Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

3. Ауа температурасының аралығындағы мәндері ке­зінде kh коэффициентін 1-кестеде көрсетілген жақын кіші мәнге дейін дөңгелектеп алады.

2.29. Жылытылатын имараттардың іргетаста­рын орналастыру тереңдігі негіз топырақтарының аяздан ісінуін болдырмайтын шарттары бойынша төмендегілерге байланысты тағайындалуы қажет:

а) сыртқы іргетастар үшін (жобалау деңгейіне қарай) 2-кесте бойынша;

б) ішкі іргетастар үшін – топырақтардың есептік тоңазу тереңдігінен байланыссыз түрде.

Сыртқы іргетастарды орналастыру тереңдігін тоңазудың есептік тереңдігіне байланыссыз түрде тағайындауға болады, егер:

іргетастар ұсақ құмдарға тірелетін болса және арнайы зерттеулермен берілген алаңшада олардың ісінетін қасиеттері жоқ екендігі анықталған болса, сондай-ақ егер арнайы зерттеулермен және есептеу­лермен негіз топырақтарының деформациялары олардың тоңазуы мен еруі кезінде ғимаратты пай­далану жарамдылығын бұзбайтыны анықталған болса;

топырақтардың тоңазуын болдырмайтын арнайы жылутехникалық шаралар қарастырылған болса.

2.30. Суық үйасты қабаты және техникалық жерасты қабаттары бар (қыс кезінде температурасы теріс болатын) жылытылатын имараттардың ішкі және сырқы іргетастарын орналастыру тереңдігі үйасты қабаты немесе техникалық жерасты қабат еденінен есептей отырып 2-кесте бойынша алу қажет.

2-кесте

Iргетас табанының астындағы топырақтар

Жерасты су деңгеінің орналасу тереңдігіне байланысты іргетастарды орналастыру тереңдігі dw, м

dwdf + 2 болғанда

dwdf + 2 болғанда

Тасты, құмды толтырғышы бар ірі кесекті, малтатасты, ірі және ірілігі орташа құмдар

df-ке байланысы жоқ

df-ке байланысы жоқ

Ұсақ және шаңды құмдар

df-тен кем емес

Сондай

Аққыштық көрсеткіші IL  0 болатын құмдақтар

Сондай

Аққыштық көрсеткіші IL  0 болатын құмдақтар

df-тен кем емес

Саздақтар, балшықтар, сондай-ақ топырақтың немесе толтырғыштың аққыштық көрсеткіші IL  0,25 кезінде шаңды-балшықты толтырғышы бар ірікесекті топырақтар

Сондай

Сондай, IL  0,25 болғандағы шаңды-балшықты толтырғышы бар ірі кесекті топырақтар

0,5-тен кем емес

Ескертулер:

1. Iргетастарды орналастыру тереңдігі тоңазуының есептік тереңдігіне df байланысы жоқ болған жағдайларда, осы кестеде көрсетілген сәйкес келетін топы­рақтар тоңазуының нормативтік тереңдігінен dfn кем бол­майтын тереңдікке дейін жатуы қажет.

2. Жерасты су деңгейінің күйі 2.17-2.21 тт. Нұсқаула­рын ескере отырып алынуы қажет.

2.31. Жылытылмайтын имараттардың ішкі және сыртқы іргетастарын орналастыру тереңдігі 2-кесте бойынша тағайындалуы қажет. Бұл орайда тереңдік үйасты қабатымен техникалық жерасты қабаты болмайтын болса, онда жобалау деңгейінен, ал егер олар болатын болса, онда үйасты қабатының немесе техникалық жерасты қабатының еденінен бастап есептелінеді.

2.32. Негіздер мен іргетастар жобасында негіз топырақтарының ылғалдануын, сондай-ақ құрылыс барысында олардың тоңазуын болдырмайтын шаралар қарастырылуы қажет.

2.33. Имараттың немесе оның бір бөлігінің ірге­тастары бір деңгейде қойылуы қажет. Көрші іргетас­тарды әр түрлі деңгейлерге орналастыру мүмкіндігі туғанда олардың шақтамалы айырмашылығы мына шартқа байланысты анықталады:

h a(tgI + cI / p), (4)

мұнда a - іргетастардың беттер арасындағы қашықтығы;

I және сI – сәйкесінше ішкі үйкеліс бұрышының және топырақтың меншікті ілінісуінің есептік шама­лары (2.12 - 2.14 тт.);

p – жоғары орналасқан іргетас табанының астындағы есептік жүктемелерінен орташа қысым (негізді көтергіштік қабілеті бойынша есептеуге арналған).