Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

9. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды жобалаудың ерекшелiктерi

9.1. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тар­ды жобалау кезiнде, қадалармен iсiнетiн топырақ­тардың барлық қабатын толығымен кесiп өтуiн (тө­менгi ұштарын iсiнбейтiн топырақтарға тiрегенде) және жарым-жартылай кесiп өтуiн (төменгi ұштарын iсiнетiн топырақ қабатына тiкелей тiрегенде) қарас­тыруға рұқсат етiледi.

9.2. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тарды есептеудi, 3-6 тарауларда келтiрiлген талап­тарға сәйкес, шектi жағдайлар бойынша жүргiзу керек. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды деформация бойынша есептеу көзiнде, сонымен қатар 9.4—9.6. тармақтарының талаптарына сәйкес топырақтың iсiну кезiндегi қадалардың көтерiлуiн анықтау үшiн, қосымша есептеу орындалуы тиiс.

9.3. Iсiнетiн топырақтардағы қадалы iргетас­тардың көтергiштiк қабiлетi бойынша есептеу кезiнде, қабыршық қадалардың немесе қадалардың төменгi ұштарының астындағы R және бүйiр беттерiндегi fi iсiнетiн топырақтардың есептiк кедергiлерiнiң мән­дерi, құрылыс алаңшасындағы суланған iсiнетiн то­пырақтарда немесе ұқсас топырақтары бар шектес аумақтарда штамп қадаларды және қадаларды статикалық сынау нәтижелерi негiзiнде қабылдануы тиiс. Қадалы iргестастарды жобалау кезiнде көрсетiл­ген статикалық сынақтың нәтижелерi болмаған жағ­дайда, қадалардың және диаметрi 1 м-ден аз қа­быршақ қадалардың төменгi ұштарының R астын­да­ғы және бүйiр жақтарындағы fi iсiнетiн топырақтар­дың есептiк кедергiлерiн iсiнбейтiн топырақтарға арналған, 1, 2 және 7 кестелерi бойынша, 3-5 кес­телерде келтiрiлген басқа жұмыс жағдайының коэф­фициенттерiнен тәуелдiлiгiн ескеретiн gc=0,5 тең топырақтың қосымша жұмыс жағдайының коэффи­центiн енгiзу арқылы қабылдауға рұқсат етiледi.

9.4. Алдын - ала бұрғыланған басты ұңғыма­ларға батырылған қағылмалы қадалардың, кеңейтiл­меген құйма қадалардың, сонымен қатар топырақ­тар­дың iсiнетiн аймағын кесiп өтпейтiн қабыршақ қадалардың көтерiлуiн hSW,P, келесi формула бойын­ша анықтау керек:

, (35)

мұндағы hSW ‑iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлуi м;

‑қаданың төменгi ұшының салыну дең­гейiн­дегi топырақ қабатының көтерiлуi (iсiнетiн топы­рақты кесiп өткен жағдайда = 0), м;

W, w ‑ 17-кесте бойынша анықталатын коэффи­циенттер, бұл жағдайдағы, W, топырақтың iсiну кезiн­дегi сiлемнiң тереңдiгi бойынша деформацияның азаюын сипаттайтын а көрсеткiшiне байланысты және iсiнетiн: сарматтық 0,31 м-1, аралдық — 0,36 м-1 және хвалындық — 0,42 м-1 балшықтар үшiн қабыл­данады.

u ‑ қаданың периметрi, м;

N ‑ gf = 1 жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффи­центiмен анықталған қадаға келетiн есептiк жүкте­месi кН(тс).

Имараттың көтерiлуiнiң шектi мәндерiн, сонымен қатар iсiнетiн топырақ бетiнiң көтерiлу мәнiн hsw және қаданың төменгi ұштарының мәнi деңгейiндегi орна­ласқан топырақ қабатының көтерiлуiн hsw,p ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау керек.

17-кесте

Қаданың батырылу тереңдiгi, м

мәнiндегi W коэффицентi, м-1

w, м2/кН (м2/тс) коэффициентi

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

3

0,72

0,62

0,53

0,46

0,40

4

0,64

0,53

0,44

0,36

0,31

1,5(15)

5

0,59

0,46

0,36

0,29

0,24

1,1(11)

6

0,53

0,40

0,31

0,24

0,19

0,7(7)

7

0,48

0,35

0,26

0,20

0,15

0,5(5)

8

0,44

0,31

0,22

0,17

0,13

0,4(4)

9

0,40

0,27

0,19

0,14

0,11

0,3(3)

10

0,37

0,24

0,17

0,12

0,09

0,2(2,5)

11

0,34

0,21

0,15

0,10

0,08

0,2(2)

12

0,31

0,19

0,13

0,09

0,07

0,1(1,5)

9.5. Iсiнетiн топырақ қабатын қадалармен кесiп өту кезiнде және оларды iсiнбейтiн топырақтарға тереңдету кезiнде және 36-формуладағы шарттар сақталғанда, қадалы iргетастың көтерiлуi жоққа шығарылады:

(36)

мұндағы Fsw 2-кестедегi деректердi пайдалана отырып, топырақтың iсiну күштерiне арналған жүктеме бойынша сенiмдiлiк коэффициентiмен gf = 1,2 анықталатын немесе iсiнетiн топырақтардың далалық сынақтарының нәтижелерi бойынша анық­талатын қаданың бүйiр жақ бетiне әсер ететiн тең әсерлi есептiк көтеру күшi.

Fdu жұлушы жүктеменiң әсерi кезiнде iсiнбейтiн топырақтарда орналасқан қада бөлiгiнiң көтергiштiк қабiлетi кН (тс).

gк- екiншi формуладағыдай.

9.6. Топырақтың iсiнетiн қабатын кесiп өтпейтiн диаметрi 1м-н үлкен қаданың көтерiлуi, табиғи негiз­дегi iргетастардағыдай етiп ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталуы тиiс:

Fu = N + gII Vg - Fsw (37)

мұндағы N, Fsw 3 формуладан алынған);

gII — топырақтың меншiктi салмағының есептiк мәнi кН/м3 (тс/м3);

Vg төменгi (кiшi) диаметрi кеңейту диаметрiне d, ал жоғары диаметрi dI =h+d (мұндағы h топы­рақтың табиғи бетiнен қаданың кеңейтiлген ортасына дейiнгi ара қашықтық) биiктiгi h ұлғайтылған, кесiлген конустың iшiндегi топырақ көлемiне тең етiп қабыл­данатын және қадалардың көтерiлуiне бөгет жасай­тын топырақ көлемi, м3.

9.7. Iсiнетiн топырақтарда қадалы iргетастарды жобалау кезiнде, топырақ бетiнiң және роствектiң төменгi жазықтығының аралығында, өлшемдерi то­пы­рақтың iсiну кезiндегi көтерiлуiнiң максималды мәндерiне тең немесе одан үлкен саңылау қарас­тырылуы тиiс.

Iсiнетiн топырақ қабатының қалыңдығы 12 м-н аз болғанда, 36-формуладағы есептiк шарттарды сақтай отырып ростверктi топыраққа тiкелей тiреп орнатуға рұқсат етiледi.