Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Топырақ сипаттамаларының нормативтік және есептік мәндері

2.10. Негіздің көтергіштік қабілетін анықтайтын топырақтардың механикалық қасиеттерінің негізгі параметрлері ретінде топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамалары (ішкі үйкеліс бұры­шы , меншікті ілінісу с, топырақтардың деформация модулі Е, тасты топырақтарды біростік сығуына беріктік шегі Rc және т.с.с.) болып табылады. Негіз топырағымен іргетастың өзара әсерлесуін және сынау жолымен орналастырған (тоңданған кезіндегі ісінудің меншікті күші, негіздің қатаңдық коэффи­циенттері және т.с.с.) басқа параметрлерді қолда­нуға болады.

Ескерту. Әрі қарай, арнайы айтылған жағдайларды есептемегенде, «топырақ сипаттамалары» термині мағына­сында тек ғана механикалық емес, топырақтардың физика­лық сипаттамалары да, сондай-ақ осы тармақта ескерілген параметрлер де кіреді.

2.11. Табиғи жатқан, сондай-ақ өзгеріске ұшыра­ған топырақтар сипаттамалары, қағида бойынша, ғимаратты пайдалану және құрылыс барысында топырақ ылғалдылығының өзгеру мүмкіндігін ескер­гендегі далалық немесе зертханалық жағдайларда оларды тікелей сынау негізінде анықталуы қажет.

2.12. Топырақ сипаттамаларының нормативті және есепті шамалары, МСТ 20522-96-да көрсетілген әдістеме бойынша алынған сынақ нәтижелерін стати­калық тексеріс негізінде анықталады.

2.13. Негіздің барлық есептерін төмендегі фор­мула бойынша анықталатын топырақ сипаттама­ларының есептік шамаларын Х қолдана отырып орындау қажет:

Х=Хn/g (1)

мұнда Хn – берілген сипаттаманың нормативтік шамасы;

g – топырақ бойынша сенімділік коэффициенті.

Топырақ бойынша сенімділік коэффициенті g беріктік сипаттамалардың (меншікті ілінісу с, тасты емес топырақтардың ішкі үйкеліс бұрышы және тасты топырақтардың біростік сығуына беріктік шегі

_____________

1 Бұл жерде және әрі қарай ғимараттар мен имарат­тардың жауапкершілік дәрежесі ҚР Құрылыс істері жөнінде­гі Уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген «Құрылым­дарды жобалау кезінде ғимараттар мен имараттардың жауапкершілік дәрежелерін есепке алу» (ҚР ҚНжЕ 2.01-07-85*-тің 7-қосымшасына сәйкес қабылданған).

Rc, сондай-ақ топырақ тығыздығы ) есептік мәндерін есептеу кезінде, осы сипаттамалардың анықтау са­нының және сену ықтималдылық шамаларының өзгергіштігіне байланысты анықталады. Топырақтың басқа сипаттамалары үшін g =1 деп қабылдауға болады.

Ескерту. Топырақтың меншікті салмағының есептік мәні топырақ тығыздығының мәнін еркін түсу үдеуіне көбейту арқылы анықталады.

2.14. Топырақ сипаттамаларының есептік мән­дерінің сенімділік ықтималдылығы негізді есептеу кезінде көтергіштік қабілеті бойынша  = 0,95, ал де­формациялар бойынша  = 0,85 болып алынады.

Көпір бағандарының негізін және үйінді астын­дағы құбырларды есептеу үшін сену ықтималдылығы  12.4-тармағының талаптарына сәйкес алынады. I дәрежелі ғимараттар мен имараттар үшін сәйкес келе­тін негіздемесі бар болған жағдайда, топырақ сипат­тамаларының есептік мәндерінің 0,99-дан ас­пайтын үлкен сену ықтималдылығын алуға болады.

Ескертулер:

1. Сену ықтималдылығының әр түрлі мәндеріне сәйкес келетін топырақ сипаттамаларының есептік мәндері инженерлік-геологиялық ізденістер жөнін­дегі есепнама­ларын­да көрсетілуі қажет.

2. Топырақ сипаттамаларының есептік мәндері с,  жә­не  көтергіштік қабілеті бойынша есептері үшін сI, I и I, ал деформация бойынша сII, II және II болып белгіленеді.

2.15. Топырақ сипаттамаларының нормативтік және есептік шамаларын есептеуге қажет болатын анықтау саны негіз топырағының біртексіздік дәреже­сіне, ғимараттар мен имараттар тобын және сипатта­латын талап етілетін есептеу дәлдігіне байланысты анықталуы және зерттеу бағдарламасында көрсеті­луі қажет.

Алаңшадағы әрбір инженерлік-геологиялық элементтеріне бөлінетін біратаулы және анықтаулар саны алтыдан артық болмауы қажет. Дала жағ­дайында штамппен топырақтарды сынау нәтижеле­ріне байланысты деформация модулін анықтау кезінде үш сынақтың (немесе екі, егер олар ор­ташасынан 25%-дан аспайтындай ауытқитын болса) нәтижелерімен шектелуге болады.

2.16. Негіздің алдын-алынатын есептері үшін, сондай-ақ II-ші және III-ші дәрежелі ғимараттар мен имараттар негіздерінің және электрберілістер мен байланыстардың әуелік желілер бағандарының дәре­желеріне тәуелсіз түрдегі нақты есептері үшін физикалық параметрлері бойынша беріктік пен де­формациялық сипаттамаларының нормативтік және есептік мәндерін анықтауға болады.

Ескертулер:

1. Iшкі үйкеліс бұрышының n, меншікті ілінісуінің сn және деформация модулінің Е нормативтік мәндерін ұсынылатын 1-қосымшаның 1-3-кестелері бойын­ша алуға болады. Бұл жағдайда сипаттамалардың есептік мәндері топырақ бойынша сенімділік коэффициентінің келесі мәндеріне байланысты алынады:

деформациялары бойынша негіз есептерінде g = 1;

көтергіштік қабілеті бойынша негіз есептерінде:

меншікті ілінісу үшін g© = 1,5;

құмды топырақтардың ішкі үйкеліс

бұрышы үшінg()= 1,1;

бұл да, шаңды-балшықты g() = 1,15.

2. Жеке аудандар үшін ұсынылатын 1-қосымшадағы кестелердің орнына сол аудандарға сәйкес келетін ҚР Құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органымен келілісілген топырақ сипаттамаларының кестелерін қолда­нуға болады.