Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

10. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргетастарды жобалаудың ерекшелiктерi

10.1. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргестарды жобалау кезiнде, осы нормалардың талаптарынан басқа ҚНжЕ 2.01.09-91 талаптары да сақталуы тиiс; бұл жағдайда инженерлiк iзденiстердiң деректерiмен қатар қадалы iргетастарды жобалау үшiн, таулы-геологиялық iзденiстердiң және жер бетiнен күтiлетiн деформациялар туралы мәлiметтер пайдалануы тиiс.

10.2. Өңделетiн аумақтардағы қадалы iргетас­тарды жобалауға берiлген тапсырысты, маркшей­дер­лiк есептiң нәтижелерi бойынша алынған, құрылыс бөлiмшелерiндегi жер бетiнен күтiлетiн максималды деформациялар туралы мәлiметтер, соның iшiнде отыруы, еңiстiгi, созылуы немесе сығылудың салыс­тырмалы горизонталь деформациялары, жер бетiнiң қисықтық радиусы, кемердiң биiктiгi болуы тиiс.

10.3. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын ғима­раттар мен имараттардың қадалы iргетастарын есеп­теудi, шектi күйлерi бойынша, өңдеу кезiндегi негiз­деудiң деформацияланатын жағының әсерiн есепке ала отырып, белгiленетiн жүктеменiң ерекше тiрке­сiне жүргiзiлуi тиiс.

10.4. Қада бастарының ростверкпен түйiндесу сипатына және аумақты өңдеуден горизонталь де­формациялардың даму процесiнде негiздегi топырақ­пен iргетастың әрекеттестiгiне байланысты қадалы iргетастарды келесi сұлбаларға бөледi:

а) қатты - қада арматурасының жаңсырықтарын анкерлеу жолымен қада бастарын ростверк iшiнде қатты бекiту кезiнде немесе ростверк iшiнде қада бас­тарын 7.5 тармағында баяндалған талаптарға сәйкес бекiткенде;

б) икемдi - қадалардың бастарын ростверктiң iшiне 5-10 см бекiту жолымен орындалған немесе сырғанау жiгi арқылы түйiндескен қадалардың рост­верк­пен шартты - топсалы түйiндесуi кезiнде.

10.5. Өңделетiн аумақтарда қадалы iргетас­тар­ды және олардың негiздерiн есептеу:

а) 10.6 тармағының талаптарына сәйкес, аумақ­ты өңдеуден болған топырақтардың физико-механи­калық қасиеттерiнiң өзгеруiн;

б) 10.7 тармағының талаптарына сәйкес, көлбеу­ліктен, қисаюдан және жер бетiнде кертпештердiң пайда болуынан болған вертикаль жүктемелердiң же­ке қадаларға қайта бөлiнуiн;

в) 10.8 тармағының талаптарына сәйкес, топы­рақ негiзiнiң салыстырмалы горизонталь деформа­ция­ларынан болған горизонталь жазықтықтағы қо­сымша жүктемелерiн ескере отырып жүргiзлуi тиiс.

10.6. Сығушы жүктемелерге жұмыс iстейтiн қадалардың барлық түрлерiнiң топырақтың негiздерi бойынша Fcr, кН (тс) көтергiштiк қабiлетiн аумақты өңдеу кезiнде мына формула бойнша анықтау керек:

Fcr = gcr Fd (38)

мұндағы gcr топырақтардың физико-механика­лық қасиеттерiнiң өзгеруiн және аумақты өңдеу кезiндегi вертикаль жүктемелердiң қайта бөлiнуi ескерiлетiн жұмыс жағдайының коэффициентi. Кез келген ғимараттар мен имараттардың iргетастарын­дағы қада - тiректер үшiн gcr=1; икемдi ғимараттар мен имараттардың (мысалы, топсалы тiреуiмен бiр­қабатты қаңқа) iргестастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr=0,9; қатты ғимараттар мен имараттардың (мысалы қатты түйiнделумен көпқабатты қаңқасыз ғимараттар, силостық корпустар) iргетастарындағы аспалы қадалар үшiн gcr = 1,1;

Fd 4-тараудың талаптарына сәйкес есептеумен анықталған немесе 5-тараудың талаптарына сәйкес топырақты зондтау, қадаларды динамикалық және статикалық жүктемелермен сынау анықталған зерт­теу­лердiң нәтижелерi бойынша анықталған қадалардың көтергiштiк қабiлетi кН (тс),

Ескерту: Тiке құлайтын қабаттар жағдайында салыс­тырмалы горизонталь деформациялардың єh, мм/м, мәнiне тәуелдi қосымша коэффициентi gcr = 1/(1+100 єh) ескерiлуi керек.

