Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

17*. Топырақтарды жасанды тоңазытуын жобалау

17.1. Топырақтарды жасанды тоңазытуды те­реңдетілген ғимарат пен суға қаныққан тұрақсыз және жарықшақты тасты топырақтардағы іргетастар құрылысын салғанда қазаншұңқырлардың уақытша мұзтопырақты қоршауларын орнату үшін қарастыру керек.

17.2. Топырақтарды жасанды тоңазыту үшін тоңәкелуші ретінде аммиакты қолдана отырып тоңа­зытқыш қондырғыларын қолдану керек. Негізделген жағдайларда фроенды және сұйық азотты қолдануға болады.

Топырақтарды жасанды тоңазытуды тоңтасы­малдағышпен (тұздықпен), тұздыққұбырларында және тоңазытатын колонкаларында айналатынмен орындайды.

Тоңтасымалдағыштың түрі, шоғырлануы және температурасы жерасты суының тұздалғанына, қоз­ғалу жылдамдығына және температурасына байла­нысты анықталуы қажет. Қағида бойынша, тоңтасы­малдағыш ретінде хлорлы кальцийдің су ерітіндісін қолдану керек.

Тұздыққұбырлардың ендіру сызықтары конден­сатор жағына 1-2%-ке, ал сору сызықтары булану жағына - 0,5%-ке көлбеулігі болуы қажет.

17.3. Топырақтарды жасанды тоңазыту жоба­лауға арналған инженерлік-геологиялық ізденістер материалдардың құрамына келесі деректер кіруі қажет:

табиғи және тоңазыған күйінде топырақтарды біростік сығуына арналған беріктік шегі;

табиғи және тоңазыған күйінде жылуөткізгіштік және жылусыйымдылық коэффициенттері;

топырақ температурасының тереңдігі бойымен таралуы;

топырақтардың сүзгілеу коэффициенті;

жерасты суларының қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, әрбір су жүретін жиек бойынша пьезомет­рикалық арындар, жиектер мен ашық суаттар арасындағы гидравликалық байланыстардың сипат­тамалары;

жерасты суларының химиялық құрамы, және олардың тоңазу температурасы;

суөткізбегіштің орналасу тереңдігі мен сипат­тамалары.

17.4. Мұздытопырақ қоршаулардың көлемі мен қабырғасының қалыңдығын, сондай-ақ тоңазытқыш қондырғысының қуатын қазаншұңқырдың кескіні мен өлшемдеріне және тоңазыған топырақтың физика-механикалық сипаттамаларына байланысты статика­лық және жылутехникалық есептер арқылы анықтау қажет.

17.5. Тоңазыған топырақтың физика-механика­лық сипаттамаларының нормативтік мәндері, қағида бойынша, МСТ 12248-96 анықталған әдістеме бойынша ұңғымаларды бұрғылағанда таңдап алын­ған үлгілерді сынау арқылы анықтау керек.

17.6. Тоңазыған топырақтың біростік сығуына беріктік шегінің есептік мәні диаметрі 10 м-ге дейін болатын вертикаль дөңгелек қазбалар үшін норма­тивтік мәнінің 0,35-іне тең және өлшемдері үлкен болатын және күрделі пішінді қазбалар үшін – 0,20-0,25-іне тең етіп алу керек.

17.7. Мұздытопырақ қоршауларының орташа температурасын тоңазытатын колонкаларда айнала­тын тоңтасымалдаушы температурасының 30-40%-на тең етіп алу керек.

17.8. Тоңазытатын колонкаларға арналған ұңғы­малар қазаншұңқыр айналасында 1,0-1,5 м қадам­мен орналасуы қажет. Ұңғымалар қатарларының аралық қашықтығын олардың көп қатарлы орналас­қан кезде 2-3 м-ге тең етіп алу керек.

Ұңғыма осінен мұздытопырақ қоршауының ішкі бетіне дейінгі аралық қашықтығын мұздытопырақ қоршауының есептік қалыңдығының 0,6-на тең етіп алу керек.

17.9. Ұңғымалар топырақтың су өткізбейтін қабатына кемінде 3 м-ге тереңдетілуі қажет.

Су өткізбейтін қабат жоқ болғанда арнайы тәсіл­дермен жасанды су өткізбейтін қабат (мысалы, қа­заншұңқырдың бүкіл ауданы бойынша топырақты тоңазыту немесе цементтендіру арқылы) орнату қажет.

Су өткізбейтін қабаттың қалыңдығы жерасты суларының жарып шығу мүмкіндігіне есептеу арқылы анықталуы қажет.

17.10. Жобада тоңазытатын колонкалар үшін саны төмендегідей болатын қосымша ұңғымаларды бұрғылауды қарастыру керек:

тоңазыту тереңдігі 100 м-ге дейін болғанда олардың жалпы санынан 10%-дан артық емес;

тоңазыту тереңдігі 100 м-ден артық болғанда 20%-дан артық емес;

көлбеу ұңғымалары үшін – тиісінше 20% және 25%.

17.11. Тоңазыту құбылысын бақылау кезінде ба­қылау, яғни гидрогеологиялық және термометриялық ұңғымаларын орнату керек. Олардың саны мен орналасу орны инженерлік-геологиялық жағдайла­рына байланысты анықталады.

17.12. Тоңазытатын станцияның жұмысы және тоңазытатын колонкалардағы тоңтасымалдауды жіберу топырақты белсенді тоңазытудың барлық уақыт бойында үздіксіз болуы қажет.

Мұздытопырақ қоршауларын жасағаннан кейін тоңазытатын станцияның жұмысы тереңдетілген ғимараттар мен іргетастарды тұрғызып болғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз ету қажет.

17.13. Мұздытопырақ қоршауларын еріту тәсіл­дерін (табиғи немесе жасанды еріту) ұңғымалардың нақты орналасуын және мұздытопырақ қоршаулары­ның күйін ескере отырып тағайындау керек.

17.14. Жобада тұрған мұздытопырақ қоршаула­рының әсер ету аймағына түсетін ғимараттар мен коммуникацияларды (жылуоқшаулау, коммуникация­лардың орнын ауыстыру және сол сияқтылар) қорғау қарастырылуы қажет.