Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Жерасты сулары

2.17. Негізді жобалау кезінде ғимаратты пайда­лану және құрылыс барысында гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеру мүмкіндігі ескерілуі қажет, әсіресе:

қалқымасудың бар болуы немесе оның пайда болу мүмкіндігі;

жерасты су деңгейінің мезгілдік және көпжыл­дық табиғи өзгерістері;

жерасты су деңгейіінің мүмкін болатын техно­генді өзгерісі;

өндірістің технологиялық ерекшеліктерін ескер­гендегі инженерлік ізденістер деректеріне сүйене отырғандағы топырақтардың тоттану белсенділігіне және жерасты құрылымдарының материалдарына қатысты жерасты суларының агрессивтік дәрежесі.

2.18. Құрылыс алаңшасындағы жерасты сула­рының мүмкін болатын өзгеріс бағалауы осы дең­гейдің мезгілдік және көпжылдық табиғи өзгерістерін (2.19 т.), сондай-ақ аумақтың әлеуетті су басу дәре­жесін (2.20 т.) ескере отырып, I және II дәрежелі ғимараттар мен имараттарға арналған инженерлік із­деністер кезінде тиісінше 25 және 15 жыл уақытында орындалуы қажет. III дәрежелі ғимараттар мен имараттар үшін көрсетілген бағалауды орындамауға болады.

2.19. Жерасты су деңгейінің мүмкін болатын мезгілдік және көпжылдық табиғи өзгерістер баға­лауын, қысқа уақыттық бақылау нәтижелерін, соны­мен бірге құрылыс алаңшаларындағы инженерлік ізденістер кезінде орындалатын жерасты су дең­гейлерін бір реттен өлшеулерін пайдалана отырып, ҚР Су ресурстары жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізуі бойынша көпжылдық режимдік бақылаулар деректеріне сүйене отырып орында­лады.

2.20. Аумақтың әлеуетті су басу дәрежесі құры­лыс алаңшасының және оған жақын жатқан аумақ­тардың инженерлік-геологиялық және гидрогеология­лық жағдайларын, жобаланып және пайдаланып жатқан имараттардың, сонымен бірге инженерлік желілердің құрылымдық және технологиялық ерек­шеліктерін ескере отырып бағалануы қажет.

2.21. Жауапты имараттар үшін сәйкес келетін негіздеме бар болғанда, жерасты су режиміне тұрақты бақылауының кем дегенде біржылдық циклі бар арнайы кешендік зерттеулеріне техногенді фак­торларды ескергендегі жерасты су деңгейі өзгеруінің сандық болжамы орындалады. Қажет болған жағ­дайда көрсетілген зерттеулерді орындау үшін іздесті­ру ұйымынан бөлек, бірге орындаушылар ретінде мамандандырылған жобалау немесе ғылыми-зерттеу институттары іске қосылуы қажет.

2.22. Егер болжалынған жерасты су деңгейі ке­зінде (2.18-2.21 тт.) негіз топырақтарының физика-механикалық қасиетінің жол берілмейтін төмендеуі, жағымсыз физика-геологиялық құбылыстардың дамуы, тереңдетілген бөлмелердің қалыпты пайда­лану шарты бұзылуы және т.с.с. мүмкін болатын болса, онда жобада сәйкес келетін қорғау шаралары қарастырылуы қажет, әсіресе:

жерасты құрылымдарының гидрооқшаулағышы;

жерасты су деңгейінің көтерілуін шектейтін, су­тасымалдағыш коммуникациялардан су кетуін бол­дырмайтын және т.с.с. (дренаж, сүзгілеуге қарсы шымылдықтар, коммуникацияларға арналған арнайы каналдардың құрылғылары және т.б.) шаралар;

су басу құбылысының дамуын, сутасымалда­ғыш коммуникациялардан су кетуін дер кезінде жою­ды бақылайтын және т.б. бақылауыш ұңғымалардың тұрақты желілерін орнату.

Көрсетілген шаралардың кешенін немесе бі­реуін таңдау болжанған жерасты су деңгейін, құры­лымдық және технологиялық ерекшеліктерін жобала­нып жатқан имараттың жауапкершілігі мен пайдала­нуының есептік уақытын, судан қорғау шараларының құны мен сенімділігін және т.с.с. ескергендегі тех­ника-экономикалық талдауына сүйене отырып орын­далуы қажет.

2.23. Егер жерасты сулары немесе өнеркәсіптік ағындар тереңдетілген құрылымдар материалдары­на қатысты агрессивті болатын болса, онда тоттану­дан құрылыс құрылымдарын қорғауды жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің талаптарына сәйкес тоттануға қарсы шаралар қарастырылуы қажет.

2.24. Арынды жерасты суларының пьезометри­калық деңгейінен төмен негіздерді, іргетастарды жә­не басқа жерасты құрылымдарын жобалау кезінде жерасты суларының қысымын ескеру және қазан­шұңқырларға жерасты суларының өтіп кетуін, қазан­шұңқыр түбінің ісінуін және имараттардың көтерілуін ескеретін шараларды қарастыру қажет.