижелерi бойынша вертикаль сығушы және жұлушы күштерге жұмыс iстейтiн қадалардың көтергiштiк қабiлетi Feq, кН (тс), сейсмикалық әсерлердi ескере отырып, 41-формула бойынша анықталуы тиiс:

Feq = keq Fd, (41)

мұндағы keq — 11.2-11.4 тармақтарының нұсқау­ларына сәйкес, сейсмикалық әсерлердi ескере оты­рып, есептелген қаданың көтергiштiк қабiлетiнiң мәндерiнiң және 4 тараудың талаптарына сәйкес сейсмикалық әсерлер ескерiлмей анықталған қада­ның көтергiштiк қабiлетiнiң мәндерiне қатынасы ретiнде есептеумен анықталатын, сейсмикалық әсер­лер кезiндегi қаданың көтергiштiк қабiлетiнiң төмен­деуiн ескеретiн коэффициент,

Fd статикалық және динамикалық сынақ­тардың нәтижелерi бойынша, немесе 5 тараудың нұсқауларына сәйкес топырақты статикалық зондтау деректерi бойынша (сейсмикалық әсерлердi есепке алмай) анықталған қаданың көтергiштiк қабылетi

11.8. Шөкпе және қожыма топырақтағы қаданы сейсмикалық әсерлер ескерiлген, жүктеменiң ерекше тiркестерiне есептеу, егер топырақты сулау мүмкiн болмағанда және аққыштық көрсеткiшi 31-формула бойынша анықталатын түгелдей сумен қаныққан то­пырақта табиғи ылғалдылықта жүргiзiлуi керек; егер топырақты сулау мүмкiн болғанда, шөкпелiгi бо­йын­ша II типтегi топырақтар жағдайында қаданың көтер­гiштiк қабiлетiн анықтау, топырақтың терiс үйкелiс күштерiнiң даму мүмкiндiгiн есепке алмай жүргiзiледi.

Ескерту: Қаданы сейсмикалық әсерлерге есептеу, оларға 8-10-шы тарауларға сәйкес есептеулердi орындау керектiгiн жоққа шығармайды.

11.9. Сейсмикалық аудандардағы қадалы iрге­тастар үшiн, көлденең арматураланбаған және түй­реуiш тәрiздес қадалардан басқа, қадалардың бар­лық түрлерiн қолдану керек.

Бұрғы толтырмалы қадаларды ұңғыма қабырға­ларын бекiтудi керек етпейтiн орнықты топырақтарда ғана қолдануға рұқсат етiледi, бұл жағдайда қаданың диаметрі 40 см-н аз болмауы керек, ал қаданың ұзын­дығының оның диаметрiне қатынасы 25-тен үлкен болмауы керек.

Ескерту: Қайта шығарылып алынатын құбырды қол­данып, толтырмалы және бұрғылы қадалармен сумен қа­ныққан топырақтарды кесiп өтуге рұқсат етiледi.

11.10. Сейсмикалық аудандардағы қадалы iрге­тастарды жобалау кезiнде, қаданың ұшын тасты, iрi сынықты тығыз және тығыздығы ортша құмды және аққыштық көрсеткiшi IL £ 0,5. құмды балшықты то­пырақтарға сүйеудi қарастыру керек.

Қаданың төменгi ұштарын сумен қаныққан бос құмдарға аққыштық өрсеткiшi IL>0,5 құмды-балшықты топырақтарға сүйеуге жол берiлмейдi.

11.11. Сейсмикалық аудандардағы қадалардың топырақтарға тереңдетілуі 4 метрден, ал қадалар­дың төменгi ұштарының негiзiнде тығыздығы орташа сумен қаныққан құмды топырақтар болғанда, 8 метрден кем болмауы тиiс.

Қадаларды сейсмикалық әсерлерге ұқсатылған даладағы сынақтардың нәтижесiнде алынған тистi негiздемелер болған жағдайда, қадалардың терең­детiлуiн азайтуға рұқсат етiледi. Бағалы жабдықтары жоқ бiр қабатты ауыл шаруашылығы ғимараттары үшiн, қадалар тасты топырақтарға сүйелген жағ­дайда, олардың топыраққа тереңдетiлуi, сейсми­калық емес аудандардағыдай етiп қабылданады.

11.12. Ғимараттың көтергiш қабырғаларының астындағы қадалы iргетастың ростверкi бөлiктiң iшiнде үзiлiссiз болып бiр деңгейде орналасуы тиiс.

Қадалардың жоғары жақтары ростверктiң iшiне сейсмикалық жүктемелер ескерiлген есептеулермен анықталатын тереңдiкке бекiтiлуi тиiс. Ғимараттар мен имараттарда ростверксiз қадалы iрге тастарды құруға рұқсат етiлмейдi.

11.13. Тиiстi техникалық экономикалық негiз­деулер болған кезде, қадалы iргетастарды сусымалы материалдардан (қиыршық тастардан, малта тастан, iрi және орташа iрiлктегі құмнан) құралған аралық жастықпен қолдануға рұқсат етiледi. Мұндай iргетас­тарды биогендi топырақтарда, II типтегi шөкпе то­пырақтарда өңделетiн аумақтарда, геологиялық тұ­рақсыз алаңшаларда (сол жерлерде бар немесе пайда болуы мүмкiн көшкiн, сел, карст т.с.с.) және тұрақталмаған топырақтардан құралған алаңша­лар­да қолдануға рұқсат етiлмейдi. Аралық жастықты қадалы iргетастар үшiн, сейсмикалық емес аудан­дардағыдай қадалардың түрлерiн қолдану керек.

11.14. Аралық жастықты қадалы iргетастардың құрамына кiретiн қадалар, горизонталь жүктемелерге есептелiнбейдi. Сейсмикалық әсерлерi ескерiлген сығу­шы жүктемелерге жұмыс iстейтiн мұндай қада­лардың көтергiштiк қабiлетiн 11.3 тармағының талап­тарына сәйкес анықтау керек; бұл жағдайда топы­рақтың кедергiсiн қаданың барлық бүйiр бетiнiң бо­йында ескеру қажет hd=0; ал сейсмикалық әсерлер кезiндегi қаданың төменгi ұшының жұмыс жағдайы­ның коэффициентi geq1 = 1,2.

11.15. Аралық жастықты қадалы iретастарды деформациясы бойынша есептеу кезiнде, iргетастың шөгуiн 6-тараудың талаптарына сәйкес анықталатын, шартты iргетастың шөгуiнiң және аралық жастықтың шөгуiнiң қосындысы ретiнде есептеу керек.