Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Негіз топырақтарының шөгуін анықтау

12. Негіз топырақтарының шөгуі ssl үстінен үлкен аудандарды сулау (3.2 және 3.5 тт. қараңыз), сондай-ақ астынан жерасты су деңгейінің көтерілуі салдары­нан оның ылғалдылығы артқан кезде мына формула бойынша анықталады.

, (13)

мұнда sl,i – 13-ші тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталатын топырақтың i-ші қабатының салыстырмалы шөкпелілігі;

hi – i-қабаттың қалыңдығы;

ksl,i – 14-тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталатын коэффициент;

n – 16-тармақтың нұсқауларына сәйкес қабыл­данатын hsl шөгу аймағы бөлінген болатын қабаттар саны.

13. Топырақтың салыстырмалы шөкпелілігі sl бүйірі ұлғаюының мүмкіндігі жоқ топырақ үлгілерін сығуға сынау негізінде мына формула бойынша анықталады:

, (14)

мұнда hn,p және hsat,p- – тиісінше табиғи ылғал­дылықтағы және оның толық сумен қаныққаннан кейінгі (w = wsat) p қысымдағы үлгінің биіктігі. Бұл жерде p қысым сыртқы жүктемелерден және топырақтың өз салмағынан қарастырылып жатқан тереңдіктегі вертикаль кернеуге тең болады. Соны­мен бірге, шөкпенің жоғарғы аймағындағы топырақ­тың шөгуін анықтағанда – p = zp +zg; шөкпенің төменгі аймағындағы топырақтың шөгуін анық­тағанда да тура солай зиянды үйкеліс күштерінен болатын қосымша жүктемелерге ескеріледі (3.4 және 3.8 т.т. қараңыз).

hn,g – табиғи ылғалдылығы p = zg болғандағы тура сол үлгінің биіктігі.

Топырақтың салыстырмалы шөкпелілігі оның сумен толық қаныққан кезде (wsl = w < wsat) - /sl мына формула бойынша анықталады:

, (15)

мұнда w – топырақтың ылғалдылығы;

wsat – топырақтың сумен толық қаныққанды­ғына сәйкес келетін ылғалдылық;

wsl – бастапқы шөкпелік ылғалдылық (3.3 т.);

sl – (14)-формула бойынша анықталатын сумен толық қаныққан топырақтың салыстырмалы шөкпелілігі.

14*. (13)-формулаға кіретін ksl,i коэффициенті:

b = 12 м болғанда – шөгу аймағы аралығын­дағы топырақтың барлық қабаттары үшін 1-ге тең етіп қабылданады;

b = 3 м болғанда – мына формула бойынша есептелінеді:

, (16)

мұнда р – іргетас табанының астындағы орта­ша қысым, кПа (кгс/см2);

psl,I – 15-тармақтың нұсқауларына сәйкес анық­талатын i-қабаттың бастапқы шөкпелі қысымы, кПа (кгс/см2);

р0 – 100 кПа (1 кгс/см2) -ге тең болатын қысым;

3 м < b < 12 м болғанда – b = 3 м және b = 12 м болған кезде алынған ksl,i мәндерінің аралығында интерполяция арқылы анықталады.

Топырақтардың өз салмағынан шөккенін анық­тағанда Hsl = 15 м болғанда ksl = 1 және Hsl  20 м болғанда ksl = 1,25 етіп қабылдау керек, ал Нsl аралығындағы мәндері кезінде ksl коэффициенті интерполяция арқылы анықталады.

15. Бастапқы шөкпелі қысым psl ретінде мына­ларға сәйкес келетін қысым алынады:

топырақтарды сығымдағыш құралдарда зертха­налық сынауы кезінде – салыстырмалы шөкпелілік sl 0,01-ге тең болатын қысым;

алдын-ала суланған топырақтарды штамппен дала сынақтарында – «жүк-шөгу» кестесіндегі про­порционалдық шегіне тең болатын қысым;

сынақ қазаншұңқырларында топырақтарды су­лағанда – топырақтың өз салмағынан шөгуі болатын жерден бастап алған тереңдігінде топырақтың өз салмағынан болатын вертикаль кернеу.

16. Шөгетін аймақтың қалыңдығы hsl мыналарға тең етіп қабылданады (4-ші сурет):

hsl = hsl,р – сыртқы жүктемелерден болатын топырақ шөгуін ssl,p анықтағандағы шөкпенің жоғарғы аймағының қалыңдығы (3.4 т.), осы жердегі көрсетілген аймақтың төменгі шекарасы z = zp + zg = psl (4а,б сурет) тереңдігіне немесе z мәні z,min > psl болса минимальды (4,в сурет) болатын тереңдігіне сәйкес келеді;

hsl = hsl,g – топырақтың өз салмағынан болатын топырақ шөгуін ssl,g анықтағандағы шөкпенің төмегі аймағының қалыңдығы (3.4, 3.5 т.т.), яғни z = рsl немесе z,min > psl болса z мәні минимальды болатын zg тереңдігінен бастап шөкпелі қабаттың төменгі шекарасына дейін.

17. Үстінен аз ауданды (суланатын ауданның ені Bw шөкпелі қабат өлшемінен Нsl аз) сулағандағы топырақтың өз салмағынан болуы мүмкін шөкпе s/st,g мына формула бойынша анықталады:

,

(17)

мұнда ssl,g – 12-тармағына сәйкес анықталатын өз салмағынан топырақ шөкпесінің максимальды мәні.

4-сурет. Негіз шөкпелерінің есебіне арналған сұлба

a – өз салмағынан шөкпейді ssl, g (5 см-ден аспайды), шөкпенің жоғарғы аймағында hsl тек сыртқы жүктемелерден ғана шөгуі ssl мүмкін (топырақ күйлерінің I типі); б, в, г, - zg тереңдігінен бастап алғандағы шөкпенің төменгі аймағында hsl,g өз салмағынан шөгуі ssl,g мүмкін (топырақ күйлерінің II типі); б – шөкпенің жоғарғы және төменгі аймақтары қосылмайды, бейтарап аймағы hn бар; в – шөкпенің жоғарғы және төменгі аймақтары қосылады; г – сыртқы жүктемелерден шөкпейді; 1- топырақтың өз салмағынан болатын вертикаль кернеулер zg; 2 – топырақтың өз салмағынан және сытқы жүктемелер­ден болатын вертикаль қосынды кернеулер z = zp + zg ; 3 – бастапқы шөкпелі қысымның тереңдігі бар өзгеріс psl; Нsl – шөкпелі топырақтар (шөкпелі қатқа­бат) қабатының қалыңдығы; d – іргетасты орналас­тыру тереңдігі.