Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

3. Есептеу жөнiндегi негізгі нұсқаулар

3.1. Қадалы іргетастарды және олардың негіз­дерін есептеу, келесі шекті күйлер бойынша орын­далуы тиіс:

а) бірінші топтағы:

қаданың және қаданың ростверкінің материал­дарының беріктігі бойынша (3.6 тармағын қара);

қаданың негізіндегі топырақтың көтергіштік қа­былеті бойынша (3.10 тармағын қара);

егер қадалы іргетастарға көлденең бағытталған едәуір жүктемелер (тіреуіш қабырғадан, керме құры­лымдарының іргетастарынан және де басқалардан) берілсе не болмаса олардың негізі құламалармен шектелген немесе топырақ тікқұлама қабаттардан құралған болса, онда негіздің көтергіштік қабылеті бойынша (3.13 тармағын қара);

б) екінші топтағы:

қадалардың және қадалы іргетастардың верти­каль жүктемелерден шөгуі бойынша (3.15 тармағын және 6-тарауды қара);

горизонталь жүктемелердің және моменттердің (ұсынылған 1-қосымшаны қара) әсерінен қадалардың негіздегі топырақтармен бірге (көлденең бағытта up, қаданың басының бұрылу бұрышы p) жылжуы бойынша;

қадалы іргетастардың темірбетон құрылым­дарының элементтерінде жарықтардың пайда болуы және ашылуы бойынша (3.6 тармағын қара).

3.2. Қадалы іргетастарды есептеу кезінде ескерілетін жүктемелер мен әсерлерді, жүктеме бойынша сенімділік коэффициентін, сонымен қатар жүктемелердің мүмкін болатын тіркестерін ҚНжЕ 2.01.07-85* талаптарына сай және ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқауларын есепке ала отырып қабылдау керек.

Жүктемелердің мәндерін ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті органы бекіткен «Құрылымдарды жобалау кезінде ғимараттар мен имараттардың жауапкершілік дәрежесін есепке алу ережесіне» сәйкес қабылданатын, белгілеу жөніндегі сенімділік коэффициентіне көбейту керек.

3.3. Қадаларды, қадалы іргетастарды және олар­дың негіздерін көтергіштік қабылеті бойынша есеп­теуді жүктемелердің негізгі және айрықша тіркес­терінде, ал деформация бойынша есептеуді жүк­темелердің негізгі тіркестерінде орындайды.

3.4. Көпірлердің және гидротехникалық ғимарат­тардың қадалы іргетастарын есептеу кезінде жүкте­мелерді, әсерлерді, олардың тіркестерін және жүкте­ме бойынша сенімділік коэффициентін ҚНжЕ 2.05.03-84* және ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес қабылдау керек.

3.5. Қадалардағы, қадалы іргетастардағы және олардың негізіндегі барлық есептеулерді топырақтар мен материалдардың сипаттамаларының есептік мәндерін пайдаланып шығару керек.

Қадаларда және қада ростверктерінде қолданы­ла­тын материалдар сипаттамасының есептік мән­дерін ҚНжЕ 2.03.01-84*, ҚНжЕ II-23-81*, ҚнжЕ II -25-80, ҚНжЕ 2.05.03-84* и ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сай қабылдау керек.

Топырақтар сипаттамасының есептік мәндері ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқаулары арқылы анықталады, ал қаданы қоршап тұрған топырақтың төселім коэффициентінің cZ есептік мәндері 1-қосымшада ұсынылған нұсқаулар бойынша қабылданады.

Қадалардың төменгі жағында R және бүйір жақтарында fi орналасқан топырақтың есептік кедер­гісін 4-тараудың нұсқаулары бойынша анықтау керек. 5-тараудың талаптарына сәйкес жүргізілген далада­ғы зерттеулердің нәтижелері бар болған жағдайда, қадалардың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабы­летін, — топырақты статикалық зондтау, топырақты эталон қадалармен сынау немесе қадаларды дина­микалық сынау барысында алынған мәліметтерді ескере отырып анықтау керек. Егер қадаларды сынау статикалық жүктемелермен жүргізілген болса, онда қадалардың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабылетін осы сынақтардың нәтижелері бойынша қабылдау керек.

