Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Iсінетін топырақтардан тұратын негіз деформацияларын анықтау

18. Топырақ ісінген кездегі негіздің көтерілуі hsw мына формула бойынша анықталады

, (18)

мұнда sw,I – 19-тармақтың нұсқауларына сәй­кес анықталатын i-қабаты топырағының салыстыр­малы ісінуі;

hi – топырақтың i-қабатының қалыңдығы;

ksw,i – 20-тармақтың нұсқауларына сәйкес анық­талатын коэффициент;

n – топырақтың ісіну аймағы бөлінген қабаттар саны.

19. Топырақтың салыстырмалы ісінуі sw мына формулалар бойынша анықталады:

ылғал сіңсе

, (19)

мұнда hn – қарастырылып жатқан тереңдіктегі вертикаль қосынды кернеуіне z,tot (z,tot шамасы 21- тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталады) тең р қысымымен бүйір ұлғаюының мүмкіндігінсіз қысыл­ған табиғи ылғалдылық пен тығыздықтағы үлгі биіктігі;

hsat – суға толық қаныққанға дейін сулағаннан кейін тура сондай жағдайларда қысылған сол үлгінің биіктігі;

жер бетін қалқандағанда және сулы-жылулы режимі өзгергенде:

, (20)

мұнда k – сынау арқылы анықталатын коэффи­циент (сынау деректері жоқ болғанда k = 2 болып қабылданады);

weq – топырақтың нақты (тұрақталған) ылғал­дылығы;

w0 және e0 – тиісінше топырақ ылғалдылығының бастапқы мәндері және топырақтың кеуектілік коэф­фициенті.

20. (18)-формулаға кіретін ksw коэффициенті қарастырылып жатқан тереңдіктегі вертикаль қосынды кернеуіне z,tot байланысты z,tot = 50 кПа (0,5 кгс/см2) болғанда 0,8 және z,tot = 300 кПа (3 кгс/см2) болғанда 0,6-ға тең етіп қабылданады, ал z,tot-тің аралығындағы шамалары кезінде интерполя­ция арқылы анықталады.

21. Iргетас табанынан z тереңдігінде жатқан вертикаль қосынды кернеу z,tot (5-сурет) мына формула бойынша анықталады:

, (21)

мұнда zр,zg – тиісінше іргетас жүктемелерінен және топырақтың өз салмағынан болатын вертикал кернеулер;

z,ad – сулану ауданы маңындағы сілемнің ылғалданбайтын бөлігі салмағының әсерінен пайда болатын қосымша вертикал қысым мына формула бойынша анықталады

, (22)

мұнда kg – 6-кесте бойынша анықталатын коэффициент.

6-кесте

Kg коэффициенті

(d + z) / Bw

°зындықтың суланатын аудан еніне қатынасы Lw / Bw болғандағы kg коэффициенті

1

2

3

4

5

0,5

0

0

0

0

0

1

0,58

0,50

0,43

0,36

0,29

2

0,81

0,70

0,61

0,50

0,40

3

0,94

0,82

0,71

0,59

0,47

4

1,02

0,89

0,77

0,64

0,53

5

1,07

0,94

0,82

0,69

0,77

22. Iсіну аймағының төмегі шекарасы Hsw (5-сурет):

а) ылғал сіңгенде, қосымша вертикаль қысым z,tot (21 т.) ісіну қысымына psw тең болған тереңдігінде алынады;

б) жер бетін қалқандағанда және сулы-жылулы режимі өзгергенде – сынақ жолдарымен анықтала­ды (сынақ деректері жоқ болғанда Hsw = 5 м болып алынады).

5-сурет. Топырақ ісінгенде негіз көтерілуінің есебіне арналған сұлба

23. Iсінетін топырақтар кепкен кездегі негіз шөгуі ssh мына формула бойынша анықталады:

, (23)

мұнда sh,i – 24-тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталатын i-қабат топырақтың салыстырмалы сызықтық ширауы;

hi – топырақтың i-қабатының қалыңдығы;

ksh – 1,3-ке тең етіп алынатын коэффициент;

n – 25-тармақтың нұсқауларына сәйкес анықта­латын топырақтың ширау аймағына бөлінген қабат­тар саны.

24. Кепкен топырақтың салыстырмалы сызық­тық ширауы мына формула бойынша анықталады

, (24)

мұнда hn – бүйір ұлғаюы мүмкіндігінсіз топырақ үлгісін вертикал қосынды кернеуімен қысқандағы мүмкін болатын ең үлкен ылғалдылықтағы топырақ үлгісінің биіктігі;

hd – кепкен кездегі ылғалдылығы төмендеген­нен кейінгі үлгінің тура сол жағдайындағы биіктігі.

25. Ширау аймағының төмегі шегарасы Hsh тәжі­рибелік жолмен анықталады, ал сынақ деректері жоқ болғанда 5 м-ге тең етіп алынады.

Технологиялық қондырғылардың жылулық әсерлері нәтижесінде топырақ кепкен кездегі ширау аймағының төмегі шегарасы Hsh сынақ жолдарымен немесе сәйкес келетін есептер арқылы анықталады.