Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Бұрамалы қадалар

4.10. Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұ­мыс істейтін, қалақшаларының диаметрі d1,2 м және ұзындығы l<10 м бұрамалы қадалардың көтергіштік қабілетін Fd, кН (тc), (15) формула арқылы, ал қалақшаларының диаметрі d>1,2 м және қаданың ұзындығы l>10 м болғанда — тек қана бұра­малы қадаларды статикалық сынау мәліметтері бойынша анықтау керек.

Fd = c 1cI + 2Ih1)A + ufi (h - d), (15)

мұндағы c— қадаларға әсер ететін жүктеме­лердің түріне және топырақтың жағдайына байла­ныс­ты 8-кесте бойынша анықталатын, жұмыс жағ­дайының коэффициенті;

1, 2I жұмыс аймағындағы (қалақшаларға жанасып тұрған қалыңдығы d-ға тең топырақ қабаты) топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәніне байланысты 9-кесте бойынша алынатын өлшемсіз коэффициенттер;

c1 шаңды-балшықты топырақтың меншікті ұстасуының есептік мәні немесе жұмыс аймағындағы құмды топырақтың сызықтық параметрі, кПа (тс/м2);

1 қада қалақшаларынан жоғары орналасқан топырақтардың меншікті салмағының орташа есептік мәні (сумен қаныққан топырақтарда судың аспалы әсерін ескеру керек);

h1 қаданың қалақшасының табиғи рельеф­тен, ал аумақты қыру арқылы жайғастырғанда — жай­ғастыру деңгейінен есептелінетін жату тереңдігі, м;

A бұрамалы қаданың сығушы күштерге жұмыс істеген кезінде, сыртқы диаметрінен есепте­лінетін қалақшалар ауданының проекциясы, ал бұ­рамалы қаданың жұлушы күштерге жұмыс істеген кезінде оқпанның қимасының ауданы алынып тас­талған, қалақшалардың жұмыс ауданының проек­циясы, м2;

fi 2-кесте бойынша қабылданатын бұрамалы қада оқпанының бүйір жақ бетіндегі топырақтың есептік кедергісі, кПа (тс/м2), (қаданың батырылу тереңдігіндегі барлық топырақ қабаттарының орташа мәні) ;

u — қада оқпанының периметрі, м;

h — топыраққа батырылған қада оқпанының ұзындығы, м;

d — қада қалақшасының диаметрі, м.

Ескерту:

1. Басып енгізетін жүктемелер әсер ететін бұрамалы қаданың көтергіштік қабылетін анықтау кезінде 9-кестеде сипаттамалары берілген топырақ­тар, қалақшалардың ас­тында жататын топырақтарға, ал жұлушы жүктемелерге жұмыс істегенде — қалақшалардың үстінде жататын топы­рақтарға жатады.

2. Шаңды-балшықты топырақтарда қалақша­лардың жайғастыру деңгейінен салыну тереңдігі 5d-ден, ал құмды топырақтарда 6d-ден кем болмауы тиіс (мұндағы dқалақшаның диаметрі).

3. (15) формула бойынша есептеулер кезінде негіз­дегі топырақтардың ішкі үйкеліс бұрышының I және ұстасуының cI есептік мәндері 3.5 тармағының талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.

8-кесте

Топырақтар

Бұрамалы қадалардың келесі жүктемелердегі жұмыс жағдайының коэффициенті c

сығушы

жұлушы

таңбасы ауысатын

1. Балшықтар мен саздақтар:

а) қатты, жартылай қат­ты және тығыз-илемді

0,8

0,7

0,7

б) жұмсақ илемді

0,8

0,7

0,6

в) аққыш илемді

0,7

0,6

0,4

2. Құмдар мен құмайттар:

а) аз ылғалды құмдар мен қатты құмайттар

0,8

0,7

0,5

б) ылғалды құмдар мен илемді құмайттар

0,7

0,6

0,4

в) сумен қаныққан құмдар мен аққыш құмайттар

0,6

0,5

0,3

9-кесте

Жұмыс аймағындағы топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәні , град

Коэффициенттер

1

2

13

7,8

2,8

15

8,4

3,3

16

9,4

3,8

18

10,1

4,5

20

12,1

5,5

22

15,0

7,0

24

18,0

9,2

26

23,1

12,3

28

29,5

16,5

30

38,0

22,5

32

48,4

31,0

34

64,9

44,4

Қаданың бүйiр жақ бетiндегi терiс (негативтік) үйкелiс күштерiн есепке алу

4.11. Қаданың бүйір жақ беттерінде, оның ай­наласындағы топырақтардың отыруынан пайда бо­ла­тын және төмен қарай бағытталған теріс (нега­тивтік) үйкеліс күштерін, келесі жағдайларда ескеру керек:

аумақты, қалыңдығын 1,0 м-ден көбірек етіп толтырып жайғастырғанда;

