Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

8. Үйiлген топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi

8.1. Үйілген топырақтардан тұратын негіздерді құрамы бойынша олардың едәуір біртексіздігін, бірқалыпсыз сығылғыштығын, әсіресе дірілдетілген әсерлерден өздігінен нығыздалуын, сулануын, сон­дай-ақ органикалық кірінділердің таралуы арқылы гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, жобалау қажет.

Ескерту. Қождар мен балшықтардан тұратын үйілген топырақтарда сумен немесе өндірістердің химиялық қалдықтарымен суланған кезде олардың ісіну мүмкіндігін ескеру қажет.

8.2. Үйілген топырақтар сығылғыштығының бір­қалыпсыздығы үйілген топырақтардың орналасуы мен құрамын, төгу тәсілін, үйіндінің негізгі бөлігін құрайтын материал түрін ескере отырып орындала­тын тәжірибелі және далалық зерттеулердің нәти­желері бойынша анықталуы қажет. Үйілген топырақ­тардың деформация модулі, қағида бойынша, штампты зерттеулер негізінде анықталуы қажет.

8.3. Үйілген топырақтардан тұратын негіздер 2-бөлімнің талаптарына сәйкес есептелуі қажет. Егер үйілген топырақтар шөкпелі, ісінетін немесе органи­калық заттардың салыстырмалы құрамы Iот > 0,1 болатын болса, онда 3-5-бөлімдердің талаптарына сәйкес ескеру қажет.

Негіздің толық деформациясы сыртқы жүктеме­лерден болатын негіз шөгуін және үйілген топырақ­тардың өздігінен тығыздалуынан және органикалық кірінділер таралуынан қосымша шөгуін, сондай-ақ үйінді салмағынан және іргетас жүктемелерінен төсе­летін топырақтардың шөгуін қосу арқылы анықтау қажет.

8.4. Үйілген топырақтардан тұратын негіздің есептік кедергісі 2.41-2.48 т.т. талаптарына сәйкес анықталады.

Жатып қалған үйілген топырақтарға тұрғызыла­тын ғимарат іргетастарының алдын-алынған өлшем­дерін ұсынылған 3-қосымша бойынша негіз топырақ­ тарының есептік кедергілерінің R0 мәндеріне бай­ланысты тағайындауға болады.

R0 мәндерін тағы да III дәрежелі ғимараттар мен имараттар іргетастарының нақты өлшемдерін та­ғайындау үшін де қолдануға болады.

8.5. Үйілген топырақтардан тұратын негіздің есептік деформациялары кезінде негіздің шектік немесе жеткіліксіз көтергіштік қабілетінен көрі 2.67-2.71-т.т. талаптарына сәйкес келесі шараларды көбірек қарастыру қажет:

негіздің бетін ауыр нығыздағыштармен, діріл­деткіш машиналармен, тегістеуіштермен тығыздау;

топырақ қадаларымен терең тығыздау, гидро­дірілдеткішпен тығыздау;

топырақ төсемдерін (құмды, қиыршықтасты, малтатасты және т.с.с.) орнату;

үйілген топырақтарды терең іргетастармен кесу;

құрылымдық шаралар.

9. Қазылған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

9.1. Әзірленген аумақтарда тұрғызылатын има­рат негіздерін қазылған кеңістікте топырақ жылжуы­ның және тау жұмысы өндірісінің нәтижесінде жылжи­тын топырақтың горизонталь деформацияларына әкеліп соғатын жер бетінің бірқалыпсыз шөгуін еске­ре отырып жобалау қажет.

Жер беті деформацияларының параметрлері, сонымен бірге жер бетінің қисықтығы, оның еңістігі мен горизонталь орын ауыстырулары, сондай-ақ вертикаль кемерлері қазылып жатқан аумақтарда ғимараттар мен имараттарды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің талаптарына сәйкес анықталуы қажет. Негіздерді, іргетастарды және ғимараттың іргетас үстіндегі құрылымдарын есептеуге негіз болып табылатын осы параметрлер топырақ сипаттама­ларының есептік шамаларын тағайындағанда ескері­луі қажет.

9.2. Жер бетінің деформациясы нәтижесінде іргетасқа әсер ететін күштеулерді анықтауға арнал­ған топырақтың беріктік және деформациялық сипат­тамаларының есептік шамаларын (1)-формуладағы топырақ бойынша сенімділік коэффициентін g = 1 деп алып нормативтікке тең етіп алу керек.

Горизонталь бағыттағы топырақтың деформа­ция модулін Еh вертикаль бағыттағы топырақтың деформация модулінің Е шамасынан шаңды-бал­шықты топырақтар үшін 0,5 және құмды топырақтар үшін 0,65 бөлігіне тең етіп алу тиіс.

