Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002

Құрылыстың нормалары және ережелері ғимараттар мен имараттар негiздері основания зданий и сооружении

Енгізілген күні – ___.__200_ж

Осы нормалар ғимараттар мен имараттар1 негіз­дерін жобалау кезінде сақталуы қажет.

Осы нормалар гидротехникалық имараттардың, жолдардың, аэродром жабындарының, мәңгітоң то­пыраққа тұрғызылатын имараттардың негіздеріне, сондай-ақ қада іргетастарының, терең бағандардың және динамикалық жүктемелері бар машиналар ас­тындағы іргетастардың негіздеріне қолданылмайды.

1. Жалпы ережелер

1.1. Имараттар негіздері мына негіздемелерге байланысты жобалануы қажет:

а) құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометероло­гиялық ізденістердің нәтижелері;

б) имараттардың қызметін, құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерін, іргетастарға әсер ететін жүктемелерді сипаттайтын деректер, және оларды пайдалану шарттары;

в) іргетастар немесе тағы басқа жерасты құры­лымдар материалдарының физика-механикалық қасиеттерін және топырақтардың беріктік пен дефор­мациялық сипаттамаларын ең толық пайдалануымен қамтамасыз ететін нұсқасын қабылдауға арналған жобалық шешімдердің (келтірілген шығындардың бағалауы бар) мүмкін болатын нұсқалардың техника-экономикалық салыстырулары.

Iргетастар мен негіздерді жобалау кезінде құры­лыстың жергілікті жағдайларын, сондай-ақ ұқсас инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағ­дайлардағы ғимараттарды пайдаланудың, құрылыс жүргізудің және жобалаудың бар тәжірибесін ескеру қажет.

1.2. Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер ҚНжЕ талаптарына, мемлекеттік стандарттарға және құрылысқа арналған топырақтардың инженерлік із­деністері мен зерттеулері бойынша басқа норматив­тік құжаттамаларға сәйкес өткізілуі тиіс.

Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар аудандарда: егер ерекше қасиеті бар (шөгетін, ісі­нетін және басқа) топырақтар шыққан жағдайларда немесе қауіпті геологиялық құбылыстардың (карст­тардың, жылжымалардың және т.с.с.) дамуы мүмкін болған жағдайларда, сондай-ақ қазылып жатқан аумақтардағы инженерлік ізденістерді маманданды­рылған ұйымдар орындауы қажет.

1.3. Негіз топырақтары ізденістер нәтижелерінің баяндамаларында, негіздер, іргетастар және имарат­тың басқа жерасты құрылымдарының жобаларында ҚР СТ 25100-2002-ге сәйкес аталуы тиіс.

1.4. Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құра­мында құрылыс алаңшаларының инженерлік-геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағдайларының мүмкін болатын өзгерістерінің болжамдары бар ірге­тастардың өлшемдері мен орналастыру тереңдігін

___________

1

Ресми басылым

Әрі қарай, мүмкін болатын жерде, қысқартып жазу үшін “ғимараттар мен имараттар” терминінің орнына “има­раттар” термині қолданылады.

анықтауға, іргетастар мен негіздердің түрлерін таң­дауға қажетті деректер, сондай-ақ оларды игеру жөніндегі инженерлік шаралардың көлемдері мен түрлері болуы тиіс.

Негіздерді жобалауға тиісті инженерлік-геоло­гиялық негіздемелерсіз немесе олардың жетіспеуші­лігі болған жағдайда жол берілмейді.

1.5. Негіздер мен іргетастардың жобасы бойын­ша құрылыс ауданын көгалдандыру, аз өнімді неме­се бұзылған ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіру (рекультивациялау) және т.б. мақсаттармен соңынан қолдану үшін топырақтың өсімдік қабаты­ның кесіліп алынуы қарастырылуы қажет.

1.6. Күрделі инженерлік-геологиялық жағдай­ларда тұрғызылатын жауапты имараттардың негізде­рі мен іргетастарының жобаларында негіз деформа­цияларының нақты өлшеулерін жүргізуді қарастыру қажет.

Негіз деформацияларының нақты өлшеулері жаңа немесе толық тексерілмеген имарат құрылым­дарын немесе оның іргетастарын қолданған жағдай­да, сондай-ақ егер негіз деформацияларының өл­шеулері бойынша имаратта жобалауға арнайы та­лаптар болған жағдайларда да қарастырылуы қажет.