3.6. Қадалар мен қада ростверктері материал­дарын беріктігі бойынша есептеулер ҚНжЕ 2.03.01-84*, ҚНжЕ II-23-81*, ҚНжЕII-25-80 талапта­рына сәй­кес, ал көпірлер мен гидротехникалық имараттарда — ҚНжЕ 2.05.03-84*, ҚНжЕ 2.06.08-87 және 3.5, 3.7, 3.8 тармақтарындағы, сонымен қатар 1-қосымшада берілген шарттарды ескере отырып жүргізілуі тиіс.

Қадалы іргетастардың темірбетон құрылымы­ның элементтерін жарықтардың пайда болуына және ашылуына есептеуді ҚНжЕ 2.03.01-84*, ал көпірлер үшін — ҚНжЕ2.05.03-84*, гидротехникалық имараттар үшін — ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес жүргізу керек.

3.7. Қадалардың барлық түрлерін материалы­ның беріктігі бойынша есептегенде, қаданы топы­рақта қатты қысып ұсталып, ростверктің табанынан қашықтықта орналасқан шыбық ретінде қарас­тыру қажет, ал келесі формуламен анықталады:

, (1)

мұндағы — биік ростверктің табанынан топырақтың жайғастыру деңгейіне дейінгі қада бөлігі­нің ұзындығы, м;

—1-қосымша бойынша анықталатын дефор­мация коэффициенті, 1/м.

Егер тассыз топырақ қабатын тесіп өтіп, тасты топыраққа бекітілген бұрғылы және қабыршақ қадалар үшін болған жағдайда, (мұндағыh ростверктің табаны топырақтан жоғары орналасқан биік ростверктерде, — қаданың немесе қабыршақ қаданың төменгі ұшынан топырақты жайғастыру деңгейіне дейін, ал ростверктің табаны қатты сығылмайтын тассыз топырақта не оған кіріп орналасқан төмен ростверктерде, — қаданың немесе қабыршақ қаданың төменгі ұшынан ростверктің табанына дейінгі есептелінетін батырылу тереңдігі, м) тең етіп қабылдау керек.

Деформация модулі Е=5000 кПа (50 кгс/см2) тең және одан аз қатты сығылатын топырақты тесіп өтетін бұрғы инъекциялы қаданың материалын беріктікке есептеу кезінде, қаданың бойлық иілуіндегі есептік ұзындығын ld қаданың диаметріне d бай­ланысты келесі шамаларға тең етіп қабылдау керек:

Е = 500-2000 кПа (5-20 кгс/см2) тең болғанда ld = 25 d;

Е = 2000-5000 кПа (20-50 кгс/см2) тең болғанда ld = 15 d.

Егер ld қатты сығылатын топырақтың қалың­дығынан , үлкен болса, онда есептік ұзындықтытең етіп қабылдау керек.

3.8. Құйма және бұрғылы қадаларды (діңгек және бұрғы түсірмелі қадалардан басқа) материа­лының беріктігі бойынша есептегенде бетонның есептік кедергісін ҚНжЕ 2.03.01-84* нұсқауларына сәйкес, жұмыс жағдайы коэффициентін = 0,85 және қада орнату жұмыстарын жүргізу әдісінің ықпалын ескеретін жұмыс жағдайы коэффициентін есепке ала отырып қабылдау керек:

а) құрылыс жұмыстары кезінде жерасты сулары­ның деңгейі қаданың өкшесінен төмен шаңды–балшықты топырақта қабырғаларын бекітпей ұңғыма бұрғылап және оны құрғақ түрде бетондауға мүмкіндік болса, онда = 1,0;

б) топырақта құрғақ түрде ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса, онда = 0,9;

в) топырақта су болған жағдайда ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса, онда = 0,8;

г) топырақта ұңғыма бұрғылауға, оның қабырға­ларын бекітуге және бетондауға балшықты ерітінді немесе судың артық қысымы пайдаланылса (шығарып алынатын құбырды қолданбай), онда =0,7.

Ескерту: Судың астында немесе балшықты ерітін­дінің астында бетондауды тек қана вертикаль жылжитын құбырлар (ВЖҚ) әдісімен немесе бетон сорғының көмегімен жүргізу керек.

