Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

10. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

10.1. Сейсмикалылығы 7, 8 және 9 балл бола­тын аудандарда тұрғызылатын имарат негіздерін сейсмикалық аудандарда ғимараттар мен имарат­тарды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің талаптарын еске­ре отырып жобалау қажет.

Сейсмикалылығы 7 баллдан төмен болатын аудандарда негіздерді сейсмикалық әсерлерді ескер­мей-ақ жобалау керек.

10.2. Сейсмикалық әсерлерді ескере отырып негіздерді жобалау жүктемелер мен әсерлер жөнін­дегі, сондай-ақ сейсмикалық аудандарда ғимараттар мен имараттарды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің талап­тарына сәйкес анықталатын жүктемелердің ерекше түйісіне көтергіштік қабілеті бойынша есебінің негізін­де орындалуы қажет.

Iргетастардың алдын алынған өлшемдерін 2-бөлімнің талаптарына сәйкес жүктемелердің негізгі түйісіне (сейсмикалық әсерлерді ескерусіз) негіздің деформациялары бойынша есебі арқылы анықтауға болады.

10.3. Негіздің көтергіштік қабілеті бойынша есебі іргетастан берілетін ортадан тыс жүктемелердің вертикал құрауыштары әсеріне мына шарт арқылы орындалады:

Nа с,еq Nu,eq / n, (24)

мұнда Nа ерекше түйістегі ортадан тыс жүкте­мелердің вертикаль құрауышы;

Nu,eq – сейсмикалық әсерлер кезіндегі негіздің шектік кедергі күшінің вертикаль құрауышы;

с,eq – жұмыс шартының сейсмикалық коэф­фициенті. Сейсмикалық қасиеттері бойынша I, II жә­не III дәрежелі топырақтар үшін тиісінше 1,0-ге; 0,8-ге; 0,6-ға тең етіп алынады. Жерсілкінісінің қайта­ланғыштығы 1, 2 және 3 болатын аудандарда тұрғы­зылатын имараттар үшін с,eq мәнін тиісінше 0,85-ке; 1,0-ге және 1,15-ке көбейту қажет. Сейсмикалық қасиеті бойынша топырақ дәрежесін және жерсілкініс қайталанғыштығын сейсмикалық аудандарда жоба­лау және құрылыс жөніндегі ҚНжЕ-ге сәйкес анық­талады.

n – 2.58 т. нұсқаулары бойынша қабылдана­тын имараттың тағайындалуы бойынша сенімділік коэффициенті.

Жүктемелердің горизонталь құрауыштары та­баны бойынша жылжуына іргетасты есептегенде ескеріледі.

10.4. Моментті жүктемелер екі бағытта әсер еткенде негіздің көтергіштік қабілеті бойынша есебі әр бағыттағы күштер мен моменттердің әсерлеріне бір-біріне байланыссыз түрде бөлек орындалуы қажет.

10.5. Сейсмикалық әсерлерді ескере отырып жүктемелердің ерекше түйісіне негіздер мен іргетас­тарды есептеген кезде төмендегі шараларды орын­дағанда топырақтан іргетас табанын бөліктеп үзіп алуға болады:

есептік жүктің еа эксцентриситеті момент жазық­тығындағы іргетас енінің үштен бір бөлігінен артық болмайды;

негіздің шектік кедергісінің күші табанының өлшемдері момент әсері бағытында сығылған аймақ өлшеміне тең болатын шартты іргетас үшін былай орындалады:

bc = 1,5 (b - 2eа);

іргетастың топыраққа толық тірелмеуін ескере отырып есептелген оның астындағы максимальды шеттік қысым негіздің шектік кедегі эпюрасының шеткі ординаттарынан артық болмайды.

10.6. Сейсмикалық қасиеттері бойынша сейсми­калық аудандардағы ғимараттар мен имараттарды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-не сәйкес I және IІ дәреже­ліге жатқызатын топырақтарға іргетастардың орна­ласу тереңдігін, қағида бойынша, сейсмикасыз ау­дандардағы іргетастар сияқты қабылдау қажет.

Сейсмикалық қасиеттері бойынша III дәрежелі топырақтардан тұратын алаңшаларда жасанды негіз­дерді орнатуды қарастыру ұсынылады

10.7. Тассыз топырақтарда ғимараттың немесе бөлігінің іргетасын бір деңгейге тереңдету мүмкіндігі болмағанда ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәні сейсмикалылығы 7 балл болғанда - 20-қа, 8 балл - 40-қа және 8 балл - 20-қа төмендетілуі тиіс болатын (4)-шарт орындалуы қажет.