Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

5. Сумен қаныққан биогендiк топырақтарға және лайларға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi

5.1. Сумен қаныққан биогендік топырақтардан (шымтезектелген, шымтезектен және сапропелдер­ден) және лайлардан немесе осы топырақтар қосын­дысынан тұратын негіздер олардың үлкен сығылғыш­тығын, уақытқа байланысты шөгудің біртіндеп ар­туын және соған байланысты тұрақсыз күйінің пайда болу мүмкіндігін, бірталай өзгергенін және беріктік деформациялық сүзгілеу сипаттамаларының анизот­ропия және оның негізінің нығаю құбылысында өзге­руін, сондай-ақ лайлардың біршама тиксотроптығын ескере отырып жобалау қажет.

Сондай-ақ тура сол сияқты биогенді топырақ­тардағы және лайлардағы жерасты сулары, ереже бойынша, жерасты құрылым материалдарына қатты жемірлі екендігін ескеру қажет.

5.2. Биогенді топырақтардың және лайлардың деформациялық, беріктік және сүзгілеу сипаттама­лары жобаланып жатқан ғимарат негізінің кернеулі күйіне сәйкес келетін қысым немесе қысым диапазо­ны кезінде анықталуы қажет.

Биогенді топырақтардың және лайлардың си­паттамалары топырақ үлгілерін горизонталь және вертикаль бағыттарында сынау барысында анық­талуы қажет.

5.3. Биогенді топырақтардан және лайлардан тұратын негіз есебін жүктемелердің негізге берілу жылдамдығын, негіз нығаю, топырақ құрамының ани­затропия құбылысында топырақта тиімді кернеулер­дің өзгеруін ескере отырып 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орындау қажет. Бұл орайда топырақтардың сызықтық нығаю теориясының әдістерін қолдануға болады.

Ескерту. Биогенді топырақ және лай құрамының анизотропиясын ескермеуге болады, егер вертикаль және горизонталь бағыттарына арналған сипаттамалар шамала­рының айырмашылығы 40%-дан аспайтын болса.

5.4. Iргетастарды тікелей шымтезектелген топы­рақтардың, шымтезектердің, аз минералды сапро­пелдердің және лайлардың бетіне тіреуге болмайды.

Егер тікелей іргетас табанының астында дефор­мация модулі Е< 5 МПа (50 кгс/см2) қалыңдығы іргетастың енінен артық болатын топырақ қабаты жатса, онда негіз шөгуін іргетас табанының астын­дағы толық қысымды ескере отырып анықтау қажет.

5.5. Биогенді топырақтардан және лайлардан тұратын негіздің есептік деформациялары негіздің шектік немесе жеткіліксіз көтергіштік қабілетінен артық болғанда 2.67-2.71 т.т. нұсқауларына сәйкес келесі шаралар қарастырылуы қажет:

биогенді топырақ қабаттарын терең іргетастар­мен толық немесе жартылай кесу;

биогенді топырақты немесе лайды құммен, мал­татаспен, қиыршықтаспен және т.с.с. толық немесе жартылай ауыстыру;

ғимарат негізін немесе құрылыстың бүкіл алаң­шаларын үйінді (шайынды) топырақтармен немесе басқа (негіз нығаю құбылысын үдеулету қажеттілігі туғанда орнатылған сүзгіш қабаты немесе дрендері бар) материалдармен уақытша немесе тұрақты жүк­теу арқылы топырақтарды тығыздау.

5.6. Жүктеуді жобалау 5.3 т. талаптарын ескере отырып орындалуы қажет. Бұл орайда жүктеу қа­батының жоспардағы өлшемдері мен қалыңдығы және негіз нығаюын белгілі бір дәрежеге жеткізуге қажетті уақыт, сондай-ақ жүктелген негіздің соңғы шөгуі анықталуы қажет.