Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Негіздің деформациялар жөніндегі есебі

2.34. Негіздің деформациялары жөніндегі есебі­нің мақсаты іргетастар мен іргетас үстіндегі құры­лымдардың абсолютті немесе салыстырмалы орын ауыстыруын имаратты қалыпты пайдалануына кепіл­дік беретіндей және оның шыдамдылығы (жол беріл­мейтін шөгулердің, көтерілулердің, крендердің пайда болуының, жобалық деңгейлер өзгеруінің және құры­лымдар күйінің, олардың қосылыстары өзгеруінің және т.с.с. салдарынан) төмендемейтіндей шектер­мен шектеу болып табылады. Бұл орайда іргетастар мен іргетас үстіндегі құрылымдардың беріктігі мен жарықшақтарға төзімділігі имарат негізімен әсерлесуі кезінде пайда болатын күштеулерді ескеретін есептермен тексерілгендігі еске алынады.

Ескерту. Тұрған имараттарға өте жақын орналасқан имараттарды жобалау кезінде тұрған ғимарат негіздеріне жобаланып жатқан ғимараттар жүктемелерінен түсетін қосымша деформацияларды ескеру қажет.

2.35*. Негізгі деформациялары мыналарға бө­лінеді:

шөгулер – сыртқы күштер әсерінен және жеке жағдайларда топырақ құрылымының түпкілікті өзгері­сі болмайтын оның өз салмағынан топырақтың ты­ғыздалуы нәтижесінен пайда болатын деформа­циялар;

шөкпелер – тығыздалу және, қағида бойынша, сытқы күштер мен топырақтың өз салмағы сияқты, қосымша факторлар, мысалы, шөгетін топырақтарды сулау, тоңданған топырақтардағы мұз қабатшалары­ның еруі және т.с.с. әсерлерінен топырақ құрылымы­ның түпкілікті өзгерісі нәтижесінен пайда болатын деформациялар;

көтерілулер мен шөкпелер – топырақ ылғалды­лығының өзгеруі немесе химиялық заттардың әсер­лері (ісіну және ширау) кезіндегі және топырақ кеуек­теріндегі сулардың тоңазуы мен мұздардың еруі (аяздан ісуі және топырақтың еруі) кезіндегі кейбір топырақтар көлемінің өзгеруіне байланысты дефор­мациялар;

отырулар – пайдалы қазбаларды өңдеуінен, гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруінен, жерас­ты су деңгейінің төмендеуінен, карстты-суффозия­лық құбылыстардан және т.с.с. пайда болатын жер бетінің деформациялары;

горизонталь орын ауыстырулар – негізге гори­зонталь жүктемелердің әсерлерінен (кергіш жүйе іргетастары, тіреуіш қабырғалар және т.б.) немесе топырақтың өз салмағынан шөгуі, отыруы кезіндегі бетінің біршама вертикаль орын ауыстыруларына байланысты деформациялар;

ойылымдар – карст қабаттарының немесе тау қазбаларының үстіне топырақ қабатының құлауы нәтижесінен пайда болатын топырақ тұтастығы бұ­зылған жер бетінің деформациялары.

2.36. Негіз деформациялары пайда болу себебіне қарай екі түрге бөлінеді:

бірінші – сыртқы жүктемелерден (шөгулер, шөк­пелер, горизонталь орын ауыстырулар) негізге бері­летін деформациялар;

екінші – негізге берілетін сыртқы жүктемелерге байланысы жоқ және негіз бетінің горизонтал және вертикаль орын ауыстырулары (отырулар, топырақ­тың өз салмағынан шөгуі, көтерілулер және т.с.с.) түрінде пайда болатын деформациялар.

2.37. Негіздің деформациялары бойынша есебі имарат пен негіздің бірігіп жұмыс істеу шарттарына қарай орындалуы қажет.

Негіз деформацияларын 2.5 т.-да көрсетілген жағ­дайларда имарат пен негіздің бірігіп жұмыс істеуін ескермей-ақ анықтауға болады.

