Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

18*. Су төмендетуді жобалау

18.1. Бұл бөлімнің талаптары тереңдетілген жә­не жерасты ғимараттары мен қазаншұңқырларды құрылыс және (немесе) пайдалану барысында суағызарларды, дренаждарды, суды төмендететін ұңғымаларды және инесүзгілерін қолдана отырып, жерасты су деңгейін жасанды төмендетуді жоба­лағанда орындалуы қажет.

18.2. 1.1 т. талаптарынан басқа су төмендетуді жобалағанда жерасты су режимінің өзгеру мүмкін­дігін, құрылыс және пайдалану барысында жер бетіндегі суларды ағызу шарттарын, жерасты сула­рын төгуге берілген орындарын, жерасты суларының химиялық құрамы және олардың деңгейі төмендегенде қоршаған ортаға және қазіргі бар ғимараттарға тигізетін әсерін, құрылыс жұмыстары­ның технологиясы мен уақытын ескеру қажет.

Су төмендету кезінде ғимарат негізіндегі топы­рақтардың құрылыстық құрамының төмендеуіне және қазба көлбеуліктерінің орнықтылығының бұзы­луына кедергі болатын шаралар қарастырылуы қажет.

18.3. Дренаждарды, суды төмендететін ұңғыма­ларды және инесүзгілерін жобалағанда, сондай-ақ су төмендету есебі, талап етілетін бақылаулардың тәжірибелі (байқап көрілген) су төмендетуінің қажет­тілігін анықтау және оларға қоршаған ортаны қорғау­ға арналған шараларды қою кезінде бұл бөлімнің талаптарынан басқа ҚНжЕ 2.06.14-85-тің талаптарын ескеру керек.

18.4. Жерасты су деңгейінің талап етілетін тө­мендеуін мыналармен анықтау керек:

су төмендету жүйелерін апатты ажырату уақыт аралығында суды шақтамалы деңгейіне көтергеніне байланысты арынсыз сулардан тұратын сутасымал­дағыш қабаттар;

судың жарып шығу мүмкіндігін жоятын шартына және ғимарат негізіндегі топырақтардың орнықтылы­ғымен қамтамасыз ететін қажеттілігіне байланысты қазаншұңқыр түбінен және тереңдетілген ғимарат еденінен төмен жатқан арынды сутасымалдағыш қабаттар.

Ғимаратпен (қазаншұңқырмен) су өткізбейтін қабаттарды кесіп өткенде, қажет болғанда ғимаратты қорғауға арналған қосымша шараларын қарастыра отырып, жерасты су деңгейін төмендеткендігіне айтарлықтай жеткендігіне қарау керек.

18.5. Құрылыстық су төмендетуді жобалағанда пайдалану уақытына арналған су төмендету жүйеле­рінің құрылғыларын мүмкіндігі болғанынша қолда­нуын қарастыру керек.

18.6. Қазаншұңқырлардан және орлардан су­ағызуды құрылыстық су төмендету жүйелерінде қолдану керек.

Қазбаларға келіп тұратын жерасты және жерүсті суларын жинауға және оларды шұңқырларға (суқа­былдағыштарға) бұруға одан ары оларды жер үстіне сорып шығаруға арналған жыралар мен науалар қарастырылуы қажет. Жыралар мен шұңқырларды, қағида бойынша, ғимарат негізінің маңында орна­ластыру керек. Оларды негіздің ішінде орналастыру қажет болғанда, олар шайылудан қорғалуы және бекітілуі қажет.

18.7. Су ағызуға арналған сорғы станцияларын­да бір сорғы жұмыс істеп тұрғанда 100% (өнімділігі бойынша) және екі және одан көп болғанда - 50% үлесіндегі сорғылар қорын қарастыру керек.

18.8. Орлы дренажды құрылыстан бос жатқан аумақтарға жүргізуге болады.

18.9. Жабық құбырсыз дренажды (сүзгілеу материалдарымен толтырылған орларды), ереже бойынша, қысқамерзімдік пайдалану үшін (сырғыма беткейлерінде оларды тұрақтандыру бойынша шара­лары іске асу барысында, қазаншұңқырда ғимаратты тұрғызу барысында және т.с.с.) қарастыру керек.

18.10. Құбырлы дренажды сүзгілеу коэффи­циенті К  2 м/тәулік болатын топырақтарда қарас­тыру керек. К<2 м/тәулік болатын құрылыстық төмендетулерінде және тоннельдерді, арналарда және коммуникацияларға арналған басқа құрылғы­лардың ілеспелі дренаждарында да, егер тәжірибелі жолдармен олардың тиімділігі дәлелденген болса, оларды қолдануға болады.