3.9. Қадалардың барлық тү­рлерінің құрылым­дарын есептеулерді оларға ғимараттар мен имарат­тардан берілетін ж­үктеменің әсеріне, ал қағылмалы қадаларда, сонымен қатар оларды дайындау, жинау, тасымалдау және қадаланың басынан 0,3l (мұндағы l — қадаланың ұзындығы) қашықтықтағы бір ғана нүктеден коперге көтергенде өз салмағынан пайда болатын күштерге жүргізу керек.

Қадада өз салмағыныңың әсерінен пайда бо­латын күшті беріктігі бойынша есептеу кезінде 1,5-ке, ал жарықтардың пайда болуына және ашылуына есептеу кезінде 1,25-ке тең етіп қабылданатын дина­микалық коэффициентті есепке ала отырып анықтау керек.

Бұл жағдайда қаданың өз салмағының жү­ктемесі бойынша сенімділік коэффициенті бірге тең етіп қабылданады.

3.10. Iргетас құрамындағы немесе одан бөлек жеке қаданы негіз топырағының көтергіштік қабылеті бойынша есептеуді келесі жағдайға сүйене отырып жүргізу керек:

, (2)

мұндағы N 3.11 пункттің нұсқауларына сәйкес анықталып, қадаға берілетін (қадада есептік жүкте­мелерден пайда болып, іргетасқа неғұрлым қолайсыз тіркесте әсер ететін) есептік жүктеме;

Fd жеке қаданың негізіндегі топырақтың есептік көтергіштік қабылеті, мұнан былай қаданың көтер­гіштік қабылеті деп аталып, 4-ші және 5-ші тарау­лардың нұсқауларына сәйкес анықталады.

Сенімділік коэффициенті төмендегі сандар­ға тең етіп алынады:

егер қаданың көтергіштік қабылеті далада статикалық жүктемелермен жүргізілген сынақ нәти­желері бойынша анықталған болса, онда 1,2-ге тең;

егер қаданың көтергіштік қабылеті, топырақты статикалық зондтау немесе топырақтың серпімділік деформациясын есепке ала отырып жүргізілген қадаларды динамикалық сынау нәтижелері бойын­ша, сондай-ақ топырақта эталон қада немесе зонд қада арқылы далада жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша есептелген болса, онда 1,25-ке тең;

егер қаданың көтергіштік қабылеті, топырақтың серпімділік деформациясы ескерілмеген қадаларды динамикалық сынау нәтижелері бойынша есептелген болса, онда 1,4-ке тең;

көпір тіректерінің төмен ростверкті іргетас­тарын­да, аспалы және тіреуіш қадаларда, қадалардың іргетастардағы санына байланыссыз сығушы жүкте­мені қабылдайтын биік ростверкті тіреуіш қадаларда 1,4 (1,25)*-ке;

табаны қатты сығылатын топыраққа тірелетін биік және төмен ростверктерде, сығушы жүктемені қабылдайтын аспалы қадаларда, және де ростверк­тің түріне байланыссыз жұлып алушы жүктемені қабылдайтын аспалы және тіреуіш қадаларда коэф­фициентінің мәні іргетастағы қадалардың санына байланысты қабылданады:

қада саны 21-ге тең не одан көп болғанда 1,4 (1,25)

қада саны 11-ден 20-ға дейін болғанда 1,55 (1,4)

қада саны 6-ден 10-ға дейін болғанда 1,65 (1,5)

қада саны 1-ден 5-ке дейін болғанда 1,75 (1,6)

ұстынның астындағы бір қадалы іргетастар үшін қимасы шаршы түріндегі қағылмалы қадаға келетін ж­үктеменің мөлшері 600 кН (60 тс)-нан үлкен, және құйма қадаға келетін жүктеменің мөлшері 2500 кН (250 тс)-нан үлкен болған жағдайда коэффи­циентінің мәнін, егер қадалардың көтергіштік қабы­леті статикалық жүктемелермен жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша анықталған болса 1,4-ке тең етіп, ал қадалардың көтергіштік қабылеті басқа әдістермен анықталғанда 1,6-ға тең етіп қабылдау керек;

шекті шөгуі 30 см және одан үлкен қатты имараттың тұтас қадалар алаңы үшін (қадалардың саны 100-ден көп болғанда), егер қадалардың көтер­гіштік қабылеті статикалық сынақтардың нәтижелері арқылы анықталғанда коэффициен­тінің мәнін бірге тең етіп алады.