2.38.Имарат пен негіздің біріккен деформацияла­ры былай сипатталуы мүмкін:

жеке іргетастың абсолютті негіз шөгуі s;

имарат негізінің орташа шөгуі ;

екі іргетас шөгуінің салыстырмалы теңтаралым­сыздығы s/L;

іргетас (имарат) қисаюы i;

салыстырмалы майысу немесе иілуі f/L;

имараттың иілу орнының қисықтығы p;

имаратты бұруының салыстырмалы бұрышы ;

іргетастың (имараттың) горизонталь орын ауыс­тыруы u.

Ескерту. Деформациялардың тура осындай сипаттам­лары 2.35 т.-да көрсетілген басқа деформациялар үшін де қойылуы мүмкін.

2.39. Негіздің деформациялары бойынша есебі мына шартқа байланысты орындалады:

s su (5)

мұнда s – міндетті 2-қосымша нұсқауларына сәй­кес есеппен анықталатын имарат пен негіздің бірігу деформациясы;

su – 2.51-2.55 т.т. нұсқауларына сәйкес тағайын­далатын имарат пен негіздің бірігу деформацияла­рының шектік шамасы.

Ескертулер:

1. Қажетті жағдайларда имарат құрылым­дарының кернеулі-деформациялық күйін ұзақ құбылыстары мен негіз нығаюсының уақыт болжамын ескере отырып, бағалау үшін уақыт аралығындағы шөгулер есебін орындау қажет.

2. Құрылыс барысында болатын негіз шөгулерін (мыса­лы, іргетастарды орналастырмастан бұрын төсемдер сал­мағынан пайда болатын шөгулерді, құрылыс құрылымдары­ның түйістерін тұтасқұймалағанға дейінгі шөгулерді), егер олар ғимаратты пайдалану жарамдылығына әсерін тигіз­бейтін болса ескермеуге болады.

3. Негіздің деформациялары бойынша есебі кезінде 2.67-2.71 т.т.-да көрсетілген шараларды қолдану есебінен негіз деформацияларының есептік мәндері сияқты шектік шамаларының өзгеру мүмкіндігін де ескеру қажет.

2.40. Имарат пен негіздің бірігу деформацияла­рын анықтау үшін қолданылатын негіздің есептік сұлбасы 2.4 т. нұсқауларына сәйкес таңдалуы қажет.

Негіз деформацияларының есебін, қағида бо­йынша, негіздің есептік сұлбасын мына түрінде қолдана отырып орындау қажет:

сығылатын қатқабаттың Hc тереңдігін шартты түрде шектей отырып (міндетті 2-қосымшаның 6-т.) сызықты деформациялы жартылай кеңістік;

сызықты деформациялы қабат, егер:

а) төмендегі шартты қанағаттандыратын қалың­дығы h1 және деформация модулі E1  100 МПа (1000 кгс/см2) болатын топырақ қабатында жататын, сы­зықты деформациялы жартылай кеңістік ретінде анықталатын негіздің сығылатын қатқабат Hc шегінде былай болса:

(6)

мұнда Е2 – деформация модулі Е1 болатын то­пырақ қабатында жататын топырақтың деформация модулі;

б) іргетас ені (диаметрі) b  10 м және негіз топырақтарының деформация модулі E  10 МПа (100 кгс/см2) болса.

Сызықты деформациялы қабаттың қалыңдығы H «а» жағдайында аз сығылатын топырақтың жабынына дейін қабылданады, ал «б» жағдайында міндетті 2-қосымшадағы 8-тармақшаның нұсқаула­ рына сәйкес есептелінеді.

Ескерту. Сызықты деформациялы қабаттың сұлба­сын қосқан қалыңдықтары 0,2 H-тан аспайтын, деформа­ция модулі E  10 МПа (100 кгс/см2) болатын топырақ қабатының сығылатын қатқабат шегінде болатын ені b  10 м іргетастары үшін қолдануға болады.

