Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

13*. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

13.1. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын ғи­марат негіздерін карстты деформациялардың, яғни ойылымдар мен отырулардың (2.35 т.) пайда болу мүмкіндігін және карсттық құбылыстардың өрбу ерекшеліктерін ескере отырып жобалау қажет.

13.2. Карстты деформациялар келесі параметр­лермен сипатталады:

олардың пайда болу қарқындылығы, яғни ау­мақтың бірлік ауданына карстты деформациялардың орташажылдық саны;

ойылымдар мен отырулардың орташа және максимальды диаметрі, олардың орташа тереңдігі, ал отырулар үшін, одан бөлек, жер бетінің қисықтығы және отыру аймағының шетіндегі учаскелерінің көлбеулігі.

Карстты деформациялардың параметрлері инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын имаратты пайдалану барысында олар­дың мүмкін болатын өзгерістерін ескере отырып, деформациялардың пайда болу заңдылықтарын, имараттың құрылымдық ерекшеліктерін, оның жауапкершілік дәрежесі мен пайдалану уақытын талдау негізінде ықтималды-статикалық және (неме­се) аналитикалық әдістерді қолдана отырған есебі арқылы анықталады.

13.3. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын имараттарды жобалағанда карстты деформациялар­дың пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын немесе олардың имаратқа тигізетін қолайсыз әсерін төмен­дететін төмендегідей шараларды қарастыру тиіс:

карстты қатпарларды толтыру;

карстталған жыныстарды терең іргетастармен кесу;

карстталған жыныстарды және (немесе) үстінде жатқан топырақтарды бекіту;

судан қорғау шаралары;

қолайсыз техногенді әсерлерді шектеу немесе жою.

13.4. Егер 13.3 т. көрсетілген шараларды қол­данғанда карстты деформациялардың пайда болуы жойылмаса, сондай-ақ оларды қолдану тиімсіз бола­тын немесе техникалық амалсыздық жағдайларын­да, карстты деформациялардың пайда болуын ескере отырып, ғимарат құрылымдары мен іргетас­тар есебіне байланысты тағайындалатын құрылым­дық шаралар қарастырылуы қажет.

13.5. Шаралардың біреуін немесе кешенін таң­дау болуы мүмкін карстты деформациялардың түр­лерін және олардың параметрлерін, имарат маңыз­дығының дәрежесін, оның құрылымдық және пайда­лану ерекшеліктерін ескере отырып 1.1 т. талапта­рына сәйкес орындалуы қажет.

Қабылданған шаралар жақын жатқан аумақтар­да карстты құбылыстардың тууына әкеліп соқпауы қажет.

Негізделген жағдайларда ғимарат аймағында оны пайдалану барысында карстты құбылыстардың дамуын бақылауды қарастыру керек.

13.6. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын имарат негізінің есебі 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орындалуы қажет.

Ғимарат негізінде карстталған топырақтардың үстінде жататын ерекше қасиетті (шөкпелі, ісінетін және басқа) топырақтар бар болғанда, осы норма­лардың сәйкес келетін бөлімдерінің талаптарын ескеру керек.

13.7. Ойылымдардың пайда болу мүмкіндігі бар карстталған аумақтарда тұрғызылатын имараттарды жобалағанда аспалы шықпасы бар: кесілмеген тас­палы, кеңістіктік-рамалы, жазық және қырлы тақталы іргетастарды қолдану керек.

13.8. Тұрған имараттардың негізі мен іргетаста­рын күшейту қажет болғанда мыналарды ескеру керек:

жеке іргетастарды кеңістіктік-рамалы құрылым ретінде біріктіру;

аспалы шықпаларды, қатаңдық белдеуін және т.с.с. орнату;

негіз топырақтарын бекіту;

пайда болған ойылымдарды (құммен, қиыршық­таспен, цемент ерітіндісімен және т.с.с.) толтыру.