Ескерту:

1. Қадалардың барлық тү­рлерін жаншушы және жұлушы жү­ктемелерге есептегенде, қадаларда есептік жүктемеден N пайда болатын бойлық күштерді, қадалардың өз салмағын жүктеме бойынша сенімділік коэффициентіне көбейту арқылы анықтау керек.

2. Егер қадалы іргетастарды есептеу кезінде желден және краннан берілетін жүктемелер ескерілген болса, онда шеткі қадаларға келетін есептік жүктемелерді 20 %-ке (электрберіліс желілері бағандарының іргетастарынан басқа) көбейтуге рұқсат етіледі.

Егер көпір тіректерінің іргетасындағы қадалар сыртқы жүктемелердің әсер ету бағытында бір немесе бірнеше қатарлардан құралса, онда көбірек жүктелген қадаға тежеуден, желдің қысымынан, мұздан және кемелердің салмағынан берілетін жүктемелерді есепке алатын кезде есептік жүктемені, бір қатарда 4 қада болғанда 10 %-ке және қадалар саны 8 не одан көп болғанда 20 %-ке көбейтуге рұқсат етіледі. Қадалардың осы аралықтағы басқа сандарында, есептік жүктемені көбейту пайызы интерполяциямен анықталады.

*Жақшаның ішінде қадалардың көтергіштік қа­бы­летін далада статикалық жүктемелермен жүр­гізілген сынақ нәти­желері бойынша анықта­ғандағы немесе топырақты статика­лық зондтау нәтижелері арқылы есептегендегі коэффи­циентінің мәндері бе­ріл­ген.

3.11. Қадаға келетін есептік жүктемені N, кН (тс) анықтау үшін іргетасты, июші моменттерді, вер­тикаль және горизонталь жүктемелерді қабылдайтын жақтаулық құрылым ретінде қарастыру керек.

Вертикаль қадалы іргетастардағы қадаға келетін есептік жүктемені келесі формула арқылы анықтауға рұқсат етіледі:

, (3)

мұндағы Nd — есептік сығушы күш, кН (тc);

Mx, My —ростверктің табан жазықтығындағы қадалар жоспарындағы басты орталық х және у осьтеріне салыстырмалы түрде анықталатын, есептік июші моменттер, кНм (тcм);

n — іргетастағы қадалардың саны;

xi, yi— басты осьтерден әрбір қаданың осьтеріне дейінгі ара қашықтық, м.

х, у — басты осьтерден, есептік жүктемесі есептелінетін әрбір қаданың осьтеріне дейінгі ара қашықтық, м.

3.12. Біркелкі көлденең қимадағы вертикаль қадалы іргетастарға әсер ететін горизонталь жүк­темені, қадаларға бірдей бөлінген деп қабылдауға рұқсат етіледі.

3.13. Қадалы іргетастардың және олардың негізінің орнықтылығын ҚР ҚНжЕ 5.02-02-2002 талап­тарына сәйкес, сонымен қатар топырақтың қозға­латын бөлігіне түсірілген, қадалардан пайда болатын қосымша көлденең бағыттағы реакцияны есепке ала отырып тексереді.

3.14 Негізі ісінетін топырақтардан тұратын қада­лар мен қадалы іргетастарды материалының беріктігі бойынша есептеп және аязды ісіну күштері әсер еткендегі іргетастардың орнықтылығына тексеру керек.

3.15. Қадалар мен қадалы іргетастарды дефор­мация бойынша есептеуді келесі жағдайды ескере отырып жүргізу керек:

, (4)

мұндағы s 3,3, 3,4 пункттердің, 6-бөлімнің және ұсынылған 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша есеп­телген қадалардың, қадалы іргетастардың және имараттардың біріккен деформациясы (шөгуі, жыл­жуы, қадалардың және қадалы іргетастардың отыруының салыстырмалы айырмашылығы және тағы басқалар);

—ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002, ал көпірлер үшін ҚНжЕ 2.05.03-84* нұсқаулары бойынша бекітілетін қадалардың, қадалы іргетастардың және имараттардың біріккен деформациясының шекті мәні.