2.41. 2.40-тармағында көрсетілген есептік сұл­баларды қолданғандағы негіз деформацияларын есептеу кезінде іргетас астындағы орташа қысым р төмендегі формула бойынша анықталатын негіз топырағының есептік кедергісінен R, кПа (тс/м2) аспауы қажет:

(7)

мұнда с1 және с2 – 3-кесте бойынша алынатын жұмыс шарты коэффициенттері;

k – егер топырақтың беріктік сипаттамалары ( және с) тікелей сынақтармен анықталған болса, онда k1=1, ал егер олар ұсынылатын 1-қосымшаның 1-3-кестелері бойынша қабылданатын болса, онда k1=1,1 болып қабылданатын коэффициент;

М , Мq , Mc – 4-кесте бойынша қабылданатын коэффициент;

kzb  10 м болғанда kz=1, ал b  10 м болғанда kz=z0 /b+0,2 (мұнда z0=8 м) болып қабылданатын коэффициент;

b – іргетас табанының ені, м;

II – іргетас табанынан төмен жататын топырақ­тардың меншікті салмағының орташаланған есептік шамасы (жерасты сулары бар болғанда судың келтірілетін әсері ескеріле отырып, кН/м3 (тс/м3);

/II – сондай, бірақ табанынан жоғары жатқан;

сII – тікелей іргетас табанының астында жататын топырақтың меншікті ілінісуінің есептік мәні, кПа (тс/м2);

d1 – төмендегі формула бойынша анықталатын жобалау деңгейінен бастап алғандағы үйасты қаба­тынсыз имараттар іргетастарын орналастыруының тереңдігі немесе үйасты қабаты еденінен бастап алғандағы ішкі немесе сыртқы іргетастарды орна­ластыруының тереңдігі

(8)

мұнда hs –үйасты қабаты жағындағы іргетас та­банынан жоғары жатқан топырақ қабатының қалың­дығы, м;

hcf – үйасты қабаты едені құрылымының қа­лыңдығы, м;

cf – үйасты қабаты едені құрылымының мен­шікті салмағының есептік мәні, кН/м3 (тс/м3);

db – үйасты қабаты тереңдігі, яғни жобалау деңгейінен үйасты қабаты еденіне дейінгі қашықтық, м (ені B  20 м және тереңдігі 2 м-ден артық болатын үйасты қабатты имараттар үшін db = 0, ал үйасты қабаты ені B  20 м болғанда – db = 0 болып алынады).

Ескертулер:

1. 7-формуланы жоспардағы іргетастар­дың кез келген пішіндері болса да алуға болады. Егер іргетас табаны ауданы А болатын шеңбер немесе дұрыс көпбұрыш пішінді болса, онда болып алынады.

2. 7-формулаға кіретін үйасты қабаты еденінің мате­риалы мен топырақтың меншікті салмағының есептік мәндері олардың нормативтік мәндеріне тең етіп алуға болады.

3. Топырақтың есептік кедергісі сәйкес келетін негіз­деме бар болғанда, егер іргетас құрылымы оның негізімен бірігіп жұмыс істеу шартын жақсартса, өсуі мүмкін.

4. Бұрыштары кесілген іргетас тақталары үшін негіз топырағының есептік кедергісін 15 %-ға өсіруге болады.

5. Егер (7)-формулада d1d (d – жобалау деңгейінен бастап алғандағы іргетастың орналасу тереңдігі) болса, онда d1 = d және db = 0 болып алынады.

2.42. Iргетастардың алдын-ала берілетін өл­шемдері құрылымдық шешімдерге байланысты не­месе ұсынылатын 3-қосымшаға сәйкес негіз топырақ­тарынң есептік кедергісі R0 кестелік мәндеріне қарай тағайындалады. Сонымен бірге, егер негіз іргетастың табанынан бастап есептегенде ең үлкен іргетастың екі еніне тең болатын, сығылғыштығы тереңдік ара­лығында өспейтін, қалыңдығы бойынша ұстамды, горизонтал (еңістігі 0,1-ден артық емес) топырақ қа­батымен төселетін болса,онда R0 мәндерін III дәре­желі ғимараттар мен имараттар іргетастарының нақ­ты өлшемдерін тағайындау үшін қолдануға болады.

2.43. Iрі кесекті топырақтардан тұратын негіздің есептік кедергісі R топырақтардың беріктік сипаттам­ларын тікелей анықтау нәтижелері негізінде (7)-фор­мула бойынша есептелінеді.