10.7. Ғимараттар мен имараттардың қатты құ­рылымдық сұлбаларындағы қадаларға және қа­быршақ қадаларға қосымша вертикаль жүктемелердi ± DN , көлбеуліктен, қисаюынан жер бетiнде кертпе­штердiң пайда болуынан, сонымен қатар:

а) аспалы қадалардан тұратын қадалы iргетас­тардың және олардың негiзi 6.1 тармағына сәйкес табиғи негiздегi шартты iргетаспен ауыстырылған жағдайдағы;

б) шартты iргетастың негiзi ғимараттардың (имараттардың) ұзындығы бойынша, тұрақты сызық­ты деформацияланатын етiп немесе iшiнде топырақ­тың деформация модулi және төсем коэффициентi бар бөлiкке бөлiп қабылдаған жағдайдағы топырақ негiзiнiң горизонталь деформацияларынан пайда болатын қаданың вертикаль орын ауысуының есептiк мәндерiне байланысты анықтау керек.

Қосымша вертикаль жүктемелердi анықтау, ғи­марат­тардың бойлық және көлденең осьтерiне қа­тыс­ты жүргiзiледi.

10.8. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын қа­далы iргетастарды есептеуде, қаданың жобадағы жағдайына қатыстылығы бойынша, аумақты өңдеу кезiндегi топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының ықпалынан қадаларда, олардың иiлуге жұмыс iстеуi­нiң салдарынан пайда болатын күштердi ескеру керек.

10.9. Аумақты өңдеу кезiндегi топырақтың гори­зонталь есептiк орын ауысуын мына формула бойын­ша анықтау керек:

usr = gf gc єh x, (39)

мұндағы gf gc — ҚНжЕ 2.01.09-91 бойынша қабыл­данатын, жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффициентi және салыстырмалы горизонталь деформацияға арналған жұмыс жағдайының коэффициентi;

єh ‑ маркшейдерлiк есептiң нәтижелерi бойынша анықталатын салыстырмалы горизонталь деформа­циясынан күтiлетiн мәнi, мм/м;

x ‑ қаданың қарастырылатын осiнен, ғимараттың (бөлiктiң) бүкiл ұзындығында орнатылған ростверк­терi бар ғимараттың (имараттың) орталық осiне дейiнгi немесе жеке ұстындардың астына орнаты­латын ростверктерi бар қаңқалы ғимараттың (бөлiк­тiң) қаттылық блоктарына дейiнгi ара қашықтық, м.

10.10. Өңделетiн аумақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың қадалы iргетастарын жер бетiнiң деформациясының нәтижесiнде қадалар­да пайда болатын күштердiң ең аз мөлшерiнiң ростверкке берiлу қажеттiлiгiнiң шарттарына байла­нысты жобалау керек.

Бұл талаптардың орындалуы үшiн жобаларда:

а) топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының ықпалын азайту үшiн ғимараттарды немесе имарат­тарды бөлiктерге бөлуге;

б) қатты құрылымдық сұлбадағы ғимараттар мен имараттар үшiн, негiздiң қисаюынан вертикаль жазықтықтағы қосымша пайда болатын күштердi азайту үшiн, негiзiнен аспалы қадаларды қолдануды;

в) қаттылығы аз қадаларды мысалы, призмалық, көлденең қималары шаршы түрiндегi немесе тiк бұрышты, соның iшiнде қималары тiк бұрышты қадаларды ғимарат бөлiгiнiң бойлық бағытында кiшi жағымен орналастыру керек;

г) 10.4 тармағында көрсетiлген қадалардың ростверкпен түйiндесуiнiң икемдi құрылымын;

д) домкраттың көмегiмен немесе басқа да туралаушы құрылғылармен ғимараттарды туралауды қарастыру керек.

