Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

15*. Шайылатын топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiтерi

15.1. Шайылатын топырақтардан тұратын негіз­дерді олардың біртексіздігін (көпқабаттылығын, жос­парда және тереңдігі бойынша құрамы мен қасиет­терінің өзгергіштігін), физика-механикалық қасиет­терін уақыт өте, сонымен бірге жерасты су деңгейінің ауытқуы арқылы өзгерту мүмкіндігін, дірілдететін әсерлерге сезгіштігін, сондай-ақ төсейтін қабаттар­дың болуы мүмкін шөгулерін ескере отырып жобалау қажет.

Шаю үшін, қағида бойынша, құмды топырақтар­ды қолдану керек.

Ескерту. Шөкпелі (I типті топырақ күйлеріндегі), ісінетін және тұздалған топырақтардың үстінде сәйкес келе­тін негіздеме бар болғанда топырақтарды шаюға болады.

15.2. Шайылатын топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамалары, қағида бойынша, шайылатын топырақтың жасын, яғни, шайылып бол­ғаннан кейінгі өтетін уақыт, сондай-ақ инженерлік-геологиялық ізденістер мен құрылысты бастаудың арасындағы уақыт бойынша айырмашылығын ескере отырып жатысы бұзылмаған топырақтарды далалық және зертханалық сынаулардың нәтижелеріне бай­ланысты анықтау қажет.

15.3. Негіздің алдын-алынған есептері, сондай-ақ III дәрежелі ғимараттар мен имараттардың нақты есептері үшін топырақтардың беріктік және шайыла­тын топырақтардың жасына байланысты олардың физикалық сипаттамалары бойынша алынған деформациялық сипаттамаларының мәндерін қолда­нуға болады.

15.4. Шайылатын топырақтардан тұратын негіз­дердің есебі 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орында­луы қажет.

Егер шайылатын топырақтардың қалыңдығы биогенді топырақтармен немесе лайлармен төселе­тін болса, онда негіз есептерінде қосымша 5-бөлім­нің талаптарын ескеру керек. Көрсетілген жағдайда бағанды іргетастарды қолдануға болмайды.

15.5. Шайылатын топырақтардың есептік кере­гісі R 2.41-2.48 т.т. талаптарына сәйкес анықталады. Бұл орайда шайылатын топырақтардың беріктік сипаттамаларын (II және сII) құрылыс басталуына сәйкес келтіріп алады.

15.6. Шайылатын топырақтардан тұратын негіз­дердің толық деформациясы сыртқы жүктемелерден негіздің шөгуінің, шайылатын топырақтар қатқабаты­ның өздігінен тығыздалуының және шайылуымен жүктелген төселетін топырақ қабатының аяқталма­ған нығаюы нәтижесінде қосымша шөгулердің қосын­дылары арқылы анықталуы қажет.

15.7. Шайылатын топырақтардан тұратын негіз­дердің есептік деформациялары кезінде негіздің шектік немесе жеткіліксіз көтергіштік қабілетінен гөрі 2.67-2.71 т.т. нұсқауларына сәйкес мыналар көбірек қарастырылуы қажет:

шайылатын топырақтарды (дірілдеткіш машина­лармен және тегістегіштермен, терең гидродірілдет­кіштығыздағышымен, жарылыс энергиясын пайдала­нумен, нығыздаумен, құрылыс алаңшасында топы­рақты артық шаюмен және басқалармен) тығыздау;

шайылатын топырақтарды бекіту немесе арма­туралау;

құрылымдық шаралар.

16*. Топырақтарды бекiтуді жобалау

16.1. Топырақтарды бекіту олардың жобаланып жатқан немесе қазіргі бар ғимарат негізінде су сіңір­меушілігін және беріктігін жоғарылату мақсатымен орындалады.

Бекітілген топырақтардан тұратын сілемдер (бектілген сілемдер) іргетастар және басқа терең­детілген құрылымдар ретінде қолданылуы мүмкін.

Ескерту. Тұрған имараттардың негіз топырақтарын бекіту мүмкіндігі мен тәсілдері олардың негіз деформация­ларының сипатын және олардың құрылымдарының күйін ескере отырып анықталуы қажет.

16.2. Бекітілген сілемдерді олардың тағайын­далу мен топырақ күйлеріне байланысты орнату үшін келесі тәсілдер қолданады:

топыраққа химиялық цементтендіретін ерітінде­лерді еккіштердің көмегімен немесе ұңғымаларға (шайырландыру, силикаттандыру, цементтендіру) ендіру арқылы іске асатын егу;

бұрғылай араластыру (ұңғымаларда топырақты цементпен немесе цемент ерітінділерімен араласты­ру және қазбалау арқылы);

термиялық (ұңғымаларға жоғары температура­лық газдарды ендіру арқылы немесе топырақты электрмен қыздыру арқылы).

Бекіту тәсілі мен ерітінділердің құрамтізімі бекітілген топырақтың есептік физика-механикалық сипаттамаларымен қамтамасыз етуі және қоршаған ортаны қорғауды қанағаттандыруы қажет.