Егер толтырғыштың үлесі 40%-тен асатын бол­са, онда ірі кесекті топырақтар үшін R мәнін толтыр­ғыштардың сипаттамалары бойынша анықтауға болады.

2.44. Негіз топырақтарының есептік кедергісі R, олардың тығыздалуы немесе топырақ төсемдерін орнатқан жағдайда тығыздалған топырақтардың фи­зика-механикалық сипаттамаларының жобамен бе­ріл­ген шамаларына байланысты анықталуы қажет.

2.45. Негіз топырақтарының есептік кедергісі R, іргетастар үзілмелі болғанда 5-кесте бойынша қа­былданатын kd коэффициентімен R мәнін артты­румен 2.41-2.44 тт. нұсқаулары бойынша таспалы іргетастарға арналғандай анықталады.

3-кесте

Топырақтар

с1 коэффициенті

Имараттың немесе оның бір бөлігінің ұзындығының биіктігі­не қатынасы L/H бол­ғандағы қатаң құры­лымдық сұлбасы бар ғимараттарға арнал­ған коэффициент с2

4 және одан жоғары

1,5 және одан төмен

Шаңды және ұсақтан басқа құмды толтырғы­шы бар ірі кесекті және құмды

1,4

1,2

1,4

Ұсақ құмдар

1,3

1,1

1,3

Шаңды құмдар:

ылғалды және аз ылғалды

сумен қаныққан

1,25

1,1

1,0

1,2

Шаңды-балшықты, сон­дай-ақ топырақтың немесе толтырғыштың аққыштық көрсеткіші IL  0,25 болғандағы шаңды-балшықты толтырғыш бар ірі кесекті

1,25

1,0

1,2

Шаңды-балшықты, сон­дай-ақ топырақтың не­месе толтырғыштың ақ­қыштық көрсеткіші 0,25  IL  0,5 болғандағы шаңды-балшықты тол­тырғышы бар ірі кесекті

1,2

1,0

1,1

Шаңды-балшықты, сон­дай-ақ топырақтың не­месе толтырғыштың ақ­қыштық көрсеткіші IL  0,5 болғандағы шаңды-балшықты толтырғышы бар ірі кесекті

1,0

1,0

1,0

Ескертулер: 1. Қатаң құрылымдық сұлбасы бар имараттарға құрылымдары негіз деформациясынан түскен күштерді қабылдауға, сонымен бірге, 2.70 б т. көрсетілген шаралар арқылы, арнайы бейімделген ғимараттар жатады.

2. Иілімді құрылымдық сұлбасы бар имараттар үшін с2 коэффициенті бірге тең етіп алынады.

3. L/H -тың арасындағы мәндері кезінде с2 коэф­фициенті интерполяция арқылы анықталады.

4-кесте

Iшкі үйкеліс бұрышы II, град.

Коэффициент­тер

Iшкі үйкеліс бұрышы II, град.