Ғимараттарды немесе имараттарды бөлiктерге бөлу кезiнде, ростверктердiң арасында өлшемдерi ҚнжЕ 2.01.09-91 талаптарына сәйкес ғимараттар мен имараттардың төменгi құрылымындағыдай анықта­латын саңылаулар (деформациялық жiктер) қарасты­рылуы керек.

10.11. Қадалы iргетастарды негiзiнен I — IV топ­тардағы өңделетiн аумақтарда қолдану керек, соның iшiнде:

а) аспалы қадалармен - I — IV топтардағы ау­мақтарда ғимараттар мен имараттар құрылымының кез келген түрi үшiн;

б) тiреуiш қадалармен - III және IV топтардағы аумақтарда негiзiнiң қисаюы кезiндегi ғимараттың икемдi құрылымдық сұлбасынан жобаланатын ғи­мараттар мен имараттар үшiн, ал IV топтар үшiн - қатты құрылымдық сұлбамен жобаланатын ғимарат­тар мен имараттар үшiн.

Ескерту:

1. Өңделетiн аумақтардың топтарға бөлiнуi ҚНжЕ 2.01.09-91 сәйкес қабылданған.

2. Диаметрi 600 мм-н үлкен қабыршақ қадаларының, құйма және бұрғылы қадалардың және қатты қадалардың басқа түрлерiн, ростверкпен сырғанау жiгi арқылы түйiндес­кен қадалы iргетастарда ғана қолдануға рұқсат етiледi (10.4. тармақты қара).

3. Өңделетiн аумақтардағы қаданың топыраққа терең­детiлуi, қадалардың тасты топырақтарға тiрелу жағдайын қоспағанда, 4 м-н кем болмауы тиiс.

10.12. Кертпештердiң пайда болуы мүмкiн Iк — IVк топтардағы өңделетiн аумақтарда, сонымен қа­тар геологиялық бұзылулар болған алаңшаларда қадалы iргетастарды қолдануға арнайы негiздеме болғанда ғана рұқсат етiледi.

10.13. Қаданың ростверкпен түйiндесу құрылы­мы топырақ негiзiнiң күтiлетiн горизонталь жылжудың мәндерiне байланысты тағайындалуы тиiс, мұндағы қадаларға арналған горизонталь жылжудың шектi мәндерi ростверкпен қатты түйiндесу кезiнде - 2 см-ден, икемдi, шартты топсалы түйiндесу кезiнде - 5 см-ден; сырғанау жiгi арқылы түйiндескен кезiнде - 8 см -ден аспауы тиiс (10.4 тармақты қара).

Ескерту:

Топырақ негiзiнiң горизонталь жылжуының әсерiнен қадаларда және ростверкте пайда болатын күштердiң мән­дерiн төмендету үшiн, тұтастай алған ғитмараттың (имарат­тың) қадалы iргетастарының кеңiстiктегi орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн, қада алаңының топырақтың аздаған жылжуы (2-см-ге дейiн) әсер ететiн аймағындағы қадалар­дың қатты түйiндесуiн, ал қалғандарында икемдi (топсамен немесе сырғанау жiктерi арқылы түйiндесу) түйiндесуiн қа­растыру керек.

10.14. Қадалы ростверктерi ортадан тыс созылу­ға және сығылуға, сонымен қатар топырақты өңдеу кезiнде, деформацияланатын негiздің бүйiр қысымы­нан болған қадалардың горизонталь тiрек реакция­сының көлденең күштен және июшіi моменттен қада ростверктерiне әсерi кезiндегi бұралуға есептелуi тиiс.

10.15. Биiк ростверкті қадалы iргетастарды қол­дану кезiнде, топырақ бетiне жасалатын бетон едендi немесе басқа қатты құрылымдарды қаданың бүкiл периметрi бойынша енi 8 см-ден кем емес, қатты құрылымдардың бүкiл қалыңдығында саңылау қарас­тырылуы керек. Саңылауды топырақ негiзiнiң гори­зонталь жылжуының әсерi кезiндегi қадалар үшiн қатты тiрек құрамайтын, пластикалық немесе серпiм­дi материалдармен толтыру керек.