9.3. Негіз топырақтарының есептік кедергілерін R 2.41-2.48 т.т. талаптарына сәйкес анықталуы қажет. Бұл орайда (7)-формуладағы жұмыс шарты коэффициенті c2 контуры тұйық болатын әрқабаттық және іргетастық белдеулері бар құрылымдық сұлбасы қатаң ғимарат үшін 8-кесте бойынша алу керек; басқа жағайларда – с2 = 1.

9.4. Iргетас (сонымен бірге тақталы) табанының астындағы топыраққа түсетін шеттік қысым қазыл­ғанда жер бетінің деформацияларынан пайда бола­тын қосымша моменттері ескеріле отырып анықта­луы қажет.

Шеттік қысым 1,4R –ден және бұрыш нүктесін­де 1,5R –ден артық болмауы қажет, ал жүктемелер­дің тең әсер еткіштері іргетас табанының өзек қимасы шегінен шығып кетпеуі қажет.

9.5. 6-кестеде көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ егер ғимарат құрылымдарын жер бетінің бірқа­лыпсыз шөгуін ескере отырып жобалайтын болса, онда негіз деформацияларының есебін орындамауға болады.

Шөкпелі топырақтардан тұратын алаңшаларда­ғы ғимарат құрылымдары оларға топырақтар шөк­кендегі және қазылғандағы деформациялардың бірігіп әсер ету мүмкіндігі ескеріле отырып жоба­лануы қажет.

8-кесте

Топырақтар

Имарат ұзындығының немесе бөлігінің оның биіктігіне қатынасы L/Н болғандағы құрылымдық сұлбасы қатаң болатын ғимаратқа арналған с2 коэффициенті

L/H  4

4  L/H 2,5

2,5 L/H 1,5

L/H  1.5

Толтырғышы құмды болатын ірі сынықты және ұсақ пен шаңдыдан басқа құмды

1,4

1,7

2,1

2,5

Ұсақ құмдар

1,3

1,6

1,9

2,2

Шаңды құмдар

1,1

1,3

1,7

2,0

Толтырғышы шаңды-балшықты болатын ірі сынықты және аққыштық көрсеткіші IL 0.5 болатын шаңды-балшықты

1,0

1,0

1,1

1,2

Толтырғышы шаңды-балшықты болатын ірісынықты және аққыштық көрсеткіші IL 0.5 болатын шаңды-балшықты

1,0

1,0

1,0

1,0

9.6. Әзірленген аумақтарда тұрғызылатын ғима­раттар үшін құрылымдық сұлбасы төмендегідей бо­латын іргетастарды қолдану қажет:

қатаң (тақталы, белдеулері темірбетонды бола­тын таспалы, араларындағы байланыстары кергіш болып келетін бағаналы және т.с.с.);

икемді (жеке элементтерінің арасындағы жылжу жіктері горизонтал болатын іргетастар, топырақтың горизонтал орын ауыстырғанда еңкеюуі мүмкін болатын вертикал элементтері бар іргетастар);

аралас (жылжу жігі жайғастырып жоспарлау деңгейінен немесе үйасты қабаты еденінен төмен болатын қатаң іргетастар);

Iргетастың құрылымдық сұлбасы жер бетінің есептік деформацияларына, іргетас үстіндегі құры­лымдардың қатаңдығына, негіз топырақтарының деформациялылығы және сол сияқтыларға байла­нысты қабылдануы қажет.

Ескерту. Көп қабатты және мұнара типті ғимараттар үшін еңкейген іргетастарды қолдануға болмайды.

9.7. Деформация модулі Е  10 МПа (100 кгс/см2) болатын топырақтардан тұратын алаңшалар­да, сондай-ақ қазылып жатқанда алаңшаның гидро­геологиялық жағдайларының өзгеруі салдарынан негіз топырақтарының құрылыстық құрамының күрт төмендеу мүмкіндігі болғанда қадалы және тақталы іргетастарды қолдану ұсынылады.

Егер негіздің жоғарғы аймағында үйілген, био­генді және шөкпелі топырақтардың шектеулі қалың­дықтағы қабаттар жататын болса, онда осы қабат­тарды терең іргетастармен кесуді қарастыру керек.

9.8. Имараттың іргетастары мен құрылымдары­на жер бетінің деформацияларының қолайсыз әсер­ле­рін төмендететін негізгі шараларға мыналар жатады:

а) топырақпен түйісетін іргетас беттерін азайту;

б) имарат бөлігінің аралығында іргетас белдеуін бір деңгейде орналастыру;

в) мүлдем сығылмайтын топырақтардан тұра­тын негіздерге топырақ төсемдерін орнату;

г) үйасты қабаттары мен техникалық жерасты қабаттарын ғимарат бөлігінің бүкіл ауданы астында орналастыру;

д) іргетас бетімен жанасқанда ілінісуі мен үйке­луі аз болатын материалдарынан тұратын топырақ­тармен қазаншұңқыр қойындарын толтыру және то­пырақ төсемдерін орындау;

е) қазбалау жұмыстарынан бұрын имараттың периметрі бойынша уақытша өтеуші орларды қазу.