Коэффициент­тер

Мg

Mq

Мc

Мg

Mq

Мc

0

0

1,00

3,14

23

0,69

3,65

6,24

1

0,01

1,06

3,23

24

0,72

3,87

6,45

2

0,03

1,12

3,32

25

0,78

4,11

6,67

3

0,04

1,18

3,41

26

0,84

4,37

6,90

4

0,06

1,25

3,51

27

0,91

4,64

7,14

5

0,08

1,32

3,61

28

0,98

4,93

7,40

6

0,10

1,39

3,71

29

1,06

5,25

7,67

7

0,12

1,47

3,82

30

1,15

5,59

7,95

8

0,14

1,55

3,93

31

1,24

5,95

8,24

9

0,16

1,64

4,05

32

1,34

6,34

8,55

10

0,18

1,73

4,17

33

1,44

6,76

8,88

11

0,21

1,83

4,29

34

1,55

7,22

9,22

12

0,23

1,94

4,42

35

1,68

7,71

9,58

13

0,26

2,05

4,55

36

1,81

8,24

9,97

14

0,29

2,17

4,69

37

1,95

8,81

10,37

15

0,32

2,30

4,84

38

2,11

9,44

10,80

16

0,36

2,43

4,99

39

2,28

10,11

11,25

17

0,39

2,57

5,15

40

2,46

10,85

11,73

18

0,43

2,73

5,31

41

2,66

11,64

12,24

19

0,47

2,89

5,48

42

2,88

12,51

12,79

20

0,51

3,06

5,66

43

3,12

13,46

13,37

21

0,56

3,24

5,84

44

3,38

14,50

13,98

22

0,61

3,44

6,04

45

3,66

15,64

14,64

5-кесте

Iргетас тақталарының түрлері

Кеуектілік коэффициенті е және аққыштық көрсеткіші IL болғандағы құмды және шаңды-балшықты (бос топырақтардан баска) топырақтарына арналған kd коэффициенттерінің мәндері

e  0,5; IL 0

e = 0,6; IL = 0,25

e  0,7; IL 0,5

Тікбұрышты

1,3

1,15

1,0

Бұрыштары кесілген

1,3

1,15

1,15

Ескертулер:

1. IL мен е-нің арасындағы мәндері болғанда kd коэффициенті интерполяция арқылы алынады.

2. Бұрыштары кесілген тақталар үшін kd коэффициенті 2.41 т. 4-ескертуге сәйкес R-дің өсуін ескереді.

2.46. Қазіргі бар имараттардың негізіне түсетін жүктемелер артып кеткен кезде (мысалы, қайта құ­рылымдап жатқанда) негіз топырақтарының есептік кедергісі имараттардың іргетастары мен іргетас үс­тіндегі құрылымдардың түрлері мен күйлерін ескер­гендегі олардың физика-механикалық қасиеттері, оларды пайдалану ұзақтығы, іргетастарға түсетін жүктемелердің өсуі кезіндегі күтілетін қосымша шөгу­лер және олардың жанасатын имараттарға тигізетін әсерлері туралы деректеріне сәйкес қабылдануы қажет.

2.47. (7)-формула бойынша есептелінген негіз топырағының есептік кедергісі, егер негіздің есептік деформациялары (қысым бар болғанда R-ге тең) шектік мәндердің 40 %-тен аспайтын болса (2.51-2.55), R 1,2 есе өсуі мүмкін. Бұл орайда көтерілген қысым шектің 50 %-тен асатын негіз деформациясын болдырмауы және 2.57-2.65-тармақтарының талап­тарына сәйкес негіздің көтергіштік қабілеті бойынша есебінің шартына байланысты қысым мәнінен артық болмауы қажет.

2.48. Негіздің сығылатын қабат аралығында ірге­тас табанын z тереңдігінде жоғары жатқан қабат то­пырағының беріктігімен салыстырғанда төмен берік­тікті топырақ қабаты табылған жағдайда, іргетас өл­шемдерін төмендегі шартты қанағаттандыратындай етіп тағайындау қажет

szp + szgRz, (9)

мұнда szp және szg – іргетас табанынан z терең­дігіндегі жатқан тиісінше қосымша жүктемелерден іргетасқа және топырақтың өз салмағынан топырақ­тағы вертикал кернеулер, кПа (тс/м2);

Rz – ені bz болатын шартты іргетасқа арналған, (7)-формула бойынша есептелінген, z тереңдігінде жатқан беріктігі төмендеу топырақтың есептік кедергісі, кНа (тс/м2);

Бұл жерде:

, (10)

мұнда Az = N/zp; a=(l - b)/2,

мұндағы N – іргетастан негізге түсетін верти­каль жүк;

l және b – іргетастың тиісінше ұзындығы мен ені.

2.49. Ортадан тыс жүктелген іргетас табанының шетіндегі топыраққа түсетін қысым (негіздің дефор­мациялары бойынша есебі үшін қабылданатын жүк түскендегі қысымның сызықты таралу сөйлемінде есептелген іргетас табанының астындағы), қағида бойынша, топыраққа іргетасты тереңдетуін және ір­гетас үстіндегі құрылымдардың қатаңдығын ескере отырып анықтау қажет. Iргетастың әрбір осі бойымен июші момент әсер еткендегі шеттік қысым 1,2R-ден және бұрыштық нүктелерде 1,5R-ден (мұнда R - 2.41-2.48 т.т. талаптарына сәйкес анықталатын негіз топырағының есептік кедергісі) артық болмауы қажет.

