Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Суффозиялы шөгудi анықтау

26. Тұздалған топырақтардан тұратын негіздің суффозиялы шөгуі ssf мына формула бойынша анық-талады:

, (25)

мұнда sf,i – 27-тармақтың нұсқауларына сәйкес анықталатын қарастырылатын тереңдіктегі сыртқы жүктемелерден zp немесе топырақтың өз салмағы­нан zg вертикаль қосынды кернеуге тең болатын р қысымдағы қабат топырағын салыстырмалы суффозиялы сығуы;

hi – тұздалған топырақтың i-қабатының қалың­дығы;

n – тұздалған топырақтардың суффозиялы шөгу аймағы бөлінген қабаттар саны.

27. Салыстырмалы суффозиялы сығу sf мына­лармен анықталады:

а) дала сынақтарында ұзақ суланған статика­лық жүктемелерімен мына формула бойынша анықталады:

, (26)

мұнда ssf,p – қысымы төмендегідей болатын штамптың суффозиялы шөгуі;

p = zp + zg ;

dp – штамп астындағы негіздің суффозиялы шөгу аймағы;

б) сығымдау-сүзгілеу сынақтары кезінде мына формула бойынша анықталады:

, (27)

мұнда hsat,p – қысымы p = zp + zg болғандағы үлгінің сулағаннан (суға толық қаныққан) кейінгі биіктігі;

hsf,p – p қысымында тұздарды сілтілегеннен және ұзақ сүзгілегеннен кейінгі топырақтың сол үлгісінің биіктігі;

hng – қысымы pi=zg болғандағы табиғи ылғалдылықтағы сол үлгінің биіктігі.

3-қосымша

Ұсынылған

Негіз топырақтарының есептік кедергілері

1. 1-5-кестелерде келтірілген негіз топырақ­та­рының есептік кедергілері R0 іргетастардың алдын-алынған өлшемдерін анықтау үшін арналған. Іргетас­тардың нақты өлшемдерін анықтауға арналған R0 және R/0 шамаларының қолданылу аумағы 4-кесте үшін 2.42-тармағында, 5 кесте үшін 8.4-тармағында және 6-кесте үшін 11.5-тармағында көрсетілген.

2. e және IL (1-3-кестелер), pd және Sr (4-кесте), Sr (5-кесте) шамалары аралығындағы болатын іргетастар үшін, сондай-ақ  (6-кесте) шамалары R0 және R/0 шамалары аралығында болатын іргетастар үшін интерполяция арқылы анықталады.

3. R0 (1-5-кестелер) мәндері ені b0 = 1 м және тереңдігі d0 = 2 м болатын іргетастарға жатады.

Iргетастың нақты өлшемдерін (2.42, 3.10 және 8.4 тт.) тағайындау үшін R0 мәндерін қолданғанда негіз топырағының есептік кедергісі R, кПа (кгс/см2), мына формулалар бойынша анықталады:

d  2 м (200 см) болғанда

R = R0[1 + k1(b – b0)/b0] x (d + d0)/2d0 ; (1)

d > 2 м (200 см) болғанда

R = R0[1 + k1(b – b0)/b0] + k2 /II (d - d0), (2)

мұнда b және d – жобаланып жатқан іргетастың сәйкесінше ені мен орналастыру тереңдігі, м (см);

/II – іргетас табанынан жоғары орналасқан то­пырақтың меншікті салмағының есептік мәні, кН/м3 (кгс/см3);

k1 – шаңды құмдардан басқа ірі сынықты және құмды топырақтардан тұратын негіздер үшін k1 = 0,125, ал шаңды құмдардан, құмдақтардан, саздақ­тардан және балшықтырдан – k1 = 0,05 болып қа­былданатын коэффициент;

k2 – ірі сынықты және құмды топырақтардан тұратын негіздер үшін k2 = 0,25, ал құмдақтардан және саздақтардан – k2 = 0,2 және балшықтырдан – k2 = 0,15 болып алынатын коэффициент.

Ескерту. Ені В = 20 м және тереңдігі db  2 м болатын үйасты қабаты имараттар үшін есепте еске­рілген ішкі және сыртқы іргетастарды орналастыру тереңдігі d = d1 + 2 м [мұндағы d1 – осы норманың (8)-формуласы бойынша анықталатын іргетасты орналастырудың келтірілген терең­дігі болып алынады. Ал В > 20 м болғанда d=d1 болып алынады.

1-кесте