Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

4. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имараттар негiзiн жобалау ерекшелiктерi

4.1. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздер осындай топырақтардың ылғалдылығы жоғарылаған кезде көлемі бойынша өсетін, яғни, ісінетін мүмкін­дігін ескере отырып жобалау қажет. Топырақтардың ылғалдылығы әрі қарай төмендеген кезде кері құбы­лыс жүреді, яғни ширайды.

Ылғалдылығы жоғарылаған кезде ісінетін мүм­кіндіктеріне қождардың кейбір түрлері (мысалы, электр-балқыту өндірістерінің қождары), сондай-ақ өндірістің химиялық қалдықтарымен (мысалы, күкірт қышқылы ерітінділерімен) суланған қарапайым шаңды-балшықты (ылғалдылығы жоғарылаған кезде ісінбейтін) топырақтар ие екендігін ескеру қажет.

4.2. Iсінетін топырақтар ісіну қысымымен psw , ісіну ылғалдылығымен wsw , берілген қысымдағы салыстырмалы ісінуімен sw және құрғау кезіндегі салыстырмалы ширауымен sh сипатталады.

4.3. Iсінетін топырақтардан тұратын негізді жобалау барысында келесідегілердің мүмкін болуын ескеру қажет:

сол топырақтардың жерасты су деңгейінің кө­терілуі және сіңірілуі, яғни өндірістік немесе жерүсті суларымен топырақтардың ылғалдануы нәтижесінен ісінуі;

аумақты асфальттау (жерүстін қалқандау) және құрылыс барысында буланғанынан табиғи күйдің бұзылуынан пайда болатын имарат астындағы шек­теулі тереңдікте ылғал жиналуының нәтижесінен ісінуі;

ауалау аймағының жоғарғы бөлігіндегі топырақ­тардың ширауы мен ісінуі, яғни сулы-жылулы режимі­нің (мерзімдік климаттық факторлардың) өзгеруі нәтижесінен ісінуі;

жылу көздерінің әсерінен құрғауы нәтижесінен ширау.

Ескерту. Имараттың тереңдетілген бөлігін жобалау барысында топырақтардың ширауы мен ісінуі кезінде пайда болатын горизонталь қысымдар ескерілуі қажет.

4.4. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздер 2-бөлімнің талаптарына сәйкес есептелінуі қажет.

Топырақтардың ісінуі мен ширауы нәтижесінде негіз деформациялары міндетті 2-қосымша нұсқау­ларына сәйкес негіздің жеке қабаттарының деформа­цияларын қосу арқылы анықталуы қажет.

Негіз деформацияларын анықтаған кезде оның сыртқы жүктемелерден шөгуі және ісініп жатқан топырақ ылғалдылығының төмендеуінен шөгуі қосы­луы қажет. Топырақтың ісінуі нәтижесінде негіздің көтерілуі сыртқы жүктемелерден негіз шөгуі реттелді деген жорамалмен анықталады.

Топырақтардың ісінуінен (ширауынан) пайда болатын деформациялардың шектік мәндерін 2.55 т. талаптарын ескере отырып ұсынылған 4-қосымша нұсқауларына сәйкес қабылдауға болады.

4.5. Салыстырмалы ісінуідің sw және салыстыр­малы шираудың sh нормативтік мәндері 4.3 т. көрсе­тілген ісіну мен ширау себептерін ескере отырып зертханалық сынақтар нәтижелері арқылы анық­талады.

sw және sh сипаттамаларының есептік мәндерін (1)-формуладағы топырақ бойынша сенімділік коэф­фициенті vg =1 деп есептеп нормативтікке тең етіп қабылдауға болады.

4.6. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздің есептік деформациялары кезінде шектік немесе жеткіліксіз негіздің көтергіштік қабілетінен гөрі 2.67-2.71 т.т. нұсқауларына сәйкес келетін келесі шара­ларды көбірек қарастыру қажет:

судан қорғау шаралары;

ісінетін топырақтардың бүкіл қабаты немесе оның бір бөлігі аралығында негізді алдын-ала сулау;

келтіріп отыратын құмды төсемдерді қолдану;

топырақтың ісінетін қабатын ісінбейтінмен толық немесе жартылай ауыстыру;

топырақтың ісінетін қабатын іргетастармен толық немесе жартылай кесу.