Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

12. Көпiрлер бағандарының және үйiндi астындағы құбырлардың негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

12.1. Көпірлер бағандарының және үйінді астын­дағы құбырлардың негіздерін осы ғимараттар құры­лымдарының ерекшеліктерін, оларға әсер ететін жүк­темелерді және пайдалану шартын, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және гидрологиялық жағдайларды ескере отырып жобалау керек.

12.2. Көпірлер бағандарының және үйінді астын­дағы құбырлардың негіздері көтергіштік қабілеті бойынша және деформациялары бойынша есепте­лінген болуы қажет.

Көпірлер мен үйінді астындағы құбырлар баған­дарының негіздерін көтергіштік қабілеті бойынша есебін көпірлер мен құбырларды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің нұсқауларына сәйкес орындалуы керек.

Көпірлер бағандарының негіздерін деформа­циялары бойынша есебі іргетастардың шөгулері мен крендерінің анықтауын, ал үйінді астындағы құбыр­лар негіздері үшін – іргетастар шөгуінің анықтауын енгізу керек және олар міндетті 2-қосымшаның талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Iштей статикалық жүйелері анықталмайтын көпірлердің бағандары негіздерінің деформациялары бойынша есебін негіздердің, іргетастардың, баған­дардың іргетас үстіндегі бөлігінің және аралықты құрылыстың өзара әсер етулерін ескере отырып орындау тиіс.

Iргетас шөгуінің есебін көпірлер мен құбырлар­ды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-де қарастырылған жағ­дайларда орындамауға болады.

12.3. IL 0,6 болатын шаңды-балшықты топы­рақтар, биогенді топырақтар мен лайлар жатқан жер­лерде, сондай-ақ орнықсыз еңістерде құбыр құры­лымдары мен оның іргетастары туралы шешімдер тек құбырдың ғана емес, сонымен бірге оған жақын жатқан үйінді учаскелердің де орнықтылығымен қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай қабылдау қажет.

12.4. 2.12-2.14 т.т. талаптарына сәйкес анықта­латын топырақ сипаттамаларының есептік мәндері­нің сену ықтималдылығы көпірлер бағандарының және үйінді астындағы құбырлардың негіз топырақта­ры үшін негізді көтергіштік қабілеті бойынша есепте­генде = 0,98, ал деформациялары бойынша = 0,9 болып алынуы қажет.

12.5. Бағандар іргетастарын және іргетастарды немесе үйінді астындағы құбырларының топырақ төсемдерін орналастыру тереңдігі келесідегідей нұс­қауларды ескере отырып 2.25-2.33 т.т. талаптарына сәйкес тағайындалуы қажет.

Егер суды ағызып жібергенде топырақтың шайылуы мүмкіндігі болатын болса, онда көпірлер бағандарының іргетастары бағанның орналасқан жерінің есептік су тасқынымен жалпы және жергілікті шайылуынан кейін сол жердегі суағызар түбінің ең төмен деңгейінен кемінде 2,5 м-ге дейін және ең үлкен су тасқынымен шайылғанда – кемінде 2,0 м-ге дейін тереңдетілуі қажет.

Егер топырақтың шайылуы мүмкіндігі болмаса, онда тассыз топырақтардағы көпірлер бағандарының іргетастары топырақ бетінен немесе суағызар түбі­нен кемінде 1 м-ге дейін тереңдетілуі қажет.

Сумен қаныққан күйіндегі біростік сығуына беріктік шегі Rc  50 МПа (500 кгс/см2) болатын тасты топырақтарға іргетастарды кемінде 0,1 м-ге дейін, ал Rc  50 Мпа (500 кгс/см2) болғанда – кемінде 0,25 м-ге дейін тереңдету керек.

Ескерту. Суағызар түбінің шайылу тереңдігі немесе соған сәйкес көпірлер мен құбырларды жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтердің нұсқауларына сәйкес анықта­луы қажет.

12.6. Көпірлер бағандарының және үйінді астын­дағы құбырлардың іргетастарын орналастыру терең­дігін жерасты су деңгейі dw df + 2 м тереңдікте орналасқан кезде 2-кесте бойынша қабылдау керек. Егер 2- кесте талаптары бойынша іргетасты орналастыру тереңдігі топырақ тоңазуының есептік тереңдігінен кем болмауы қажет болса, онда тесігі 2 м-ге дейінгі біркөзді құбырлардың орта бөлігіне арналған топырақ төсемдерінен немесе іргетастар­дан басқа барлық іргетастарды топырақ тоңазуының есептік тереңдігінен 0,24 м-ге төмен тереңдету керек. Бұл орайда тоңазудың есептік тереңдігі ретінде оның нормативтік мәні алынады.

Тесігі 2 м-ге дейінгі біркөзді құбырлардың орта бөлігінің топырақ төсемдерін немесе іргетастарын топырақтың тоңазу тереңдігі ескермей-ақ орналасты­руға болады.

Iргетастарды орналастыру тереңдігі топырақ тоңазуының есептік тереңдігіне қатысы жоқ болатын жағдайларда 2-кестеде көрсетілген сәйкес келетін топырақтар топырақ тоңазуының нормативтік терең­дігінен кемінде 1 м-ге төмен орналасуы қажет.

Ескерту. Диаметрі 2 м және одан артық болатын құбырларының орта бөлігінің астына топырақ төсемдерін және іргетастарды орналастыру тереңдігін үйінді осі бағытында топырақтың тоңазу тереңдігінің азаюын ескере отырып тағайындау керек.

12.7. Үйінді астындағы құбырларды іргетастарға немесе тығыздалған топырақ төсемдерінің үстіне қою керек. Көлденең қимасы тұйықталмаған құбыр­лар бастары мен бөліктері үшін іргетастар өте қажет және кез-келген құрылымдағы құбыр бастары үшін ұсынылады.

Құбыр бастарын топырақ төсемдеріне қойған жағдайларда сүзгілеуге қарсы қалқандар қарастыры­луы қажет.

12.8. Құбырлардың негізіне (пайдалану бары­сында құбырлар бойымен су ағуы үшін қажетті көлбеуді сақтау және оларды төменнен су басуын ескерту мақсатымен) негіз топырақтарының физика-механикалық қасиеттеріне және үйіндінің биіктігіне байланысты құрылыстық көтерілім берілуі қажет.