Ескерту: Центрден тыс жүктемелерге көпір іргетас­тарының негіздерін есептегенде көпірлер мен құбырларды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің талаптарын басшылыққа алу қажет.

2.50. Жеке іргетастардың немесе имараттардың крені жалпы түрде іргетас табанының деңгейіндегі моментін, көрші іргетастардың әсерлерін, жақын жат­қан алаңшаларға түсетін жүктемелерін және сығыла­тын негіз бірқалыпсыздығын ескере отырып есепте­луі қажет.

Iргетас қисаюларын анықтау кезінде, әсіресе, қағида бойынша, іргетас тереңделуін, іргетас үстін­дегі құрылымдардың қатаңдығын, сондай-ақ іргетас (имарат) көлбеулігінен жүктеме эксцентриситеттері­нің өсу мүмкіндігін ескеру қажет.

2.51. Имарат пен негіздің бірігу деформацияла­рының шектік шамалары төмендегілерді сақтау қа­жеттілігіне қарай анықталады:

а) имарат деформацияларына (жобалық деңгей­лердің және ғимарат жалпы тұрысының, олардың жеке элементтерінің және лифтілердің, кран жабдық­тарының, элеваторлардың көтеруші құрылғылары­ның және т.с.с. дұрыс жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды қоса алғандағы жабдықтарының өзгеруі) қойылатын технологиялық немесе сәулеттік талап­тар - su,s;

б) имараттың жалпы орнықтылығын қоса алғандағы құрылымдардың беріктігіне, орнықтылы­ғына және жарықшаққа төзімділігіне қойылатын та­лаптар - su,f.

2.52. Технологиялық немесе сәулеттік талаптар бойынша негізбен имараттың біріккен деформация­ларының шектік мәндері su,s ғимараттар мен имарат­тарды жобалау нормаларына, жабдықтарды техника­лық пайдалану ережелеріне немесе қажетті жағдай­ларда жабдықтарды пайдалану барысында оларды түзетуін ескергендегі жобалау тапсырмасына сәйкес анықталуы қажет.

ssu,s шартының сақталуын тексеру, имарат құрылымдарын беріктігі, орнықтылығы мен жарық­шаққа төзімділігі бойынша сәйкес келетін есептері­нен кейін имараттың негізімен өзара әсерлесу есеп­терінің құрамында типтік және жеке жобаларды жа­сау кезінде орындалады.

2.53. Құрылымдардың беріктік, орнықтылық жә­не жарықшаққа төзімділік шарты бойынша негізбен имараттың біріккен деформацияларының шектік мәндері su,,f имараттың негізімен өзара әсерлесу есебінің негізінде жобалау барысында анықталуы қажет.

su,,f мәнін өте қатаң және берік ғимараттар (мысалы, мұнара типті ғимараттар, домна), сондай-ақ негіздердің бірқалыпсыз шөгуінен құрылымдарда күштер пайда болмайтын имараттар үшін анықта­мауға болады.

2.54. su,s және su,f мәндерінің негізінде ғимарат­тардың типтік жобаларын жасау барысында, қағида бойынша, жергілікті топырақ шарттарына оларды байлау кезіндегі негіздің деформациялары бойынша есебін ықшамдайтын, осы жобаларды пайдалануға болатындығының келесі өлшемдерін анықтау қажет:

а) имарат жоспары ішіндегі орташа деформация модулінің немесе негіздің орташа шөгуінің әр түрлі мәндеріне сәйкес келетін негіз топырақтары сығылғыштығының өзгергіштік дәрежесінің шектік мәндері Е;

б) имараттың нөлдік қатаңдығына сәйкес келетін негіз деформацияларының шектік бірқалыпсыздығы ;

в) топырақ құрамының қарапайым сипаттамала­рының көрсетілген тізімі, сондай-ақ қатпарлану сипа­ты бар болса, онда негіздің деформациялары бойын­ша есебін орындау талап етілмейді.