16.3. Топырақтарды бекітудің егу тәсілін келесі топырақ күйлерінде қолдану керек:

силикаттандыру және шайырландыру – сүзгі­леу коэффициенті k 0,5-тен 80 м/тәулікке дейін бола­тын құмды топырақтарда, k  0, 2 м/сут және ылғал­дылық дәрежесі Sr 0,7 болатын шөкпелі топырақ­тарда;

цементтендіру – меншікті сусіңіргіштігі кемінде 0,01 л/мин болатын жарықшақты тасты топырақтар­да; k  40 м/тәулік болғандағы ірісынықты топырақ­тарда, сондай-ақ карстты қатпарларды толтыру және карстталған жыныстарды бекіту үшін.

16.4. Бұрғылай араластыру тәсілін сүзгілеу коэффициентінен байланыссыз түрде лайларды (сонымен қатар аққыштық көрсеткіші JL  0,5 болатын балшықтар мен саздақтар қабаттары немесе орташа тығыздықты және бос құмды қабаттары бар), сондай-ақ I типті топырақ күйлеріндегі илемділік саны 0,02-ден 0,15-ке дейін болатын шөкпелі сары топырақ­тарды бекіту үшін қолдану керек.

Ескерту. Топырақтарды бекітуге бұрғылай араласты­ру тәсілін III дәрежелі ғимараттар мен имараттар үшін қолдануға болады.

16.5. Термиялық тәсілді ылғалдылық дәрежесі Sr 0,5 болатын шөкпелі сары топырақтарды бекіту үшін қолдану керек.

16.6. Силикаттандыру және шайырландыру үшін бекітушілер ретінде – натрий силикатының су ерітіндісі, карбамидті және басқа синтетикалық шайырларды, қатырушылар ретінде – органикалық немесе неорганикалық қышқылдарды мен тұздарды, сондай-ақ газдарды қолданады. Гельдің пайда болуы құбылысын немесе бекітілген топырақты алдын-ала өңдеу үшін құрамтізімді қоспалар қолда­нылады.

16.7. Топырақтарды цементтендіру үшін це­менттендіретін ерітінділерді (цементті, цементті-құм­ды, цементті-балшықты, цементті-құмды-балшық­ты және басқа), сондай-ақ қажет болғанда химиялық қоспалары бар кеуектелген және көбіктелген ерітін­ділерді қолдану керек.

Жемірлі жерасты сулары бар болғанда оларға байланысты шыдамды цементтерді қолдану керек.

16.8. Топырақтарды бекітудің бұрғылай аралас­тыру және егу тәсілдеріне арналған ерітінділердің құрамтізімі және бекітілген топырақтардың физика-механикалық сипаттамалары тәжірибе және дала жағдайларында оларды бекіту нәтижелері бойынша анықталуы қажет.

16.9. Бекітілген сілемдердің пішіні мен өлшем­дері, сондай-ақ бекітілген топырақтардың физика-механикалық сипаттамаларын алаңшаның инженер­лік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары­на, қабылданған тәсілге және топырақтарды бекіту бойынша технологиялық жұмыстарға, сондай-ақ бекітілген сілемнің қоршаған топырақтарымен өзара әсерлесулерін ескере отырып 2-бөлімнің талаптары­на сәйкес негіз есебіне байланысты анықтау керек.

Негізде ерекше қасиетті (мысалы, шөкпелі) топырақтар бар болатын болса, онда оған қосымша осы нормалардың сәйкес келетін бөлімдерінің талап­тарын ескеру керек.

16.10. Диаметрі 0,6 м-ден 1,0 м-ге дейін болатын бекітілген жеке сілемдермен, сонымен бірге лайлыцементті қадалармен күшейтілген негіздер ҚНжЕ 5.01-03-2002-нің талаптарына сәйкес жоба­лануы қажет.

16.11. Еккіштер мен ұңғымалардың орналасуы және кіру тәртібі талап етілетін пішіндегі және өлшем­дегі бекітілген сілемдердің жасалуын қамтамасыз ету қажет.

Бекітілген сілемнің жасалу тәртібі тұрғызылып жатқан немесе қазіргі бар имараттың бірқалыпсыз шөгуін тудыратын мүмкіндігін жою қажет.

16.12. Жобада жұмыс өндірісінің бастапқы ке­зеңінде бекітілген топырақтың физикалық параметр­лерінің жобалыққа сәйкес келетін бағасы бойынша бақылау жұмыстарын қарастыру керек.

16.13. Топырақтарды егу тәсілдерімен бекіткен кездегі ендірудің шектік қысымы бекітілетін топырақ­тың тұтастығының ажырау мүмкіндігін болдырмайтын шартқа байланысты тағайындалуы қажет.

16.14. Бұрғылайтын және егетін жабдықтардың саны мен түрі жобалық қысымдағы, егілетін ерітінді­лер шығынында және берілген уақытта жұмыстарды орындаған кезде тағайындалуы қажет.