қойманың едені 20 кН/м2 (2 тс/м2) үлкен пай­далы жүктемемен жүктелгенде;

іргетастың айна­ла­сын­­дағы еден, жабдықтар­дан келетін 100 кН/м2 (10 тс/м2) үлкен пайдалы жүктемемен жүктелгенде;

жерасты суларының деңгейін төмендету кезін­де судың аспалы әсерін түсіру арқылы топырақтағы тиімді кернеуді арттырғанда;

қазіргі және техногендік түзілімдердегі топы­рақтардың аяқталмаған нығаюы жағдайында;

байланыспаған топырақтардың динамикалық әсерлердің арқасында нығыздалуы жағдайында;

суланған топырақтардың отыруы жағдайында.

Ескерту: Шөкпе топырақтарда пайда бола­тын теріс ү­йкеліс кү­штерін 3-бөлімнің талаптарына сәйкес есеп­ке алу керек.

4.12. Теріс ү­йкеліс кү­штері, қадалы ірге­тас­тарды тұрғызып, оны жүктегеннен кейінгі қаданың айналасындағы топырақтардың шөгуінің мәні, ірге­тастың шөгуінің шекті мәнінің жартысынан асатын тереңдікке дейін ескеріледі. Топырақтың есептік ке­дергісі fi 2-кесте бойынша «минус» белгісімен қабыл­данады, ал шымтезек, ұйық, сапропель үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең.

Егер қадалардың батырылған бөлігіндегі ұзын­дығының бойында қалыңдығы 30 см-ден үлкен шым­тезек қабаты жатса және аумақты толтырып немесе басқа да толтыруға балама жүктеулер арқылы жай­ғастыруға мүмкіншілік болса, онда шымтезектің ең төменгі қабатының табанынан жоғары орналасқан топырақтың есептік кедергісін fi:

а) егер 2 м-ден аз биіктікте толтырылғанда — толтырылған топырақ және шымтезек қабаты үшін — нольге, ал табиғи құралған үйілмеген минеральды топырақтар үшін — 2-кестедегі оң мәндерге тең етіп алу керек;

б) егер 2 м-ден 5 м-ге дейінгі биіктікте тол­тырылғанда — толтырған топырақты қосқандағы бар­лық топырақтар үшін, — 2-кестеде берілген 0,4 мәніне тең етіп, ңминусң белгісімен, ал шымтезек үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға (теріс ү­йкеліс к­үштері) тең етіп алу керек;

в) егер 5 м-ден үлкен биіктікте толтырылғанда — толтырған топырақты қосқандағы барлық топы­рақтар үшін, — 2-кестеде берілген мәндерге тең етіп ңминусң белгісімен, ал шымтезек үшін — минус 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

Қаданың төменгі жағында, қадалы іргетас­тар­ды тұрғызып оны жүктегеннен кейінгі қаданың айна­ла­сын­дағы топырақтардың шөгуі, қадалы іргетас­тар­дың шөгуінің шектік мәнінің жартысынан аз болғанда топырақтың есептік кедергісін fi 2-кесте бойынша, ал шымтезек, ұйық, сапропель үшін — 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

4.13. Егер ғимараттар мен имараттардың (қадалы іргетастарды қосқанда) жер бетіндегі бөлігін салуды бастау алдында аумақты толтырудан немесе жүктеуден топырақтың нығаюы аяқталған болса, немесе қаданың айналасындағы топырақтардың шө­гуінің мүмкін болатын мәндері, көрсетілген уақыттан кейінгі қалдық нығаюдың нәтижесінде, жобаланатын ғимараттар мен имараттардың шө­гуі­нің шекті мәнінің жартысынан аспаса, онда шымтезек қабатшасының бар немесе жоқ екеніне қарамастан қадалардың бүйір жақтарындағы топы­рақтың кедер­гісін оң етіп қабылдауға рұқсат етіледі. Шымтезек қабатшасы үшін fi мәнін 5 кПа (0,5 тс/м2)-ға тең етіп алу керек.

Егер қаданың батырылған бөлігінің ұзынды­ғының бойында жатқан шымтезектің деформация модулінің және нығаю коэффициентінің мәндері белгілі болса, және аумақты жүктеудің әсер етуінен болатын негіздің шөгуінің мәнін топырақтың әрбір қабатына анықтау мүмкін болса, онда топырақтың кедергі күштерін (теріс үйкеліс күштері) шымтезектің төменгі қабатының табанының деңгейінен емес, аумақты жүктеудің әсерінен болатын қосымша шөгудің мәні, жобаланатын ғимараттардың немесе имараттардың шөгуінің шекті мәнінің жартысын құрайтын, топырақтың жоғарғы қабатының деңгейі­нен бастап, теріс белгімен есепке алуға рұқсат етіледі.