Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

14*. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

14.1. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздер осы топырақтар мерзімдік тоңазуы кезінде көлемі бойынша өсуі, топырақ бетінің көтерілуіне және іргетасқа әсер ететін топырақта аяздан ісіну күшінің пайда болуына әкеліп соғатын мүмкіндігін ескере отырып жобалау қажет. Iсінетін топырақ еріген кезде шөге бастайды.

14.2. Iсінетін топырақтарға шаңды-балшықты топырақтар, шаңды және ұсақ құмдар, сондай-ақ бастап тоңдана бастағанда ылғалдылығы белгілі деңгейден жоғары болатын шаңды-балшықты тол­тырғышы бар ірі сынықты топырақтар жатады.

Жобалау барысында жерасты су деңгейінің көтерілуі және жер бетін қалқандау нәтижесінен топырақтың ылғалдылығының арту мүмкіндігін еске­ру керек.

14.3. Iсінетін топырақтар мыналармен сипат­талады:

аяздан ісінудің салыстырмалы деформациясы fh – жүктелмеген топырақ бетінің көтерілуінің тоң­данған қабаттың қалыңдығына қатынасы;

іргетас табанына нормалды аяздан ісіну қысымы рfh;

іргетас бүйір бетінің бойымен әсер ететін аяздан ісінудің жанама күшінің меншікті шамасы fh.

Көрсеткіш сипаттамалары, қағида бойынша, гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеру мүмкіндігі ескере отырып тәжірибелі деректер негізінде анықта­луы қажет. Сипаттамалардың тәжірибелі деректері жоқ болғанда топырақтардың физикалық сипаттама­лары бойынша анықталуы қажет.

14.4. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздер­дің есебі аяздан ісіну күштерін ескере отырып, 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орындалуы қажет.

14.5. Iргетастарды тоңазудың есептік тереңдігі­нен төмен орналастырғанда, аяздан ісінудің жанама күштерінің әсеріне арналған іргетастар орнықты­лығының есебі орындалуы қажет.

14.6. Iргетастарды тоңазудың есептік тереңдігі­нен жоғары орналастырғанда (аз тереңдетілген іргетастар), аяздан ісінудің жанама және нормальды күштерін ескере отырып негіз топырақтарының аяздан ісіну деформацияларының есебін орындау қажет.

Ескерту. Аз тереңдетілген іргетастарды III дәрежелі имараттар үшін, сондай-ақ тоңазудың нормативтік тереңдігі 1,7 м-ден артық болмағандағы ауылшаруашылыққа арналған бір немесе екі қабатты ғимараттар үшін қолдануға болады.

14.7. Имараттан түсетін жүктемелерді ескере отырып анықталатын негіз топырақтарының аяздан ісінуінің есептік деформациялары ісінетін топырақ­тарға арналған ұсынылған 4-қосымшаның шектік мәндерінен артық болмауы қажет.

14.8. Егер аз тереңдетілген іргетастар негіздері­нің аяздан ісінуінің есептік деформациялары шек­тіктен артық немесе іргетастарды орналастыру тереңдігінің өзгеру мүмкіндігінен басқа аяздан ісіну күштерінің әсеріне іргетастардың орнықтылығы жеткіліксіз болатын болса, онда аяздан ісіну күштері мен деформацияларын төмендететін, сондай-ақ тоңазу тереңдігін азайтатын 2.67-2.71 т.т. талап­та­рына сәйкес – судан қорғау, жылу қорғау және физика-механикалық шараларын қолдану қажеттілі­гін қарастыру керек.

Егер көрсетілген шараларды қолданған кезде аяздан ісіну деформациялары жойылмаса, онда аяздан ісінудің мүмкін болатын деформацияларын ескере отырып, имараттың құрылымдары мен ірге­тастарының есептеріне байланысты тағайында­латын құрылымдық шараларды қарастыру керек.