18.11. Дренаждарды жерасты қысаң (өтпелі және жартылай өтпелі) жол ретінде жүргізуге бола­ды, егер:

дренаждарды тек жерасты тәсілдерімен ғана жүргізу мүмкіндігі болса;

оларды ғимаратты пайдалану уақытына (әсіре­се, дренажды жөндеу немесе қайта құрылғылау мүмкін емес немесе қиындап кеткен жағдайларында) қолданатын болса;

оларды қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді болатын инженерлік-геологиялық жағдайларында болса.

18.12. Дренажды қысаң жолдарды сүзгілеу қабі­летімен қамтамасыз ету үшін кеуекті бетонды қолда­на отырып, «сүзгі терезелерін» және т.с.с. орната отырып арнайы төсеме (тіреуіш) немесе құбырлы дренаждарға арналғандай сеппе қарастырылуы керек.

18.13. Вакуумды дренажды сүзгілеу коэффи­циенті кемінде 2 м/тәулік болатын түйіршіктерде қол­дану керек.

18.14. Су төмендетуші (ашық және қымталған, сорғылармен жабдықталған, тесік сүзгілер, өздігінен төгілетін және су сіңіретін) ұңғымаларды пайдалану кезінде су төмендетуіне арналғандай сияқты, құры­лыстық су төмендетуіне де қарастыруы керек.

18.15. Инесүзгілерін, қағида бойынша, құрылыс­тық су төмендету жүйелерінде қолдану керек.

18.16. Электрмен құрғатуды сүзгілеу коэффи­циенті 0,1 м/тәлік-тен кем болатын аз сіңетін топы­рақтарға қолдану керек.

18.17. Су төмендету жүйелерінің суларын олар­ды қолдану мүмкіндігі болмағанда, қағида бойынша, өз ағысы бар болатын суағарларға немесе төгуге берілген орындарға бұрып апару керек.

Су бұру құрылғыларындағы су ағысының шақта­малы максимальды жылдамдығын ҚНжЕ 2.06.03-85-тің талаптарын ескере отырып жұмыс ұзақтығына және оның құрылымының материалына байланысты алу керек.

18.18. Суды өздігімен ағызып апару мүмкіндігі болмаған жағдайда резервуарлары бар арнайы сорғы станцияларын, сонымен бірге оларды жобала­ғанда ҚНжЕ 2.04.03-85, ал сорып алынған суларды сумен қамтамасыз ету үшін қолданғанда ҚНжЕ 4.01-02-2001-дің талаптарын басшылыққа ала отырып қарастыру қажет.

1-қосымша

Ұсынылатын

ТОПЫРАҚТАРДЫҢ БЕРIКТIК ЖӘНЕ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТIК МӘНДЕРІ

1. 1-3-кестелерде келтірілген топырақтардың сипаттамаларын 2.16 т. нұсқауларына сәйкес имарат негізінің есептерінде қолдануға болады.

2. 1-кестедегі құмды топырақтардың сипаттама­лары құрамында дала шпатының 20 %-інен артық болмайтын және әр түрлі қоспалардың (қабаттас, глауконит және т.с.с.) қосындысының 5 %-інен артық болмайтын, сонымен бірге топырақтардың ылғал­дылық дәрежесінен Sr байланыссыз түрде органика­лық заттар қоса құйылғандағы әр түрлі түйіршіктері бар шынытасты құмдарға жатады.

3. 2 және 3-кестелердегі шаңды-балшықты топырақтардың сипаттамалары құрамында органика­лық заттардың 5 %-інен артық болмайтын және ылғалдылық дәрежесінен Sr  0,8 болатын топырақтарға жатады.

4. 1-3-кестелерде көсетілгенге қарсы е-нің аралығындағы мәндері болатын топырақтар үшін cn , n және E мәндерін интерполяция арқылы анықтауға болады.

Егер топырақтардың е, IL және Sr мәндері 1-3-кестелердегі қарастырылған шектен шығып бара жатса, онда сn , n және E сипаттамаларын осы топырақтарды тікелей сынау деректері бойынша анықтау керек.

Егер топырақтар мыналардың шектік мәнде­рінен кем болатын e, IL және Sr шамаларына ие бол­са, онда 1-3-кестелердегі е, IL және Sr төменгі шектеріне сәйкес сенімділік қоры ретінде сn , цn және Е сипаттамаларын қабылдауға болады.

5. 1-3-кестелер бойынша сn, n және Е мәндерін анықтау үшін е, IL және Sr –дің (2.12 т.) нормативтік мәндері қолданылады.

1-кесте