Ескертулер:

1. Негіз сығылғыштығының өзгергіштік дәрежесі Е имарат жоспарының ішіндегі негіз топырақта­рының терең­дігі бойынша келтірілген деформация модулі­нің ең үлкен мәнінің ең кіші мәніне қатынасымен анық­талады.

2. Имарат жоспарының ішіндегі негіз топырақтарының деформация модулінің орташа шамасы орташа кел­тірілген ретінде (имарат жоспарының ішіндегі тереңдігі бойынша топырақ сығылғыштығының өзгеруін ескере отырып) анықталады.

2.55. Егер имараттың құрылымдары негізімен өзара әсерлескенде оның ішінде пайда болатын күштерге есептелмеген болса және жобалау тап­сырмасында su,s мәндері (2.51, 2.52 т.т.) анықтал­маған болса, онда негіз деформацияларының шектік мәндерін ұсынылатын 4-ші қосымшаға сәйкес алуға болады.

2.56. Егер жобаланып жатқан имарат табанының астындағы орташа қысым негіз топырақтарының есеп­тік кедергісінен (2.41-2.48 т.т.) аспайтын болса және төмендегі шарттардың бірі орындалатын болса, негіз деформацияларының есебін орындамауға болады:

а) 2.54 а тармақшасы бойынша негіз сығыл­ғыштығының өзгергіштік дәрежесі шектіден кіші;

б) құрылыс алаңшасының инженерлік-геология­лық жағдайлары типтік жобаның қолдану аумағына (2.54 б тармақшасына қараңыз) сәйкес келеді;

в) 6-кестеде келтірілген ғимарат құрылысы алаңшасының топырақ шарттары сол кестеде көрсе­тілген нұсқалардың біріне қатысты.

6-кесте

Имараттар

Топырақ шарттарының нұсқалары

1. Өндірістік ғимараттар

Көтеруші құрылымдары бар бір қабатты, бірқалып­сыз шөгулерді аз сезетін (мысалы, фермалар, бе­ларқалар топсалы тірел­гендегі жеке іргетастарда­ғы болатты немесе темір­бетонды қаңқа) және жүккөтергіштігі 50 т және одан дейінгі болатын көпірлі краны бар

Ұстындар торы 6х9 м-ден артық болмайтын қабат саны 6 және оған дейінгі көп қабатты

2. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар

Толығымен қаңқалы, ауытқуы жоқ және көтеру­ші қабырғалары кірпіштен, панельден немесе ірі блоктардан тұратын жос­пардағы пішіні тік­бұрышты:

а) биіктігі 9 қабат және оған дейінгі созылған көп­секциялы;

б) биіктігі 14 қабат және оған дейінгі мұнара типті блокталмаған

1. Толтырғыш үлесі 40 %-дан төмен болатын ірі кесекті топырақтар

2. Шаңды, тығыз және тығыз­дығы орташадан басқа кез-келген іріліктегі құмдар

3. Тек ғана тығыз болатын кез-келген іріліктегі құмдар

4. Кеуектілік коэффициенті е  0,65 болатын тек ғана орташа тығыздықты кез-кел­ген іріліктегі құмдар

5. е  0,65 болатын құмдақ­тар, е  0,85 болатын саздақ­тар және е  0,95 болатын балшықтар, егер алаңшада­ғы осы топырақтардың кеуектілік коэффи-циентінің өзгеру диапазоны 0,2-ден аспайтын болса

6. Шаңдыдан басқа, олардың қай жерде жатқанына байла­ныссыз е  0,5 және IL  0,5 болатын теңізден шыққан шаңды-балшықты топырақ­тарымен қосылған е  0,7 болатын құмдар

Ескертулер:

1. 6-кестені көтеруші құрылымдар ас­тындағы жеке іргетастардың ауданы екі еседен көп айыр­машылық бермейтін ғимараттар үшін, сондай-ақ құрылым­дары мен жүктемелері тура сондай, бірақ арналуы басқаша имараттар үшін қолдануға болады.

2. 6-кесте, еденіне түсетін жүктемелері 20 кПа-дан (2 тс/м2) артық болатын өндірістік ғимараттарға қатысы жоқ.